Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет83/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   153
Қамзабекұлы Д.
Астана/Қазақстан


ЧУЛПАН, ФИТРАТ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ АҒАРТУШЫЛЫҚ МҰРАТЫ

Әлемдiк тепе-теңдiктi, Шығыстың қорланбауын өлеңге қосқан түрiк ақындары аз болмады. Осы тақырып өзбек ақындары тарапынан да жан-жақты жырланды. Айталық, А.Фитрат “Шарқ” (Шығыс) атты өлеңiнде әлемдiк үйлесiмдiлiктi бұзған Батысты – мәдениет атын жамылған албастыға теңейдi. Өзбек ақыны Күншығыста әйелдi пердесiн, баланы жүрегiн, дiндардың кеудесiн жыртқан, езген, басқан – Ағылшын дей отырып, Түркiстан жайын әсте ұмытпайды. Ол қайғылы халдi сипаттай келе, “осының себепшiсi кiм?” деген сұрақ қойып, оған: “Сор судан шыға келген бiр маймыл, түлкi мен шайтан, алдаушы малғұн Ағылшын!…” дейдi де көп нүкте қояды, артынша: “Және соны құйрығын ұстағандар!” – деп жауап бередi. Бұл жерде ақын отаршыл Ресейдi қаперде ұстағаны талас тудырмайды.


Бiз А.Фитраттың қажеттiлiктен туған түрiкшiлдiгiн iлгерiде аз да болса сөз еттiк. Ол Шығыстың әлеуеттi бiр халқы – түрiктердi ағарту зиялылардың мiндетi деп бiлдi. Бұған “Уқитғувчилар юртига” (“Оқытушылар жұртына”) атты өлеңi мысал бола алады.
Мағжан сынды Шығыс хақында көп жазған өзбек ақыны - Чулпон. Оның “Шарқ нури” (1918), “Шарқ қизи”, “Улуғ Британиянинг бу кунги хокимиятига” (1920), “Яна ут”, “Қиз қушиғи”, “Куринган аланга” (1923) атты өлеңдерiнде Күншығыс тақырыбы әр қырынан жырланады. Мысалы, Түркiстанда большевизм толық жеңiске жетпеген кезде жарияланған “Шарқ нури” өлеңiнде ақын күн нұрына (мұны бiлiм-iлiм рәмiзi деуге де болады) қарап: “Шығыс үшiн сен Арабта аттың (шықтың) да баттың”,-дейдi. Алайда Чулпон небiр ойшыл, дананы туғызған Шығыстың түгесiлмейтiнiне сенедi.
Өзбектiң сыршыл ақыны қызға арнаған “Шарқ қизи” өлеңiнде Шығыс аруын жарық дүниедегi сенiм мен үмiттiң, қуаныш пен қиялдың қайнарына балайды. Ал, ендiгi бiр туындысында (“Қиз қушиғи”) ол отарланған елдi қапасқа түскен қыздың құсымен теңестiредi. Бұл шығарманың жазылған жерi (Андижан) мен уақытына қарап, “басмашылар көтерiлiсi күшпен басылғаннан кейiн туған өлең” деп шамалауға болады. Мұның дәлелi – тордағы құстың мына “сөзi”.
Ағылшындардың Шығысты қомағайлана жұтпақ болуы һәм патшасын жалмаған Ресейдiң одан қалыспауы адам ретiнде Чулпонның ашу-ызасын тудырғанға ұқсайды. Британия үкiметiн әшкерелеу мақсатында жазған өлеңiнде ақын “Бiреуге ор қазба, өзiң түсесiң” деген нақылын еске салады.
20-жылдардағы Шығыс пен Түркiстанның шындығын қозғаған Чулпонның елеулi өлеңi – “Яна ут” (Және от). Бұл шығармада да қаралы кезеңнiң бейнесi бар. Ақын “қалтыраған қауқарсыз Шығыс сол жадайы “мәдениетке” (Ресей жағдайында пролеткульт) даңқ (шон) сала ма?!” деп қауiптенедi. Осы өлеңiнде қаламгер Батысты – рухы жоқ “машинаға” теңейдi.

Бұл – әлемдiк үйлесiмдiлiк, теңдiк үшiн күрестiң әзiрше бiтпейтiндiгiн, төңкерiс зардабының жуық арада жойылмайтындығын аңғартатын ой. Ақын Чулпон “Куринган аланга” (Көрiнген алауға) атты өлеңiнде Күнбатысқа “сен неге өз атырабыңдағы алауға (яғни, әлеуметтiк теңдiк үшiн жасалынған бас көтерулерге) қарамайсың, бiле-бiлсең ол тойымсыздығыңнан тұтанып отыр” дейдi. Бұл “Күншығыс” өлеңiндегi Мағжанның Батыс туралы айтқан (“Күнбатысты шаң басқан, Шаң емес, қара қан басқан. Тарсыл-күрсiл, қанды атыс…”, т.б.) пайымдарымен үндес, сарындас. Түрiктiң екi ақыны да Батыстың қанағатсыздығын имансыздығынан көредi. Сөйтiп, екеуi бiрдей шығармасын адамгершiлiк негiзде: “Батыс-ау, ақылға салшы, осың дұрыс па?” дегенге саятын оймен тәмамдайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет