Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет14/14
Дата15.09.2017
өлшемі2,16 Mb.
#33579
түріТезисы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Нұсқабай Ә.А.

Астана / Қазақстан


Жайсан түрктік ғибадатханасындағы ескерткіштердің тарихи маңызы.
Шу өзені алқабында Кіндіктас тауларының етектерінде кең даланы жайлай орналасқан ежелгі түрк тайпаларының ескерткіштер кешені Жайсан ғибадатханасы ашылып зерттелуде. Жайсан ғибадатханасындағы ескерткіштердің жалпы алып жатқан аумағы 69 мың гектар жерді қамтиды. Өңірде 2001 жылдан бастап жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде 52 – ден астам мәдени кешен тіркеліп, ескерткіштердің құжаттары жасалынды. Әрбір мәдени кешен бір жотада топтаса орналасқан 5 – 15 жерлеу орындарынан және олардың көп жағдайда шығыс жақ шетінде орналасатын ғұрыптық қоршаулардан, осы ескерткіштер мен бір ландшафттағы жартас суреттерінен және ру таңбаларынан құралған. Кешеннің құрамында тіркеуге алынған қорғандардың жалпы саны 352, ғұрыптық қоршаулар саны 51.

Бір кеңістікте орналасқан жерлеу орындарының құрылымдық жағынан жалпы ортақ белгілері болуы мен қатар өзара айырмашылықтарының болуы заңдылық тәрізді. Себебі, жерлеу орындарында үйсін кезеңінің жерлеу орындарына тән белгілердің орын алуы және Алтайлық түрк тайпаларына тән мәйіттің жанына атты қатар жерлеу дәстүрінің бұл өңірде кездеспеуі, жергілікті мәдениеттің автохтонды үлгісін көрсетеді.

Жерлеу орындарының көбіне шығысында орналасқан ғұрыптық қоршауларда ерлерге арнап орнатылған тасмүсіндер символикалық мәні жағынан шығыс түрк тайпаларының мүсіндерімен үндесіп жатуы рухани-мәдени байланыстың болғандығын көрсетсе, ал қоршауларда ерлерге арналған мүсіндер мен қатар әйелдердің мүсіндерінің орнатылуы жергілікті мәдениетті көрсетеді. Ғұрыптық қоршаулардан табылған жебе ұштарын зерттеуде ескерткіштердің тарихи маңызын аша түседі. Тасмүсіндерде, стелаларда және жартастарда бейнеленген түрктік таңбалардың осы өңірде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан қазақтардың рулық таңбаларымен үндесіп жатуы тарихи сабақтастықты аңғартады.

Жайсан ғибадатханасындағы археологиялық ескерткіштерді кешенді зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған материалдар Жетісудың оңтүстік-батыс өңірінде ерте ортағасырларда жасаған түрк тайпаларының дүниетанымына және материалдық мәдениетіне қатысты тың мәліметтер берді. Батыс Түрік қағанатының орталығы болған Шу өңіріндегі ескерткіштерді зерттеу қазақ халқының және түркі халықтарының этногенезін зерттеуде маңызды орын алады. Ескерткіштерді зерттеу барысында анықталған құрылымдық ерекшеліктері және жерлеу дәстүрінің ұқсастықтары қазақ даласында жасаған ежелгі тайпалар, аты өзгерген мемлекеттер құрамына еніп отырғанымен осы жердің тұрғылықты тұрғындары болып мыңдаған жылдар бойы ұрпақ жалғастырып келе жатқанын дәлелдеуді толықтыра түседі.


Сарткожа К., Наханова Л.

Астана/Казахстан


НАДПИСИ ЦАГАН-ТОЛГОЯ (БЕЛЫЙ ХОЛМ)
В 1968 году известный монголовед Б. Ринчин находит в местности, под названием Цаган-Толгой (Белый холм) Хобдинского аймака западной Монголии, надписи, о которых он впервые дает информацию в своем труде «Corpus Scriptorium Mongolrum».

В 1972 году прочтением этих надписей занимался монгольский исследователь М. Шинэху, в 2006 году археолог-тюрколог Ж. Каржаубайулы, и в 2008 году И.В. Кормушин.

В этой статье впервые представлена в полной мере характеристика, фотоснимки подлинника, чертежи рисунков, а также по-новому прочитанная транскрипция, перевод и пояснения к данным надписям Цаган-Толгоя.

Открытие:

- даны определения тому, кто является денотатом этой надписи.

- представлен новый перевод к текстам и даны пояснения к шести словам, ошибочно переведенные и скопированные с подлинника.

В результате чего, получили новую информацию о социальных особенностях, традициях, этнопсихики древней кочевой общности тюрков, живших 1200-1300 лет назад.

Сайын Ж.

Астана/Казахстан


ТЮРКСКАЯ ПИСЬМЕННОСТЬ - КАК ОСНОВНОЙ ФАКТОР СТАНОВЛЕНИЯ КУЛЬТУРЫ ТЮРКОВ
В эпоху глобализации, высоких технологий, геополитических взглядов в современном мироустройстве - казалось бы, безнадежно рассуждение о своих далеких корнях, о той информации передающейся из поколения в поколение. Несмотря на это, человечеству все же необходимо заглянуть в свои корни, название которой - история. Но эта история не имела бы смысла, если бы не разум и речь, которые Плутарх считал "двумя лучшими вещами в человеческой природе".

В глубокой древности люди в небольших сословиях общались посредством личных контактов. Но наступил момент, когда разговорная речь стала недостаточной. В этот переломный для человечества период возникла необходимость в общеупотребительном средстве - письменной коммуникации.

Читать полностью: http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-12159/

Проблема письменности - это проблема происхождения самой культуры. И ценность письма заключается прежде всего в том, что оно по праву может быть причислено к ряду основополагающих факторов становления культуры человечества. Не случайно для расцвета самых древних цивилизаций, письмо имело определяющее значение.

Наряду с древнейшими, величественными письменностями, которые в дальнейшем предопределили развитие мировой письменности нельзя не упомянуть и о роли тюркской рунической письменности, с которой непрерывно связана история евразийского пространства.

Изучение истории немыслимо без тщательного анализа этносоциальных структур изучаемых обществ, без выявления фундаментальных категорий этнического менталитета и иерархии социальных ценностей в массовом сознании.

По мнению большинства ученых, этнокультура - это единство природы, хозяйственного уклада, склада мышления, социальной ментальности и политико-правового самосознания народа. Она предполагает определенный образ жизни, отличное от остальных мировоззрений, имеющих свою шкалу понятий и ценностей. Данное определение характеризует и кочевников, у которых существовала своеобразная стратегия освоения мира, своя система взглядов на мир и на человека в этом мире, которые выражены в многочисленных и разнообразных формах материальной и духовной культуры номадов. И, хотя по форме и способам исполнения она исторически и этнически своеобразна, в ней присутствуют общекультурные и общечеловеческие закономерности. С учетом той же известной степени открытости, иначе и не могло быть.

В предлагаемой статье непосредственное внимание уделено процессу изучения памятников древнетюркской письменности, влияние которого на окружающее пространство обладало политическим, государствообразующим, культурным признаками, и в этой связи традиции которого достигли своего совершенства и в последующих веках.


Қосыбаев М.М.

Астана/Қазақстан


М. ҚАШҚАРИДЫҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ-ИТ-ТҮРІК» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРҒА ҚАТЫСТЫ МӘДЕНИ ЛЕКСЕМАЛАР
Түркі тілдерінің, оның ішінде, қазақ тілінің тарихи даму кезеңдерінің орта ғасырлық ерекшеліктері мен тілдік даму деңгейін айқындайтын құнды жазба мұралардың бірі Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» (XI ғ.) еңбегі.

Орта ғасырларға тән тарихи жазба ескерткіш – түркілердің орта ғасырлық сөйлеу тілінің ғана емес, тіл арқылы берілген мәдениет бөлшектерінің даму көрсеткіші, танымы мен этнографиялық сипатының дереккөзі, ұлттардың тарамдалуының шежірелік қазынасы. Ескерткіш тілі – түркілердің ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы мен мәдениетін, өнері мен көркемдік әлемін, болмысы мен тұрмыс-тіршілік, дәстүрлер шоғыры мен салт-саналық пәлсапасын жинақтаушы коммуникативтік кешен. Бұл тілдік кешен танымдық-когнитивтік, тарихи-үдерістік тұрғылардан зерттеліп, халық мәдениетінің даму көрсеткіші мен оның тілде көрініс табуын, өзіндік тілдік заңдылықтарын дәйектеуге негіз бола алады. Жазба ескерткіштің бұл қасиет ерекшеліктеріне тілдік талдау барысында көз жеткізе түсуге болады.

XX ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап құрылымдық тұрғыдан жан-жақты зерттеліп келе жатқан ескерткіш тілін, антропоцентристік бағытта зерделеу қазіргі түркі халықтарының мәдени болмысын анықтаудың негізгі арналарының бірі болып табылады. Осыған орай зерттеу нысанымыз болып отырған М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» ескерткішіндегі әр тілдің ең көне лексикалық қабаты болып табылатынтуыстық қатынастар атауларына кеңінен тоқталуды жөн көрдік.

Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі. Түркі тектес халықтарда отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Сөздікте аталексемасы аба нұсқасында кездеседі. М.Қашқари Аба (ата) сөзіне «(Түбіт тілінде) Бұл сөз оларда арабшадан сіңген болса керек. Аба лексемасы қазақ тілінде негізгі тұлғалық мағынасында қолданылса, сібір түркі яғни хакас, алтай тілдерінде «аға»(старшйй брат) ал татар, башқұрт, қырғыз тілдерінде «көке» (дядя) мағыналарында қолданылады. Мақалада жәдігерде кездесетін басқа да туыстық атаулар қарастырылды.

Жалпы алғанда біздің зерттеу нысанымыз болып отырған орта ғасыр жазба ескерткіші «Диуани лұғат-ит-түрікте» туыстық атаулар дені тұлғалық, мағыналық жағынан еш өзгеріссіз қазақ тілінде кездеседі. Сонымен қатар көп атауларда жалпытүркілік сипат басым.
Шаймұрат Н.

Астана/Қазақстан


АРМЯН – ҚЫПШАҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Орта түрік жазба ескерткіштерінің ішінде XVI – XVII ғасырларда армян жазуымен хатқа түсіп, бүгінгі күнге жеткен қыпшақ тіліндегі мұралар қазіргі түріктану ғылымында «армян-қыпшақ» ескерткіштері деген жалпы атаумен белгілі. Осы бай мұраны қалдырған этникалық топ XІV – XVII ғасырларда қазіргі Украина, Молдава, Румыния жерлеріне қоныс теуіп, ірілі-ұсақты колония болып өмір сүрген христиан дінінің армян григориан бұтағын ұстанған, жазуда қыпшақ тілінің дыбыстық жүйесіне бейімделген армян жазуының батыс нұсқасын пайдаланған, ғылымда армян – қыпшақ деп аталса, олардың тілдері армян-қыпшақ тілі делініп жүр.

Көлемі мол жанры әр түрлі армян – қыпшақ ескерткіштерінің зерттелу тарихын қарастыратын болсақ, мынадай негізгі қолжазба, еңбектерге назар аудару қажет:



  1. XVII ғасырдағы Симион Лекаси еңбегі. Ондағы қазіргі Украина жеріндегі Армян қауымдастығы және олардың (армяндардың) өз ана тілдерін білмейтіндігіне, шіркеуге барғанда қыпшақ тілінде дұға айтатындарына, іс – қағаз жүргізгенде қыпшақ тілін қолданғандықтарына тоқталған.

  2. «Төре бітігі». Бұл - заң кітабы. Сот процесі жүргізілген Азаматтық Кодекс. Мхитар Гош «Төре бітігін» армян тілінде құрастырып,  жазып шыққан. Ол діни заңдар және азаматтық заңдар деген екі бөлімнен тұрады.  1519 жылы армян-қыпшақтар қыпшақ тілі сол дәуірде халықаралық қатынас тілі болғандықтан «Төре бітігінің» азаматтық заңдар бөлігін қыпшақ тіліне  аударды. (А.Н. Гарковец)

  3. «Дана Хикар сөзі». Қай жерде, қашан, кімнің жазғандығы туралы нақты деректер жоқ, бірнеше нұсқалары да бар. Алғаш рет шет елдік ғалымдар Э. Трыянский, Ж. Денилер зерттеумен айналысса, ғалым С. Ж. Құдасов қазақ тіліне аударып, грамматикалық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеді.

Бұл саладағы жұмыстар негізінен мына бағыттарда жүргізіліп келеді:

  1. Армян-қыпшақ колонияларының тарихын саяси әлеуметтік мәселелерінің (армян - славян) тілдеріндегі жазылған деректерге сүйеніп зерттеу. (Григорян В.Р, Дашкевич Я.Р.);

  2. Қолжазбалардың негізінде олардың жазылған әліпбиіне сипаттама беру, қыпшақ тілінде дұрыс оқылуына мән беру.(Шютц Е, Александр Гарковец, С. Ж. Құдасов т.б.);

  3. Жекелеген қолжазбаларды дайындау, электронды дискіге түсіру; олардың лингвистикалық аудармаларын, глоссарий дайындау;

  4. Диалектілердің атауы бойынша жұмыстар жүргізу;


Толстой А.

Астана/Қазақстан


ҚЫПШАҚ ЖАЗБА МҰРАСЫ «ТӨРЕ БІТІГІНІҢ» ЗЕРТТЕЛУІ

Бізге жеткен деректерге қарағанда армян жазулы қыпшақ ескерткіштерінің жазылған мерзімі негізінен XVI-XVII ғасырлар арасын қамтиды.

Зерттеушілердің пікірінше Қырым жерінен Подолья, Румыния аумағына қоныс тепкен армян қауымдастықтарының ең көп шоғырланған жері Украинаның Каменец-Подольский және Львов қалалары болған.

Армян-қыпшақтар өздерінің күнделікті тұрмыс тіршілігінде король бекіткен жарғыларды пайдаланып, іс-қағаздарын жүргізіп, бәрін заңдастырып отырған. Мұның айғағы ретінде армян-қыпшақ жазба ескерткіштерінің бірі - «Төре бітігін» атауға болады.

Армян-қыпшақ ескерткіштерін зерттеуге Г.Алишан, Ж.Дени, Э. Шютц, Э. Трыярски, М. Левицкий және т.б. шет ел ғалымдарымен қатар, Кеңестер дәуірінен бастап Т.И.Грунин, А.Н. Гаркавец, И. Абдуллин, Я.Р. Дашкевич, С.Ж. Құдасов сияқты ғалымдар көп еңбек сіңіруде.

Қыпшақтану саласына орасан зор үлес қосқан, армян-қыпшақ ескерткіштерінің үлкен маманы, қазақстандық түрколог-ғалым Александр Николаевич Гаркавец әлем мұрағаттарына тараған еңбектерінің бірі “Төре бітігін” (1519-1594) 2003 жылы орыс тіліндегі аудармасы мен ғылыми аппаратын жасаған. Ал “Төре бітігін” қазақшаға тарихшы ғалым, ҚР ҰҒА академигі Ғ. Сапарғалиев тәржімалаған.


Торебекова С.

Астана/Қазақстан


«ТӨРЕ БІТІГІ» ЕСКЕРТКІШІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Қазақтың құқықтық тарихын зерттеудің қосымша көзі болып орта ғасырлардағы қыпшақ жазба ескерткіштері саналады. Осы салада көлемі жағынан аса зор армян жазуымен 1519-1689 жылдары жазылған төрелер жинағын, іс жүргізу кодексін, кәсіптік және қоғамдық ұйымдардың жарғыларын, діни және азаматтық, өзін-өзі басқару актілерін қамтитын заңи ескерткіштерінің маңызы ерекше құнды. Осы ескерткіштердің арасындағы маңыздысы 1519 жылы армян тілінен латын тіліне аударылып, поляк королі бекіткен, содан кейін Львов қыпшақ тілінде сөйлейтін армяндардың ана тіліне аударылған заңдар жинағы - «Төре бітігі» болып саналады.

Қыпшақ нұсқасының мәтіні алғашқы армян тілінен жинақтың нормаларын сол кездегі жағдайларға сәйкестендірілуімен және қыпшақ тілінің ғасырлар бойы қалыптасқан терминологиялық байлықтарын және оның түсініктеме қазынасын шығармашылық жаңалық тұрғыдан пайдаланумен көп жағынан ерекше. Осыған байланысты армян заңдар жинағының қыпшақ нұсқасын жариялау өзекті мәселелердің бірі.

Арменистикада армян қыпшақтары - өздерінің ана тілін жоғалтып, қыпшақ тілін меңгерген армяндар деп қарастырады. Осындай пікір түріктану ғылымында да орын алған. Оның басты себебі көлемі жағынан, жанры жағынан әртүрлі. Армян қыпшақ ескерткіші көлемі жағынан өте мол, стилі жағынан ғылыми айналымға түскен жоқ. 2 ғасыр бойы хатқа түскен жалпы орта ғасыр түркі жазба ескерткіштерінің ішінен үлкен орын алатын жазба мұралардың бірі.

«Төре бітігі» ескерткіші тілінің фонетикалық, грамматикалық және лексикалық жүйесі ғылыми негізде жүйеленіп зерттелген жоқ. Сондықтан аталған салалар бойынша зерттеу жұмыстары қажет. Оның сыртында армян-қыпшақ тілінің орта ғасырлық қыпшақ ескерткіштерімен өзара сабақтастығы көне түркі әдеби тілімен дәстүр сабақтастығы және қазіргі қыпшақ тобындағы тілдердің қайсысына қандай деңгейде жақын, алыстығы жалпытүркілік лексикалық қордың армян-қыпшақ тілінде көрініс табуы және бұл тілдің концервациялануының нәтижесінде іштей дамуының сипаты, өзге жүйедегі тілдердің (армян, славян, латын) сөздік қор мен сөйлем жүйесіне әсері.

Армян-қыпшақ жазуын өзара салыстыру арқылы диалектілік негіздерін анықтау осының барлығы зерттеу жұмысын қажет етеді.



«ТҮРК ӘЛЕМІ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН»

Халықаралық түрктану симпозиумы тезистерінің жинағы

2011 жылғы 28-29 сәуір

Жауапты редактор: Н.Г. Шаймердинова

Корректорлары: Б. Бутеев, А. Купаева

Басуға 04.04.2011 қол қойылды.

Қалыбы 60×84/1. Офсеттік қағаз.

Көлемі 7,0 б.т. Тиражы 100 дана. №247 тапсырыс.


Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы.

Астана қ., Қажымұқан көшесі, 13.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет