Дамуында бұзылысы бар балалардың сөйлеу ерекшеліктері
Ақыл-ойы зақымдалған балалардың сөйлеуі. 3-4 жастағы сау балада біраз сөздік қор жинақталады,белсенді сөйлеу дұрыс грамматикалық формаға енгізілген,елеусіз ғана фонетикалық кемшіліктері болады.Бұл кезде олигофрен баланың тілі енді ғана шыға бастайды,жеке сөздерді 2-3 жаста айтады,қысқа аграмматикалық фразалар тек 5-6 жаста ғана пайда болады.Есту арқылы ажыратуы,дыбыстауы анағұрлым кеш қалыптасады.Оның сөйлеу әлі анық емес,сөздік қоры өте аз т.б. Кейбір жағдайларда балалардың сөйлеуі алдамшы,сырттай қарағанда өте жақсы жетілген сияқты болып көрінеді.Баланың ой-өрісі өз жасынан ерте жетілген тәрізді,сөздік қордың молдығы таң қалдырады.Күрделі сөйлемдер мен терминдерді жиі қолданылады.Бірақ бұл балалардың сөйлеу «бос сөз»,олар өз сөздерінің мағыналарына терең бойламайды,естіген немесе оқыған сөздерін орынды-орынсыз тым жиі қолдана береді.Мұндай сөйлеудің дамуы ойды жеткізудің,қарым-қатынастың құралына айнала алмайды.
|
ПДТ балалардың сөйлеуі. Сөйлеудің импрессивтік жағы дыбыстарды және сөйлеудегі түрлі реңктерді қабылдаудың дифференциалданбауымен сипатталады.Ал экспрессивтік жағына сөздік қордың аздығы,дыбыстаудағы бұзылулар,сөйлеудің лексико-грамматикалық жағының жеткіліксіз қалыптасуы,аграмматизмдер,артикуляциялық аппараттың ақаулары тән.Оларда көбінесе ызың және үнді дыбыстарын айтуда кемшіліктер кездеседі.
|
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеуі. Олар тек арнайы оқытудың көмегімен меңгереді,мұнда олар көру арқылы қабылдау қабілетіне сүйенеді.Ж.И.Шиф естімейтін балалардың сөйлеуінің қалыптасуын анықтаған: бірінші, естімейтін балаларда алғашқы сөз бейнелерінің сенсорлық қалыптасу негіздерінің сау балалардан өзгешелігін көрсетеді.Екінші. еститін балаларға қарағанда естімейтін балалардың тілдік материалды өзгеше ретпен талдайтындығы.Үшінші,грамматикалық құрылымы өзгеше, төртініші, сөйлеуге қатысатын қимылдардың қалыпсыз жағдайларда қалыптасуы.
|
Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеуі. Сөйлеудің дамуына көру қабілетінің жағдайы тікелей әсер етеді.Себебі,оқу мен жазу жылдамдығы көру деңгейіне байланысты.Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеудің дамуына Л.С.Волкованың жасаған логопедиялық анализі бұл салада да өзіндік ерекшеліктермен баршылық.Әсіресе, сөйлеудің дамымауында баланың микроәлеуметтік ортамен қарым-қатынасының бұзылуы мен қанағаттанарлықсыз тілдік қарым-қатынас жағдайы зор маңызға ие.
|
ТҚАЗ балалардың сөйлеуі. БЦП бар балалардың 60-70%-да дизартрия,яғни сөйлеу аппаратының иннервациясының органикалық жетіспеуі салдарынан болатын сөйлеудің дыбыстау жағынан бұзылуы байқалады.Оларда дыбыстық бұзылулар негізінен жалпы қимыл-қозғалыстық бұзылулармен байланысты .Е.М.Мастюкованың зерттеулері БЦП бар балалардың алғашқы сөздері тек 1,5 жаста,фразалық сөйлеуі 3-3,5 жаста пайда болатынын көрсетеді.Балалардың көпшілігі фразалық сөйлеу тілін қолданады,сөйлемдері 2-3 сөзден ғана тұрады.
|
Аутизмі бар балалардың сөйлеуі. ЕЖБА бар балалардың сөйлеуінде бірқатар ерекшеліктер бар,сөйлеудің экспрессивтік жағы ерекше қалыптасады.Біріншіден,олар сөйлеп тұрған адамға мүлде реакция жасамайды.Ал енді сыбырмен немесе әндетіп айтылған сөзді бірден қабылдайды.Екіншіден,бұл балалардың уілдеу түріндегі белсенді тілдік реакциялары қалыпты дамып келе жатқан балаларға қарағанда кешірек қалыптасады.Үшіншіден, ЕЖБА бар балалардың сөйлеуінде кемістік болмайды.Бірақ олар сөздерді орынсыз,ешқандай эмоциясыз қолданады.Қарым-қатынас жасаудан қашқақтау,әсіресе сөйлеуден қашу тәрізді мінез-құлық бұл категориядағы балалардың сөйлеуінің дамуына кері ықпал жасайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |