Мектепке дейінгі сурдопсихологияны зерттеген ғалымдар
Тірек сөздер:Сурдопсихология, естуі бұзылған балалар, оторинологоктар
Лекция 14 Сурдопедагогика (латын сөзі «surdus»-саңырау) арнаулы педагогиканың бір бөлігі, бұл естуі бұзылған тұлғаларды зерттейді. Мүмкіндігі шектелген балалардың көпшілігі есту түрлерінің ауытқушылығының салдарынан айналадағы ортада ерекшеленіп байқалады .
Көптеген ғасырлар тоғысында қоғамда Сурдопсихологияның негізгі даму кезеңдері. Естімейтін балаларды оқытудың әдіс-тәсілдері ,естімейтіндер туралы түрлі ақпараттар жиналды. Сурдопсихология тарихында есту қабілеті зақымдалғандар туралы әртүрлі философиялық ойлар –материалдық және рухани,адамзаттың мүмкіншіліктерінің дамуы,медицина, педагогикалық және дидактикалық ойлар қалыптасқан. Сурдопсихология ғылымының дамуында есту қабілеті зақымдалған адамдар қоғамның көзқарасы және олардың қоғамдағы орны ерекше көрінді.
Тарихи мәліметтерге және әдебиеттер негізіне сүйенсек ,естімейтін адамдарды, қалыпты дамыған адам қатарына санамаған, дегенімен Спарта және Аттика жерлерінде естімейтін оқушыларды мемлекеттік оқу орындарында тәрбиелеген.
Көне Грецияда және Римде есту қабілеті зақымдалған баларды оқыту жүйесі болмаған . антикалық мемлекеттерде « естімейтіндер сөйлесейтіндер» қоғамда тең құқықтары болмаған, оларды білім ала алмайтындар қоғамына жатқызған. Юстиниан кодексі (б.з.д 6 ғ) «кемтарларды» қамқорлыққа алғанн, туылғаннан естімейтіндер ауызша немесе жазбаша түрде өздерінің ойын айта алмайды,өзінің мүлігін басқара алмайды,ештеңеге қабілеті жоқ деп есептеген.
Антикалық медицинада кереңдіктің табиғаттан тыс және оны емдеу мүмкін емес деген.Тек Аристотель өзінің философиялық таракктаттарында, баланың ақыл-ойы қабілеттерін дамуына кереңдіктің және мылқаулықтың кері ықпал етуін ашып көрсетті.Есту мүшесін маңызды таным құралы ретіне,ал мылқаулықты туғаннан пайда болған кереңдіктің салалары деп санаған.
Христиан дінінің пайда болуымен дамуында ауытқушылықтары бар адамдарға мейірімді қарым-қатынастар қалыптасады,бірақ діни теріс ұғым және жоқ нәрсеге сенудің саны өсіп келеді.
Естімейтіндерге білім беру (14-16ғ) ғылымның дамуымен,мәдениет пен өнердің қарқынды дамуымен, педагогтар есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеуге гуманитарлы көзқараста болды. Ал философтар , врачтар, педагогтар естімеушіліктің себептерін,оны жою жолдарын, есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту жолдарын,олардың ауызша сөйлеу тілін дамытудың жолдарын іздеді. Италия профессоры Джероламо Карнадо (1501-1576) кереңдікке философиялық түсініктеме берді,кереңдік аурудан пайда болады,ал мылқаулық-кереңдіктен пайда болады деген. Ол ең бірінші классификацияны ойлап шығарды.ол есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеуде сақталған анализаторларды ,әсіресе көру анализаторын пайдалану керек екенін дәлелдеп көрсетті.Ол алдымен ауқатты адамдардың балаларын жеке оқытты.
16-17 ғасырларда Испанияда есту қабілеті зақымдалған баларды үйде және монастырларда оқыту болды. Бірінші есту қабілеті зақымдалған балаларды сөздік оқытуға П.Понсе , кейінірек Х.П.Бонетом (Испания) жүйелі оқытты. П.Понсе оқытуда жазбаша, дактильдік және ауызша сөйлеу тілін қолданды. Оның естімейтін оқушылары сол кездегі қалыпты оқушылар оқыған пәндерді оқыған:тарих, математика, астраномия. Есту қабілеті зақымдалған балалар жеке оқыды.
Судопедагогикалық ойлардың кеңінен дамуының арқасында Батыс Еуропада университтетер пайда болды. Есту қабілеті зақымдалған баларды оқытатын оқытушылар .бұл балалардың білім алуына,жеке мүмкіндіктерін қадағалап отырды.Сурдопсихологияның кең дамынан Англия, Нидерланды.Франция,Германия елдерінде есту қабілеті зақымдалған балаларды жеке оқыту кеңінен қолданылды.Жеке оқыту отбасында 3-4 жастан басталды.
Мектепке дейінгі сурдопсихологияның пәні болып, ерте жастағы және мектепке дейінгі естімейтін баланы оқыту мен білім беру болып табылады.
Есту қабілеті зақымдалған баланың мектепке дейінгі кезеңі маңызды, себебі ерте коррекциялық жұмыстың нәтижесінде баланың дамуы, әлеуметтік,жеке дамуы қалыптасады. Мектепке дейінгі тәрбиені Л.С.Выготский « естімейтін балаларды әлеуметтік тәрбиелеудің бастапқы жүйесі» деп білді.
Мектепке дейінгі сурдопсихологияның негізгі міндеттерінің бірі
Есту қабілеті зақымдалған балаларды қоғамға енгізу.
Ерте және мектеп жасында есту қабілеті зақымдалған балаларға педагогикалық көмек көрсету.
Мектепке дейінгі сурдопсихологияның негізгі міндеттері төмендегідей:
Есту қабілеті ерте зақымдалған баларға уақытылы педагогикалық көмек көрсету;
Есту қабілетің зақымдалуы баланың физикалық,таным, әлеуметтік, сөздік дамуына және жеке құрылымдарына кедергісін білу.
Есту қабілеті зақымдалған балалдың ата-аналарына есту қабілеті зақымданған баланы үй жағдайында тәрбиелеуге көмектесуді ұйымдастыру.
Теориялық коррекциялық және дамытушылық жұмысты : міндетті анықтау, принциптер,ерте жастағы және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелек пен оқыту әдістері; ерте жастағы және мектеп жасындағы есту қабілеті зақымдалған балаларға педагогикалық көмек көрсетудің жаңа жолдарын іздестіру. Ерте жастағы және мектеп жасындағы есту қабілеті зақымдалған балаларды қалыпты еститін балалармен интегралды біріктіру.
Мектепке дейінгі сурдопсихологияның басқа ғылымдармен байланысы. Естімейтін және нашар еститін балалармен жұмыс істейтін мамандар мектепке дейінгі сурдопсихологиямен байланысты түрлі ғылыми салаларды міндетті түрде білуі қажет.
Ең бастапқысы медико-биологиялық сала. Психофизиологиялық мектепке дейінгі сурдопсихологияның негізі баланың физиологиялық, жүйкелік байланыстарын, әр түрлі анализаторларының және олардың психикалық дамуы. (И.М.Сеченов , И.П.Павлов, П.К.Анохин, А.Р.Лурия т.б).
Отоларингогтар, сурдологтар, аудиологтар естімейтін балалар туралы ақпаратты меңгереді: себебін, есту анализаторына мінездеме және оның уақыты,есту қабілетінің төмендеуі. Балалар сурдолог және аудиолог мамандарының зерттеуінің нәтижесінде естімейтін және нашар еститін балалардың есту анализаторын зерттеу әдістері және классификация құрылды.(Л.В.Нейман, Ю.Б.Преображенский,Д.И.Тарасов т.б).
Медициналық анықтамалар бірінші бұзылысты және терең зақымдалуының нәтижесінде басқа да психикалық дамуына ,ең негізгі сөйлеуге және комуникативтік процесстерге кері әсерлерін анықтайды.
Оторинологоктардың, сурдолгтардың ,аудио-логикалық зерттеулердің , сурдотехникалық, медициналық және педагогикалық көмек берудің нәтижесінде балаларға ерте кемістіктін алдын алуда. Соңғы он жылда медикоментті емдемдің нәтижесі қарқынды етек жайды (кохлеарлы имплант).
Сурдотехниканың кең дамуының арқасында есту аппараттары, мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың қоғамда қалыптасуына,сөйлеу тілінің дамуына ,жеке дамына мүмкіндік берді.
Мектепке дейінгі сурдопсихология сонымен қатар неврапотологиямен және психопотологиямен тығыз байланысты. Бұл ғылымдар медицинада нашар еститін балалардың дифференциалдық диагносткалауда маңызды. Кейбір естімейтін және нашар еститін балалар есту қабілетінің төмендеуінен, орталық жүйке жүйесімен байланысты басқада кемістіктері болады. Баланың психикалық дамуында,ақыл-ойдың кемдігі, мінез-құлықтың,тірек-қимыл аппаратының және т.б Бұндай балаларды диагностикалау сурдолог пен психоневролгтың жұмылған жұмыстарында нәтиже береді. Мектепке дейінгі сурдопсихология жалпы,мектепке дейінгі және арнайы психологиямен байланысты.Сурдопедагогтар естімейтін баланы тәрбиелеуде балалың танымдық құрылымын ескереді. Педагогикалық процессті дұрыс ұйымдастыру үшін, жалпы және арнайы баланың дамуын ,мектепке дейінгі баланың психологиялық дамуына көңіл бөлінеді.(Р.М. Бос-кис, Т.А.Власова, А.А.Катаева, И.М.Соловьев, Т.В.Розанова,Ж.И.Шифидр.). Есту қабілеті зақымдалған балалардың психологиялық ерекшеліктерін білу дифференциалық оқудағы мәселелерді шешуге,білім сапасын арттыруға маңызды.
Мектепке дейінгі сурдопсихология аралас педаогикалық салалармен- жалпы және мектепке дейінгі педагогика, мектептегі сурдопсихология. Әсіресе мектепке дейінгі және мектептегі сурдопсихология бір-бірімен тығыз байланысты.Бұл анықтама бәріненде мына ғалымдардың Р.М.Боксис, Т.С.Зыкова, К.Г.Коровина, Л.П.Носковой және т.б жұмысында айтылғандай, естімейтін және нашар еститін балаларды коррекциялық оқытуға тиеселі. Мектепке дейінгі сурдопсихологияның жұмыстарының бірі естімейтін және нашар еститін балаларды тілдік әдістермен үйрету,естуін дамытуға тәрбиелеу және ауызша сөйлеу тіліне үйрету. Мектепке дейінгі сурдопсихология лингвистикалық ғылыммен және психолингвистикамен тығыз байланысты. Нашар еститін балалардың тілін дамытуға,тілдің құрылымдық ерекшеліктерін үйренуге,тілдік оқыту жүйесін қалыптастыруда психолингвистика ат салысады.Туылғаннан тілдің дамуы туралы Л.В.Выготский, А.Р.Лурии, А.А.Леоньтева , Н.И.Жинкина, Т.В.Ахутина және т.б ғалымдардың еңбектерінде жазылған.