Өзiндiк жұмысқа арналған тапсырмалар :
1. Жалпы және жеке тәрбие мақсатының өзара байланыс схсмасын құрастыру.
2. Сынып ұжьмының сипаттамасы бойыншаа тәрбие мақсатаына ықпал ететiн негізгi факторларды атаңыз.
3.Тұлғаны әлеуметтендіру әр түрлі екі позициядағы тәрбие мақсатына мысал келтіріңіз.
Тақырып 9 Тәрбиенің мазмұны (1сағат)
Мақсаты: Қазіргі заманғы мектепте тәрбиенің негізгі түрлері және олардың өзгешеліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: а) «Тәрбие мазмұны» ұғымының мәнін ашу. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастарын ашу.
ә) Тұлғаның үйлесімді дамуы туралы түсінік беру.
б) Тәрбие түрлерінің топтасуымен таныстыру.
в) Тұлғаның қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің ролін ашу және оның негізгі тәсілдерін сипаттау.
Жоспар: 1.Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары.
2.Тұлғаның жан-жақтылығы оның адамзат мәдениетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде
3.Тәрбиенің түрлері және олардың өзгешеліктерінің сипаттамасы.
4.Өзін-өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік.
Тәрбиемазмұныныңмәні. Тәрбиемақсатының, міндеттерініңжәнемазмұныныңдиалектикалықөзарабайланыстарыменқатынастары.Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.