Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ



бет125/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік
!16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, .., .., Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, рефрат 11 дене шын Ілесбек Сымбат ППМ-811, ИАП-сессия, ИАП-сессия, psihol-ped pr bagd
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.

Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.

Латын граматикасын оқу барысында негізінен клиникалық терминологиялық сөз жасамды толық меңгеріліп, ауру малға диагноз қою және латын терминдерін ветеринариялық медицина саласында пайдалану үйретіледі.

- Ветеринария саласындағы кең қолданыстағы латын терминдерін пайдалануды үйреніп, шипа ұсынымды жазуда, диагноз атауларын т.б қолдануды үйренуге негізделеді;

- Болашақ ветеринариялық іс-шаралардағы күнделікті қолданыстық терминдік сөздерді және сөзжасамды сауатты қолдану болып табылады.

- латын тілі грамматикасын, сөйлем құру әдістерін игеру;

- латын тілінде оқудың негізгі ережелерін үйрену;

- сөздікпен жұмыс істеуді;

- жануарлардың клиникалық белгілерін көрсету мен диагноз қою барысында сондай-ақ, емдеудегі терминологияны пайдалана алуы керек.

- ветеринариялық терминдердің мән мағынасын анықтау, қолданыстағы терминоэлементтерді пайдалана отырып, тиісті салаға сәйкес сөзжасам құрылымын құру;

- бағдарлама шеңберінде латын тілінде оқуды және жазуды

- латын терминдерді, ғылыми түсініктерді теориялық және тәжірибелік мағынасында пайдалану;

ЖАТТЫҒУЛАР

1 жаттығу. Терминдердің құрамын талдап, мағыансын айтыңдар:

teratōma, haematometra, blepharoplegia, pyogĕnus, teratogenĕsis, pneumomalacia, hormonopoesis, chyluria, microgenia, hydrothōrax, myasthenia, gastroplegia, encephalomalacia, hepatogĕnus, monoplegia, chylostăsis, trachelotomia, exoglossia, nephrogĕnus, dacryostenōsis, monocytopoёsis, hyperchylia, histogenĕsis, gastromalacia, haemopericardium, chylopyopneumothōrax, trachelorrhaphia, dacryoadenītis

2 жаттығу. Терминдерді латын тілінде жазып, мағынасын түсіндіріңдер:

танатофобия, гематотрахелометра, диплегия, кератомаляция, эндогенный, тромбоцитопоэз, прогения, дакриоцистография, тетраплегия, онкогенез, лейкопоэз, остеомаляция, неврастения, экзофтальм, гиперхилия, пирогенный, хилангиома, гидроперикард, кардиоплегия, риногенный, ангиомаляция, ахилия, цистотрахелография, дакриоцистит, гемопневмоторакс, пиосальпинкс

3 жаттығу. Медицина салаларын білдіретін терминдер мағынасын түсіндіріңдер: аллергология, дерматология, анестезиология, гастроэнтерология, наркология, гематология, геронтология, гинекология, кардиология, проктология, невропатология, нефрология, онкология, офтальмология, герниология, оториноларингология, патология, психопатология, пульмонология, танатология, урология, флебология, ангиология, артрология, гепатология, тератология

4 жаттығу. Төменде келтірілген сөздерден терминдер құраңдар:

1) даму аномалиясы: төменгі жақтың шамадан тыс үлкен болуы;

2) қан ағу;

3) сыртқы əсерлердің себебінен пайда болатын;

4) көздің қасаң қабағына пластикалық операция жасау;

5) сүйек ұлпасының пайда болуы, өсуі;

6) əлсіздік;

7) эмбриональды өсу аномалиясын зерттейтін ғылым саласы;

8) ұлпанының жұмсаруы;

9) жарықты тігу;

10) көз жасы безінің қабынуы;

11) дененің бір бөлігінің жансыздануы;

12) хирургиялық оташылық: жатыр мойнын кесу;

13) лимфа жолдарында сөлдің тұрып қалуы;

14) жатыр түтігінде іріңнің толып қалуы;

15) көз бұлшық еттерінің жансыздануы;

16) көз алмасы қуысына қан кетуі;

17) жиырылу шақыратын;

18) плевра (көкірек перде) қуысында газ не ауаның болуы.

1. Термин құрамындағы терминоэлементтерді анықтап, мағынасын түсіндіріңдер:

Polyclădus, macrococcus, caryogamia, cystocarpium, Ctenophŏra, Dasyūrus, diplococci, eugenĭca, eutrŏphus, Limnophĭlus, Glycyrrhiza, Gymnospermae, hypoxaemia, lasiocarpus, leptodactўlus, mycolŏgus, morphologia animalium, neurocўtus, Masthodontus, oligotrĭchus, ornithophilia, orthogenĕsis, oxyhaemo globīnum, photobiologia, polyrrhizus, Rhinocĕros, Staphylococcus, Streptococcus, sporoderma, platūrus, Xanthophўta.

6. Терминдерді терминоэлементтермен толықтырыңдар:

Ұлпада оттегінің аз болуы …oxia; тікебұтақты …clădus; даму үшін күн сəулесін қажет ететін ағза …trŏphus; жалпақмұрынды platy…; тамыртəрізді …morphus; қалың гүлді …anthus; қараспоралы melano… ; бұлшық ет тəрізді myo… ; жалаң аталықты …andrus; тіс жапырақты …phyllus; мұрын гүлді rhin… ; тамыржемісті …carpus; көлді (ұйықты) …bius; спорогенді sporo… ; құстұмсықты …rhynchus; тамыраяқты Rhizo… ; жалпақбұтақты eury… ; ұзын құйрықты dolicho… ; қос коктар …cocci; ағза ішінде дамитын спора …spŏra; қалың жапырақты…phyllus; торша ядросын зерттейтін цитология бөлімі …logia; төрт тісті tetr… ; тамыр бастылар Rhizo… ; құйрықсыздар an… ; тіссіз (моллюск) …odonta; əр түрлі споралы …sporia; сары жемісті …carpus.

7. Төменде келтірілген мүшелердің қабынуын білдіретін терминдер құраңдар:

1)gaster, tris, f 6) hepar, atis, n

2)pleura, ae, f 7) encephalon, i, n

3)colon, i, n 8) bronchus, i, m

4)pancreas, atis, n 9) meninx, ingis, f

5)abomasus, i, m 10) rumen, inis, n

8. Термин құрамындағы терминоэлементтерді анықтап, мағынасын түсіндіріңдер:

anergia,cystolithiǎsis, paracolītis, neurītis, proctalgia, oedēma, rhinorrhagia, hypertrophia, infantilīsmus, lymphopenia, gastroenterītis, hypokinesia, laryngītis, thrombocytopenia, toxicōsis, urolĭthus, salpingītis, poliomyelītis, strumītis, proctectomia, myosītis, parametrītis, glossorrhagia, hepatolĭthus, keratītis, lymphadenītis, proctorrhagia, mastītis, perimetrītis, gastroenterocolītis, gingivītis, hepatītis, dysenteria, encephalītis, endocrinologia, cheiloschĭsis, colītis, dyskinesia, tonsillītis, encephalopathia, enterolĭthus, typhlītis, encephalomyelītis, cheilorrhagia, electroencephalogramma, enterocolītis, thrombophlebītis, encephalogramma, cheilōsis, cholelithiǎsis, colpītis, cystītis, electroencephalographia, palatoschĭsis, pancreatītis, paracystītis, pleurītis, proctītis

9. Терминдерді терминоэлементтермен толықтырыңдар:

Ерін каймасының қабынуы – cheil…

Ішек ауруының атауы - …pathia

Ішектің індетті протозой ауруы – amoeb…

Ациклді жатыр қансырауы – metr…

Мүше не жүйелердің бірге қызмет жасамауы - …syn…

Ауруды дəрі көмегімен емдеу - …therapia

Мұрын тасы – rhin…

Көз жасы қапшығының қабынуы - …ītis

Хирургияның таңғыштар туралы бөлімі - …urgia

Аш ішекті құрсақ қабырғасына бекемдеу – enter…

Жоғарғы таңдайдың туа біткен жарылуы – gnath…

Көздер қан кету – ophthalm…

Улы заттар туралы ғылым - …logia

Ағзаның жоғарғы реактивтилігі – hyper…

Бүйен ішекті бекемдеу - …pexia

Жатыр мойны кілегейлі қабығының қабынуы - …cervic…

Жыртылған жатыр қабырғасын тігу – hyster…

10. Төменде келтірілген термин-транслитераттарды құрамына қарай талдап, мағынасын түсіндіріңдер:

эндометрит, ботулизм, дистрофия_______, ринит, гиперкинезия, токсикофобия, тромбоцит, неврорафия, парапроктит, синдесмология, периартериит, ринорея, элефантиаз, ураносхизис, спондилит, гигантизм, бронхит, калькулез, гастроэнтерология, трихатрофия, дуоденит, энтероррагия, литиаз, гипергия, гастрит, холецистит, колоноскопия, атрофия, дакриоцистит, трихорея

Латын афоризмдері

1. Optimum medicamentum quіst est – ең жақсы ем - тыныштық (Цельс)

2. Mortalĭtas alta Өлімнің көп тіркелуі

3. Restitutio ad integrum Толық қалпына келу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет