Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасы



бет8/9
Дата29.01.2018
өлшемі1,67 Mb.
#35733
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әдебиеттер
1. Т.Ю Юренева. Музееведение: Учебник для высшей школы.- 2 е изд. М: Академический проект .

2.Музееведения. Музеи исторического профиля: Учеб. Пособие для вузов по спец. История – Под ред.К.Г. Левыкина, В. Хербста М. 1988

3.Гнедовский М.Б Анализ музейной сети и проблема классификации музеев // Музейное дело в СССР. Сб. научн. Трудов /ЦМР М.1985

4.Гнедовский М. Б Современные тенденции развития музейной коммуникации // Музеевдение. Сб научн.трудов /ЦМР М. 1989

14 тақырып.Мұражайлық іс әрекеттің қорлық сақтаушылық және ғылыми ақпараттық дамуы.

Мақсаты:

Жоспар

1.Мұражайлық іс әрекеттің қорлық сақтаушылық және ғылыми ақпараттық дамуы.

2.Экспозициялар жүйесінің дамуы
1.Мұражайлық қор нақты мұражайдың тұжырымдамасына сай қалыптасады, коллекцияларды кешендеу жинақтың қалыптасу тарихын және қазіргі заманғы мұражайжүргізуді талап ететін түзетулерді, профильдік ғылымдарды және әлеуметтік-мәдени контексті есепке ала отырып жүргізіледі. Қорларды кешендеу тұжырымдамасы догматикалық құжат емес, оның қабылдануы бұл процесті ұзақ уақытқа қатаң мөлшерде шырмауы керек емес. Бұл, керсінше, қорлық іс-әрекет саласының өзін-өзі ұйымдастыруын жеделдетуге арналған эвристикалық жоба, катализатор.

Мұражай қорлық кешендеу тұжырымдамасын сараптаулар, “өзін-өзі тану”,

олардың рөлін және орнын түсінудің жаңа жолдарын табуға есептелген жоба ретінде жасалады. Мұражай қоры қарым-қатынастың барлық түрінің пәндік, мазмұндық, тақырыптық негізін көрсетеді. Қарым-қатынастық қызымет қазіргі мұражай үшін негізгі болып саналады. Кешендеу тұжырымдамасын жасаған кезде бірінші орында диалог (сұхбаттасу) кері байланыс, мұражайжүргізу рефлексиясы, бірізді анықтау, жинақтау, ғылыми өңдеу, мұражай заттарын жиннаққа енгізу, ақпарат көздерін ғылыми- ақпараттық жүйеге енгізу мәселелері тұрады.

Мұражайшілік ғылыми-ақпараттық жүйе қарым-қатынас айналымына қорларды , сонымен қатар, мұражай заттары туралы ақпаратты толығырақ енгізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар мұражай кешенінің сапасын көтереді. Есепке алу және ғылыми түгендеу процесін компьютерлеу біріңғай есептеу алгоритмі түгендеу және мұражайлық заттарды ғылыми бейнелеу негізенде жүреді .

Бұл үлкен мәселені шешпейінше, мұражайдың даму жолдары және сапалық қайта құрулар туралы сөз таластар нәтижесіз болады. Мұражайлық рефлексия мұражайлық қорларды қалыптастыруға арналған. Тұтынушының мұражай коллекциясымен диалог деңгейінде қарым-қатынас жасау процесі әртүрлі интеративтік бағдарламаларға енгізу, әртүрлі жанрлық басылымдар осының барлығы “оқу” деңгейіне байланысты.

Сонымен, кешендеу мақсаты қарым-қатынас арнасы ретінде- анықтау, қабылдау, өңдеу, сұрыптау,жеткізу, қарым-қатынас субьектілеріне ақпарат жеткізу және диалог жүргізу.

Бұл сәтте кешендеудің негізгі, күшті ғылыми-ақпараттық жүйе тек қана өз қорларын ғана емес, үлкен көлемдегі мұражайлық хабарламалар орталығы.

Сонымен, қорларды кешендеу әртүрлі мәдени мәтіндерді таңдау және келесі оқуға жағдайлар жасау. Сондықтан кешендеу тұжырымдамасының негізгі таңдау мәселесі болып табылады.

Таңдау мәселесі тікелей қоғамның мұражайға беретін бүгінгі әлеуметтік тапсырысымен байланысты. Әлеуметтік сауалнама қортындылары қоғам сау емес екендігін куәландырады. Өмір сүру деңгейінің төмендеуі, әлеуметтік енжарлық, рухани кедейліктің өсуі, өмірлік мақсаттардың жоғалуы- жалпы елге, аймақтарға тән көрініс жеке адамға деген көзқарас құрғақ іс-шаралар мен көрсеткіштерден маңыздырақ.

Кіші отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, жеке бастың маңыздылығы,- бұның бәрі кез-келген коллекцияны кешендеу кезінде біз есте ұстауымыз керек.

Кешендеу кезінде есте ұстайтын нәрселердің бірі, қоғамдағы бағалылықты анықтау, өйткені мұражайлық қарым-қатынасты, әр-түрлі мәдениеттер өзара іс-әрекет институты.

Дәстүрлі емес, академиялық емес тақырып, публицистика, философиялық эсселер, көркем шығармалар жеткілікті мөлшерде күшті нәтиже беруі мүмкін. Кешендеуге толық құқылы мұражай қарым-қатынас қатысушы ретінде келушілер мен аймақ тұрғындарын кешендеуге қатыстыру жаңа және бұрынғы коллекцияларды үгіттеу негізінде жасалады. Бұл жұмыстарға жеке адамдар-коллекционерлер, өлкетанушылар, сонымен қатар басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдері де қатыстырылды. Келушілерді мұражай материалдарын интерпретациалауға қатыстыру және де бір өзекті мәселеге арнайы материалдар қорын және экспозициялық-көрмелік сараптамалар алаңдары онда “мұражай серіктері”-оқушылар, жастар, зейнеткерлер- өздерінің көрмелер мен экспозициялар жасаудың өзіндік тәсілдерін жасап көруге мүмкіндік алады.

Мұражай өз жұмысын балалар аудиторияснда белсенді және қызықты жүргізе алады. Осы іс-әрекетті дамыту үшін кешендеу тұжырымдамасына жаңа қалыптасатын және бұрынғы қорларға интерактивті коллекциялар-типтік, илеу, “көпшілік” материалдарын “ойнауға”,жинау және құрастыру болатын енгізу. Біздіңше, негізсіз ұмыт қалған категория-зейнеткерлер. Бұл категория шындығында да өте белсенді, көп және ризашыл. Кешендеу тақырыбы, бұл жерде, әр түрлі болуы мүмкін-“Сағынудан”, мысалы “Қазіргі жастар үлкендердің көзімен”.

Сонымен қатар “Біз-қазіргі заман жастары коллекциясын жас буын өкілдеріне беруге болады. Соңғы кездегі конференциялар, көрмелер мұражай атаулары өз түйсіктерімен мұражайлардың осы бағытта жұмыс істей бастағанын растайды.

Өткен кезеңдегі қорларды сараптау мұражай коллекцияларының аз мөлшерде танылғанын және неғұрлым қазіргі заманғы интерпретациялауды қажет ететінін көрсетті. Мұражайдың иелігіндегі байлық неғұрлым терең, әрқилы көрсетілсе, соғұрлым кейінгі кешендеуді қызығырақ жоспарлауға болады. Бұл процесттер, сөз жоқ, бір-бірімен тығыз байланысты. Жоғарыда кешендеудің нағыз дәстүрлі емес бағыттары көрсетілді. Бірақ дәстүрлі немесе дәстүрлі емес кешендеу, барлығы қосылып аймақтық мәдени-ақпараттық ағымдарға кіретін қорлар жобасының тізбегін құрады. Ғылыми қызметкерлердің міндеті жеке адамның іс-әрекеті арқылы қорлардың тарихты көрсетуін және мәдениетін анықтау, кейіпкерді іздеу, өмірді қабылдау ерекшеліктерін, бейнелерді, кеңістік пен уақыт құрлысын сызу. Салыстыру, біріктіру сәті неғұрлым батырлық болса, біртұтас бейне терең әрі қызықты болады.

2.Экспозициялармен жұмыс бар экспозицияларды немесе жаңа іске асатын үлгілерді жетілдіру ғана емес. Әңгіме мұражай қарым-қатынасының бүкіл жүйесін және экспозиялық-көрмелік құрлымын өзгертуде болып тұр, оларды мұражай кешенінің келешектегі дамуы мен мәртебесіне жақындату.

Жаңа экспозицияны жасау тұжырымдамасын жасаған кезде әртүрлі міндеттерді шешуді жолға қою керек.


  1. Мұражай аймағындағы кеңестікті игеру.

  2. Аймақтық және қалалық бағыттағы мұражайларды қатар құру.

  3. Мұражайдың көрсетілімдік қызметін есепке алу және борынша қолдану.

  4. Өлкетанудың жаңа түсініктерін қалыптастыру, мыңжылдықта болып жатқан мәдениеттігі және қоғамдық санадағы өзгерістерді көрсету.

Айтылған міндеттердің әржобалығы міндетті түрде көпдеңгейлі экспозициялар жасау туралы ойға жетелейді, немесе әр түрлі типтегі мұражайлар жүйесін құру мұндай экспозициялар тек қана жедел және өзін-өзі дамыту алатын ғана емес, сонымен қатар, мәдениетке , табиғатқа және қоғамға алдын ала көзқарасты білдіретін болашақтың жобасы бола алады.

Экспозициялардың құрлымының күрделігі олардың иерархиясын, өзара байланысын және қызметтерін бөлісуді айқынды. Жекелеген экспозициялар қарым-қатынастың біртұтас жүесіне кіріп, өзара ақпараттар алмасады, оларды кеңітеді және толықтырады. Неғұрлым қолайлысы бірнеше экспозициялық белдеулерқұру, олардың бір орталықта жиналықталуы, немесе, керсінше, одан шығатын негізгі ғимаратты, мұражай кеңестін, қала ішілік және аймақтық мұражай обьектілерін қамту. Экспозициялар жүйесінде әр бөлім өзінің қызметін атқарады. Табиғат бөлімі аймақтың қалыптасу тарихын және, сол арқылы, басқа экспозициялардың фундаментін қалайды. “Археология”- өлкенің өсімдік және жануарлар әлемін көрсетеді.

“Этнография” бөліміне пайдалы қазбалар және өндірістік байлықтар кіреді.

Ең соңғы “Қазіргі заман” бөлімі өлкенің барлық табиғи ресурстарын пайдалануға сүйенеді.

Қарым-қатынастың антропологиялық тұжырымдамалары

табиғиғылымдық экспозицияларға да қатысты. Археологиялық экспозициялар жеке құрылымға, ерекше мұражайға, тек қана өлкенің ерекше ескерткіштеріне байланысты емес, сонымен қатар оның жалпы мұражай үшін маңызына қарай безендіріледі.

“Этнография” бөлімі ерекше түсіндіруге ие болды. Ол тарихтың көлемді бөлігін алады, этнографиялық арнада- шаруашылық дін және фольклор тарихы арқылы беріледі. Егер алдыңғы бөлімдерде басты назар табиғат және археология ескерткіштеріне аударылса, этнографиялық экспозицияларда қайта қалпына келтірілген жекелеген өндіріс кешендері, өлкені игеру және қоныстануға процесінің мінеземелері анықталады. Жекелеген тарихи тақырыптар мәдени тұжырымдарда аңыздық сипат алады. Бұл бірінші кезекте Қостанай қаласының өмірінің алғашқы кезеңіне-жартылай аңыздық кейіпкерлер кезеңіне-негізін салушылар, көтерісшілерге қатысты.

Тарихи этнографиядан кейін экспозицияда қазіргі кезең тұр. Ол да сол сияқты әлеуметтік және мәдени маңызда ашылады. Қазіргі заманғы мәдениет толық, бірақ бұрынғы мәдениет баспалдақтарын көрсету сызбасы бойынша көрсетіледі. Бұл жерде мәселе тек қана кеңестік құрылым қоғамдық өмірде және ұйымдық санадағы архайкалық белгілердің қайта өрлеуіне әкеліп соққандығында емес. Сонымен орталық мұражайлар бөлшектерінің әрқайсысы қайта жөндеу және құрылымдық модельдер, оны оқуды, танып білудің әдістерін кеңейтуге бағыталған. Экспозицияларды дамыту тұжырымдамасы, бұл ретте мәдениеттегі және табиғаттағы қарым-қатынас саласындағы процестерді ғылыми зерттеулер бағдарламасына жақындастырылды.



Бақылау сұрақтары:

1. Мұражайлық іс әрекеттің қорлық сақтаушылық және ғылыми ақпараттық дамуы туралы не білесіз?

2. Экспозициялар жүйесінің дамуы дегеніміз не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет