Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college


Тақырып: 9.2 Арнаулы психологияны педагогикада қолданудың ерекшелігі Жоспар



бет20/41
Дата19.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#172850
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
психология Байдильданова

Тақырып: 9.2 Арнаулы психологияны педагогикада қолданудың ерекшелігі
Жоспар:

  1. Ақыл-ойы кем балалардың түйсінуі мен қабылдауы.

  2. Есту қабілеті зақымдалған балалардың түйсінуі мен қабылдауы

  3. Көру қабілеті зақымдалған балалардың түйсінуі мен қабылдауы.



Тірек сөздер: көру қабілеті, есту қабілеті, сөйлеу қабілеті, түйсіну мен қабылдау


Лекция 14


Дамуында бұзылысы бар балалардың түйсіну мен қабылдау ерекшеліктері

Ақыл-ойы кем балалардың түйсінуі мен қабылдауы. Ақыл ойы кем балалардың қабылдау және сезіну қабілеттерін белгілі психологтар И.М.Соловьев, К.И.Вересотская, М.М.Нудельман, Е.М.Кудрявцевалар зерттеген. Ақыл-ойы кем балалардың қабылдауларындағы әсіресе көрнекті ерекшелігі-психикалық процестердің баяулығы. Яғни қандай да бір затты, құбылысты байқау, іздену, обьектіні табуға тырысу, қоршаған ортаның белгілі бір бөлігіне іздене қарау, оның керексіз бөліктерін назардан тыс қалдыру сияқты қабілеттің жоқтығы. Сюжетті суреттерді қарастыра отырып оның нақты мазмұнын ажырата алмайды. Белсенді, сыни көзқарас, ситуацияның мазмұның талдау сияқты дағдылар бұл балаларда қиындықпен қалыптасады.Ақыл-ойы кем балаларды еңбекке баулуда, жалпы ой-өрісін дамытуда қабылдаудың басқа түрлері де үлкен роль атқарады.Мысалы, кинестетикалық қабылдау. Бұл баланың өз денесінің күйін кеңістікте сезінуі.

ПДТ балалардың түйсінуі мен қабылдауы. Жалпы бұл балалардың қоршаған орта туралы білімі өте шектеулі, фрагментарлық болып келеді.Бұл балалар кез келген затты таныс емес схемалық түрде, контур түрінде тани алмайды.Ұқсас әріптер мен әріп элементтерін үнемі шатастырады.Сонымен қатар, тұтас бейнені жеке бөліктерге ажырата алмайды, сыртқы дүниені қабылдауда көптеген элементтерді көрмейді.Жалпы ПДТ балаларға енжарлық тән.Бұл балалар көбінесе тапсырмаларды тездетіп орындап құтылуға тырысады.

Есту қабілеті зақымдалған балалардың түйсінуі мен қабылдауы. Есту мүмкіндігінің орнын толтыруда көру арқылы қабылдау қабілетінің маңызы зор.Көру арқылы қабылдау қабілетін жасқа сай даму кезеңдерімен бірге алып қарастырған дұрыс. А.А.Венгер, Г.Л.Выгодская, Э.И.Леонгардтың мәліметтері бойынша, 4 жастағы естімейтін балалардың тең жартысы 2-3 бөліктен тұратын кеспе суреттерді құрастыра алады, ал 5 бөліктен тұратын суреттерді құрастыруға тек 6 жастағы балалардың шамасы келеді.
Кинестетикалық сезім арқылы қабылдау. Олардың сау балаларға қарағанда қимыл-қозғалыс дамуында кешігіп қалады. Тепе-теңдікті сақтай алмайды, қимыл-қозғалыс координациялары жеткіліксіз.
Тері арқылы сезіну мүмкіндіктері. Бұлардың ішінде вибрациялық сезіну өте маңызды.
Сипап сезудің көмегімен танымдық процесс жүзеге асады, сонымен бірге оған тері және қимыл түйсіктері қатысады.

Көру қабілеті зақымдалған балалардың түйсінуі мен қабылдауы.
Есту арқылы қабылдау.Көрмейтін және нашар көретін балаларда есту арқылы сыртқы ортаны қабылдау сау балалардағыдай қалыптасады.Есту анализаторының көмегімен алынған ақпаратты санада, қиялда жаңғырту арқылы қабылдайды.
Сипап сезу арқылы қабылдау. М.И.Земцова, Ю.А.Кулагин, Л.И.Солнцева, В.М.Воронин, Р.Б.Каффеманас тәрізді бірқатар ғалымдардың жүргізген зерттеулері сипап сезудің тек көрмейтіннің емес, нашар көрудің орнын толтыра алатын күшті құрал екендігін дәлелдейді. Мысалы, саусақ терісінің сезімталдығына орай рельефті-нүктелі Брайль шрифтін меңгеруге болады.Сонымен қатар оларда дәм сезу арқылы және иіс сезу арқылы қабылдау басымырақ.

Сөйлеу бұзылған балалардың түйсінуі мен қабылдауы.
Есту арқылы қабылдау. Сөйлеуі бұзылған балалардың барлығында дерлік фонетико-фонемалық қабылдау кемшілігі кездеседі және сөйлеу- есту мен сөйлеу –қозғалу анализаторының байланысы міндетті түрде байқалады.Г.Ф.Сергееваның зерттеулері бойынша, сөйлеу-қозғалу анализаторлары қызметінің бұзылуы, әсіресе, дизартрия мен ринолалияда фонемаларды есту арқылы қабылдауға қатты әсер етеді.
Көру арқылы қабылдау. Сөйлеу патологиясы бар балалардың барлығында аталған психикалық қызмет тежеле дамиды, оларда көру арқылы қабылдау анағұрлым төмен деңгейде болады.Балалар әріптерді шатастырады, оларды өзара салыстыра алмайды, өз денесін бағдарлауда қиындықтар болады.

ТҚАЗ балалардың түйсінуі мен қабылдауы.
Көру арқылы қабылдау. БЦП бар балалардың жанарын тіктеуі тек 4-8 ай шамасында ғана орнығады.Ол бірқатар патологиялық ерекшеліктерімен, яғни қыли көзділікпен, нистагммен немесе көз бұлшық еттеріне позотониялық рефлекстердің әсер етуімен сипатталады.Бұл балаларда көру арқылы қабылдауының бұзылуы заттар кескіндерінің әр түрлі нұсқаларын тануды қиындатады.Кейбір балалардың санасында алдында көрген суреттердің ізі сақталып қалады да, келесі суретті тануға бөгет жасайды.Суреттерді танулары бұлыңғыр, анық емес.
Есту арқылы қабылдау. Кейбір балалардың есту қабілетінің төмендеуі жиі кездеседі және тілдік дамуды тежейді.
Сипап сезу арқылы қабылдау. Өз қимыл-қозғалыстарын нашар сезіну мен заттармен іс-әрекет орындау қиындығы БЦП балалардың белсенді сипап сезу арқылы қабылдау мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігімен түсіндіріледі, оның ішінде заттарды сипап сезу арқылы тануы.
Н.В.Симонованың мәліметтеріне сүйене отырып, БЦП бар балалардың кеңістіктік-уақыттық қатынастарының дамуы көптеген қиындықтармен байланысты екенін сеніммен айтуға болады.Әсіресе құбылыстардың ұзақтығы мен реті кеңістіктік қатынастардың көмегімен анықталатын болса айрықша қиындықтар туындайды.

Аутизмі бар балалардың түйсінуі мен қабылдауы. ЕЖБА бар баланың қабылдауында сонымен қатар, кеңістікті бағдарлау қабілетінің бұзылуы, шын мәнісіндегі өмірдің тұтас көрінісінің бұрмалануы да заңды құбылыс.Олар үшін маңызды нәрсе заттың өзі емес, оның жеке сенсорлық сапалары: дыбыстары, формасы, түстері.ЕЖБА бар балалардың басым көпшілігінде музыкаға деген шамадан тыс қызығушылық байқалады.Өз денесімен түйсінетін тактильдік, бұлшық ет сезімі де олар үшін өте маңызды.Үнемі сенсорлық жайсыздық күйінде болатын олар теңселу, бір орында айналу сияқты қимылдарға қызығады.

Күрделі кемістігі бар балалардың түйсінуі мен қабылдауы. Тері арқылы түйсіну мен қимыл-қозғалыстық жады бұл балалардың қоршаған ортаны танудағы ерекше мүмкіндгі болып табылады. И.А.Соколянский естімейтін-көрмейтін балалардың тіпті бөтен бөлмелердегі терезелер мен есіктерді қалай жылдам ажырататынын суреттейді.Естімейтін-көрмейтін балалардың барлық жағынан да жеке өзінің қимыл-қозғалыс және сипап сезу тәжірибесіне сүйенуіне тура келеді.Сондықтан бала неғұрлым ерте жастан өздігінен қозғалуға үйрену керек.
Тактильдік-вибрациялық сезімдердің көмегімен адамдар мен заттардың қозғалысын, дыбыстарды, олардың қандай қашықтықта екендігін біле алады.Айналасында болып жатқан оқиғаларды, маңайындағы адамдарды ажыратады. Музыканы, қатты дыбыстарды табанымен сезінеді, адамдарды жүрісінен таниды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет