Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет138/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   153
Боранбаев С.Р.
Шымкент/Қазақстан


ЕСКІ ҚЫПШАҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ ДЕҢГЕЙІ

Ескі қыпшақ және қазақ тілінің тарихи сабақтастық деңгейі туралы түркітану саласында, қазіргі қазақ тілінің нормативтік грамматикасында бірыңғай қалыптасқан сындарлы, жүйелі қорытындыланған пікір жоқ.


Жалпы ескі қыпшақ өркениеті, мәдениеті тұрғысындағы, әсіресе ескі қыпшақ тілінің қазіргі бірқатар түркі тілдеріне түптіл (праязык) болып табылатындығына баса назар аудару қажет.
Сондықтан қазақ тілі мен ескі қыпшақ тілінің арасындағы тарихи сабақтастықты түрлі қырынан зерттеп, негізгі даму, қалыптасу, бір жүйеге түсу ерекшеліктерін нақтылау, тиянақтау, тарихи құндылықтарын анықтау зерттеу жұмысымыздың басты нысаны болып табылады.
Тілтарихи-әлеуметтік құбылыс. Тілді қолданушылар әр заманда оның өзіне дейінгі жинақталған сөздік қорын, қалыптасқан заңдылықтарын қолдана отырып, тілішілік (интралингвистикалық) және тілден тыс (экстралингвистикалық) факторларға байланысты өз тарапынан әр түрлі ереже-қағидаларды енгізетіні, сөздік құрамды әр түрлі қырынан байытатыны және қандай да бір бөлігін (мақсатты түрде немесе стихиялы түрде) қолданыстан мүлде шығарып тастайтыны, я болмаса бұрыннан келе жатқан қолданыстарды әр түрлі қырынан өзгертетіні белгілі. Тілдің осындай даму және қалыптасу заңдылықтарын қазіргі кезде белсенді қолданылатын (мұрагер, жалғас) тілдер деректерімен салыстыра отырып айқындау, олардың арасындағы сабақтастықты анықтау зерттеудің басты мақсатының бірі болып саналады.
Қазіргі қазақ тілінің ортағасырлық қыпшақ тілі негізінде дамығандығы белгілі. Бұл жайт біздің пікірімізше, мынадай мәселелерді қамтиды:
- ескі қыпшақ және қазақ тілдерінің лексикалық қор құрылымы өзара өте жақын, тілдік-генетикалық негізі бір, ішінара айырмашылықтар тарихи объективті құбылыстардан туындаған;
- ескі қыпшақ және қазақ тілдерінің фонологиялық құрылымы өзара өте жақын, тілдік-генетикалық негізі бір, ішінара айырмашылықтар тарихи объективті құбылыстарға байланысты;
- ескі қыпшақ және қазақ тілдерінің морфологиялық құрылымы өзара өте жақын, тілдік-генетикалық негізі бір, ішінара айырмашылықтар тарихи объективті құбылыстарға байланысты;
- ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің орындалуындағы ареалдық алшақтықтарға қарамастан, негізгі лексикалық қоры қазақ тіліне өте жақын болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет