Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Отырар» колледжі
Оқу сабағының жоспары
(Теориялық немесе өндірістік оқыту)
Абай шығармашылығы. «Сегіз аяқ» өлеңі
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: Қазақ әдебиеті
Дайындаған педагог: Сүймбаева Ш.
Курс І оқу жылы, топ
2021жылғы "03" қыркүйек
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ
Сабақ типі. Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттер
Барлық оқушылар үшін:
Студенттерге Абай өлеңдерін терең меңгерту
Құндылықтарға баулу: Оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
3. Сабақты жабдықтау
Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білемін/үй тапсырмасын тексеру/:
Үйге берілген тапсырма: Абайдың өмірі, шығармашылығы, қарасөздері, тақырып бойынша шығармашылық жұмыстары: «Мен таныған Абай» тақырыбында ойтолғау, өлең шығару, жұмыс дәптерінің толтырылуын тексеру.
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиетте
ІІІ. Білгім келеді. /жаңа сабақ/
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусының қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі. Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.
Бүгінде ақын арманы орындалды. Еліміз
тәуелсіздігімізді алды, биыл біз «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығын» тойлап отырмыз, еліміз қабілетті 50 елдің қатарында.
Абай әлемі терең мұхит, сол мұхитты жүзіп өтіп, Абай әлемінен білім алайық.
Бүгін біз ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен әрі мол, әрі көркемдік жағынан келісті, зор шығармаларының бірі - «Сегіз аяқ» өлеңімен танысамыз. «Сегіз аяқ» Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.
1. Абай оқуларының аудандық жүлдегері Айдана «Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді оқып береді.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу. /әр топтан 1 оқушыдан/.
3. Өлеңде не жайында айтылған? Не түсіндік?
а/ Ақын бұл өлеңде әлеуметтік мәселелерді сөз қылады. Қазақ өмірімен байланысты мәселелердің әрқайсысына ерекше тоқтап, үлгілі сөздер айтады.
б/ Ақын тек өмірдің шындығын ғана ашып қоймай, алға қойған мақсатты орындау үшін не керек екендігін де ашып көрсетеді.
г/ Ұлы ақын жастардың адам болу үшін ең алдымен еңбек ету керек, білімді болуы керек және халқына пайдалы еңбек ету керек деп қорытынды шығарады.
Дұрыс айтасыздар, «Сегіз аяқ» өлеңінде ақын өз кезіндегі өмір шындығын көрсетуден туған өлеңдерінің бірі, мұнда бір жағы – сын, сықақ болса, екінші жағы - өсиет, ғибрат беру.
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазу. Жұмыс дәптері 26 - бет, 5 - тапсырма.
1. Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
2. Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.
3. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын.
4. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
5. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
5. Сабақ бойынша рефлексия
1. “Кім жылдам “ топтық жұмыс/өлең құрылысына талдау/
І топ
Түбінде баянды еңбек - егін салған
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған – өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған., қара өлең ұйқасы
ІІ топ
Білімдіден шыққан сөз, а
Талаптыға болсын кез. а
Нұрын, сырын көруге, -
Көкірегінде болсын көз. а
Жүрегі – айна, көңілі ояу, б
Сөз тыңдамас ол баяу, б
Өз өнері тұр таяу, б
Ұқпасынба сөзді тез. А аралас ұйқас
ІІІ топ
11
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар. Қара өлең
2. Дәптермен жұмыс.
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазу.
3. “Сен маған, мен саған” /даналық толғамдарының жалғасын табу/.
4. Тест.
6. Үй тапсырмасы
Елбасымыз Абай туралы былай деген екен:
«..... Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс» Нұрсұлтан Әбішұлының осы айтылған сөздеріне не негіз болды? Қандай өсиет келешек ұрпаққа айтқысы келді? Қандай ой салды сендерге?- деген сұрақтарға үйде жауап іздеп келіңдер. / әрбір оқушыға Елбасының айтқан сөзі жазылған қағаз тарату.
Достарыңызбен бөлісу: |