Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты



бет11/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66
«Ас –адамның арқауы»
Мәтіндерді түсініп оқыңыз
Қазақ халқы үшін дастарханнан ұлкен, дәмнен ұлкен нәрсе жоқ. «Ас-адамның арқауы», «Жаман ауруға-жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады» деп тегін айтылмаған.
Қазақтың ұлттық дастарханында ертеде пайдаланған тамақтардың негізгі түрлері: ет, сүт, қымыз, сарымай, қүрт, ірімшік мал өнімдерінен дайындалған. Халық егіншілікпен акйналысып, бау-бақша өсіріп, отырықшылыққа бет алғандәуірде ғана мал өнімінен әзірленіп келген негізгі тамақтарға қоса нан, сондай-ақ жеміс, көкөніс дәмдері келген. Олардың ішінде ең көп өндірілген –тары, арпа, бидай, күріш. Қазақ жерінде таралған жеміс түрлері-қарақат, бүлдірген, алма, алмұрт, жүзім, анар. Оңтүстік аймақтарда қауын, қарбыз, сәбіз, қызылша мен өсімдік майлары мол. Картоп пен қызан қазақ дастарқанына бәрінен кейін келген.
Мал шаруашылығымен айналысқан көпшелі қазақтың негізгі асы-сүт пен ет. Сүт төрт тұлік малдың аттарына қарап бие сүті, (кымыз), түйе сүті, (шұбат), қой –ешкі сүті, сиыр сүті делінеді. Сүттен қымыз, шұбат, айран, қатық,сарымай, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді. «Ағы бардың –бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бағыт несібесі деп білген. Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдары сан-алуан
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағамы қымыз жайлы ерекше айтуға болады. Қымыз –қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастархан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіштен өткізіп, жылы кезінде күбідегеі немесе сабадағы сүзгіштен өткізіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы саумалдың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, аузын байлап не тығындап ұстаған. Алғаш рет қымыз ашытарда бие сүті сабаға, арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылған. Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып сүттен, ол жоқ болғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Қор дегеніміз, жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын, арнайы сақталған сарқыны.
Қымыздың түрлері: Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп аталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет