Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты


Біздің университетімізге ақын с Торайғыровтың есімі берілді. Атақты ақын туралы не білесіз?



бет10/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
Біздің университетімізге ақын с Торайғыровтың есімі берілді. Атақты ақын туралы не білесіз?
Келесі мәтінмен танысыңыз.

  1. Мәтінде кездескен сын есімдерді дұрыс оқыңыз.

  2. Мәтіннің мазмұны негізінде хронологиялық кесте жасаңыз.

  3. Мәтіннің мазмұны бойынша сегіз сұраулы сөйлем құрстырыңыз. Көршіңіз сұрақтарға жауап берсін.

  4. Мәтіннің мазмұны бойынша он тест тапсырмасын құрастырыңыз.





6-тақырып
Сұлтанмахмұт Торайғыров
XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі — Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ақын өмір сүрген тарихи кезең патшалық Ресей жеріндегі алапат сілкіністер мен төңкерістер заманы еді. Сол себепті де Сұлтанмахмұттың ой-санасы ерте оянды. Жасынан жетімдік пен жоқшылықтың қиындығын көп көрген ол айналасына сергек қарады. Алдына биік-биік мақсаттар койды. Соған жетуді ойлады. Ілгері ұмтылды. Оқуға, білуге құштар болды.
Торайғыров Сұлтанмахмұт 1893 жылы 29 қазанда қазіргі Ақмола облысының Қызылту ауданында туады. Бір жасында анасы өліп, әжесінің тәрбиесінде болған оның балалық, жастық шағы Баянауыл өңірінде өтеді. Кедейлігінен "ІПоқпыт" атанған әкесі Әбубәкір ақ көңіл, жомарт әрі айтқанынан қайтпайтын қайсар да қайратты адам болады.
Сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін де Шоқпыт бірде өзі оқытып, енді бірде ауыл молдаларына беріп, баласының оқуын үзбейді. Болашақ ақын 1902—1903 жылдары — Әлі, 1904—1905 жылдары — Тортай, 1906—1907 жылдары Мұқан деген молдалардан дәріс алады. Сұлтанмахмұт үшін әсіресе Мұқан молданың тәрбиесі ерекше болады. Мұқан молда көп оқыған, әдебиеттен хабары бар, өзі де аздап өлең жазатын адам болады. Оқушыларын үнемі қазақ ауыз әдебетінің, шығыс әдебиетінің үлгілерімен таныстыра отырып, шәкірттерін өлең жазуға баулады.
1912 жылдың күзінде Сұлтанмахмұт оқу іздеп Троицк қаласына барып, осындағы медресеге түседі. Қуанышында шек болмайды. Көңілін шабыт кернеп, "Оқудағы мақсат не?", "Анау-мынау", "Қандай?", "Зарлау" тәрізді бірқатар өлеңдерін жазады.
1913 жылдың күзінде Троицкіге оралып, осында шығатын "Айқап" журналына қызметке орналасады. Бұл Сұлтанмахмұттың шығармашылық жолындағы аса абысты кезең болды. Шабыты толысқан ол әр түрлі жанрда көптеген шығармаларын жазады. Атап айтқанда, "Қамар сұлу" романы, "Өлең және айтушылары", "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу оқыту жайы қалай?" деген тәрізді мақалалары, бірсыпыра өлеңдері осы "Айқап" редакциясында қызмет істеп жүрген уакытында дүниеге келеді. Осында жүріп "Тентектің жинаған шоқпары", "Тамшы" атты жинақтарын әзірлейді. Өкінішке орай, бұл кітаптары жоғалып кетеді.

Мәтінге қатысты жаңа сөздерді аударыңыз:


тарих тарлыны-
ғылым саласының көшбасшысы-
көсем сөздің шебері-
зор парасат иесі-
дүниеге келген-
үздік бітірді-
тарих ғалымдарының докторы-
еңбегі сіңген қайраткер-
ұжымжық еңбек-
оқу құралдары-
жетекшілігімен-
ізденушілер-
тарихшы-ғалым-
сана-сезім-
тұтастық-
нығаю-
назар аударған-
өскелең ұрпақ-
рухани және патриоттық тәрбие беру-
жүзеге асыру-
бағытталған-
мәңгілік сақтау-
қаулы бойынша-

Сұрақтардың дұрыс жауабын көрсетіңіз?



  1. Сұлтанмахмұт Торайғыров кім?

  2. С. Торайғыров қай жылы және қайда дүниеге келген?

  3. С. Торайғыров кай жылы қайтыс болды?

Қазақша баламасын жазыңыз:


Отрасль науки-
Мастер слова-
С отличием-
Доктор исторических наук-
Заслуженный деятель-
Академик НациональнойАкадемий наук-
Лауреат премий-
Мир и духовное согласие-
Коллективные труды-
Учебные пособия-
Под руководством-
Соискатели-
Учебный-историк-
Сознание-
Единство-
Укрепление-
Уделять внимание-
Подрастающее покарение-
Духовное и патриотическоевоспитание-
7- тақырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет