Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


ІІ аралық бақылаудың сұрақтары



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата28.03.2020
өлшемі0,52 Mb.
#60950
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 5B010300
Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері, Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері, Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері

ІІ аралық бақылаудың сұрақтары 

1.Семинар сабақты бағалауды өлшемдері  

2.Білім алушылардың өз бетінше танымдық іс-əрекеттерінің деңгейлері 

3.Өз  бетінше  жұмыстың  өткізілу  орнына  қарай  сипаттамасы:  аудиториялық, 

аудиториядан тыс жəне оны жүргізудің шарттары  

4. Оқулықпен жұмыс, оқулықтың негізгі қызметтері  

5. Оқу жəне  ғылыми мəтіндермен жұмыс тəсілдері  

6.Ғылыми əдебиеттерді оқып зерттеу əдістемесі   



70 

 

7.Монографияны конпектілеудің тəсілдері жəне техникасы.  



8.  «Бақылау»  ұғымын  педагогикалық  жəне  психологиялық  тұрғыда 

қарастыру. Бақылаудың қызметтері 

9. Сынақ жəне емтихандарды өткізуге қойылатын əдістемелік талаптар  

10. Кəсіби өзін-өзі тəрбиелеудің  мəні, оның уəжділігі, əдістері мен тəсілдері 

11.Өзін-өзі тəрбиелеудің мазмұны, оның бағдарламасының əзірленуі   

12. Кəсіби өзін-өзі жетілдіру, оның мазмұны, құрылысы, қалыптасу деңгейі  

13. Кəсіби өзін-өзі жетілдіру үрдісіне əдістемелік нұсқаулық 

14. Білім алушылардың оқу-зерттеу іс-əрекетін ұйымдастыру 

15.Педагогика 

пəні 


бойынша 

жұмыс 


бағдарламалары. 

Жұмыс 


бағдарламаларының негізгі бөлімдері 

 

 

Ұсынылатын əдебиеттер  

Негізгі: 

1.

Мұханбетжанова  Ə.  Педагогиканы  оқыту  əдістемесі —  



Алматы

:

«Дəуір»,



 

2011.


 356 б. 

 

2. Гибайдуллина Г.Н. Педагогиканы оқыту əдістемесі -Алматы: ЖШС РПБК 



Дəуір, 2011. — 328 б.  

3.Латышина 

Д.И. 

История 


педагогики 

(История 

образования 

и 

педагогической мысли). – М., 2003.  



4.Новиков  А.  М.  Основания  педагогики  /  пособие  для  авторов  учебников  и 

преподавателей. – М.: Эгвес, 2010. – 208 с. 

5.Стефановская Т.А. Технология обучения педагогике в вузе. – М., 2000. 

6.Стефановская  Т.А.  Система  и  методика  преподавания  педагогических 

дисциплин в вузе. – Иркутск, 1992. 

7.Савин И.В. Методика преподавания педагогики. – М.: Просвещение, 1987. 

8.Абдуллина  О.А.  Общепедагогическая  подготовка  учителя  в  системе 

профессионального образования. – М., 1990. 

9.Вульфов  В.З.,  Иванов  В.Д.  Основы  педагогики  в  лекциях,  ситуациях,  в 

первоисточниках. Учебное пособие. – М., 1997. 

10. Андреев А.А. Педагогика высшей школы (новый курс). - М., 2002.  

 

 

Қосымша: 

1.

 



Шахгулари В.В. Подготовка будущих учителей к творческой деятельности 

в школе. – Алматы, 2002. 

2.

 

Исаева З.А. Формирование профессионально-исследовательской культуры 



педагога  в  системе  университетского  образования:  Дис.  …  докт.пед.наук.  – 

Алматы, 1997. 

3.

 

Стефановская  Т.А.  Педагогика:  наука  и  искусство.  Курс  лекций.  Учебное 



пособие  для  студентов,  преподавателей,  аспирантов.  -  М.:  Изд-во 

«Совершенство», 1998. 



71 

 

4.



 

Педагогика  и  психология  высшей  школы:  Учебное  пособие.  Ростов  на 

Дону, 2002. 

5.

 



Буланова-Топоркова  М.В.  Педагогика  и  психология  высшей  школы: 

учебное пособие. – Ростов-на-Дону, 2002. 



 

 

 

Авторлары: 

 

Əбдіғапбарова  Ұ.М.  -  п.ғ.д.,  профессор  Абай  атындағы  ҚазҰПУ



 

Абсатова М.А.- п.ғ.д., профессор  Абай атындағы ҚазҰПУ  

 

Жүндібаева Т.Н. - п.ғ.к., аға оқытушы Абай атындағы ҚазҰПУ  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



72 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА 

 

 

 



 

 

 



PsiOA 3302 Психологияны оқыту əдістемесі 

 

 



 

5В010300 – Педагогика жəне психология 

 

 

 



2 кредит 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы, 2016 



73 

 

Алғы сөз 

 

1.  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  жанындағы  ҚР  БҒМ  жоғары  жəне  жоғары  оқу 



орнынан  кейінгі  білім  берудің  РОƏК  «Білім»  тобы  мамандықтары  бойынша 

Оқу-əдістемелік бірлестігінде  ДАЙЫНДАЛҒАН  жəне ҰСЫНЫЛҒАН 



 

 

 2.


 

Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігімен

  БЕКІТІЛГЕН 

жəне ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН   

 

 

3.  Типтік  оқу  бағдарлама  2016  жылғы  ҚР  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 



білім беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ   

30.06.2016 ж.,  № 2 хаттамасымен  бекітілген) 

 

 

4. Пікір берушілер: 



Жиенбаева Н.Б. -  психол.ғ.д., профессор  Абай атындағы ҚазҰПУ  

Ихсанова Д.Т.  - психол.ғ.к., доцент «Туран» университеті 



 

 

5. 



ҚР 

БҒМ 


Републикалық 

Оқу-əдістемелік 

Кеңесі 

мəжілісінде 



ҚАРАСТЫРЫЛҒАН    

30.06.2016 

ж.,  Хаттама  № 

2



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы  типтік  бағдарламаны  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  жанындағы  ҚР  БҒМ  РОƏК  «Білім» 

тобындағы  мамандықтары  бойынша  ОƏБ  рұқсатынсыз  көбейтуге  жəне  таратуға 

болмайды.

 


74 

 

Түсінік хат 



 

Ұлттық  білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістер  болашақ  педагог  –  психолог 

мамандар даярлығының мазмұнын жаңғырту мен қайта қарауды талап етеді. 

Қазіргі  деңгейде  білім  беру  мекемелері  педагогикалық  үдерісті  теориялық 

жəне практикалық тұрғыда меңгерген, оқу үдерісінде қазіргі  педагогикалық 

жəне  психологиялық  технологияларды  қолдану  мүмкіндігіне  ие  педагог  – 

психолог мамандарды қажет етеді.   

5В010300  –  «Педагогика  жəне  психология»  мамандығы  бойынша 

бакалаврды  кəсіби  даярлауда  «Психологияны  оқыту  əдістемесі»  пəні  білім 

беру мекемелерінде психологияны оқытуға даярлау үшін арналған.  



Пəн  мақсаты:мектеп  психологы  маманын  өз  іс-əрекетіне  кəсіби 

даярлау.  



Міндеттер: 

- психологияны оқыту принциптері жəне мақсаттарын ашу;  

- психологияны оқу пəні ретіндегі мазмұнын қарастыру;  

-  оқу  пəні  ретінде  психологияны  оқыту  мен  мектеп  психологы 

практикалық жұмысының өзге түрлері арасындағы байланысты көрсету;  

-  психологияны  оқыту  əдістемесін,  оқыту  сабақ  формаларын  жəне  оны 

жүргізу əдістемесін меңгеру.  

Білім беру бағдарламасы құрылымындағы пəннің орны  

Пререквизиттер: 

«Психология», 

«Педагогика», 

«Педагогикалық 

менеджмент»,  «Критериялық  бағалау  технологиялары»,  «Психологиялық 

тренинг 


əдістемесі», 

«Тұлғаның 

педагогикалық-психологиялық 

диагностикасы», 

«Жасерекшелік 

педагогикасы», 

«Педагогикалық 

психология» 



Постреквизиттер:  «Педагогикалық  шеберлік»,  «Тəрбие  жұмысының 

технологиясы». 



Пəнді игеру нəтижелеріне қойылатын талаптар:  

«Психологияны 

оқыту 


əдістемесі»пəнін 

игеру 


үдерісі 

кəсіби 

құзыреттіліктерді дамыту мен қалыптастыруға бағытталған:   

- кəсіби іс-əрекетті тиімді іске асыра алу мүмкіндігі;  

-  педагогикалық  үдеріс  қатысушыларымен  педагогикалық  өзара 

əрекеттестікке түсуге деген даярлық;  

- білім беру мекемелерінде педагогикалық үдерісті педагогикалық ғылымның 

теориялық ережелеріне сүйене отырып құра алу мүмкіндігі.  



«Психологияны 

оқыту 


əдістемесі» 

пəнін 


игеру 

үдерісі 


пəн 

құзыреттіліктерін дамыту мен қалыптастыруға бағытталған:  

-  білім  беру  мекемелерінде  педагогикалық  үдерісті  ғылыми  негізде 

ұйымдастыруға даярлығы;  

-  тұлғаны  қалыптастыруда  психологиядан  теориялық  білімін  қолдана 

алу мүмкіндігі;  

- жасерекшелік жəне жеке ерекшеліктерін ескеріп педагогикалық үдеріс 

қатысушыларымен құрылымдық қарым-қатынасқа даяр болу;  



75 

 

-  тұлға  дамуының  заңдылықтары,  жасерекшелік  кезеңдері,  тұлға 



дамуының  жасерекшелік  жəне  жеке  ерекшеліктері  туралы  білімдерінің 

болуы.  


Пəнді игеру нəтижесінде студент:  

Білуі қажет: 

-оқу пəні ретінде психологияның ғылыми құрылымдық негіздерін;  

-  пəн  мазмұнының  ерекшелігі  жəне  оны  зерттеу  мақсатына  байланысты 

психологияны оқытудың негізгі принціптерін;  

- оқу пəні ретінде психологияны оқытудың əдістерін. 

Істей алу: 

-  сəйкес  құралдар  жəне  əдістер  көмегімен  психологияны  оқытудың  түрлі 

формаларын ұйымдастыру;  

психология 



бойынша 

сабақтарда 

білім 

алушылармен 



бірлескен 

шығармашылық жəне нəтижелі іс-əрекет жағдайларын жобалау;   

-  психологиялық  білімін  өзіндік  даму  жəне  өзіндік  тану  құралы  ретінде 

қолдану.  



оқу материалының құрылымын құру жəне оны түсіндіру əдістерін таңдау;  

-  білім  алушылар  игеруге  қажетті  психологиялық  білімді  құраушы 

заңдылықтар, түсініктер, құбылыстар жəне негізгі фактілерді ерекшелеу. 

Игеру: 

- пəн бойынша теориялық білім;  

- кəсіби – педагогикалық мəдениет, 

- тұлғаға əсер ету əдістері, 

- дербес жұмыс біліктілігі мен дағдылары, 

- ғылыми зерттеу əдістері; 

-  білім  беру  мекемелерінде  педагогикалық  үдерісті  ұйымдастыру  жəне 

моделдеу əдістері, 

-  жасерекшелік  жəне  жеке  ерекшеліктерін  ескеріп  қазіргі  жағдайға  тұлғаны 

қалыптастыру мүмкіндігі.  



 

Пəннің тақырыптық жоспары. 

Тақырып 1. Психологияны оқыту əдістемесі оқу пəні ретінде. 

Тақырып 2. Психология ғылыми жəне оқу пəні ретінде.      

Тақырып 3. Білім берудің нормативті-құқықтық қамтылуы 

Тақырып 4. Психологияны оқыту принциптері жəне мақсаттары 

Тақырып  5. Оқу пəні ретіндегі психологияны оқыту мазмұны  

Тақырып  6.  Оқу  пəні  мазмұнын  құраушы  базалық  психологиялық 

категориялар  

Тақырып  7.    Оқу  пəні  ретіндегі  психологияны  оқыту  мен  мектеп  психологы 

практикалық жұмысының өзге түрлерімен байланысы  

Тақырып 8. Психологияны оқыту əдістері  

Тақырып 9. Психология бойынша оқу сабақ формалары жəне оларды жүргізу 

əдістемесі  

Тақырып 10. Психология бойынша 

білім алушылар өзіндік жұмысын 

 


76 

 

ұйымдастыру  



Тақырып  11.    Психология  бойынша  оқу  сабақтары  түрлерін  жүргізу  жəне 

дайындау 

Тақырып 12. Психологияны оқытудағы білім беру технологиялары. 

Тақырып 13.  Психологияны оқытуды бағалау жəне бақылау.  

Тақырып14.  Психология  бойынша 

оқыту 


курсын 

өңдеу 


технологиялары  

Тақырып15. Психология оқытушысы іс-əрекеті жəне кəсіби даярлығы. 

 

Пəн мазмұны 

Тақырып 1. Психологияны оқыту əдістемесі оқу пəні ретінде. 

Əлемдегі 

психология 

дамуының 

негізгі 

тенденциялары 

жəне 

психологиялық білім беру. 



Қазіргі  психологиялық  білім  беру.  Психологияны  оқыту  əдістемесі  оқу 

пəні  ретінде,  педагогикалық  –  психологиялық  білім  беру  жүйесіндегі  оның 

орны мен рөлі.  

Тақырып 2. Психология ғылыми жəне оқу пəні ретінде. 

Психология ғылыми жəне оқу пəні ретінде. Психологияның ғылыми пəн 

ретіндегі салалары. Психология бойынша оқу пəндері. Жаратылыстану пəні 

ретіндегі психологияны оқыту мақсаты жəне əдістері, мазмұндық ерекшелігі, 

оқушылар тəрбиесі мен оқытуындағы психологияның оқу пəні ретіндегі рөлі 

мен орны. Орта мектептегі психологияны оқыту тарихы. Орташа білім беру 

мекемелерінде психологияны оқыту.  

Тақырып 3.Білім берудің нормативті–құқықтық қамтылуы 

Психологиялық білім берудің нормативті – құқықтық қамтылуы. 

Білім  беру  бағдарламалары  жəне  психологияны  оқыту.  Білім  беру 

мекемелеріндегі  оқу  жəне  тəрбие  үрдісін  белгілеуге  арналған  негізгі 

құжаттар. Лицензиялау, аттестаттау жəне аккредитация түсініктері.  

Мемлекеттік  білім  беру  стандарттары.  Орта  білім  беру  мекемелерінің 

мемлекеттік 

білім 


беру 

стандарттары. 

Дидактикалық 

бірліктер 

(құзыреттіліктер)  жəне  уақыт  бюджеті.  Оқыту  формалары  жəне  олардың 

ерекшеліктері. Қашықтықтан оқыту технологиялары.  



Тақырып 4. Психологияны оқыту мақсаттарыжəнепринциптері  

Түрлі  (орта  мектеп,  гимназия,  лицейлер)  орта  жалпы  білім  беру 

мектептеріндегі психологияны оқытудың міндеттері мен мақсаттары. 

Білім  алушылар  тұлғасын  дамыту  аясындағы  психологияны  оқыту 

мақсаттары:  а)  ғылыми  əлемдік  көзқарасының  дамуы  жəне  құндылықты 

бағдарлар;  б)  тұлғаның  өзіндік  ұйымдастырылуымен  жəне  өзіндік  санасын 

дамыту; в) шығармашылық ойлау, зейін, зерде, бақылаушылығын дамыту; г) 

тұлғааралық  қабылдау  жəне  өзара  əрекеттестік  біліктілігін  дамыту;  д) 

коммуникативті мүмкіндітерін дамыту, тұлғаның психологиялық мəдениетін 

қалыптастыру жəне т.б.  

Мазмұнды құру тиімділігі педагогикалық – психологиялық принциптері 

жəне  дидактикалық  ерекшеліктерін  есепке  алу  жəне  психологияны  оқыту 



 

77 

 

əдістемесі – ғылымилық принципі, логикалық қатаңдық, жүйелілік принципі, 



теориялық  жəне  практикалық  білімдер  бірлігі,  оқыту  мен  дамыту  бірлестігі, 

өмір жəне практика байланысы.  



Тақырып  5.Оқу пəні ретіндегі психологияны оқыту мазмұны  

Психология  курсының  негізгі  мазмұны  тақырыптары  жəне  бөлімдері. 

Психология  объекті  ретіндегі  психика  ерекшеліктерінің,  оның  құрылымы, 

қасиеттері  жəне  байланыстарының  ашылуы.  Психологияда  пəн  ретінде 

зерттелген психика аспектілерінің сипаттамасы. Психология негізгі мазмұны 

жəне  кіріспесінің  құрылу  логикасы  –  бөлімдері,  тараулары,  тақырыптары, 

тақырыпшалары,  оларды  ерекшелеу  түрлері  жəне  негіздері.  Тақырып  пəн 

бойынша білім беру мазмұнының негізгі оқу бірлігі ретінде.  

Тақырып  мазмұнын  құрудың  жалпы  логикасы  –  эмпирикалық, 

теориялық,  тақырып  бойынша  практикалық  білімдер  жəне  осы  білімдердің 

мазұндық құрылымы.  

Тақырып  6.  Оқу  пəні  мазмұнын  құраушы  базалық  психологиялық 

категориялар  

Психологияның  базалық  (іргелі)  категориялары.  Бейне.  Əрекет.  Түрткі. 

Қажеттілік. Қарым-қатынас. Қобалжу жəне т.б.  

Метапсихологиялық категориялар. Тұлға. Іс-əрекет. Қарым-қатынас. 



Тақырып  7.    Оқу  пəні  ретіндегі  психологияны  оқыту  мен  мектеп 

психологы практикалық жұмысының өзге түрлерімен байланысы  

Психология бойынша оқу сабақтары түрлері. Орташа білім беру беру 

мекемелеріндегі психология бойынша оқу сабақтары тиімділілігін көтеру. 

Танымдық іс – əрекет жəне сана түрлі формаларын қалыптастыру құралы 

ретінде психология бойынша оқу міндеттері таксаномиясы: репродуктивті, 

продуктивті, логикалық, риторикалық, рефлексивті, əлеуметтік.  



Тақырып 8. Психологияны оқыту əдістері  

Психологияны оқыту əдістерінің типологиясы. Сөздік əдістер: ауызша 

жəне жазбаша, монологты жəне диалогты. Көрнекі əдістер. Көртекіліктер 

түрлері: пəндік, бейнелік (көркем, таңба, мəтін), сөздік. Практикалық əдістер: 

зерттеушілік жəне өзге жағдайларды моделдеу, іскерлік ойындар, жаттығу, 

тренинг. Білім алушылардың танымдық іс – əрекеті сипаты бойынша оқыту 

əдістерінің классификациясы: продуктивті (түсіндірмелі - бейнелік) əдіс, 

репродуктивті əдіс, мəселелі əдіс, жеке – ізденушілік əдіс, зерттеушілік əдіс.  

Эксперимент  психологияны  оқыту  əдісі  ретінде.  Оның  түрлері  жəне 

ұйымдастырылуы.  



Тақырып  9.Психология  бойынша  оқу  сабақ  формалары  жəне 

оларды жүргізу əдістемесі  

Психология сабағы жəне оның 

негізгі сипаттамалары. Қазіргі сабақ 

мақсаты жəне міндеттері, оны 

ұйымдастыру ережелері. 

Психология бойынша сабақтар түрлері жəне типтері. Сабақ талаптары. 

Дəріс оқу пəндерінің формасы ретінде. Дəріс түрлері. Дəрісте 

психологияны оқыту амалдары мен əдістерін қолдану. Дəріс мазмұнын 

 


78 

 

даярлау. Дəріс жоспары. Дəрісті оқудың əдістемелік негізі. Типтік дəріс 



сабақтарын талдау.   

Семинар оқу пəндерінің формасы ретінде. Психология бойынша 

семинар сабақтарының түрлері. Семинар сабақтарында психологияны оқыту 

амалдары мен əдістерін қолдану.  

Практикалық сабақ оқу пəндерінің формасы ретінде. Психология 

бойынша практикалық сабақтарының түрлері жəне ерекшеліктері. 

Практикалық сабақтарда психологияны оқыту амалдары мен əдістерін 

қолдану.  

Зертханалық жұмыс оқу пəндерінің формасы ретінде. Психология 

бойынша зертханалық жұмыс түрлері жəне құрылымы. Лабораториялық 

жұмысқа даярлық. Лабораториялық жұмыс бағдарламасын орындау. 

Лабораториялық жұмыс нəтижелерін безендіру.    

Тақырып 10. Психология бойынша білім алушылар өзіндік жұмысын 

ұйымдастыру  

Оқу  іс  –  əрекетінде  өзіндік  жұмыс  рөлі.  Білім  алушылар  өзіндік 

жұмысынұйымдастырудағы  кешенді  амал.  Психология  бойынша  өзіндік 

жұмыс  түрлері.  Өзіндік  жұмыс  құрылымы.  Психология  бойынша  өзіндік 

жұмыс ұйымдастырылуына қойылатын талаптар.   

Психология  бойынша  ғылыми  əдебиеттердізерттеу  жəне  оқулықпен 

жұмыс. Психологиялық əдебиетпен жұмыс істеу əдістемесіне үйрену.  



Тақырып11.  Психология бойынша оқу сабақтары түрлерін жүргізу жəне 

дайындау 

Психология  курсында  дəріс  сабақтарын  даярлау  жəне  жүргізу.  Дəріс 

курстарында  ақпараттық  əдіс  түрлерін  іске  асыру,  дəріс  –  монолог,  аудио  – 

визуалды  құралдарды  қолдану  арқылы  монолог  құру,  дəріс  жоспары 

бөлімдері бойынша сұрақтар жəне жауаптар. Дəріс шеберлігін қалыптастыру: 

жоспармен  жұмыс,  дəріс  резюмесі,  дəріс  конспектілерінің  құрылымы.  Дəріс 

материалдарын түсіндіру жəне сипаттау əдістерін таңдау жəне іске асыру.  

Психология  курсында  семинар  жүргізу  жəне  дайындау.  Семинар 

сабақтарында  психологиялық  материалды  түсіндіру  мен  беру  жолдарын 

таңдау  –  ақпараттық  –  кеңес  берушілік,  мəселелі  –  дедуктивті,  бірлескен 

жəне жеке іс - əрекеттегі мəселелі – ізденушілік.   

Өзіндік  жұмысты  ұйымдастыру.  Білім  алушыларды  өзіндік  жұмысқа 

даярлау  жəне  қамтамасыз  ету  –  қажетті  мəтіндер,  оқулықтар  мен  оқу  – 

əдістемелік құралдар, өзіндік бақылау сұрақтары мен тапсырмалары. 



Тақырып 

12. 

Психологияны 

оқытудағы 

білім 

беру 

технологиялары.Дəстүрлі білім беру технологиялары:  

а)  дəрістің  тікелей  формасы,  кері  байланыс  дəрісі,  əр  тақырып 

мазмұнының  негізгі  бөліктерін  алғашқы  түсіну  үдерісі  барысын  бақылау 

дəрісі, 


б) 

конференция 

– 

семинарлар,пікірталас 



– 

семинарлары, 

семинарлардың сұрақ – жауап формасы.  

Интербелсенді технологиялар: 



79 

 

а)  пікірталас  формасындағы  дөңгелек  үстелдер;  б)  пікірталастар;  в) 



шығармашылық тапсырмалар. 

Тренинг 


өзара 

əрекеттестік 

ұйымдастыру 

техникасын, 

ақпараттық, 

коммуникативті,  талдау,  құрылымдық,  ұйымдастырушылық  біліктіліктерін 

игеру бойыншажаттығулар жүйесі ретінде.  

Тақырып 13.  Психологияны оқытуды бағалау жəне бақылау.  

Бақылау-бағалау 

іс-əрекеттерінің 

қызметі. 

Білімді 

бағалау 


мен 

тексерудің  негізгі  принциптері.  Аттестация  түрлері  (ағынды,  аралық, 

қорытынды).  Психология  бойынша  білімін  тексеру  жəне  есепке  алу. 

Психология  бойынша  білімді  бағалау  критерийлерін  құру.  Психологияны 

оқытудағы білімді бағалаудың балдық – рейтингілік жүйесі. Білім алушылар 

біліміне объективті баға беру əдістемесі.  



Тақырып14. 

Психология 

бойынша 

оқыту 

курсын 

өңдеу 

технологиялары  

Психологияны  оқыту  технологиялары:  дəстүрлі  оқыту,  мəселелі  оқыту, 

бағдарламалық  оқыту.  Қашықтықтан  оқыту.  Психология  бойынша  оқу 

курсын өңдеу технологиялары. Курс форматын өңдеу. Оқу міндеттерін құру. 

Оқу  –  əдістемелік  құралдарын  таңдау  жəне  оқу  бағдарламалары  мазмұнын 

таңдау.  Таңдау  критерийлері.  Курстың  оқу  бағдарламасын  өңдеу. 

Сабақтардың  тақырыптық  жоспарын  даярлау,  педагог  іс  –  əрекетіндегі 

тақырыптық  жоспар  мəні.  Жеке  оқу  сабақтарын  жоспарлау.  Білім  алушылар 

курсын бағалау үшін жауап парағын өңдеу.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет