Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы білім басқармасының


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет3/16
Дата13.12.2021
өлшемі95,03 Kb.
#125765
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ТИТУЛКА поурочный1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шымкент қаласы білім басқармасының

«Отырар» колледжі
Оқу сабағының жоспары

(Теориялық немесе өндірістік оқыту)

Абай Құнанбаевтың он жетінші және отыз екінше қара сөзідері

(сабақ тақырыбы)

Модуль /пән атауы: Қазақ әдебиеті

Дайындаған педагог: Сүймбаева Ш.

Курс І оқу жылы, топ

2021жылғы "17" қыркүйек

      1.Жалпы мәліметтер

      Курс, оқу жылы, топ



1

МД-219А




2

КТ-219



      Сабақ типі. Аралас сабақ

      2. Мақсаты, міндеттер

Білімділік: Абай шығармашылынан алған білімдерін тексеру, сын тұрғысынан ойлау арқылы пысықтау, әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын айыра білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу;

Тәрбиелік: Табиғат пен адам, жалпы тіршілік атаулының тұтастығын түсіндіре отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, Отанды, туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға, қолдауға баулу.

     3. Сабақты жабдықтау

І. Қызығушылығын ояту

Абайдың өмірінің соңғы кезінде жазған шығармаларын кім біледі? Қанша қара сөзі бар?

ІІ. Мағынаны тану

Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін жатқа сұрау.

Абайдың өлеңдерін тақырып бойынша топтастыру, табиғат, адамгершілік, өнер – білім лирикасы.

      4. Сабақтың барысы

Мағына тану.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды

Міне, өздерің айтқандай Абай ХІХ ғасырдың 90-шы жылдары өзінің ой толғаныстарын қара сөздермен жазған:

Өз шығармасын қара сөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы.Алтынсариннен басталады.

Одан әрі қарай дамытушы Абай болды. Абайдың қара сөздері көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер.

Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой пікір білдіру үлгісінде құрылған.

Қара сөздерінің жалпы саны – 45. Олар тақырып жағынан бірнеше топқа бөлінеді:

1. Халық тарихы, ел басқару мәселесі: 13, 8, 22, 38, 7, 41, 42, 46 сөздер.

2. Оқу-ағарту ғылым, өнер – білім: 12, 8, 10, 17, 18, 25, 32, 33, 38, 43 сөздер.

3. Еңбек, шаруашылық, тұрмыс, адамгершілік туралы: 14, 15, 17, 18, 21, 22, 28, 34, 42, 44сөздер.

4. Діни, имандылық, өмір сырлары туралы: 12, 13, 15, 17, 31, 35, 36, 37 сөздер

Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері



Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Қара сөзде айтылған ой

Абайдың «Жетінші сөзінде» ұшырасатын «жанның тамағы» деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:

«… құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,» — деп қайыра түсінік беріп отыр… Абайдай ұстаз ақынның бұл «Жетінші сөзде» көздеген мақсаты адамның бойында туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.

Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен «Ғылым таппай мақтанба» т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол «жанның тамағы туралы» ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, «адам болу» үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:

«Адам болам десеңіз…

Бес нәрседен қашық бол…,

Бес нәрсеге асық бол,»

- деген жолдарда жатыр. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі біртұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың «Он тоғызыншы сөзінде» де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай «Он тоғызыншы сөзінде»:

«Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады… Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,»

— деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.



Мақала / мысал / өсиет / афоризм / дидактикалық насихат / көркем сөз

5. Сабақ бойынша рефлексия



  1. Қорытынды сөз. «Қара сөздері» Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады. Себебі 1900 – 1904 жылдар аралығында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған. Сөйтіп ол 1904 жылдығ 23 маусымында 59 жасында дүниеден өтті.

  2. Абайдың қара сөздерін тақырыптық тұрғыда талдау.

   6. Үй тапсырмасы: Абайдың қара сөздерін жаттау.

     




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет