Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет32/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   213
б) Сауалнама жүргізу. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал логикалық құрылысы, сауалнама құрастырушы ұсынған алдын-ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық өңдеу жасау қиынырақ.
Сауалнама жүргізу әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет түрлеріне, пікірлерді зерттеген және т.б. қатынасын айқындау үшін қолданылады.
4. Мұғалімдердің, жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту ж?не тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар бойындағы практикалық педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде меңгерген шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі. «Тәжірибе» және «практика» ұғымдарының ұқсас еместігі айқын. Практика ұғымының мәні тереңірек, өйткені онда мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының озат тәжірибесімен қатар, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін. Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес. Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме және т.б ізденушінің танып білуінің қайнар көзі бола алады. Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін меңгеру қажет және керек тиіс, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға ендіруге болмайды. Оған тек мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыратын зерттеушінің жеке дара қасиеттерін есепке ала отырып сүйенуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет