Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college


Тақырып: 8.5 Мектеп жасына дейінгі баланың қиялы Жоспар



бет12/41
Дата19.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#172850
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
психология Байдильданова

Тақырып: 8.5 Мектеп жасына дейінгі баланың қиялы
Жоспар:

  1. Қиялдың дамуына сипаттама

  2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің дамуы

  3. Бала қиялын дамытудың әдіс -тәсілдері



Тірек сөздер: естің ықтиярлы формалары, ықтиярсыз ес, құбылыстарының субъективті бейнелері
Лекция 6
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын сөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Осындай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз – бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңартып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Психологиялық энциклопедиялық сөздікте қиялға екі түрлі анықтама берген, біріншісі: қиял – психикалық үрдіс: а) мәселелі жағдай белгісіз болғанда мінез – құлық бағдарламасын жасайды; ә) іс – әрекетті бағдарламайды, бірақ оның орнын ауыстыратын бейнелерді жасайды; б) объекттің суреттелуіне сәйкес бейнелерді жасайды. Қиялдың маңызды мәні – іс – әрекет басталғанға дейін нәтижесін көруге мүмкіндік беріп, адамды сол арқылы іс – әрекет үрдісіне бағдарлайды. Екінші анықтамасы: қиял – психологияда сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективті бейнелерін қайтадан өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға ғана тән психикалық үрдіс. Адамның миында қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі өзгерістерге түседі де, жаңа заттар мен құбылыстардың бейнесі туып отырады. Әрбір адамның қиял ерекшеліктері сол адамның құмартып қызығуына, жекелік ерекшелітеріне, алдына қойған мақсатына байланысты.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда (мәселен, алыстағы Африка, Австралия, Индия т. б.) бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады.. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».
Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Баланың қиялы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».
Мектепке дейінгі балалардың қиялының дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі мектепке дейінгі балалардың қиялын дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны қиялды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен, осы проблеманы шешу үшін әр болашақ тәрбиеші қиялдың ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қажет. Мектепке дейінгі білім берудің алдында тұрған негізгі мақсат – балаларға білім бере отырып қиялын дамыту, қызығушылығын арттыру. Мектепке дейінгі балалардың қиялын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін балалардың қиялының дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек.
О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады.
Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:

- Көрнекілікке сүйену;


- Өткен тәжірибесін қолдану;


- Ерекше ішкі позицияны қолдану.


Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде ойын баланың шығармашылық талабына кең жол ашылады. Бала өз қиялынан ылғи да бір нәрсені жасау, құрастыруға әрекет жасау нәтижесінде баланың ойлау белсенділігін күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай. Сонымен, мектепке дейінгі балалардың қиялының дамуына оның әлеуметтік ортасы, отбасындағы қарым-қатынас, ойын, білім, заттық іс-әрекеттер арқылы ықпал ету, онымен санасу, оны қызықтыратын барлық нәрселерге үлкен мән беріп, ықпал ету жатады. Бала дамуын балабақшада тәрбиешілер, үйінде ата-анасы үлкен назарға алуы тиіс. Мектепке дейінгі ұйым - бала дамуының, өсуінің, тәрбиеленуінің алғашқы баспалдағы екені бәрімізге мәлім. Бала тәрбиесі – күрделі процесс. Бала бойында көрінетін әртүрлі өзгерістер ең бірінші тәрбиешілердің көмегімен жүзеге асырылады. Сондықтан, болашақ тәрбиеші ретінде балалардың қиялын дамыту арқылы, баланы шығармашылыққа, ұшқырлыққа, ойлау процесінің жүйелі болуына тәрбиелейміз. Баланың дамуы, танымдық процестерінің қалыптасуы, қарым-қатынасының жүйелілігі - балабақшаларда оқыту барысында жүзеге асады. Қиялдың адам өмірінде маңыздылығы өте жоғары екені белгілі. Бала бойындағы танымдық процестер, соның ішінде қиялдың көрініс табуы үлкен маңызға ие. Қиял - баланың ойлауын мен қиялдауын қалыптастырады. Қиялды балада дамыту мен қалыптастыру өте жас кезінен қадағалап, болашақ ұрпағымыздың саналы да ақылды, ойы ұшқыр болуы үшін қиялдылықты тәрбиелеуіміз қажет. Бала дамуында танымдық процестерді жетік игерте алсақ, онда болашақ бүлдіршіндердің сана – сезімінің қалыптасуы жоғары деңгейде көрініс табатын еді.


Мектеп жасына дейінгі баланың қиялын ырықты деп айтуға болмайды, өйткені ол ешқандай мақсат қоюды талап етпейді. Ол балаға сыртан әсер ететін заттар мен құбылыстарға тикелей байланыста болады. Бала ойнайтын ойның да үлкендерге еліктеп қайталайды.
Баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайды. Ол
сананың белгілі бір функцияларымен байланысты. Белгілер функциясын
дамытудын екі желісі бар. Бірінші желісі: заттарды басқалай бейнелеулерімен математикалық және басқа белғілерді пайдалануға, ойлардың логикалық формаларын меңгеруге жетелейді. Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқығаларды қиялдағылар арқылы толықтыру мен алмастыру мумкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған тусініктердің материялдарына жаңа бейнелер қүруға жетелейді. Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан көрінеді. Бала таяққа отырып алып атпен жортады, бұл сәтте ол –салт атты, ал астындағы таяқ –аты. Бірақ шауып өте шығарлықтай ештеңе жоқ. Кезінде, таяқпен қымыл жасамағанда өзін ойынша таяқты шын ат дей де алмайды. Бала сурет салғанда, ертегі мен тақпақты ойдан шығарғанда қиялы
неғұрлым айқын байқалады. Балалар ойын кезіндегі сияқты мұнда да басында тікелей қабылдаған заттарды немесе қағаз бетіндегі суретерді пайдаланады. Баланың қиялы үлкендерге қарағанда бай деп есептелгенімен, шындығында үлкен адамның қиялынан бай емес, керісінше әлдеқайда жұпыны. Өйткені баланың өмір тәжірібесі аз, білімі таяз, сондықтан қиялдауға қажетті материалдары да аз.
Мектеп жасына дейінгі бала қиялы көбінесе ықтиярсыз қайта жасау
негізінде жүзеге асады,яғни біреудің жазғаны мен сызғанына,поэзиялық
шығармаларының, ертегі әңгімелердің негізіне сүйенеді. Сезімнің арқасында
ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарады. Бала өз шығармасының қорытынды мазмұнын қандай болатынын өзіде білмейді. Ықтиярлы,арнайы қиялдың дамуы да, зейін мен естің ықтиярлы формаларының дамуы сияқты баланың мінез –құлқының сөзбен реттелуінің қалыптаса бастауындағы жалпы үдерістің бір жағы болып табылады. Іс- әрекеттің жемісті түрлеріндегі мақсат қою мен ойды құру жетекшілігі сөз арқылы жүзеге асады. Бала қиялын дамытуда ойынның сурет салу және құрастыру әрекеттерінің әдеби шығармалар мен ертегі әңгімелердің де маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет