САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ветеринариялық терминологияның сөз құрылымдық, лексикалық және граматикалық ерекшеліктерін үйрену және меңгеру үшін ветеринарияның – анатомиялық, фармацевтикалық, гистологиялық және клиникалық-терапевтикалық тарауларында жиі қолданылатын атауларды, ұғымдарды түсінуге пайдалануға үйретеді.
Латын тілі – ғылым тілі ретінде нақты және табиғи ғылымдардың қызметтік тілі болып табылады. Латын тілін меңгеру барысында пәнді ғылымға сәйкес өзіндік ерекшелігі тұрғысынан қарастыра отырып, тілдік мағынада сөйлемнің стилистік мәнін толық түсіне білу және халықаралық деңгейдегі ұғымы ретінде түсіну керек. Сондықтан да белгілі бір саланы меңгеру үшін әр бөлімге сәйкес грамматикалық және лексикалық қажеттіліктер таңдалынып, сөзжасамдық үлгілері оқытылады.
Латын граматикасын оқу барысында негізінен клиникалық терминологиялық сөз жасамды толық меңгеріліп, ауру малға диагноз қою және латын терминдерін ветеринариялық медицина саласында пайдалану үйретіледі.
- Ветеринария саласындағы кең қолданыстағы латын терминдерін пайдалануды үйреніп, шипа ұсынымды жазуда, диагноз атауларын т.б қолдануды үйренуге негізделеді;
- Болашақ ветеринариялық іс-шаралардағы күнделікті қолданыстық терминдік сөздерді және сөзжасамды сауатты қолдану болып табылады.
- латын тілі грамматикасын, сөйлем құру әдістерін игеру;
- латын тілінде оқудың негізгі ережелерін үйрену;
- сөздікпен жұмыс істеуді;
- жануарлардың клиникалық белгілерін көрсету мен диагноз қою барысында сондай-ақ, емдеудегі терминологияны пайдалана алуы керек.
- ветеринариялық терминдердің мән мағынасын анықтау, қолданыстағы терминоэлементтерді пайдалана отырып, тиісті салаға сәйкес сөзжасам құрылымын құру;
- бағдарлама шеңберінде латын тілінде оқуды және жазуды
- латын терминдерді, ғылыми түсініктерді теориялық және тәжірибелік мағынасында пайдалану;
ҚОСЫМША: Дәрі-дәрмектердің сөз жасам құрылымы. Шипаұсынымдық терминдер және сөзжасам. Сабақ барысында қарастырылатын латындық ұғымдар:
Сабақты игеру барысында қаралатын сұрақтар:
Негізгі фармацевтикалық түсініктер. Фармацевтикалық терминология мақсатындағы етістік граматикасы. Шипаұсынымдағы бұйрық және шартты райлар.
Шипаұсынымдық терминдер және сөзжасам
Фармацевтикалық атаулардың бас əріппен жəне кіші əріптермен
жазылу ережелері.. Дəрілік заттар атаулары.
Сабақтың мақсаты: Рецепттердегі етістіктерді (бұйрық рай, қалау рай)
таныстыру.
Кіріспе: Биологиялық, биохимиялық, фармацевтикалық жəне химиялық номен-
клатураларда жануарлар мен өсімдіктердің родтық аты үлкен əріптермен
жазылады:
1) Lacerta [ляцэ.рта] – кесіретке, Urtica [урти.ка] - крапива, Arthropoda
[артро.пода] - буынаяқтылар;
2) химиялық элементтердің аты мен катиондар - Ferrum [фэ.ррум] - темір,
Natrii chloridum [на.трии хлё.ридум] - натрии хлориді;
3) биохимиялық субстанциялар мен биохимиялық препараттар – Serotoninum
[сэротони.нум] - серотонин_______, Tetracyclinum [тэтрацикли. -нум] – тетра-
циклин.
Негізгі фармацевтикалық түсініктер
·Дəрілік шикізат - өсімдіктердің, жануарлар мүшесінің бір бөліктері жəне минералдардан, бактериялардан, саңырауқұлақтардан алынатын өнімдер.
·Дəрілік заттар – дəрілік заттар ретінде қолданылатын химиялық қосылыстар. Дəрілік заттарды химиялық синтез жолымен дəрілік шикізаттардан арнайы əдіспен алады.
·Дəрі – ауруды емдеу жəне алдын алу мақсатында қолданылатын химиялық немесе табиғи жолмен алынатын заттар
·Дəрілік заттар пішіні – дəрілік затқа қолдануға ыңғайлы болу үшін берілетін пішін. Олар төмендегідей болып бөлінеді:
Сұйық (ерітінділер, тұнбалар, қайнатпалар, сұйық экстрактілер, суспензиялар, микстуралар, эмульсиялар...)
Жұмсақ (сүртпе майлар, линименттер, пасталар, суппозиторилер, таяқшалар, пластырлер..)
Қатты (ұнтақтар, капсулалар, таблеткалар, жиынтық дəрілік заттар, пилюлдер, болюстер, брикеттер ...)
Дəрілік препарат –дəрілік пішіндегі дəрілік зат (қатты, сұйық, жұмсақ т.б.).
Фармацевтикалық атауларда жəне рецептте бас əріппен:
·Дəрілік заттар атаулары (мысалы: Raunatinum).
·Дəрілік өсімдіктер атаулары (мысалы: Crataegus).
·Химиялық элементтер атаулары (мысалы: Hydrargўrum).
·Дəрілік заттарға теңгерілген атаулар (Saсchărum – қант, Amўlum – крахмал, Gelatīna – желатин жəне т.б.).
·Рецептегі жаңа рецептік жол.
·Терминнің құрамындағы төмендегі сөздер (олар сөздік формада жай əріппен жазылады): Acĭdum acetylsalicylĭcum – ацетилсалицил қышқылы,
Aqua destillāta – дистилденген су, Liquor Ammonii anisātus – мүсəтір-анис тамшылар, Solutio Ammonii caustĭci – мүсəтір спирті, Vitaminum B12 –
витамин В12).
Фармацевтикалық атауларда жəне рецептте жай əріппен:
·Терминнің ортасында келетін дəрілік пішін атаулары (мысалы: Pulvis extracti Belladonnae).
·Сын есімдер (мысалы: Mentha piperīta).
·Оксид атауларындағы oxўdum, peroxўdum, hydroxўdum (мысалы: Zinci oxўdum).
·Терминнің ортасында келетін өсімдік бөлшектерінің атаулары (мысалы: Infusum radīcis Althaeae).
·Тұз атауларындағы анион атаулары: (мысалы: Magnesii sulfas).
·Рецепт рəсімдеудегі қалыптасқан сөздерде: in vitro nigro, contra tussim, in charta cerata жəне т.б.
Кез келген фармацевтикалық атауларда бірінші сөз бас əріппен басталатынын ұмытпаған жөн (номенклатурада, сөздіктерде, этикеткаларда, тізімде). Жаттығу мен бақылау жазғанда төменде көрсетілгендей етіп жазу керек:
·Solutio Camphŏrae – камфоры ерітіндісі.
·Flores Chamomillae – дəрілік түймедақ гүлдері.
Дəрілік өсімдіктер жəне олардың бөлшектерінің атаулары
Дəрілік өсімдіктер деп, мал ағзасына биологиялық белсенді заттарымен əсер ететін өсімдіктерді айтады.
Дəрілік өсімдіктер шикізаты деп, дəрілік зат ретінде кептірілген немесе кептірілмеген дəрілік өсімдіктер мен олардың бөлшектерін айтады.
Дəрілік өсімдік шикізаты ретінде өсімдіктің əр түрлі бөлшектері қолданылады: бүршігі, гүлі, қабығы, тамыры, сабағы, жапырағы, дəні, жемісі жəне т.с.с.
Қазіргі кезде шипалық қасиеті бар дəрілік өсімдіктердің 21000 түрінен астамы емдік жəне алдын алу мақсатында пайдаланылады.
Өсімдік бөлшектерінің атаулары (лексикалық минимум)
1) cortex, ĭcis m қабық
2) flos, floris m гүл
3) folium, I n жапырақ
4) fructus, us m жеміс
5) gemma, ae f бүршік
6) herba, ae f шөп
7) radix, īcis f тамыр
8) rhizōma, ătis n тамыршық
9) semen, ĭnis n тұқым
Дəрілік зат формаларының атаулары
Сөздік формада есте сақтау қажет:
Сұйық дəрілік зат формалары
1. Solutĭo, ōnis f ерітінді
Қатты дəрілік затты дистилденген суда, спиртте, майда ерітіп алынған дəрілік пішін.
2. Mucilāgo, ĭnis f шырыштар
Күрделі құрамдағы дəрілік заттардың компоненттерін тізбектеп жазып жатпау үшін оларға коммерциялық ат беріледі. Алдымен дəрілік зат формасы, соңынан тырнақшаның ішінде атау септігінде коммерциялық аты жазылады: Suppositorĭa «Anaesthesōlum» - балауыз «Анестезол».
Көп кездесетін құрам (жиілік кесінділер) – белгілі бір мағынасы мен жазылуы бар фармацевтикалық терминнің құрылымдық компоненті.
Фармацевтикалық терминдердің құрамындағы бұл құрамдар орфографиялық дұрыс жазуға жəне көп терминдерің мағынасын түсінуге себеп болады.
Рецептің латын бөлімінде өкім, тапсырма ретінде қолданылатын қалыптасқан ұғымдар қолданылады. Бұл ұғымдар фармацевке дəріні дайындауға, жіберуге жəне қолдануға тапсырма беру үшін қажет. Латын тіліндегі етістіктің грамматикалық категориялары мен формаларын рецептегі қалыптасқан ұғымдар түрінде есте сақтау керек. «өкім, тапсырма беру» рецептте бұйрық жəне қалау райында жазылады.
а) бұйрық рай
Рецептурада бұйрық рай жекеше түрдің екінші жағында қолданылады.
· Recĭpe ал
· Da бер
· Signa белгіле
· Misce араластыр
· Repĕte қайтала
· Sterilĭsa!
(леп белгісімен!)
Залалсыздандыр!
· Da tales doses numĕro Осындай мөлшерде ... санымен берілсін
· Divĭde in partes aequāles Бірдей бөліктерге бөл
· Adde қос
б) қалау рай
Рецептурада қалау рай «бұйыру, тапсыру, іс-əрекет жасау» мағынасында бұйрық раймен синоним түрінде қолданылады. Қазақ тіліне қалау рай –сін, - сын жалғауларымен (мысалы: берілсін) немесе етістіктің инфинитив формасында аударылады.
· Detur берілсін.
· Signētur белгіленсін
· Misceātur араластырылсын.
· Sterilisētur! (леп белгісімен!)
Залалсыздандырылсын!
· Repetātur Қайталансын
· Dentur tales doses numĕro (denture - көпше түрдің формасы, осы мағынада ғана қолданылады) Осындай мөлшерде ... санымен берілсін
N.B! Бұйрық рай мен қалау райдың формалары бір мағына береді, сондықтан олар бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бақылау, жаттығулар жазғанда олардың қай-қайсысын болса да қолдана беруге болады.
fiat/fiant формасының қолданылуы
Рецептте fiĕri етістігі fiat/fiant түрінде көп қолданылады:
·fiat – орындалсын, болсын
·fiant – орындалсын, болсын (көптік _______түрде)
Misce, ut →fiat + жекеше түр, атау септігіндегі зат есім →fiant + көпше түрдегі атау септігіндегі зат есім
Төменде рецепттегі қалыптасқан ұғымдар тізімі берілген:
· Misce, fiat linimentum Араластыр, линимент болсын
· Misce, fiat pasta Аралыстыр, паста болсын
· Misce, fiat unguentum араластыр, сүртпе май болсын
· Misce, fiat suppositorium Аралыстыр, балауыз болсын
· Misce, fiat suppositorium rectāle (vagināle) Аралыстыр, тік ішікке (қыныпқа) қолданатын балауыз болсын
· Misce, fiant suppositoria rectalia (vaginalia) Аралыстыр, тік ішікке (қыныпқа) қолданатын балауыздар болсын
· Misce, fiat bacillus longitudĭne 5 cm et crassitudĭne 0,5 cm Араластыр, ұзындығы 5 см жəне ені 0,5 см таяқша болсын
· Misce, fiat pulvis Араластыр, ұнтақ болсын
· Misce, fiat emulsum Араластыр, эмульсия болсын
· Misce, fiat suspensio Араластыр, суспензия болсын
· Misce, fiant species (көпше түр) Араластыр, құрғақ жиынтықтар болсын
Fiant көпше түріне жəне бұл ұғымда Misceātur” формасы емес, “Misce” формасы қолданылатындығына назар аударыңдар.
Көп қолданылатын бөліктер ( 2 бөлім)
Латын мағынасы мысалдар
1. -cain- Жергілікті жансыздандыру заттары Procainum Tetracainum
2. -cyt- Цитостатиктер (ісік торшаларын өлтіретін; грек. cytos - «торша») Cytarabinum
Cytocristinum
3. -form- Acĭdum formicĭcum құмырсқа қышқылы Xeroformium Iodoformium
4. -ichth(y)- грек. “ichthys” – «балық» Ichthammolum Ichthyolum
5. -poly- грек. “polys” – «көп» Polyphepanum Polymixini B sulfas
6. -rheo- Қан айналымын жақсартатын зат Rheomacrodexum Rheopolyglucinum
7. -zep- антиксиолитиктер – стресске қарсы заттар Diazepamum Bromazepamum
Лексикалық минимум
Дəрілік өсімдіктер атаулары
1. Betǔla,ae f Ақ қайың
2. Convallaria, ae f меруертгүл
3. Frangǔla, ae f Сыңғақ итшомырт
4. Junipĕrus, i f арша
5. Linum, i n зығыр
6. Quercus, us f емен
Дəрілік заттардың атаулары
7. Amўlum, i n крахмал
8. Epinephrinum, i n эпинефрин
9. Oleum Ricĭni (Ricĭnus, i m) кастор майы
10. Synthomycinum, i n синтомицин
11.Xeroformium, i n ксероформ
Дəрілік зат формаларының атаулары
12. bacillus, I m таяқша
13. balsămum, I n бальзам
14. carāmel, ēllis n карамель
15. emplastrum, I n пластырь
16. emulsum, I n эмульсия
17. gelum, I n гель
18. granŭlum, I n гранула
19.membranŭla (ae f) ophthalmĭca (us, a, um) (lamella ophthalmĭca) көздің жұқа қабығы
20.mixtūra, ae f микстура
21.mucilāgo, ĭnis f шырыш
22. pasta, ae f паста
23. pilŭla, ae f пилюля
24. specĭes, ērum f (только мн.число) жиынтық
25. spongia, ae f губка
26. stilus (i m) medicinālis (e) медициналық қарындаш
Өсімдік бөліктерінің атаулары
27. cortex, ĭcis m қабық
28. fructus, us m жеміс
29. gemma, ae f бүршік
30. semen, ĭnis n тұқым
Басқа да лексика
32. longitudĭne … cm et crassitudĭne … cm ұзындығы… см и ені… см
Латын афоризмдері:
1. Ignorantio non est argumentum – білмегенің себеп емес
2. Radices litteratum amarae sunt, fructus dulces – Білімнің тамыры ащы
болғанымен, жемісі тəтті (Білім инемен құдық қазғандай)
3. Alit lectio ingenium - оқу – ақыл толықтырады
Бақылау сұрақтары:
1. рецептурада «қалау, бұйрық» мағынасында қолданылатын етістіктің қандай формалары бар?
2. fiĕri етістігінің рецептурадағы ерекшеліктері?
3. «-цит-», «-форм-», «-ихти-», «-поли-», «-рео-» көп қолданылатын кесінділерді латын тілінде жазып беріңдер.
Латын афоризмдері:
1. Ignoti nulla, curatio morbi – анықталмаған ауруды емдеуге болмайды.
2. Omne principium difficile est – бастау қашан да қиын.
3. Ruditatis antidotum eruditio est – сауатсыздыққа қарсы бірден бір жол
- білім алу.
Бақылау сұрақтары:
1. Дəрілік заттардың тауарлық атаулары қандай түрде жазылады?
2. Дəрілік заттарды жазғанда бірінші орында не жазылады?
3. Екінші орында дəрі атауы қандай септікте жəне қалай жазылады?
4. Тұнбалардың, тұндырмалардың, экстрактылардың, қайнатпалардың
атауларының жазылу ерекшеліктері.
ЛАТЫН ТІЛІНДЕГІ ТҰЗ АТАУЛАРЫ
Латын тілінде тұз атаулары екі зат есімдерден тұрады:
2. Катион аты - бірінші орында, ілік септігінде
3. Анион аты - екінші орында, атау септігінде.
Мысалы:
· Aluminĭi nitras - алюминия нитрат
· Epinephrini hydrochlorĭdum - эпинефрина гидрохлорид
· Natrĭi nitris - натрия нитрит
Катиондар қашанда бас əріппен, ал ониондар жай əріппен жазылады.
(мысалы: Solutĭo Natrĭi tetraborātis glycerinōsa). Катион ретінде дəрілік заттар
мен химиялық элементтер қолданылуы мүмкін.
Латын жəне қазақ тіліндегі анион атаулары
Латын тілінде анион аттары -as, -is, -ĭd(um) суффикстері арқылы пайда
болады. Төменде келтірілген кестеде ілік, атау септігіндегі латын суффикс-
тері жəне қазақша аудармасы келтірілген:
Латын тілінде Қазақ тілінде
атау/ілік
септ
мысалдар атау/ілік септ. мысалдар
-as
-ātis
Aluminii nitras
Aluminii nitrātis
-ат
-ата
алюминий нитрат
алюминий нитрат
-is
-ītis
Aluminii nitris
Aluminii nitrītis
-ит
-ита
алюминий нитрит
алюминий нитрит
-ĭdum
-ĭdi
Natrii chlorĭdum
Natrii chlorĭdi
-ид
-ида
натрий хлориды
натрий хлориды
Кестеге түсінік:
-as, -is суффиксіне аяқталатын анион аттары латын тілінде 3
· жіктеудегі зат есімдерге жатады. Оларды қазақ тіліне аударғанда
соңғы -s əрпі –т ауысып кетеді.
Мысалы:
· citras - цитрат
· phosphas - фосфат
· nitris - нитрит
· -as, -is суффиксіне аяқталатын ілік септігіндегі аниондар басқа 3
жіктеудегі зат есімдер сияқты аударылады:
Салыстырыңдар_______:
· citras, ātis m - tuberosĭtas, ātis f
· -ĭd- суффиксі бар аниондар 2 жіктеудегі n тектік түріндегі зат
есімдерге жатады:
Мысалы:
· chlorĭdum, i n - хлорид
· bromĭdum, i n - бромид
Ескерту: негізгі тұздардың қазақша атаулары «негізгі» деген сөзбен
жазылып, латын тілінде «sub-» қосымшасына сай келеді.
Мысалы:
· негізгі висмут нитраты - Bismŭthi subnitras
· негізгі висмут нитратының - Bismŭthi subnitrātis
Калий жəне натрий тұздарының рəсімдеу ерекшеліктері
Калий жəне натрий органикалық тұздарының екі компонентінен
тұратын, дефис арқылы жазылатын атаулары латын тіліне жəне латын тілінен
қазақ тіліне аударғанда сол сөз тəртібін жəне септеулерді сақтап қалады:
Мысалы:
· сульфацил-натрий- Sulfacylum-natrium
· сульфацила-натрия - Sulfacyli-natrii
Ескерту: қазақ тілінде бір сөзден, латын тілінде екі сөзден тұратын тұз
атауларын есте сақтаған жөн:
·метилсалицилат - Methylii salicylas
·фенилсалицилат - Phenylii salicylas
·амилнитрит – Amylii nitris
·хлоралгидрат – Chlorali hydras
Лексикалық минимум
Дəрілік өсімдіктер атаулары
1. Papāver, ĕris n Көкнəр
2. Strychnos, i m Қисық жалғақ
Анион атаулары
3. acetas, ātis m ацетат
4. benzoas, ātis m бензоат
5. bromĭdum, i n бромид
6. carbonas, ātis m карбонат
7. chlorĭdum, i n хлорид
8. gluconas, ātis m глюконат
9. hydras, ātis m гидрат
10. hydrocarbonas, ātis m гидрокарбонат
11. hydrochlorĭdum, i n гидрохлорид
12. hydrotartras, ātis m гидротартрат
13. iodĭdum, i n йодид
14. lactas, ātis m лактат
15. nitras, ātis m нитрат
16. orotas, ātis m оротат
17. phosphas, ātis m фосфат
18. salicylas, ātis m салицилат
19. subcarbonas, ātis m негізгі карбонат
20. subnitras, ātis m негізгі нитрат
21. sulfas, ātis m сульфат
22. tetraboras, ātis m тетраборат
23. trimethylacetas, ātis m триметилацетат
Дəрілік заттар атаулары
24. Coffeinum-natrii benzoas
Coffeini-natrii benzoātis
кофеин-бензоат натрия
25.Kanamycinum, i n канамицин
26.Methylthionii chlorĭdum метилтиония хлорид (метилен көк)
27.Methylii salicylas (ātis m) метилсалицилат
28. Phenylii salicylas (ātis m) фенилсалицилат
29. Strychninum, i n стрихнин
30.Vinylinum, i n винилин
Басқа да лексика
31. isotonĭcus, a, um изотониялық
32.massa (ae f) pilulārum (a, ae f) пилюл массасы
33. praecipitātus, a, um тұндырылған
34. tritus, a, um үгілген
Латын афоризмдері
1. Est modus in redus – судың да сұрауы бар.
2. Homo ornat locus, non hominem locus – орта адамды емес, адам
ортаны көркейтеді.
3. De lingua stulta incommŏda multa - ақымақ тілден көп қолайсыздық
(тіл бас кеседі).
Бақылау сұрақтары:
1. Латын тіліндегі тұз атаулары.
2. Калий жəне натрий тұздары атауларын рəсімдеу ерекшеліктері .
3. а) оксид; б) пероксид; в) гидроксид атаулары қалай пайда болады?
РЕЦЕПТ ЖƏНЕ ОНЫҢ ЛАТЫН БӨЛІМІН РƏСІМДЕУ
Рецепт (receptum; лат. recipĕre - алу) - дəрігердің белгілі бір мөлшердегі жəне дəрілік зат формасында дəрі жасап беруі туралы дəріханаға немесе фармацевтке арнап жазған жазбаша сұрауы. Рецепт – маңызды заңдық жəне медициналық құжат болып саналады.
Дəріханаларда дəрігердің бақылауынсыз жіберілетін дəрілер бар (валидол, ацетилсалицил қышқылы, валериан таблеткасы, т.б.).
Мұндай препатарттар рецепсіз жіберілетін дəрілер немесе ОТС (ағыл. over the counter – сөреден) деп аталатып, тізімі қажетті құжаттарда келтіріледі.
Қалған дəрілердің бəрі рецепт бойынша жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |