11-слайд. Осы тұста Абай Құнанбаевтың «Үш қайнар бұлағына» тоқтала кету қажет.
12-слайд. Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерін де үйренеді.
13-слайд. Осы тілдерді жақсы меңгергендіктен Шығыс ақындары Науаи, Фирдоуси, Науаи, Әл-Фараби еңбектерін оқып, білімін тереңдете түседі. Кейбір шығармаларында Шығыс ақындарына сиынудан бастауы Абайдың оларға деген сол кездегі ынтасын байқатады. Медреседегі діни уағыздармен шектеліп қалмай, араб, парсы, түркі тілдерін игеру арқылы шығыс классиктерін оқып үйренуге жетуі – Абайдың едәуір табысы.
14-слайд. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл – Абайдың кейін өз бетімен даярланып, орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.Приходская школада оқып жүріп, орыс әдебиетінің ақын-жазушылары Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу әдісін үйретіп, өз үлгісіне баули бастайды. Ел басқару ісінде өз орнымды басар ұлым осы болар деген оймен Абайға жол-жоба көрсетіп, өзінше тәрбиелейді. Алғашқы кезде әкесінің басқаларға ауызша сәлемін жеткізіп, олардан жауап әкелуден бастап, Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады.
Бір жағынан шығыс, орыс мәдениетінен хабары бар Абай ел тарихымен таныса келе, ақыл-ойы толысып, көзге түсе бастайды. Балалықпен ерте қоштасып, ел ісіне араласқан ол сол елдің тұрмыс-тіршілігін, атқамінер әкімдердің қиянаттарын, шаруасы шайқалып жүдеген кедей шаруаларды, барымта-бақталастықты, содан туған лаң-пәлелерді көреді. Өздері надан, ел тағдырын ойламайтын басшыларды сынай қарайтын болады. Мұның бәрі Абайға әке жолынан бөлек жол іздеу қажеттігін аңғартады. Ендігі жолды ол кітаптан, орыс мәдениетінен іздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |