2.7. Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар
Тақырыбы: «Информатиканы оқыту формалары мен әдістері. Оқытуды ұйымдастыру формаларының жүйесі».
Мақсаты: оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес формалары мен әдістерін талдау.
І. Төмендегі жеке тапсырмалар тақырыбы бойынша баяндама дайындаңыз және кез келген тақырыпты оқыту үшін даярлаған сабақ фрагментін көрсетіңіз.
Көрсету және иллюстрациялау. Олардың ЭЕМ экранындағы айырмашылығы неде?
Теория және практика. Мектеп информатикасында бұл ұғымдардың сәйкестігі неде?
Информатканы оқытудағы анализ және синтез.
Индукция және дедукция.
Информатика сабағындағы аналогия.
Абстракциялау және нақтылау.
Информатиканы оқытудағы ойын әдістері (іскерлік, ұйымдастырушы-әрекеттік, рөлдік т.б). Оларға дайындық.
Мектептік лекция.
Семинар және оның мүмкіндіктері. Семинарды өткізу тәсілдері.
Зертханалық сабақтар. Информатикадан жүргізілетін зертханалық жұмыстардың ерекшеліктері.
Жеке дара жаттықтыру (практикум).
Қосарланған жұмыс.
Оқушылардың іс- әрекеттерінің топтық формасы.
ІІ. Таңдаған дәстүрлі емес сабақтың сипаттамасын жасап, оның фрагментін дайындаңыз.
Дәстүрлі емес сабақтар: альманах – сабақ, іскерлік ойын - сабағы, диалог - сабақ, диспут - сабақ, инсценировка - сабақ, қызықты хабарлар тарату сабағы, Интернет-сабақ, зерттеу-сабағы, кеңес беру - сабағы, конференция- сабақ, «дөңгелек үстел» - сабағы, диспут - сабақ, практикум-сабақ, презентация-сабақ, саяхат-сабақ, түйінді мәселелерді шешетін сабақ, рөльдік ойын-сабағы, семинар-сабақ, ертегі-сабақ, жарыс-сабақ, шығармашылық практикалық жұмыс, театрланған сабақ, ауызша журнал - сабағы, экскурсия- сабақ, экспедиция – сабақ т.с.с.
Жобалық әдісті қолдану сабағы.
Кірістірілген сабақтар (интегрированный): информатика + физика, информатика + математика, информатика + сурет т.с.с.
Телекоммуникациялық жоба сабағы (викторина, олимпиада и т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |