Жаңа сөздерді есте сақтаңыз: даяшы-официант. Қанша тұрады?- Сколько стоит? Ас мәзірі-меню, кесім-порция, тілім-кусок; Ас болсын!-Приятногоаппетита! Қою тағам-вторые блюда, бұқтырылған ет-тушоное мясо, тұшпара-пельмени, сорпа-суп, бульон.
Келесі мақалдарды жаттап алыңыз:
Аз асты аяған көп астан құр қалар. 2. Ас-адамның арқауы. 3. Ас иесімен тәтті, табағымен қымбат. 4. Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің. 5. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. 6. Аш адам жүріп өледі. 7. Аш кісінің ашуы жаман. 8. Ат адамның –қанаты, ас-адамның қуаты. 9. Асқа барсаң аш бар, тойға барсаң тойып бар.
«Мен жиі барып тұратын асхана» тақырыбына әңгіме құрастырыңыз.
Мына сөздерді , сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс айтуға тырысыңыздар: Дастарқан мәзірі-меню. Дастарқан мәзірінде –в меню. Таңертеңгі асқа-на завтрак. Түскі асқа-на обед. Кешкі асқа- на ужин. Салқын тағамдар-холодные блюда.Ыстық тағамдар-горячие блюда. Түрлі сусындар-разные напитки. Біріншіге-на первое. Екіншіге- на второе. Үшіншіге- на третье. Сорпа- бульон, кеспе- лапша, тұшпара- пельмени, палау- плов, ботқа- каша, қарақұмдық ботқасы- гречневая каша, сәбіз салаты- салат из моркови, самса- пирожок, алма самсасы-пирожок с яблоками, картоп самсасы- пирожок из картофеля, бір тілім нан-кусок хлеба, аспаз-повар. Тәбетіңіз ашылсың! Ас дәмді болсын!-Приятого-аппетита!
Келесі сұхбатты тыңдаңыз:
Роза, сен не сатып аласың?
Мен біріншіге кеспе, екіншіге палау алайын деп едім.
Ал сен ше?
Мен бір тәрелке тұшпара аламын.
Үшіншіге не аласың?
Үшіншіге ыстық шай алайық.
Жарайды.
Жағдаяттық тапсырма. Келесі клишелерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз: Кеспе қандай дәмді! Ал палау қандай жақсы! Ойпырмай, тұшпара да дәмді екен!
Есте сақтаңыз: Кадай дәмді! Какая вкусная! Қандай жақсы! Какой хороший! Тағамдарыңыз өте дәмді! Кеспеңіз тамаша екен! Палауыңыз жақсы пісірілген! Еттері де жұп-жұмсақ екен! Ал тұшпарларыңыз майлы еттен жамалған екен. Қандай дәмді! Біз тағыда сіздің асханаңазға келіп тамақ ішеміз!
Достарыңызбен бөлісу: |