Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет179/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   213
Дене шынықтыру-спорттық жұмыстарды өткізу жоспарланады: спорттық секциялар құру, туристік саяхаттар, жарыстар, спорттық кештер мен мерекелер, сондай-ақ дене шынықтыру бойынша қоғамдық-пайдалы іс-әрекеттерді (спорттық құрал-жабдықтар мен бұйымдарды жөндеу, спорттық алаңдарды жабдықтау бойынша жұмыстар) ұйымдастыру. Сауы?тыру жұмыстары, соның ішінде оқушылардың жынысы мен жасын ескере отырып жалпы мектептік деңгейде және сыныптар бойынша санитарлық-гигиеналық тәрбие шаралары, оқушылардың ауруларының алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын насихаттау шаралары қарастырылады.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектепте өз өзіне қызмет жасау, қоғамдық-пайдалы еңбек жұмыстары, жағдайлар болған кезде оқушылардың шамасына сай өндірістік еңбегі бойынша жұмыстар қарастырылады. Жоспарда мектептегі еңбек мейрамдары мен басқа да шаралар (көрмелер, байқаулар, жарыстар) да қарастырылады, техникалық үйірмелер мен секциялар жұмысы ұйымдастырылады. Мұнда оқушыларға экономикалық тәрбие беру бойынша, іскерлік қасиеті мен қазіргі заман адамының басқа да жеке қасиеттерін қалыптастыру бойынша шаралар көрсетіледі. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жұмыстары да жоспарланады: тәжірибелік жұмыс, экологиялық аумақ, экологиялық соқпақ құру, жануарлар мен өсімдіктер күтімі, табиғатты сақтау бойынша жұмыс, экологиялық мейрамдар, байқаулар өткізу.
Бұл тарауда жанұя тәрбиесімен байланысты оқушылар ата-анасымен жүргізілетін жұмыс көрініс тапқан мәселелер де бар. Ата-аналармен кездесу өткізу, оларға ақыл-кеңес беруді ұйымдастыру, ата-аналар жиналыстарын өткізу, ата-аналар комитеті жұмысына көмектесу, ата-аналарды мектептегі тәрбие жұмысына араластыру, жанұя тәрбиесінің озат тәжірибесін зерттеу мен қортындылау жұмыстары қарастырылады.
«Педагогикалық кадрлармен жұмыс» тарауында мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар қарастырылады. Мұғалімдер ұжымының кәсіби біліктері мен дағдыларын диаагностикалау жоспарланады, бұл озат педагогикалық тәжірибені анықтауға, сондай-ақ мұғалімдердің тәрбие мен оқыту әдісінің саласындағы қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік береді. Жоспарға мектептің әдістемелік бірлестіктерінің, әдістемелік кеңестің, әдістемелік кабинеттің іс-әрекеті мәселелері, мектеп мұғалімдерінің психологиялық-педагогикалық проблемаларды зерттеу мәселелері, мұғалімдер мен тәрбиешілерге арналған педагогикалық оқулықтар, конференциялар, семинарлар, арнайы курстар өткізу енгізіледі. Жоспарда тәжірибесі аз мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдердің өзіндік білім алулары мен олардың педагогикалық шығармашылығын ынталандыруды ұйымдастыру мәселелері, озат педагогикалық тәжірибені қортындылау мен тарату мәселелері (ашық сабақтар, әдістемелік көрмелер, шығармашылық есеп берулер өткізу, шығармашылық педагогика клубтарын ұйымдастыру, озат тәжірибе мектебін құру) көрініс табады. Бұл тарауда мектептің педагогикалық ғылым өкілдері мен іскер ынтымақтастықтың формалары және мазмұны көрсетіледі. Әдістемелік кеңес пен әдістемелік бірлестіктер (кафедралар) жұмысының жоспарлары осы тараудың құрамды бөлігі болып табылады.
Жоспардың белгілі бір тарауында мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысы қарастырылады, онда педагогикалық кеңес мәжілісінің тақырыбы мен өткізілетін күні нақты белгіленеді. Жоспардың бұл тарауын дайындағанда мәжіліс тақырыбын анықтауға ерекше көңіл бөлу қажет. Мәжіліс тақырыбы мұғалімдер ұжымы іс-әрекетінің жалпы мазмұнынан бастау алуы қажет, педагогикалық кеңестегі белгілі бір мәселелерге талдау жасау, ұжымдық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру мектеп іс-әрекетінің жалпы мақсатына жетуге жағдай жасауы қажет. Педагогикалық кеңес мәжілісінің тақырыбында мектептегі оқу–тәрбие процесін, ұжымның ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-әрекетін жақсарту мәселелері, мектептің педагогикалық ғылыммен байланысы туралы, педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктерін жүзеге асыру мәселелері көрініс табады. Педагогикалық кеңестің әрбір мәжілісінде өткен мәжілістерде қабылдаған шешімдердің барысы туралы ақпараттар тыңдалады.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі мектеп жұмысының жылдық жоспарының ерекше тарауын құрайды. Мұнда мектептегі тәрбие жұмысының жай-күйі мен нәтижелілігін бақылауға бағытталған шаралар көрсетіледі: оқушылардың қоғамдық белсенділігін тәрбиелеу міндеттерін, оларға саналы тәртіп, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық, экологиялық, құқықтық, патриоттық тәрбие беру міндеттерін шешу, олардың тәрбиелілік деңгейін көтеру; дайындық сабақтарының, үйірмелер мен секциялардың, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жұмысын бақылау; өлкетану жұмысын, оқушылардың өз өзіне қызмет жасауы мен олардың шамасына сай еңбегін ұйымдастыруды бақылау; мұғалімдердің, тәрбиешілердің, сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарын, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруды, оның мазмұны мен нәтижелілігін бақылау; жанұямен бірлескен жұмысты бақылау (оқушылардың тіршілік жағдайлары мен жанұялық тәрбиесін зерттеудің жай-күйі, ата-аналармен өткізілетін шаралар сапасы).
Оқу пәндерін оқытудың бақылауы қарастырылады: оқыту ғылымилығын, оқу бағдарламаларының орындалуын, оқу материалының өмірмен, практикамен байланысын қамтамасыз етуді, сабақтар жүйесі мен оқу пәндері жиынтығының өзара байланысын, оқудың жеке даралық болуы мен оқыту процесіне қойылған психологиялық-педагогикалық талаптардың орындалуын, оқушылардың танымдық ықыластарының дамуын, олардың оқудыға өз бетінше жұмыс істей алу мен өз бетінше білім алуға ұмтылуын бақылау. Оқушылардың білімі, білік пен дағдаыларының сапасын бақылау жоспарланады, онда оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптасуы, олардың оқу материалын меңгеруі, оқушылардың оқу еңбегінің дағдыларының қалыптасуы туралы мәселелер қарастырылады.
Мұғалімдер мен тәрбиешілердің міндетті жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету бойынша іс-әрекетін бақылау жоспарланады: мектеп жасындағы балаларды тіркеудің жай-күйі, оқытудың арнайы жағдайларын қажет ететін балаларға жағдай жасау, оқушылардың сабаққа қатысулары. Бұл тарауда мектеп ішіндегі құжаттамалардың жай-күйін, оларды әрбір құжатқа қатысты талаптарға сай дер кезінде әрі дұрыс тіркелуін бақылау.
Тараудың мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды және мұғалімдер мен тәрбиешілердің мамандығы мен әдістемесін өсіруді бақылауға арналған бөлімінде теориялық семинарлар, озат тәжірибе мектептерінің, әдістемелік бірлестіктердің жұмысы, озат педагогикалық тәжірибені қалыптастыру мен тарату мәселелері, мұғалімдер мен тәрбиешілерді оқыту мәселелері қарастырылады.
Бұл тарауда мектептің басқа да бөлімдерінің (шаруашылық қызмет, мектеп кітапханасы, дәрігерлік көмек, тамақтануды ұйымдастыру) іс-әрекетін бақылау қарастырылады.
Мектептің жылдық жоспарының бір тарауы ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмысқа арналған. Мұнда педагогикалық кадрларды орналастыру, мектеп әкімшілігі мен тұтас педагогикалық ұжым жұмысын ұйымдастыру мен тәртібі, мектеп қызметкерлері арасында қызмет міндеттерінің бөлінуі көрсетілген. Әдістемелік қызметтің шапшаң іс-әрекетін ұйымдастыру да қарастырылады. Бұл тарауда жалпы мектептік кештер, мерекелер, салтанатты шаралар, шапшаң және басқа да кеңестер (мектеп директоры немесе меңгерушісі қатысуымен өткізілетін кеңестер, өндірістік кеңестер, жиналыстар) өткізудің графиктері беріледі.
Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту мәселелері (мектеп ғимаратын кезекті немесе күрделі жөндеуден өткізуді дайындау жұмыстары) жоспардың жеке тарауында қарастырылады. Еңбекке тәрбиелеудің материалдық-техникалық базасын кеңейтуге, оқу бөлмелерін көрнекілік құралдармен, компьютерлік техникамен жабдықтауға, мектеп кітапханасының кітап қорын толықтыруға, спорттық құрал-жабдықтар мен жи?аздарын жаңарту мен толықтыруға бағытталған шаралар қарастырылады. Дайындық сабақтарының жұмысын ұйымдастыру үшін, оқушылардың оқуы мен ойнуы үшін, мектеп асханасының жұмысы үшін қажетті жағдайларды жасау, шаруашылық қызметті қажетті материалдармен, құрал-саймандармен, арнайы киіммен қамтамасыз ету шаралары көрсетіледі. Бұл тарауда, сондай-ақ мектеп ауласын санитарлық-гигиеналық тәртіптің ережелері мен талаптарына сай жабдықтау, өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз ету көрсетіледі.
Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны, міне, осындай. Жоспар мазмұны мектеп қызметінің нақты бір жағдайлары мен басқа да факторларға байланысты басқаша болуы да мүмкін, онда негізгі тараулар өзгеше болуы мүмкін. Алайда онда әрқашан аналитикалық бөлім (нормативті және инструктивті ақпаратты есепке ала отырып мектептің өткен жылғы іс-әрекетінің нәтижелері туралы ақпаратқа талдау жасау), мектептің жоспарланған уақытқа арналған маңызды міндеттері, алға қойылған міндеттерді шешу мен мақсаттарға жетуге әкелетін шаралар көрсетілген негізгі бөлім бар.
Мектептің жылдық жұмыс жоспарың дайындау
Мектеп жоспарының сыртқы көрінісі түсіндірме мәтін түрінде (жоспардың мәтіндік түрі) болуы мүмкін. Бұл мәтінде жоспардың негізгі бөлігін құрайтын барлық шаралар беріледі. Жоспардың бұл түрі жоспар-графикпен толықтырылуы мүмкін (жылдық жоспарды жоспар-график түрінде де ұрастырады). Жоспар-графиктің ең қарапайым түрі үш графадан тұратын кесте түрінде болады, бірінші графа – шаралар тізімі, екінші графа – осы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты адамдар тізімі, үшінші графада осы шараларды өткізу уақыты жазылады. Жоспар-графиктік басқа түрлерінде, сондай-ақ, мақсат графасы (мақсат бағыты), жоспардық осы тарауының орындалу барысын бақылау графасы, тараудың орындалғаны туралы графа (немесе өткізілген шараның қысқаша талдауы мен бағасы) болады.
Жоспарлаудың күн тізбелік-графикалық түрінде апта (мысалы 21-27 қыркүйек) уақыт бірлігі ретінде алынады. Жоспардың осындай түрінің бірінші графасында осы уақыт мерзімі көрсетіледі. Жоспардың келесі графалары іс-әрекеттің белгілі бір бағытына арналады (мысалы, жалпыға міндетті білім, материалдық-техникалық базаны нығайту, мектеп ішіндегі бақылау). Тор көздерде іс-әрекеттің белгілі бір бағыты бойынша белгіленген уақыт аралығында өткізілуі тиіс шаралары белгіленеді.
Жылдық жоспардың аталған түрлерінің бәрінің ортақ бір кемшілігі бар, ол – оның жеке-жеке элементтерінің өз ара байланысы мен тәуелділігінің анық еместігі, ол тұтас тәрбие мен оқу процесін басқаруда белгілі бір ?иыншылы?тар туғызуы мүмкін. Жоспардың жүйелі түрінің мұндай кемшіліктері жоқ. Жоспардың жүйелі түрі дегеніміз барлық процестердің уақыт пен олардың өткізілуінің реті бойынша графикалық көрінісі. Онда жалпыға ортақ шартты белгілер қолданылады. Ұзын сызықты тіл, мысалы, шынайы жұмысты білдіреді (уақыт пен қаржы шығынын қажет ететін еңбек процесі). Нүктелі сызық пен үзік-үзік сызықты тіл уақыт шығынын қажет етіп, бірақ еңбек шығынысыз орындалатын жұмысты білдіреді. Нүктелі сызықты тіл бір жағдай мен екінші жағдай арасындағы қисынды байланысты, тәуелділікті білдіретін жалған жұмысты белгілеу үшін қолданылады. Шеңберлермен немесе тор көздермен жұмыстың бітуін, яғни оқиға деп аталатын соңғы нәтижені белгілейді.
Кез-келген жұмыс (немесе тіл) екі оқиғаны – бұрынғы (бастапқы) және соңғы оқиғаларды байланыстырады. Сондықтан жүйелі жоспардың сыртқы көрінісі өз ара тілдермен қосылған нөмірленген шеңберлердің (оқиғалардың орындалу реті бойынша) жиынтығынан тұрады. Егер қандай да бір шеңберге бірнеше тілдер жүргізілген болса, бұл тілдердің басында орналасқан барлық бастапқы оқиғалардың нәтижесі деген сөз. Тілдерде осы нәтижеге (оқиғаға) жету үшін жұмсалған уақыт мөлшері жазылады. Жүйелі жоспарға бастапқы ақпарат кестесін қосқан жөн. Бұл кестеде әрбір оқиғаның нөмірін табуы және жобаланған жұмыстар көрсетіледі. Бастапқы ақпарат көмегімен мектептің кез-келген қызметкері жүйелі жоспарда көрініс тапқан өзара тәуелділікті түсіне алады. Жүйелі жоспар көмегімен жұмыстың үлкен педагогикалық жұмыс мөлшерін қажет ететін түрлерімен қоса, тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттерін шешуге ықпал етпейтін түрлерін де айқындауға болады. Сондықтан мектеп жұмысының жүйелі жоспары зерттеушілер мен практик-мұғалімдердің жоғары бағасына ие болып отыр.
Мектеп құжаттамасының басқа түрлері. Тұтас мектеп ұжымы және жеке мұғалімдердің жұмысы мен іс-әрекеті мектептің жылдық жоспарынан басқа да жоспарлармен белгіленеді. Олардың ішінен мектептің стратегиялық мақсаттары мен оларға жетудің жолдары белгіленген перспективалық жоспарды бөліп қарауға болады. Перспективалық жоспар, әдетте, бес жылға құрылады, осы уақыт аралығындағы басты мәселелік міндеттерді шешуге бағытталады. Онда оқушылардың жылдағы мөлшерін жоспарлау үшін өте маңызды демографиялық сипаттағы болжамдарды қамтылып, педагогикалық ұжымны құрамының жаңаруы қарастырылады. Бұл жоспардың мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша жүргізілуі тиіс міндеттер көрсетілген сараптамалық бөлімі бар. Перспективті жоспар тарауларының атаулары жылдық жоспардың атауларымен сәйкес келуі мүмкін. Перспективті жоспардағы алдыға қойылған міндеттер, оларды жүзеге асыру деңгейі жылдық жоспарды құру кезінде ескеріледі. Мұғалімнің сыныптар арасындағы оқу пәнінің мазмұнын оқып зерттеудің күнтізбелік жоспары мен әрбір сабақтың жеке жоспары болуы қажет. Тәрбиешілер мен сынып жетекшілері тәрбие жұмысының жоспарын құрайды. Факультативтер, үйірмелер мен секциялар жұмысының жоспарлары құрылады. Жалпы мектептік және сыныптық ата-аналар комитетінің, оқушылардың қоғамдық ұйымдарының, өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекеті жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мектеп кітапханасы жұмысының жоспары құрылады.
Мектеп басшыларының күнделікті жұмысының күнделікті және апталы? жоспарлары құрылады. Олар еркін түрде құрастырылады. Мектеп басшыларының күнтізбе-жоспары болған жағдайда мектептегі шараларды өткізуді ба?ылау да оңай болады. Күнтізбе-жоспардың бірінші графасында өткізілетін шаралар тізімі жазылады. Одан кейін он графа сызылады, оқу жылының әрбір айына жеке-жеке графа арналады. Тиісті тор көзде белгілі бір шараны өткізуге белгіленген айдың күні жазылады. Мұндай жоспар аз уақыт ішінде жүргізіліп жатқан жұмыстың бағытымен, ұқсас шаралардың қайталану жиілігі бойынша салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
Кейбір мектептерде циклограммалар жасалады, циклограмма дегеніміз мектептегі шараларды өткізудің апталық графигі. Циклограммаларды пайдалану іс-әрекеттің нақты ырғағын анықтауға көмектесіп, бақылауды орындауды жеңілдетеді.
Кейбір мектептерде іс-әрекеттің жағдайларына байланысты жұмыс жоспарларының басқа да түрлері құрылады. Мектеп қызметінің белгілі бір шарттарының өзгеруі , алдын-ала жоспарланбаған жаңа жағдайлардың пайда болуы жұмыс жоспарына өзгерістер мен түзетулер енгізуге себеп болады.
Сонымен, әр түрлі жұмыс жоспарлары жалпы мектептің және мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс-әрекеттерінде ерекше орын алады, ал мектептің жылдық жоспары олардың ішіндегі ең негізгісі болып табылады. Жоспар жекелеген шаралардың жай ғана тізбегі емес, педагогикалық негізделген шаралар жүйесі болуы қажет. Жоспардың барлық түрі бір-бірімен тығыз байланыста және мектеп іс-әрекетінің маңызды мақсаттарына жеткізетін міндеттерді шешуге бағытталулары қажет.
Жоспардан басқа мектепте басқа да құжаттама жүргізіледі, оны шартты түрде үшке бөліп қарауға болады: оқыту-педагогикалық құжаттама, мектеп ішіндегі ақпарат және қаржы-шаруашылық құжаттамалар. Оқыту-педагогикалық құжаттама:

  • журналдар: сынып журналдары, факультатив сабақтарының журналдары, дайындық сабақтарының журналдары, қалдырылып кеткен және орны ауысқан сабақтарды есепке алу журналы;

  • кітаптар: оқушылар тізімінің алфавитті кітабы, бланктер мен беруді есепке алу кітабы (орта білім туралы аттестаттар мен негізгі сатыны бітіргені туралы куәліктерге арналған жеке кітаптар), «Алтын белгі» белгісін есепке алу кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын есепке алу кітаптары, мектеп мұғалімдерінің жекелік құрамын есепке алу кітабы, мектептен шыққан және мектепке келген хаттарды тіркеу кітабы, тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстарының кітабы;

  • оқушылардың жеке құжаттары;

  • оқушыларға белгілі бір мамандық алғаны туралы анықтамаларды беру ведомості (бастапқы кәсіби оқыту ұйымдастырылған мектептерде);

  • жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтары мен басқа да бұйрықтық-ақпараттық құжаттама;

  • мектеп аттестациясының материалдары, мектептің оқыту іс-әрекеті лицензиясы;

  • мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар, баяндама хаттарының көшірмелері;

  • білім беруді басқаратын жоғары мекемелермен және басқа да ұйымдармен хат алысу.

Мектеп ішіндегі ақпарат ауызша және жазбаша болуды. Уақытына қарай ақпарат қолма-қол (күнделікті, апталық, айлық), тоқсандың және жылдық болып бөлінеді.
1) күнделікті қолма-қол ақпарат бақылау нәтижесінде, пәндік мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, оқушылар мен олардың ата-анасымен жүргізілген әңгіме-сұқбат нәтижесінде, сынып журналы мен мектеп ішіндегі басқа да құжаттамаларды оқып зерттеу нәтижесінде қалыптасады. Онда оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, олардың тәртібі туралы, мектептің, оқу бөлмелерінің, оқу шеберханаларының санитарлық күйі туралы мәліметтер бар. Күнделікті ақпарат басқарудың шапшаң шешімдерін қабылдау үшін қажет.
2) Апталық қолма-қол ақпаратты мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары жинастырады. Онда бір апта бойындағы күнделікті а?парат, шапшаң мәжілістердегі пікір алмасу нәтижелері, мұғалімдерден, сынып жетекшілерінен келіп түскен мәліметтер есепке алынады. Апталық ақпаратта ерекше бақылауға алынған оқушылардың және сыныптардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, сыныпта және мектептен тыс шаралар туралы, сынып журналдарын, оқушылар дәптерлері мен күнделіктерін жүргізудің жай-күйі туралы мәліметтер болады.
3) Айлық қолма-қол ақпарат апталық ақпараттарды қорытындылап, толықтырады. Онда оқу бағдарламасының орындалу барысы туралы, пәндік мұғалімдер мен сынып жетекшілері жұмысының сапасы туралы, жекелеген сыныптардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі туралы, арнайы тексеру мен бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысы туралы мәліметтер болады.
4) Сыныптар мен оқу пәндері бойынша үлгерімі туралы тоқсандық ақпаратты мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша түрде дайындайды, оны мектеп дирекциясы сараптайды, жұмыс барысындағы пайда болған кемшіліктерді түзету жолдарын анықтау мақсатында педагогикалық және әдістемелік кеңестерде (пәндік бірлестіктерде) талқыланады.
5) Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар деректері, сыныптан сыныпқа өту мен мектеп бітіру емтихандарының нәтижесінде қалыптасып, оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігі деңгейіндегі динамиканы айқындауға мүмкіндік жасайды. Бұл ақпарат мектеп жұмысының жылдық жоспарының сараптамалық тарауын құрудың негізі болады.
Қаржы-шаруашылық құжаттаманың құрамында мектептің техникалық құжаты, мұғалімдердің көрсеткіштік тізімі, негізгі құралдардың тізімі, материалдардың қоймалы? есебінің кітабы, құндылығы төмен тез тозатын заттар қозғалысын қолма-қол есепке алу ведомості, мектеп кітапханасы қорының инвентарлы кітабы, материалды? құндылықтарды қолданыстан шығару актілері бар.
Мектеп құжаттамасын нақты және дұрыс жүргізуді ұйымдастыру мектеп ішіндегі тиімді басқарудың маңызды шарттары болып табылады. Аталған құжаттарды дер кезінде және оларды жүргізудің нұсқауларына сәйкес толтыру қажет. Сонда ғана мектеп ұжымы іс-әрекетінің барлы? бағыты бойынша қажетті нақты ақпарат алуға болады. Ал бұл істің жай-күйіне объективті баға беріп, басқаруда тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет