мекеменің аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындайтын құрылысшылармен;
Жұмыстардың тікелей басшысы əрбір қызметкермен (немесе бір типті қондырғыға жəне жалпы жұмыс орны шектеулерінде қызмет көрсететін тұлғалардың тобымен) жеке нұсқаулықты жүргізеді. Осыған қоса еңбектің қауіпсіз тəсілдері мен əдістерін көрсету қажет [15].
Қондырғыға қызмет көрсету, сынау, түзеу жəне жөндеумен, құралдарды пайдалану, шикізаттар мен материалдарды сақтау жəне қолданумен байланысты емес тұлғалар жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаулықтан өтпейді. Алғашқы нұсқаулықтан босатылған қызметкерлердің кəсіптері мен лауазымдарының тізімін кəсіподақ комитеті жəне еңбекті қорғау қызметімен келісім бойынша мекеме басшысы бекітеді.
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаулықтан кейін барлық қызметкерлер алғашқы 2-14 ауысымдар кезінде (жұмыс сипаты, біліктілігіне тəуелді) цех (участок) бойынша бұйрықпен тағайындалған тұлғалардың басшылығымен тағылымдамадан өтуі тиіс [11].
Қайталаманұсқаулық – алғашқы нұсқаулықтан босатылған тұлғалардан өзге, барлық қызметкерлер өздерінің біліктілігі, жұмыс өтілі жəне біліміне тəуелсіз жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаулық бағдарламасы бойынша жарты жылда 1 реттен сирек емес толық көлемде өтетін еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық.
Кəсіподақ комитеттері жəне мемлекеттік бақылау жəне қадағалау жөніндегі сəйкес жергілікті органдармен келісім бойынша мекемелермен қызметкерлердің кейбір санаттары үшін қайталама нұсқаулықты жүргізудің барынша ұзақ (1 жылға дейін) мерзімі анықталуы мүмкін.
Қайталама нұсқаулық жалпы жұмыс орны шектеулерінде бір типті қондырғыға қызмет ететін қызметкерлердің тобымен немесе жеке жүргізіледі [2].