Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college


Дамуында бұзылысы бар балалардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктері



бет25/41
Дата19.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#172850
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
психология Байдильданова

Дамуында бұзылысы бар балалардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктері

Ақыл-ойы зақымдалған балалардың жеке тұлғалық дамуы және эмоция-ерік саласы. Ақыл-ойы кем балаларда істерін бақылай алмау,мақсатты әрекетке қабілетсіздік т.б. байқалады.Ақыл-ой кемістігінің жеңіл дәрежесіндегі балалар тұрмыстық жағдайларда жол табуға қабілетті, өзіне қажетті нәрсеге қол жеткізу үшін табандылық пен мақсатты әрекетке бара алады.Кейде көңіл-күйдің бұзылуы себепсіз,тым көңілді,жоғары көңіл-күйімен көрінеді,бұл-эйфория деп аталады.

ПДТ балалар. Оларда жиі кездесетін ауыр темперамент белгілері: жоғары моторлық белсендік,көңілі бөлінгіштік,төмен деңгейдегі төзімділік,көңіл-күйдің бұзылуы.ПДТ балаларға тән басқа қорқыныштар типтік,бала жасына сай үрейлер: ертегі кейіпкерлерінен,жан-жануарлардан,қараңғылықтан қорқу,олар баланың әлеуметтенуіне кедергі жасайды.

Есту қабілеті зақымдалған балалар. Баланың жеке тұлғасы оның ересек адамдармен және өзі сияқты құрбылармен қарым-қатынасы процесінде,әлеуметтік тәжірибелерді игеру барысында қалыптасады.Эмоционалдық-еріктік саланың қалыптасуы мен жеке тұлғалық дамуында отбасылық тәрбиенің маңызы зор. Естімейтін ата-аналардың бастауыш сынып жасындағы естімейтін балалары өз құрбыларымен анағұрлым белсенді қарым-қатынас жасайды, білуге құштар,өз достары арасында лидерлікке ұмтылады.

Көру қабілеті зақымдалған балалар. Көрмеушілік пен нашар көрушілік айқын эмоцияға,сезім дамуына өзінше әсер етеді.Ең басты уайым-көру қабілетінің күрт төмендеуі немесе сүлдем жоғалу қаупі.Бұл кезде стресстік күй пайда болады.Көз жанарын жоғалту баланың эмоционалдық ерік-жігер саласында,мінез-құлқында,түйсігінде және сезім тәжірибесінде өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады.Оларда ойын, оқу,кәсіби әрекеттер барысында қиындықтар туындайды.Э.Келлер,ең ауыр нәрсе соқырлықтың өзі емес,көретін адамдардың соқырға деген көзқарасы деп есептейді.

ТҚАЗ балалар. БЦП тәрізді кеміс дамулар ішінде психикалық инфантилизмтипіндегі даму тежелуі жиі кездеседі.Бұл балаларда көңіл-күйдің ауыспалылығы тән:біресе тым көңілді,ашушаң,селқос.Олардың ұйқысы жиі бұзылады.Жоғары шаршағыштық белгісі осыларға тән.

Сөйлеуі бұзылған балалар. Сөйлеу бұзылуындағы тұлғалық қалыптасу мен эмоционалдық ерік-жігер саласын зерттеуге арналған еңбектердің ішінде В.М.Шкловский,В.И.Селиверстов,Л.А.Зайцева,О.С.Орлова,Л.Е.Гончарук,Г.А.Волкова сияқты ғалымдардың еңбектерін атауға болады.Сөйлеуі бұзылған балалардың эмоционалдық ерік-жігер және жеке тұлғалық саласындағы бұзылулар олардың жұмыс істеу қабілетін төмендетіп қана қоймайды,сонымен бірге мінез-құлықтың өзгеруіне,әлеуметтік дезадаптацияға әкеліп соқтырады.

Аутизмі бар балалар. Эмоция-ерік саласының бұзылуы ЕЖБА синдромының негізгі белгісі болып табылады және бала туғаннан кейін кешікпей байқалады.Аутизмде балаларда ең алғашқы әлеуметтік қарым-қатынас жүйесі-жандану кешені күрт тежеледі.Сәби балалар ересектердің сөзіне,күлкісіне,іс-әрекеттеріне ешқандай көңіл аудармайды,мүлдем жауап реакциясын жасамайды.ЕЖБА бар баланың өзін-өзі сақтау сезімі қалыптаспаған,керісінше,өзіне деген агрессия элементтері байқалады.Өздерін жарақаттау,өткір және ыстық заттың қауіптілігі тәрізді тәжірибе нашар бекітіледі.

Күрделі кемістігі бар балалар. Күрделі сенсорлықбұзылулар жағдайында баланың жеке тұлғалық дамуында масыл болуға бейімділік,эгоизм сияқты теріс қасиеттер қалыптасады.Жеке тұлғаның бұлай даму қаупінің себептері: біріншіден, күрделі бұзылулармен тікелей байланысыт.Екіншіден, қоршаған ортадағы адамдардың балаға деген көзқарасына байланысты.Үшіншіден, бұл күрделі кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу тәжірибесімен байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет