Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата28.03.2020
өлшемі0,52 Mb.
#60950
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 5B010300
Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері, Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері, Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері

Алғы сөз 

 

1.  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  жанындағы  ҚР  БҒМ  жоғары  жəне  жоғары  оқу 



орнынан  кейінгі  білім  берудің  РОƏК  «Білім»  тобы  мамандықтары  бойынша 

Оқу-əдістемелік бірлестігінде  ДАЙЫНДАЛҒАН  жəне ҰСЫНЫЛҒАН 



 

 

 2.


 

Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігімен

  БЕКІТІЛГЕН 

жəне ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН   

 

 

3.  Типтік  оқу  бағдарлама  2016  жылғы  ҚР  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 



білім беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ   

30.06.2016 ж.,  № 2 хаттамасымен  бекітілген) 

 

 

4. Пікір берушілер: 



    Тұрғынбаева Б.А. – п.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ  

    Қонақова К.У. - п.ғ.д., профессор,  Абылай хан атындағы ҚазХҚ жəне ƏТУ 



 

 

5. 



ҚР 

БҒМ 


Републикалық 

Оқу-əдістемелік 

Кеңесі 

мəжілісінде 



ҚАРАСТЫРЫЛҒАН    

30.06.2016 

ж.,  Хаттама  № 

2



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы  типтік  бағдарламаны  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  жанындағы  ҚР  БҒМ  РОƏК  «Білім» 

тобындағы  мамандықтары  бойынша  ОƏБ  рұқсатынсыз  көбейтуге  жəне  таратуға 

болмайды.

 


62 

 

І. ТҮСІНІК ХАТ 



 

«Педагогиканы  оқыту  əдістемесі»  пəнінің  бағдарламасы  5В010300  – 

Педагогика жəне психология мамандығына арналған.  

«Педагогиканы  оқыту  əдістемесі»  пəнінің  мақсаты  -  болашақ 

педагог-психологтардың орта кəсіби білім беру ұйымдарында педагогикалық 

іс-əрекетті жүзеге асыруға дайын болу құзыреттілігін қалыптастыру. 

Пəннің міндеттері:  



 



білім  алушыларды  орта  кəсіби  педагогикалық  ұйымдарында 

педагогиканы  оқытудың  теориялық-əдістемелік  негіздері,  ұстанымдары, 

мазмұны,  əдістері,  формалары  мен  тəсілдері  туралы  ғылыми  білімдер 

жүйесімен қаруландыру, 



 

білім  алушылардың  тəжірибеде  педагогикалық  пəндерді  оқытудың 



мазмұнын,  əдістері  мен  формаларын  жəне  тəсілдерін  жүзеге  асыру 

біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру 



 

болашақ мамандардың кəсіби білім беру ұйымдарында  педагогиканы 



оқыту  үрдісін  ұйымдастыруға  жəне  басқаруға    қажетті  практикалық 

біліктіліктерін қалыптастыру 



Пəннің білім беру бағдарламасы құрылымындағы орны 

Пререквизиттері:  «Педагогика»,    «Педагогика  2»,  «Педагогика  3»

«Педагогика  тарихы»,  «Ғылыми-педагогикалық  зерттеулердің  негіздері», 

«Педагогикалық менеджмент», «Жас ерекшелік педагогикасы». 

Постреквизиттері: 

«Этнопедагогика», 

«Тəрбие 

жұмысының 

технологиясы»,  «Этнопедагогика»,  «Педагогикалық  шеберлік»,  «Практика-

3». 



«Педагогиканы  оқыту  əдістемесі»  пəнін  игеру  нəтижелеріне 

қойылатын талаптар. 

Пəнді оқу үрдісі:  

- педагог-психолог кəсібінің жоғары əлеуметтік мəнін түсінуге қабілетті 

болу;  

-кəсіби іс-əрекетін педагогикалық білімдері негізінде құруға дайын болу; 



-  орта  кəсіби  білім  беру  ұйымдарындағы  оқу-тəрбие  үрдісінің  моделін 

жасауға  жəне  оны  педагогиканы  оқыту  тəжірибесінде  жүзеге  асыруға 

қабілетті болу;  

-орта  кəсіби  білім  беру  ұйымдарында  білім  алушылардың  əр  түрлі  іс-

əрекеттерін ұйымдастыруға қабілетті болу; 

-оқытудың  заманауи  технологияларын  педагогикалық  іс-əрекетінде 

тиімді 

пайдалануға 



қабілеттілік 

сияқты 


кəсіби  құзыреттіліктерді 

қалыптастыруға жəне дамытуға бағытталған.  



Пəнді оқыту: 

- оқу пəні ретінде педагогиканың құрылымы туралы білімдерді меңгеру; 

- пəнді оқыту əдістемесі туралы алған білімдерін орта кəсіби білім беру 

ұйымдарындағы педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалануға дайын болу;  



63 

 

- педагогиканы оқыту ұстанымдарын,  əдістерін, құралдарын жəне білім 



беру технологияларын таңдап алу біліктіліктерін меңгеру; 

-  педагогиканы  оқыту  нəтижесіне  бақылау  жасауға  жəне  диагностика 

жүргізе алуға қабілетті болу сияқты  пəндік  құзыреттіліктерді дамыту мен 

қалыптастыруға бағытталған. 

 

 

Күтілетін нəтижелер 

 

Курс соңында студент: 



-  оқу  пəні  ретінде  педагогиканы  құрылу  ұстанымдары  туралы  білімдерді 

меңгереді; 

-педагогика бойынша білім мазмұнын жобалайды; 

-педагогика  бойынша  білім  беру  технологияларын,  құралдары  мен  əдістерін 

жəне формаларын таңдау дағдысын меңгереді; 

-теориялық білімдерін педагогиканы оқыту тəжірибесінде пайдаланады. 



 

 

Пəннің тақырыптық жоспары 



 

Тақырыптар 

Педагогика ғылым жəне оқу пəні ретінде 

Орта  кəсіби  білім  беру  оқытушысының  кəсіби  қызметінің  негізгі 

түрлері 


Педагогика курсының мазмұнын құрастыру 

Педагогиканы оқыту үрдісі мен ұстанымдары 

Педагогиканы оқыту формалары 

Педагогиканы оқыту əдістері  

Педагогиканы оқыту құралдары 

Педагогиканы оқыту үрдісіндегі бақылау мен диагностика 

«Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін оқыту əдістемесі 

«Дидактика» бөлімін оқыту əдістемесі 

«Тəрбие теориясы» бөлімін оқыту əдістемесі 

«Білім беру жүйелерін басқару» бөлімін оқыту əдістемесі 

 

Педагогиканы оқытудағы білім бер 



у технологиялары 

Педагогиканы оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмысын 

ұйымдастыру 

Педагогика бойынша оқу-əдістемелік құжаттарды дайындау  



 

 

 

 

64 

 

Пəннің  мазмұны 



 

Тақырып 1. Педагогика ғылым жəне оқу пəні ретінде. 

Педагогика  -  адамды  тəрбиелеу  мен  оқыту  туралы  ғылым.  Педагогика 

ғылымдарының жүйесі. Педагогика оқу пəні ретінде.  Жалпы педагогиканың 

негізгі бөлімдері. Педагогиканың маман дайындаудағы орны. Педагогиканың 

басқа оқу пəндерімен байланысы (оқыту əдістемесі, психология, философия, 

т.б.).  


Білім  беру  тарихындағы  кəсіби  педагогтарды  дайындау  мəселесі.  Я.А. 

Коменскийдің  ұстаздың  миссиясы  туралы  пікірі.  И.Г.  Песталоццидің  

институты.    И.Ф.  Гербарттың  жалпы  педагогика  оқулығы.  Ф.А.В. 

Дистервегтің    ұстаздарды  даярлау  туралы  пікірлері.  Ресейде  педагогиканы 

оқыту    əдістемесінің  дамуы.  Ю.К.  Бабанский  мен    В.А.  Сластёниннің 

педагогиканы оқытудың заманауи əдістемесінің қалыптасуына қосқан үлесі.  



 

2-тақырып.    Арнайы  орта  оқу  орындары  оқытушысының  кəсіби 

қызметінің негізгі түрлері  

Заманауи  педагогқа  қойылатын  кəсіби-тұлғалық  талаптар.  Педагог 

мəдениеті,  педагогтың  кəсіби  құзыреттілігі.  Педагогты  даярлау  үрдісінде 

тұлғаның 

кəсіби 

бағытталуын 



қалыптастыру 

жəне 


педагогикалық 

қабілеттерін дамыту.   

Оқыту  іс-əрекеті:  ұғымдары,  түрлері.  Ғылыми-əдістемелік  іс-əрекет. 

Ғылыми-зерттеу  іс-əрекет:  ұғымы,  міндеттері,  біліктілігі.  Педагогикалық 

жəне ғылыми-зерттеу іс-əрекеттерінің өзара байланысы. Оқытушының кəсіби 

іс-əрекетіндегі 

шығармашылық: 

ұғымы, 


белгілері, 

типологиясы. 

Педагогикалық 

шығармашылық: 

ерекшеліктері, 

байқалу 


деңгейлері, 

қалыптасу кезеңдері. Ғылыми-педагогикалық іс-əрекеттің өнімдері.  

Оқытушының маңызды кəсіби қасиеттері: ұғымы, типологиясы, байқалу 

көрсеткіштері. 

 

Оқытушысының 



педагогикалық 

шеберлігі: 

ұғымы, 

құрылымы, даму кезеңдері.  



 

3-тақырып. Педагогика курсының мазмұнын құрастыру

Білім мазмұны педагогикалық білім, білік мен дағдылардың бейімделген 

жүйесі  жəне  шығармашылық  іс-əрекет    тəжірибесі  мен  құндылықтық 

қатынастар ретінде. Мемлекеттік білім беру стандарты - білімнің ең төменгі 

деңгейін реттейтін негізгі параметрлер  жүйесі.  

Білім 


мазмұнын 

реттейтін 

құжаттар 

(оқу 


жоспарлары, 

оқу 


бағдарламалары, оқу əдебиеттері).  

 

4-тақырып. Педагогиканы оқыту үрдісі мен ұстанымдары  

Педагогиканы  оқыту  үрдісі,  оның  ерекшеліктері.  Оқыту  үрдісінің 

құрылымы, 

компоненттері 

мен 

қызметтері. 



Педагогиканы 

оқыту 


заңдылықтары.  

Педагогиканы оқыту ұстанымдары, оның сипаттамасы. 



65 

 

Жалпы  дидактикалық  ұстанымдар  –  жалпы  мақсаттар    мен 

заңдылықтарға  сəйкес  оқыту  мазмұнын  анықтайтын  педагогикалық 

теорияның  негізгі  ережелері,  концепциялары:  білім  беру,  дамыту,  тəрбиелеу 

қызметтерінің  бірлігі  ұстанымы;    оқытудың  мазмұны  мен  əдістерінің  

ғылымилығы ұстанымы; оқытудың тəжірибемен байланыстылығы ұстанымы; 

жүйелілік  жəне  бірізділік  ұстанымы;  көрнекілік  ұстанымы;  саналылық  жəне 

белсенділік  ұстанымы;  беріктілік  ұстанымы;  педагогика  мазмұнының  

болашақ  педагог  тұлғасын  дамытуға  бағытталуы;  педагогикалық  білім 

мазмұнының  заманауи  жəне  педагогика  ғылымының  даму  тенденцияларына 

сəйкестігі.  

Ұйымдастырушылық-əдістемелік  ұстанымдар  –  педагогиканы    оқыту 

үрдісінің  əдістері  мен  ұйымдастыру  формаларын  айқындайтын  ережелер: 

педагогиканы 

оқыту 


үрдісінің 

бірлігі 


мен 

тұтастығы 

ұстанымы; 

студенттердің  оқу  жұмыстарын  ұйымдастырудың  топтық  жəне  жеке 

формаларының,  амалдарының  үйлесімділік  ұстанымы;    Педагогиканы 

оқытуда дидактикалық ұстанымдарды пайдалану.  



 

5-тақырып. Педагогиканы оқытуды ұйымдастырудың  формалары 

Оқытуды ұйымдастыру формалары. Сабақ - педагогикалық колледждегі 

оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формасы.  Сынып-сабақ  жүйесі,  оның 

жетістіктері  мен  кемшіліктері.  Сабақ  құрылымы  мен  жіктелуі.  Педагогика 

пəні бойынша сабақ жоспарын дайындау ерекшеліктері.

  

Семинар  сабақтары  практикалық  сабақтың  бір  түрі  ретінде  жəне  оның 



қысқаша  тарихы.  Семинардың  мақсаты  мен  педагогикалық  міндеттері. 

Семинардың  дидактикалық  қызметі.  Семинарды  даярлау  жəне  өткізу 

кезіндегі  оқытушы  қызметінің  мазмұны.  Семинар  сабақтарының  түрлері, 

оларды  өткізудің  шарттары  мен  сипаттамасы.  Семинар  сабақтарын  бағалау 

критерийлері. 

 

6-тақырып. Педагогиканы оқыту əдістері 

Оқыту əдістері -  білім мен тəжірибені меңгеруге бағытталған оқытушы 

мен  білім  алушылардың  өзара  байланысты  іс-əрекеттерінің  жүйесі.  Оқыту 

əдістерінің  жіктелуі.  Оқытудың  интербелсенді  əдістері.  Педагогиканы 

оқытуда  ауызша,  көрнекі,  практикалық  жəне  интербелсенді  əдістерді 

қолданудың мүмкіндіктері. 



 

7-тақырып. Педагогиканы оқыту құралдары 

 Оқыту  құралдары  ұғымы  жəне  олардың  жіктелуі.    Оқулық  оқу-

əдістемелік  кешеннің  негізгі  компоненті  ретінде,  оның  дидактикалық 

қызметтері.    Тірек  конспект:  мəні,  міндеті.  Баспа  үлестірме  материалдары: 

ұғымы,  міндеті,  дидактикалық  қызметтері.  Оқуға  қажетті  бағдарламалық 

құралдар: ұғымы, түрлері.  Ғаламтор желісінің дидактикалық қызметі.  

 


66 

 

 8-тақырып. 



Педагогиканы  оқыту  үрдісіндегі  бақылау  мен 

диагностика  

Педагогикалық  бақылаудың  қызметтері.  Орта  кəсіби  білім  беру 

ұйымдарындағы 

педагогикалық 

бақылаудың 

формалары: 

емтихан, 

коллоквиум, бақылау жұмыстары, т.б. Рейтинг. Тестілеу. Бағалау жəне баға. 

Педагогикалық 

бақылауды 

ұйымдастырудың 

əдістемелік 

негіздері. 

Педагогика  пəні  бойынша    білімді  бақылау  жəне  есепке  алу.  Емтиханды 

өткізуге жəне ұйымдастыруға қойылатын əдістемелік талаптар. Мемлекеттік 

аттестациялық  комиссияның  жұмысын  ұйымдастыру  жəне  оған  қойылатын 

педагогикалық талаптар.  

    

 9-тақырып. «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін оқыту 

əдістемесі 

«Педагогиканың  жалпы  негіздері»    бөлімін  оқытудың  ғылыми-

əдістемелік негіздері. Педагогиканың философиялық негіздері. Тұлға туралы 

заманауи  психологиялық  теориялар  тұрғысынан  оқыту  мен  тəрбиелеудің 

рөлі.  Классикалық  педагогикалық  идеялар:  гуманизм  идеясы,  жариялылық 

идеясы,  еркіндік  идеясы,  халықтық  идеясы,  оқытуды  өнімді  еңбекпен 

ұштастыру жəне  т.б. идеялар. Педагогикалық аксиома.  

 

10-тақырып. «Дидактика» бөлімін оқыту əдістемесі 

«Дидактика»  бөлімін  оқытудың  ғылыми-əдістемелік  негіздері.    Іргелі 

дидактикалық  теориялар.  Дамыта  оқыту  теориялары  (Л.С.Выготский, 

В.В.Давыдов,  Д.Б.Эльконин,  Л.В.Занков).    Ю.К.Бабанскийдің  оқытуды 

оңтайландыру  теориясы.  Проблемалық  оқыту  теориясы  (А.Данилов, 

М.И.Махмутов,  М.И.Скаткин,  И.Я.Лернер.)  Оқытудың  дифференциациялау 

жəне    жекелеп  оқыту  теориясы  (И.Унт,  А.А.Кирсанов).  Білімді  толық 

меңгеру  үдерісін  басқару  теориясы  (Н.Ф.Талызина,  В.П.Беспалько).  Диалог 

мəдениеті  теориясы  (В.С.Библер).  Педагогикалық  шығармашылық  теориясы 

(В.И.Загвязинский. В.А.Кан-Калик).  

Қазақстанда 

дидактиканың 

дамуы. 

Р.Г.Лемберг 



«Дидактикалық 

очерктер». 

 

11-тақырып. «Тəрбие теориясы» бөлімін оқыту əдістемесі 

«Тəрбие  теориясы»  бөлімін  оқытудың  ғылыми-əдістемелік  негіздері.   

Тəрбие  теориялары.  А.С.Макаренконың  ұжым  теориясы.  С.Т.Шацкийдің 

əлеуметтік-педагогикалық 

орта 

жағдайында 



тəрбиелеу 

теориясы. 

И.П.Ивановтың  əрекет  арқылы  тəрбиелеу  теориясы.  В.А.Сухомлинский, 

Ш.А.Амонашвилидің  гуманистік  тəрбие  теориясы.  Тəрбиенің  заманауи 

тұғырлары. Заманауи тəрбие технологиялары.  

 

12-тақырып.  «Білім  беру  жүйелерін  басқару»  бөлімін  оқыту 



əдістемесі 

67 

 

«Білім  беру  жүйелерін  басқару»  бөлімін  оқытудың  ғылыми-əдістемелік 

негіздері.    Мектеп  педагогикалық  жүйе  жəне  ғылыми  басқару  нысаны 

ретінде.  Мектеп  басшысының  басқарушылық  мəдениеті.  Педагогикалық 

колледждегі ғылыми-əдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру.  

 

13-тақырып. Педагогиканы оқытудағы білім беру технологиялары. 

Білім  беру  технологиясы  -  бірізді  ғылыми  негізделген  педагогикалық 

əрекеттер.  Педагогиканы  оқытуда  қолданылатын  əр  түрлі  технологиялар. 

Дəстүрлі  оқыту  технологиясы.  Оқу    дискуссиясын  жүзеге  асыру 

технологиясы.  Жобалау  технологиясы.  Миға  шабуыл  технологиясы. 

Дидактикалық ойын технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясы. 

 

14-тақырып.  Педагогиканы  оқу  барысында  білім  алушылардың 

өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру 

Өзіндік жұмыстар – оқу материалын меңгерудің қажетті шарты

 Оқу  сабақтарында  өзіндік  жұмыстарды  ұйымдастыру.  Семинар 



сабақтарында  білімалушылардың  өзіндік  жұмыстарын  ұйымдастыру.  Білім 

алушылардың  оқу-зерттеу  іс-əрекеттерін  ұйымдастыру.  Білім  алушылардың 

ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру.  

 

15-тақырып.  Педагогика  бойынша  оқу-əдістемелік  құжаттарды 



дайындау. 

Оқу-əдістемелік  кешен  туралы  ұғым.    Оқу-əдістемелік  кешеннің  

құрылымы. 

Педагогика бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы.  Білім мазмұнының оқу-

жұмыс  бағдарламасында  бейнеленуі  жəне  оқу  үдерісін    ұйымдастыру.  Оқу-

жұмыс  бағдарламасының    негізгі  бөлімдері.  Əдебиетті,  сандық  білім  беру 

ресурстары  мен  ғаламтор  көздерін  іріктеу.  Оқу  жұмысының  əр  түрлі 

формаларын ұйымдастыру үшін қажетті əдістемелік нұсқауларды дайындау.  



 

 

Семинар сабақтардың үлгі тақырыптары 

1. Педагогиканы оқыту əдістемесінің пəні мен міндеттері 

2. Педагогика курсының құрылымы жəне мазмұны 

3. Педагогиканы оқыту технологиясы 

4. Колледждегі педагогиканы оқытудың əдістері 

5. Педагогика курсын игеру үрдісін белсендендіру 

6. Педагогика пəні бойынша сабақ жоспарын дайындау ерекшеліктері 

7.  Педагогика  бойынша  практикалық  сабақтарды  ұйымдастыру  мен 

жоспарлаудың əдістемелік аспектілері 

8. Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын  ұйымдастырудың ерекшеліктері 

9.  Педагогика  курсы  бойынша  студенттердің  оқу-танымдық  іс-əрекеттерінің 

нəтижелерін тексеру  

10. «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімінің əдістемелік сипаттамасы 


68 

 

11. «Дидактика» бөлімінің əдістемелік сипаттамасы 



12. «Тəрбие теориясы» бөлімінің əдістемелік сипаттамасы 

13. Оқытушылардың негізгі қызмет түрлерінің сипаттамасы: оқыту, ғылыми-

əдістемелік, ғылыми-зерттеушілік 

14.  Педагогикалық  шығармашылық:  ерекшеліктері,  байқалу  деңгейлері, 

қалыптасу кезеңдері 

15.Ғылыми-педагогикалық, шығармашылық  əрекеттің өнімдері  

 

 

Студенттердің оқытушылармен өзіндік  



жұмыстарының үлгі тақырыптары 

1.

 



Педагогика  адамды  тəрбиелеу  жəне  оқыту  ғылымы ретінде.  Педагогика 

ғылымдарының жүйесі  

2.

 

Педагогика  оқу  пəнің  ретінде.  Маманды  дайындаудағы  педагогиканың 



орны 

3.

 



Шетелдік  білім  беру  тарихындағы  педагог  мамандарды  дайындау 

проблемасы 

4.

 

 Педагогиканы оқыту əдістемесінің дамуы 



5.

 

Қазіргі заманғы педагогқа қойылатын кəсіби-тұлғалық талаптар   



6.

 

Педагогты  дайындау  үрдісінде  тұлғаның  кəсіби  бағыттылығын 



қалыптастыру жəне педагогикалық қасиеттерін дамыту 

7.

 



Білім мазмұны. Мемлекеттік білім беру стандарты

 

8.



 

Білім 


мазмұнын 

реттейтін 

құжаттар 

(оқу 


жоспарлары, 

оқу 


бағдарламалары, оқу бағдарламалары, оқу əдебиеттері).  

9.

 



Оқытудың  əдістері.  Педагогиканы  оқытуда  ауызша,  көрнекі  жəне 

тəжірибелік əдістерді қолданудың мүмкіндіктері. 

10.

 

Оқу сабақтарында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру 



11.

 

Семинар сабағын ұйымдастыру. Семинардың түрлері   



12.

 

 Оқу 



сабақтарының 

стандартты 

емес 

түрлері 


(Педагогикалық 

пікірталастар, жобаны қорғау, т.б.)  

13.

 

 Педагогиканы оқытудың дидактикалық құралдары  



14.

 

Педагогикалық бақылаудың қызметтері 



15.Кəсіби білім беру ұйымдарындағы педагогикалық бақылаудың формалары 

 

 



Студенттердің өзіндік жұмыстарының үлгі тақырыптары 

 

1.

 



Оқытушылардың  маңызды  кəсіби  қасиеттері:  ұғымы,  типологиясы, 

байқалу көрсеткіштері   

2.

 

Оқытушының  педагогикалық  шеберлігі:  ұғымы,  құрылымы,  даму 



кезеңдері.  

3.

 



Оқытушысының шеберлігі: ұғымы, компоненттері  

4.

 



Оқыту  əдістемесі  ғылым  ретінде:  ұғымы,  даму  кезеңдері,  негізгі 

əдістемелік сипаттамалары, басқа ғылымдармен байланысы  



69 

 

5.



 

Оқытуды  белсендендіру  əдістерінің  жалпы  сипаттамасы:  проблемалық 

оқыту əдістері, іскерлік ойын, миға шабуыл,  оқу дискуссиясы, сыни ойлауды 

дамыту əдістері  

6.

 

Орта білім беру ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру формалары: сабақ, 



семинар, лабораториялық сабақтар

 

7.



 

 Сынып-сабақ жүйесі, оның жетістіктері мен кемшіліктері

 

8.

 



Орта  арнаулы  білім  беру  ұйымдарындағы  семинар  сабақтарының 

түрлері  (дидактикалық  мақсатына  сəйкес,  оқу  ақпараттарын  қайта  өңдеу 

амалдарына сəйкес) 

9.

 



9.Семинар  сабақтарын  дайындау  жəне  өткізу.  Семинар  сабақтарын 

бағалау өлшемдері 

10.Педагогика бойынша оқу бағдарламаларын құру ұстанымдары 

11.  Мақсаттарды  анықтау  ұстанымдары:  өміршеңдігі,  шынайылылығы, 

диагностикалануы.  Мақсаттардың  орта  кəсіби  білім  берудің  мемлекеттік 

стандартымен байланысы 

12.Теориялық  пəндерді  оқыту  ерекшеліктері.  Педагогиканы  оқытуды 

ұйымдастырудың əдістері мен формалары  

13.Оқу пəні ретінде педагогиканы оқытудың тарихы 

14.Педагогикалық тəжірибені оқып зерттеу  

15.Педагогикалық пəндерді жобалау 

 

 



І аралық бақылаудың сұрақтары 

1.  «Педагогиканы  оқыту  əдістемесі»  курсының  негізгі  ұғымдарының 

сипаттамасы: əдіснама, ғылым əдіснамасы, əдіс, əдістеме.   

2. Оқу пəні ретінде педагогиканың сипаттамасы 

3. Педагогика оқу пəні ретінде: нормативті-іс-əрекеттік аспектісі  

4.Педагогиканы оқыту əдістемесіне қойылатын талаптар 

5. Педагогиканы оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары 

6.Практикалық сабақтар: мақсаттары, міндеттері, түрлері 

7.Семинар практикалық сабақтардың бір түрі ретінде  

8.Семинардың дидактикалық қызметтері  

9.Оқыту əдістері 

10.Оқытудың интербелсенді əдістері  

11.Оқыту құралдары жəне оның жіктемесі                    

      



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет