Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты



бет7/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66
Тапсырмаларды орындаңыз:
Сұрақтарға дұрыс жауап беріңіз.

  1. «Менің атым-Қожа» кімнің өмірі туралы жазылған?

  2. Мына сөйлемдер кім туралы айтылған деп ойлайсыз?

Сабақты жақсы оқыды, зерек болды. Сонымен бірге тентектігі де бар еді. Үзілісте ол тиісрейтін қыз қалмайтын. Нарынқол төңірегіндегі Қостөбе деген жерде туып өскен еді.

  1. Әкеміз бізді кімнің үйіне әкеліп, орналастырды?

  2. Мұғалім қандай адам еді?

  3. Мұғалім мен жұбайы жақсы кісілер екенін қадай сөйлемнен білуге болады?

  4. Келесі сөйлемде кім туралы айтылған? Тағдырдың жазуымен сол кеткеннен үлкен жазушылық жолына түсті.


ІІ. «М. Шахановтың достық туралы бір үзік сыры» атты мәтіннің мазмұнын сөздіктің көмегімен аударыңыз.
Рухтас, көңілдегі сырды көзбен ұғатын үш-төрт қана дос тауыппын. Маркстың мынадай ұстанымы бар: «Мен аз ғана адаммен дос боламын, бірақ ақырына дейін дос боламын»,- деген. Менде солай! Әрине, маған тілкетестердің көп екені рас. Бала кезден бірге өскен Рысбек тұрысбеков деген досым бар еді, ол қаза болды. Калекеш Қарғұлов, Асан Таспанов деген досым бар еді, олар да о дүниелік болып кетті.
Біреулер көз таныс, сәл-пәл ой бөліскен адамды да дос деп ойлайды. Достық-шын мәнінде махаббатпен тең тұратын талант. Ол ерекше қабілетті, ерекше талантты, ерекше жанкештілікті талап етеді.
Сақтар дәуірінде өмірде бір досы жоқты адам деп есептемеген. Өйткені, досқа осалдық еткен адамдардың барлығы басқа мәселеде де осалдық етеді деп есептеген. Құдайға шұкір, өзге елдер де достарым бар.

Тапсырмалар:

  1. М. Шахановтың достары туралы айтқан сөйлемдерін оқып беріңіз.

  2. Қ. Маркстың қандай ұстанымы бар?

  3. Келесі сөздердің авторы кім екен?-«Мен аз ғана адаммен дос боламын, бірақ ақырына дейін дос боламын».

  4. М. Шахановтың бала кезден бірге өскен досы кім болды?

  5. Көз таныс, сәл-пәл ой бөліскен адамды да дос деп есептеуге бола ма?

 6. «Достық деген не?» сұрағына қай сөйлем жауап бола алады?
7. М. Шаханов «Шын мәнінде махаббатпен тең тұратын талант» деп нені айтады?
8. «Достық нені талап етеді?» сұрағына жауапты көрсетіңіз.

  1. Сақтар дәуірінде өмірде бір досы жоқты неге адам деп есептемеген?

  2. М. Шахановтың басқа елдерде достары бар ма?

11. Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
Рухтас-
Сыр-
көзбен ұғатын-
ұстаныс-
ақырына дейін-
тілектестер-
рас-
бала кезден-
бірге өскен-
қаза болды-
о дүниелік болып кетті-
көз таныс-
сәл-пәл ой бөліскен адам-
шын мәнінде-
махаббатпен тең тұратын талант-
қабілет-
талап етеді-
сақтар дәуірінде-
есептемеген-
осалдық-
12. Жаңа лексикалық минимумды сөйлемдер ішінде қолданыңыз.

  1. «Достық-шын мәнінде махаббатпен тең тұратын талант. Ол ерекше қабілетті, ерекше талантты, ерекше женкештілікті талап етеді» дегенді қалай түсінесіз?

  2. «Досқа осалдық еткен адамдардың барлығы басқа мәселеде де осалдық етеді» деген пікірмен келісесізбе? Өз ойыңызды ортаға салып талқылаңыз.

5-тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет