Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты


Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың алгоритмі



бет178/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   213
Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың алгоритмі:
1. Нормативті құжаттамаларды, жоспарлау мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен жаңа педагогикалы? технологияларға арналған арнайы әдебиеттерді оқып зерттеу;
2. Мектептің өткен уақыттағы оқу-тәрбие процесі туралы жинақталған ақпаратқа жан-жақты талдау жасау, негізгі кемшіліктер мен жіберілген қателерді айқындап, мектеп ұжымының іс-әрекетіндегі маңызды жетістіктерін анықтау;
3. Мектеп дамуының болашақ жоспарларын, сондай-ақ келер жылғы іс-әрекеттің маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
4. Жұмыстағы кемшіліктерді жоюға арналған тиімді жолдар мен құралдарды анықап, оң нәтижелерді әрі ?арай дамыту. Мақсатқа жетудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау;
5. Негізгі, жалпы мектептік маңызы бар шаралар мен сыныптар бойынша, сынып топтары бойынша өткізілуге міндетті шараларды анықтау. Жоспардың жұмыс нұсқасын жасау;
6. Жоспардың жұмыс нұсқасына ұжымдық талдау жасау. Ұсыныстарға сәйкес жоспарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
7. Мектептің жұмыс жоспарының соңғы нұсқасын жасау және оны бекіту;
Бұл бағдаржолдың тармақтары бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірінен соң бірі орындалуы тиіс. Жоспарды дұрыс жасау үшін қажетті әдебиеттерді оқып зерттеу қажет. Мақсат пен міндеттерді, жолдар мен құралдарды таңдап, бекіту де осылайша жүзеге асады.
Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау. Мектептің оқу-тәрбие процесі туралы, оның тиімділігінің деңгейі туралы ақпарат талдауы (мектеп жұмысының талдауы) жоспар құрудың маңызды кезеңі болып табылады. В.А. Сухомлинский: «Мектептің өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай келер жылға жоспар құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзету өткен жылғы жұмысқа қаншалықты терең әрі жан-жақты талдау жасалғанына байланысты», – деп санаған. Жұмыстың талдауы мектеп ұжымының алдағы іс-әрекетіндегі себеп-салдарлық және қызметтік байланыстар мен өзара тәуелділікті айқындауы қажет. Талдау оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты нәтижелері қандай, педагогикалық мақсаттарға жетудің жолдары мен құралдары қаншалықты мақсатты болғанын, қандай жалпы кемшіліктер болғанын анықтауы қажет. Қысқаша айтқанда, мектеп жұмысының талдауы «мұғалімдер ұжымын оқушылардың мықты білімі мен өте жақсы үлгерімі үшін, кемшіліктерді тез және дер кезінде жою үшін күреске жұмылдыру сияқты мақсат негізінде» (Ю.А. Конаржевский) жүргізілуі қажет.
Мектептің өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасаудың көптеген әдістері бар. Ю.А. Конаржевскийдің әдісі бойынша талдауда мектеп іс-әрекетінің мынандай тараулары туралы қажетті ақпараттар болу қажет:

  • мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті;

  • мектептегі әдістемелік жұмыстың жай-күйі;

  • білім берудің жай-күйі, білім беру деңгейін көтеру бойынша мұғалімдер ұжымының жұмысы;

  • мұғалімдер ұжымының оқушылар ата-аналарымен жұмысының жай-күйі;

  • қоғамдық оқушылар ұйымдары жұмысының нәтижесін жақсарту үшін мұғалімдердің көмегі;

  • оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;

  • оқушылардың сабақтарға қатысуының жай-күйі;

  • оқушылардың білім, білік және дағдаларының жай-күйі;

  • жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс-әрекеті.

Мектеп жұмысына талдау жасау кезінде оқушылардың тәрбиелілік пен білімділігінің деңгейін, сондай-ақ жалпы міндетті орта білім алу туралы ережелердің орындалуын бірінші орынға қою қажет. Ал басқа тарауларды олардың негізгі үш тарау бойынша қажетті жоғары нәтижелерге жетуге қаншалықты әсерлі әрі үйлесімді ықпал еткендері жағынан қарастыру қажет. Мектептегі әдістемелік жұмыс оқушылар ата-аналарымен жұмысы сияқты аясы тар мақсат болмауы керек, олар педагогикалық процестің жоғары нәтижелеріне жетудің құралдары болуы қажет. Бұл нәтижелер оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігінің көрсеткіші болады.
Мектептің алдағы уақыттағы маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау объективтілік, перспективтілік және нақтылық сияқты мектептің жылдық жұмыс жоспарын құрудың принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектептің оқу жылының мақсаттары мектеп үшін стратегиялық мәні бар негізгі мақсаттан туындайды. Міндеттер мақсаттармен тығыз байланыста болып, сол мақсатқа жетудің бір ізді сатыларын құрап, мектеп жұмысы талдауының нәтижелерінен бастау алулары қажет. Міндеттер тәрбие мен оқытудың, сыныптағы және сыныптан тыс іс-әрекеттің, сондай-ақ педагогикалық процестің әртүрлі бөлімдері мен мектептің әртүрлі Міндеттер мектептің барлық мұғалімдерінің, жанұя мен қоршаған ортаның басқа да бөліктерінің әрекеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталулары қажет. Мектеп міндеттерінің шешімі мұғалімдер мен тәрбиешілердің жеке дара және ұжымдық шығармашылық іс-әрекетін ынталандырып, өз еңбегінің нәтижесіне деген қызығушылығын арттыруы қажет, олардың бар күшін жалпы мектептің мақсатын жемісті жүзеге асыруға бағыттап, тәрбие мен оқытудың негізгі мәселелерін шешудің ортақ әдісін қалыптастырып, педагогикалық процестегі оқушының белсенділігін, ынта-ықыласын арттыруға жағдай жасауы қажет.
Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны. Мектеп жоспары мазмұнының негізгі бөлігін мектепте жүргізілуге тиіс шаралар құрастырады. Бұл шараларды бірнеше тарауларға бөледі. Тараулардың бірі ұжымның міндетті жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша іс-әрекетіне арналған. Онда мектеп маңайында тұратын мектеп жасына жеткен балаларды толы? тіркеу шаралары көрсетіледі. Балаларды мектептің бастауыш, негізгі және жоғары сатыларына қабылдау бойынша, сыр?ат балаларды үйде және емдеу мекемелерінде оқыту бойынша шаралар белгіленеді. Егер мектептерде интернаттар болса, дайындық сабақтары ұйымдастырылса оларда оқу-тәрбие жұмыстарын өткізу шаралары қарастырылады. Жағдайы нашар және толық емес жанұялардың балаларын және қамқорлыққа алынған балалардық мектепке қабылдау мәселесіне баса көңіл бөлінеді. Ата-аналар қоғамы мен оқушылар ұжымдарын мектеп жасындағы барлық балаларды оқуға қабылдау бойынша жұмыстарға араластыруға бағытталған шараларды да қарастыру қажет.
«Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие жұмысының сапасын артыру бойынша іс-әрекеті» атты тарау мектептің жылдық жоспарының өзегі болып табылады. Бұл тарауда сабақ пен оқытудың басқа да ұйымдастырушылық фомаларын жақсарту шаралары жоспарланады. Мұнда оқушылардың білім сапасын, тәжірибелік біліктері мен дағдыларын арттыруға, оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар қарастырылады. Оқу бағдарламаларын, соның ішінде олардың тәжірибелік бөлімдерін толық және сапалы түрде орындау бойынша шаралар жоспарланады. Мектептің оқу процесіне оқытудың техникалық құралдарын, компьютерді енгізу жоспарланады. Сыныптан сыныпқа өту немесе мектеп бітіру емтихандарын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері де осы тарауда қарастырылады. Оқушылардың оқу еңбегіне деген жауапкершілікті қатынасын тәрбиелеу мен өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту бойынша шаралар көрсетіледі. Оқушылардың білімін кеңейту мен тереңдету бойынша сыныптан тыс жұмыстар қарастырылады: факультативтер, пәндік үйірмелер, қосымша сабақтар жұмысын ұйымдастыру, пәндік кештер, лекциялар мен әңгіме-сұқбаттар, жарыстар, пәндік олимпиадалар өткізу.
Тәрбие мәселелері бұл тарауда үлкен орын алады, өйткені оқушының жеке тұлғасына, оның жеке қасиеттері мен гуманистік көзқарастарының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Адамгершілік тәрбие, мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын дамыту, оқушылардың саналы тәртібін ?алыптастыру бойынша шараларды қарастыру (оқырмандар конференцияларын, лекциялар, әңгіме-сұқбаттар, жарыстар, пікірталастар өткізу, пайдалы басылымдар шығару). Құқықтық тәрбие және оқушылар арасында заң бұзушылықты болдырмау бойынша, сондай-ақ патриоттық тәрбие беру бойынша шаралар қарастырылады. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін арттыру мен олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында лекциялар, өнер сүйгіштер клубын құру, музыка, театр апталарын өткізу, ертеңгіліктер мен кештер өткізу, көрмелер ұйымдастыру, өнер мекемелеріне бару, әртүрлі үйірмелер мен студиялар жұмысын ұйымдастыру (әдебиет шығармашылығы, вокалдық, би, қолданбалы өнер), байқаулар мен жарыстар өткізу жоспарланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет