Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college


Дамуында бұзылысы бар балалардың ойлау ерекшеліктері



бет23/41
Дата19.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#172850
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
психология Байдильданова

Дамуында бұзылысы бар балалардың ойлау ерекшеліктері

Ақыл-ойы зақымдалған балалардың ойлауы. Ойлау операцияларының кемістігін көптеген эксперименттер нәтижелері дәлелдейді.Мысалы, М.В.Зверева мен А.И.Липкина ақыл-ойы кем балалар заттарды салыстыруда олардың ұқсастықтарынан гөрі айырмашылықтарына назар аударатынын айтады.Олардың ойлауындағы негізгі кемшіліктер-қорыту,жалпылау қабілеттерінің төмендігі,бұл оқу процесіндегі ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмаудан көрінеді.Олар ережені жатқа білгенімен,көп жағдайларда мағынасына бойламайды,өз тәжірибесінде дұрыс қолдана алмайды.Сондықтан ережелерді білуді қажет ететін пәндер-арифметика мен грамматиканы қиындықпен меңгереді.И.М.Соловьев ақыл-ойы кем балалардың ойлау қабілеттерін зерттеуде стереотиптік тенденцияларды анықтайды.Бұл тенденция балалардың арифметикалық есеперді шешуде әрбір жаңа есепті өзі білетін бір ғана жолмен шешуге тырысатынынан көрінеді.

ПДТ балалардың ойлауы. Қазіргі кездегі ПДТ балалардың ойлау әрекетінің ерекшеліктері туралы айтқанда Т.В.Егорованың зерттеу материалдарына сүйенуге болады.Ол үлгермеуші бастауыш сынып оқушылардың көрнекі-бейнелік,көрнекі-әрекеттік және сөздік-логикалық ойлау түрлерін жан-жақты толық зерттеумен көп жылдар айналысты.ПДТ оқушылардың басым көпшілігінде ең алдымен, интеллектуалдық мәселені шешуге дайын дайындықтың жоқтығы көзге түседі.Көрнекі-әрекеттік ойлау түрінің деңгейі бұл балаларда сау балалардың деңгейімен бірдей десе де болады,психикалық дамуы тежелуі өте айқын балаларда ғана сәл өзгеше болуы мүмкін.Балалардың басым көпшілігі берілген тапсырмаларды дұрыс және жақсы орындайды,тек кейбіреулеріне тапсырманы қайталап түсіндіріп,нақты нұсқау беру қажет болады.Олардың сөздік-логикалық ойлау түрі нақты жетілмеген.

Есту қабілеті зақымдалған балалардың ойлауы. Көрнекі-бейнелік ойлау.Мұнда негізгі рольді сөйлеу атқарады.Заттың өзіндік белгілерін меңгерген бала осы бейнелер арқылы ойлау әрекетіне көше алады.Т.В.Розанова естімейтін балалардың сөздік-логикалық ойлау түрінің даму шарттарын ажыратып көрсетеді: бірінші шарты,бұл сөйлеудің ойлау әрекеті ретінде көрнекі-бейнелік және көрнекі-әрекеттік негізде қалыптасуы.Екінші шарты,бұл кері ойлай білуге үйрету,қандай да бір құбылыстың барлығын ұғындыру.Үшінші шарты,бұл барлық ойлау операцияларының дамуы.Төртінші шарты,бұл естімейтін балалардың логикалық сауаттылығының басы.

Көру қабілеті зақымдалған балалардың ойлауы. Ойлау қабілетінің дамуы 3 концепциядан тұрады: бірінші,көрмейтін мен нашар көретіндердің жеделдетілген ойлауының дамуы туралы теория, екінші,көру бұзылуының ойлаудың дамуына кері әсері туралы теория, үшінші,ойлау деңгейінің көру кемістігіне тәуелсіздігі туралы концепция.Н.С.Костючектің мәліметтерінде балалардың формальды түрде,нақты сезімдік бейнесіз игерген ұғымдары өте тар ауқымда,әрі бұрмаланған түрде болады.

Сөйлеу қабілеті зақымдалған балалардың ойлауы. Көрнекі-бейнелік ойлау түрінің қалыптаспауы көп жағдайларда тіл кемістігінің ауырлық дәрежесімен байланысты.Сондай-ақ жалпы тілі дамымаған балаларға ойлаудың ебедейсіздігі тән.

ТҚАЗ балалардың ойлауы. Е.М.Мастюкованың зерттеулері БЦП бар балалардың да, сау балалардың да сөйлеу мен ойлау қабілеттерінің арасындағы тығыз байланысты тағы да дәлелдей түседі.Сөздік-логикалық ойлау дамуындағы тежелу БЦП бар балалардың айырмашылықтар мен ұқсастықтарды даму,салыстыру,қоршаған орта құбылыстары мен заттары арасындағы себеп-салдар байланыстарды анықтау қабілеттерінен айқын көрінеді.Ойлауына цереброастениялық құбылыстар ықпал етеді.

Аутизмі бар балалардың ойлауы. Олардың ойлау қабілеті ерікті оқудағы орасан зор қиындықтарды жеңе білумен және пайда болған мәселелерді мақсатты түрде шеше білумен байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет