Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет84/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   153
Тұрысбек Р.С.
Астана/Қазақстан


ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ
(ТАРИХ,ТАНЫМ, КӨРКЕМДІК АРҚАУЫНДА)

Ұлт тәуелсіздігі, ең алдымен елдік мұрат-мүдделерді жүзеге асыруға кең өріс ашты. Руханият ісінде де оң өзгерістер айқын аңғарылды. Оның бастысы, әрине ұлттық тарих жаңа көзқарас, тың таным, соны сипаттар тұрғысынан жіті зерделене бастады. Арғы-бергі кезеңдерде өмір сүріп, соңына мәңгілік мұра- қымбат қазына қалдырған көптеген қолбасылар мен елбасылардың, би-шешендердің, ақын-жазушылардың өмірі мен кезеңі, қоғамдық қызметтері барынша байыпты бажайланып, талант табиғаты мен қалам қуаты, шығармашылық мұралары қазіргі кезеңнің шындықтары, көркемдік-эстетикалық талаптары тұрғысынан сараланып, туған халқына қайта оралды. Ақиқат салтанат құрды.


Бұл қатардың бастапқы бөлігінде, сөз жоқ ХХ ғ.б. қайраткер-қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы да өзіндік өзгешеліктерімен айқын көрініп, қазақ қоғамына, руханият әлеміне еркін енді (мысалы, М.Шоқай, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауыт-ұлы, М.Әуезов, С.Сәдуақасов, Қ.Кемеңгеров, С.Қожанов, Т.Рысқұлов т.б.).
Алаш алыптары арасында қайраткерлігі мен қаламгерлігі қатар көрініс тапқан, ұлттық сөз өнерінің барлық жанрында қалам тартқан, «елі үшін күйген» - Жүсіпбек Аймауытұлының есімі мен еңбегі айрықша назар аудартады // 1// .
Ж.Аймауытұлының қазақ қоғамына, руханият ісіне қосқан сүбелі үлесі хақында айтқанда, ең алдымен ұлттық мұрат жолындағы еңбек-мұралары еске түседі. Олардың арасында, әсіресе поэзия бағытында // «Сарыарқаның сәлемі», «Көшу», «Ұран», «Әскер марсельезасы», «Жәмила», «Тұңғиық түпсіз аспанда», «Нұр күйі»//, кіші және үлкен жанрларда // «Әнші», «Елес», «Жол үстінде», «Боранды болжағыш әулие», «Жапырақтар», «Күнікейдің жазығы», «Қартқожа», «Ақбілек» //, драмада // «Ел қорғаны», «Қанапия- Шәрбану», «Шернияз»//, әдебиет, сын саласында // «Абайдан соңғы ақындар», «Мағжанның ақындығы туралы», «Сұңқар жыры»//, драмада // «Бақылаушы» /Н.В.Гоголь/, «Тас мейман», «Сараң сері»/ А.С. Пушкин//, «Дәмелі» /Ф.Дюшен/, «Телегей теңіз» /Дж.Лондон/, «Өрбике» /К.Беркович/, «Тау еліндегі оқиға» /С.Чуйков/, «Коммунизм әліппесі» /Н.И.Бухарин, Е.А.Покровский/, «Саяси экономияның қысқаша курсы» /Богданов/, «РСФСР Конституциясы» /П.И.Стучкий/, ұлттық тәлім-тәрбие ісінде // «Психология» , «Жан жүйесі және өнер таңдау т.т кең көлемде қозғайды // 2 //.
Бейбытова К.Д.
Астана/Казахстан



Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет