Қосымша әдебиеттер
1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978
2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. – 1992
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен № 10 Тәжірибелік сабақ
ТАҚЫРЫБЫ: Организмнің физиологиялық және патологиялық жағдайындағы үрдісін білдіретін дербес терминоэлементтер.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.
Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.
Латын тіліндегі сан есімдердің төрт түрі бар:
cardinalia – есептік (қанша?)
ordinalia – реттік сандар (нешінші?)
distributiva – бөлшектік сандар (қаншадан?)
adverbia - үстеу сандар (қанша рет?)
11 жəне 17 аралығындығы сандар төмендегі тəртіп бойынша орын-
далады:
11 – undecim 15 - quindecim
12- duodecim 16 - sedecim
13 – tredecim 17 - septemdecim
14 - Quattuordecim
8 жəне 9 сандарына аяқталатын сандар (18, 19, 28 ,29...) келесі ондықтан
1 немесе 2 санын алып тастаумен пайда болады. Мысалы.: 18- duodeveginti.
Бұл жерде duo – екі, de – , veginti – жиырма.
18- duodeveginti (екісі кем жиырма)
19 – undeveginti (бірі кем жиырма)
20 – veginti (жиырма).
Ондықтардан, жүздіктен жəне 1 мен 7 аралығындағы бірліктерден
тұратын сандар (мыс: 21, 22...37) екі түрлі жолмен жасалады:
1) ондық бірліктің алдында тұрады, veginti unus, veginti duo....
2) бірлік ондықтан бұрын айтылып, ондықпен et (жəне) деген шылау
арқылы байланысады: unus et veginti, duo et veginti....
Латын тілінде сын есімдер зат есіммен родта, түрде, септеуде (сын есім
сияқты) үйлеседі: unus musculus – бір бұлшық ет, una costa – бір қабырға.
Реттік сан есімдер сын есімнің I и II жіктеуі сияқты жіктеледі
Рим
цифрлары
Араб
цифрлары
cardinalia ordinalia
I 1 Unus (m), una (f), unum (n) Primus, a, um
II 2 Duo (m), duae (f), duo (n) Secundus, a, um
III 3 Tres (m,f), tria (n) Tertius, a, um
IV 4 Quattuor Quartus, a, um
V 5 Quinque Quintus, a, um
VI 6 Sex Sextus, a, um
VII 7 Septem Septimus, a, um
VIII 8 Octo Octavus, a, um
IX 9 Novem Nonus, a, um
X 10 Decem Decimus, a, um
XX 20 viginti vicesimus
XXX 30 triginta tricesimus
XL 40 quadraginta quadragesimus
L 50 quinquaginta quinquagesimus
LX 60 sexaginta sexagesimus
LXX 70 septuaginta septuagesimus
LXXX 80 octoginta octogesimus
XC 90 nonaginta nonagesimus
C 100 Centum Centesimus
CC 200 ducenti, ae,a ducentesimus
CCC 300 trecenti, ae, a trecentesimus
CD 400 quadrigenti, ae, a quadrigentesimus
D 500 quingenti, ae, a quingentesimus
DC 600 sescenti, ae, a sescentesimus
DCC 700 septigenti, ae, a septingentesimus
DCCC 800 octingenti, ae, a octingentesimus
DCCCC 900 nongenti, ae, a nongentesimus
M 1000 Mille Millisimus
MM 2000 duo milia bis millisemis
Қосымшалар міндетін атқаратын латын жəне грек сан есімдері.
Латын
Сан есімдері
Грек
Сан есімдері
Мағынасы Мысалдар
uni- mono- бір unisexuālis, e - біржынысты
monocephălus, a, um - бір басты
bi- di- Екі bialātus, a, um - екі қанатты
dipetălus, a, um - екікүлтелі
tri- tri- үш triaxonālis, e - үшаксонный
quadri- tetra- Төрт- quadrifoliātus, a, um төртжапырақты
tetracoccus, i m - тетракокк
quinque penta- бес quinqueflōrus, a, um бес гүлді
pentaradiālis, e - беснұрлы
sex- hexa- алты- sexangulāris, e - алтықырлы
hexaspŏrus, a, um - алтыспорлы
septem- hepta жеті septemjugātus, a, um - жетіжұпты
heptapetălus, a, um - жетікүлтелі
oct-,
octooct-,
octo-
сегіз octopetălus, a, um - сегіз күлтелі
Octodontīdae, ārum f - сегіз тісті
novem-,
novenennea-
тоғыз- novendiālis, e - тоғыз күндік
enneapetălus, a, um тоғыз күлтелі
decem-,
decendec-,
deca-
он decemflōrus, a, um - он гүлді
Decapŏda, ōrum n - он аяқты
semi- hemi- жарты semicanālis, is m - жартыканалды
hemisphaerium, i n - жарты шарлы
Жаттығулар:
1. Терминдерді префиксальды морфемдердің мағынасына қарай
аударыңдар:
Viŏla tricŏlor, hemispherium cerĕbri, ductus excretorius, Leonūrus
quinquelobātus, evolutio postembryonālis, reproductio asexuālis, concha bivalvis,
reflexus incondicionālis, Piscis semitransitorius, ganglion submaxillāre,
hybridizatio, intraspecifĭca et interspecifĭca, segmentatio superficiālis, nervus
hypoglossus, heredĭtas extranucleāris, discus intervertebrālis, Matricaria inodōra
Picoīdes tridactўlus, symphўsis pubĭca, muscŭlus epicranius, dysfunctio hepătis,
syndactylia congenita, caput muscŭli bicipĭtis, Leptinotarsa decemlineāta.
2. Сан есімдерді primus, a, um; tres, tria; milia сын есімдермен
үйлестіріңіз
annus, i m жыл; hirundo, inis f қарлығаш; fructus, i m жеміс; ovis, is f қой;
semen, inis n дəн; dies, ei m күн; arbor, oris f ағаш.
3. Рим цифраларымен жазыңыз:
1969,1418, 1815, 1989, 812, 1503, 1616, 907
4. Қазақ тіліне аударыңыз:
Pars prima. Viginti homines. Costa prima, costa secunda, costa tertia. Legimus
Celsi opus «De medicina libri octo». Apud Graecos medicina in tres partes divisa
est: una, quae, victu, altera, quae medicamentis, tertia, quae manu sanat. Primus
inter pares.
5.Латын тіліне аударыңыз:
Екі қызыл жеміс. Екі сары аналық. Үш ұзын бұтақ. Үш жалпақ жапырақ.
Екі жүз сары бақ бақ. Екі жүз жеміс. Екі мың сүйек. Бесінші тіс. Төрт саусақ.
Жеті қой. Он сегіз кітап. Мыңдаған қан тамырлары.
Латын афоризмдері:
1. Ubi concordio, ibi victoria – бірлік бар жерде тірлік бар.
2. Diagnōsis certa – нақты диагноз.
3. Diagnōsis dubia - күдікті диагноз.
Бақылау сұрақтары:
1. Латын тілінде сан есімдердің қандай түрлері бар?
2. Есептік сан есімдер қалай жасалады?
3. 1-ден 10-ға дейінгі бірлік сандардың жасалуы.
4. 11-17 аралығындағы сандардың жасалуы.
5. Ондыққа дейінгі 1 не 2 жетпейтін сандардың жасалуы.
6. 30-90 аралығындағы ондық сандардың жасалуы.
7. 1-7 аралығындағы бірлік сандардың ондық, жүздік сандарға қосылып
айтылу жолдары.
8. Реттік сан есімдер қалай жасалды?
9. Қандай есептік сан есімдер септеледі?
10. Қандай есептік сан есімдер септелмейді?
11. 3 сан мен көптік тұлғадағы 1000 саны қалай септеледі?
Достарыңызбен бөлісу: |