Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет23/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   153
Даркенов Қ.Ғ.
Астана/Қазақстан


ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ РУХАНИ ДАҒДАРЫСЫ, 1937 ЖЫЛҒЫ АЙЫПТАУ

Қазақ зиялыларының рухани моральдық дағдарысы 1937 жылғы қуғын сүргін жылдарында айқын көрінді. 1937 жылы әдеби көркем шығармаларымен елге танылған қазақ зиялыларын айыптау мен қуғындау етек алып, олардың шығармаларының әр жолынан, айтылған ой пікірлерінен ұлтшылдық пен байшылдықты, кеңес үкіметіне қарсылықты, теріс ниеттілікті көруге тырысушылар шықты. Тарих саханасынан кеткен


алашордашыларды айыптау, бұрындары азды көпті байланыста болғандар мен оларға жылы қабақ танытқандарды алашордамен байланысын үзбеген, алашорданың агенттері, ниеттері бір деп кінә тағу қалыпты іске айналды. Жазушылар шығармаларынан күмәнді деген ой-пікір тауып, партия бағытынан, тап жолынан ауытқыды деп айыптады. Сыншылар осылай жасау арқылы, бір жағынан, тап жауларын, халық жауларын әшкерлеуге үлес қосты. Екіншіден, партия саясатын, бағытын қолдау үстінде деген өзі жөнінде жағымды пікір туғызу мақсатын көздеді. Тап жауларын әшкерлеу ісінен, жалпы елді қамтыған науқаннан қарапайым халықтан бастап, өкімет билігіндегі тұлғалар да тыс қалмады.
Әсіресе, 1937 жылдың басында өткен «алашордашылар ісі» тағы көтерілді. Қазақ КСР Халық ағарту Комиссары, Қазақстан Өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі Т.Жүргеновтің «Мәдениет майданын талқандалған ұлтшылдықтың қалдықтары мен сарқыншақтарынан тазартайық» деген мақала жариялауы, мәдениет саласында әлі де ұлтшылдардың қалдықтары мен оларға ниеттестер бар деген пікірдің жандануына себепші болып, ұлтшылдарды, олардың сарқыншақтарын іздеуді онан сайын күшейтті. Араға бір апта салып Р.Жаманқұловтың «Қырағылықты күшейтейік» атты мақаласының жарық көруі әдебиеттегі ахуалды ғана емес, ел ішіндегі саяси-идеялық ахуалды да одан сайын ушықтырды. Р.Жаманқұлов алашордашыларды «тап жауы» деп атады. Сонымен қатар, олардың агенттері әлі де бар деп жазды. Бұл «тап жауы» алашордашыларға ниеттес, пікірлес, үндес ақын жазушыларды іздеу мен әшкерлеудің жаңа қарқынды кезеңін бастап берді. Қазақ Өлкелік партия ұйымының да ұстаған бағыты мен іс шаралары бұл іске екпін қосты.
«Көркем әдебиеттегі ұлтшыл-фашистердің зиянкестігін түп-тамырымен құртайық» деген тақырыппен шыққан мақала әдебиетшілер ішінен ұлтшыл жауларды іздеуге жаңа қарқын қосты. Ақиқатында, мақала алашордашыларды қалыптасқан тәртіппен аяусыз сынағанымен, негізінен олармен ниеттес, пікірлес, көзқарастары бір, буржуазияшыл-ұлтшылдармен ауыз жаласқан «ұлтшыл-фашистер» деп Сәкен, Ілияс, Бейімбетті айыптады.
Осы уақытта редакция тарапынан жазылған «Көркем әдебиеттегі қателер мен сапасыздықтар туралы», «Қазақ жазушылары арасындағы дерттерге қарсы деп аталған мақалаларда, жазушылар шығармаларында қателіктер бар, жұмысшылардың, колхозшылардың өмірін білмейді, ескі тақырыптан шыға алмай жүр, халықтың дұшпаны Троцкийді мақтайды деген кемшіліктерді үшеуінің бетіне басты. Сәкенді 1923 жылы жазылған «Қара бүркіт» (Арыстан Дәуітұлы Лев Давидович Троцкийге) деп аталған өлеңі үшін ұзақ жылдар бойы үздік создық кінәлау, бір басылып, бір көтеріліп жалғаса берді. Елден аластатылып, шетелге кеткен Троцкийге арналған өлең Сәкен үшін ескі жараның орнындай болды. Қайта қайта сыздап, жанына батты. Сәкен шығармашылығына сын айтқан сыншылар ұмытыра беріп қайта соқты, қайта еске түсірді.
Саяси идеялық ахуал шығармашылық интеллигенцияны рухани дағдарысқа душар етті. Бір біріне сенбестік орын алып, олар бір біріне ғана емес, өз шығармаларына да күдіктене қарады. «Қашан, қалай айыптауға түсуіміз мүмкін» деген қорқыныш пен үрейдің жетегінде жүрді. Үрей мен қорқыныш, жалтақтық олардың шығармашылық жұмысқа белсенділігін төмендетті. Саясат жөнінде сөз айтудан қашқақтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет