Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет22/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   153
Абжапарова Б.Ж.
Астана/Қазақстан


ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ ЖАЙЛЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Мамандарды даярлау 1930-шы жылдары өзекті мәселелердің бірі ретінде баспасөз беттерінде жиі талданды. Осы жылдар тарихнамасында ғылыми зерттеулердің терең болмауы, қол жеткен табыстарды, жетістіктерді асыра мақтау, мадақтау, шешілмеген күрделі мәселелер мен қиындықтар жайлы ауыз ашпау кемшіліктері орын алды. Дегенмен де осы жылдары үгіт-насихаттық, белгілі бағыттылық, ұрандату концепциясына негізделген халыққа білім беру, мамандарды даярлау жайлы кітаптар, брошюралар жарық көрді. Кітаптар, брошюралар, мақалалардың авторлары республиканың идеология, мәдениет қызметкерлері еді. Олар тарихи фактілерге сүйенбесе де, сол кезеңдегі білім, мәдениет, ағарту саласының көкейтесті мәселелерін талдап, оны дамытып, іс-жүзіне асыру жолдарын көрсетті. Г. Береза, О. Сафро, Ш. Әлжанов, Т. Дейнега, Ж. Садуақасов, С. Садуақасов еңбектерінде қазақ жастарының ұлттық мектептер мен жоғары оқу орындарында білім алу мәселесіне көңіл бөлу қажеттігі жайлы пайымдай отырып, таптық көзкарасқа негізделген концепцияны ұстанды.


Позитивтік көзқарасы бар либералдық интеллигенция өкілдерінің бірі – Мұстафа Шоқай біз қарастырып отырған мәселеге байланысты 1930-шы жылдары жазған еңбектерінде, Батыс тәрбиесін алған зиялыларымыздың аянышты жері рухани жақтан өз халқына өгей болып қалуы еді деп түсіндіреді. «Ұлттық зиялы», «Ұлттық зиялы жөнінде» деп аталатын публицистикалық мақалаларында «...Ұлттық зиялылар қатары барған сайын ұлғайып келеді. Бұл процесс үш ортада жүріп жатыр. Түркістанның болашақ иесі бола аларлық жас күштеріміздің көпшілігі ұлттық бағыттың бастауында бола алмай, мәскеулік диктатураның зұлымдығы астында өсіп жатыр. Атамекеніміздегі осы жастарымыз ұлттық тәрбиеге қас жау болып табылатын «таптық тәрбиемен» қоректенуде. Алайда осыған қарамастан Түркістан жастарының басым көпшілігі ұлттық рухта өсіп жатқанын біз жақсы білеміз. Кеңес жеріндегі кеңес мектептерінде оқып жатқан жастарымыздың ұлттық рухы, ондағы көне «шығыс рухында тәрбие» көрген «шығыс зерделі» зиялыларымызбен тоғысып жатқаны айрықша көңіл аударуға тұрарлық...
Жастарымыздың тағы біраз бөлігі туысымыз Түркияда дайындалып жатыр. Біз бүгін «Шығыс рухы басым болуы себепті мешеу қалған» деп саналатын Түркияда батыс білімі жергілікті жағдайларға сәйкес сәтті қолданылып жатқанын көріп отырмыз. «Батыс білімін» «шығыс рухымен» ұштастыру үстіндегі Түркия тәжірибесі біз үшін аса құнды» дей келе, Европа тәрбиесін алған түрік зиялылары мен шығыс зерделі зиялылары түркі менталитетін сәтімен үйлестіріп жатқандығына баса назар аударады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет