Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет127/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   153
Сыдықова Ж.Т.
Қызылорда/Қазақстан

ОҒЫЗДАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Оғыздар - IX – XI ғғ. Сырдарияның төменгі ағысында саяси билікке ие болып, мемлекет құрған түркі тілдес тайпалар. Олар өз заманында көршілес Орта Азия және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тығыз саяси, экономикалық және мәдени байланыстар жасай отырып, сол кезеңдегі тарихи-этникалық, миграциялық процесстерде аса үлкен роль атқарды. Ортағасырлық араб-парсы деректерінде гуздар, түркі тіліндегі жазбаларда оғыздар деген аттармен белгілі болған бұл тайпалардың саяси орталығы Сырдарияның Аралға құяр сағасында орналасқан Жанкент қаласы болды. Бұл күндері оғыз тайпаларының түркімен, түрік, әзірбайжан халықтарының этногенезі мен этникалық тарихында басты роль атқарғаны тарихи тұрғыдан зерделеніп, дәлелденді. «Ал қазіргі Қазақстан жерінде өмір сүріп, мемлекет құрған оғыздар қазақ халқының ұлт болып қалыптасуында қаншалықты маңызды орын алды?» деген сұрақ қазақстандық тарихшылар мен этнологтар тарапынан жеткілікті дәрежеде зерттелмей қалып отырғаны жасырын емес. Тіпті, ортағасырлық деректерден «оғыз қалалары» деген атаумен жақсы таныс Арал маңындағы Жанкент, Женд, Хора т.б. қала жұрттарының кейбірін археологиялық тұрғыдан сәйкестендіруде де шешімін таппаған мәселелер жеткілікті.


Олардың бірі - оғыздардың астанасы болған Жанкент жайлы жергілікті халық арасында ежелден келе жатқан «Жылан жұтқан қала туралы» деген аңыздың зерттелуі. Жанкентті және оның маңайын мекендеген оғыз тайпалары туралы зерттеу барысында ортағасырлық жазба деректермен қатар осы аталған аңыздың, яғни, онда баяндалатын сюжет пен бейнеленетін образдардың да едәуір маңызы бар. Себебі, аңыздағы Жанкент халқын қырған жылан бейнесін қимақтардың құрамында өмір сүрген қаи немесе қыпшақтардың құрамындағы ұранқай тайпаларымен сәйкестендіруге болады. «Қаи» және «ұранқай» этнонимдерінің этимологиясына С.А. Ақынжановтың іргелі шығармасында жан-жақты түсініктер беріледі.
Оғыздардың этникалық тарихын зерттеудегі келесі бір мәселе: «Оғыздарды құраған 24 тайпаның қайсысы «Оғыз қалалары» аталған қоныстарды мекен етті?» деген сұрақ. Бұл тұрғыда шағын да болса археологиялық зерттеулер жүргізіліп жатқан Жанкент қаласынан табылған жәдігерлерге, керамикалық бұйымдардағы таңбаларға сараптама жасап, толыққанды тұжырымдау да оғыздар тарихын зерттеуде аса маңызды болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет