Тірек сөздер: Тифлопедагогика, психоневрология ғылымдары, офтольмолог, тифлопсихолог
Лекция 17 Тифлопедагогика (гр. typhlos – соқыр және педагогика) – педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы. Ғылым саласы ретінде 19 ғасырдың басында дами бастады. Кеңес Одағы кезінде әр түрлі ауытқуы бар балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу мекемелері ашылып, олар жалпы білім беру жүйесіне кірді. Көру кемістігі барлар арнайы оқыту мекемесінде білім алып, жоғары оқу орындарына түсуге жағдай жасалды. Олардың арасында акад. Л.С. Понтрягин және А.Г. Витушкин, проф. В.И. Зубов, жазушылар Н.Островский, Э.Асадов, Н.Силков, А.Притчина, сазгерлер В.Никитин, Н.Поликарпов секілді көрнекті тұлғалар да бар. Тифлопедагогика саласында мол еңбек қалдырған Б.И. Коваленко мен В.С. Сверлов болды. О.Скороходованың еңбектері дефектология ғылымында ерекше орын алады.Оның “Мен қалай қоршаған ортаны қабылдаймын және түсінемін” атты еңбегінің дефектология үшін маңызы зор.
Тифлопедагогика жалпы педагогиканың саласы ретінде философияға, гуманистік тәрбие мен жалпы-дидакт. оқыту принциптеріне, көру қабілетінің (КҚ) кемістігі бар адамдардың өсу ерекшеліктеріне негізделіп дамиды.
Тифлопедагогиканың жаратылыстанудағы сүйенетін негізі И.М. Сеченев пен И.П. Павловтың жоғарғы жүйке іс-әрекеті туралы ілімі. Сондай-ақ тифлопедагогика тифлопсихология, патофизиология, педиятрия, психоневрология ғылымдарымен де тығыз байланысты
Тифлопедагогика ғылымының міндеттері: көру қабілеті бұзылған тұлғаларды психологиялық-педагогикалық және клиник. тұрғыдан зерттеу; КҚ бұзылу кезіндегі психологиялық, физикалық даму аномалиясының типологиясын анықтау; КҚ кемістігі салдарынан дамымаған немесе бұзылған функцияларды түзету, жетілдіру, орнын толтыру жолдары мен жағдайларын қарастыру; КҚ бұзылу түрлеріне байланысты тұлғаны жан-жақты дамыту, қалыптастыру жағдайларын анықтау, зерттеу.
Бүгінде тифлопедагогикада көру кемістіктерін алдын алу, түзету жолдары, механизмдер мен кемшілігі бар функциялардың орнын толтыру жағдайы, саралап оқыту түрлері, мазмұны мен әдістері ашып көрсетіледі. Балаларды мектепке дайындыққа, мектеп көлемінде жалпы және орта кәсіптік білім алуға, рухани өсуге, эстетикалық, тәрбиеге, дене тәрбиесіне әлеум.-психологиялық және еңбекке қалыптастырады. Оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне арнайы нұсқау, бағдарлама, методика, тифлотех. жабдықтар, т.б. жатады. Қазақстанда соқырлардың алғашқы мектебі 1932 ж. Алматыда ашылған. Қазір зағиптарға арналған 9 арнайы мектеп, бала-бақшаларда арнайы топтар бар. Офтольмологтың, тифлопсихологтың, психологтың үнемі диагностикасы мен педагогикалық кеңестері қажет. Көрудің тез төмендеуі бірінші кезекте қабылдау процесіне әсерін тигізеді. Нашар көретін балалардың қабылдауы тежелумен, бейненің тарлығымен, нақтылықтың төмендеуімен ерекшеленеді. Қалыпты көретін балаға қарағанда олардың көру арқылы елестетуі анық емес. Сол себепті нашар көретін балаларға кеңістікте бағдарлану қиынға соғады. Мұндай балалар көру арқылы жұмыс істегенде тез жалығады, ал бұл өз кезегінде көрудің одан әрі нашарлауына алып келеді.
Туғаннан ішкі даму жағдайы тұқым қуалаудан,зақымдану әсерінен созылмалы ауруға шалдығудан болады. Жүре бара:көру мүшесінің ауруға ұшырауы,организмнің жалпы асқынып ауруы,мидың трамвалық соққыға ұшырауы(әсіресе көру аймағы) мұнда (бастың жарылуы,көздің жарақаттануы,көзге тиген қатты соққы).Көруі бұзылған тұлғалардың жалпы қоршаған ортамен қарым-қатынаста өзіндік сипаты анық байқалады.Көруі бұзылған тұлғалар соқырлар,нашар көретін.Көру ақаулығының болуы жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.
Соқырлар- көру қабілетінен мүлдем айырылған тұлғалар немесе толықтай көру түйсігі мүлдем бұзылған тұлғалар.Бұлар бұзылу дәрежесіне қарай абсолюттік және практикалық соқыр.Абсолюттік соқырларды кей әдебиеттерде тотальдік деп атайды.Бұл екі көзі соқыр көрмейтін көру түйсігі мүлдем болмайтындар (түсті ажырату және жарықты түйсінуі болмайды).Ал практикалық соқыр бұлар жарықты және түсті аз да болса түйсініп қабылдай алады.Жарықты қараңғыдан айыру зат пішінін ажырату,оны қабылдай алу аз да болса саңылау болады. Нашар көретіндер- көруі бұзылған тұлғалар,бірақ көзілдіріктің көмегімен көре алатын тұлғалар. Бұларға кеңістікті бағалау қиынға түседі.Жалпы көру анализаторы іс-әрекетте(ойын,оқу,еңбек) және айналадағы ортамен қарым-қатынаста негізгі орын алады.Көруі бұзылған тұлғаның айналадағы ортамен қарым-қатынас жағдайы қалыс қалады,кеңістікті бағдарлай алуы бұзылады.Ұғым түсініктер жайындағы білімнің қалыптасуы заттармен іс-әрекеттік қызметі,эмоциялық ерік сапасы,еңбекке бейімделу әлеуметтік комуникациясы бұзылып келеді.Бұл тұлғалармен арнайы жұмыс жүргізу қажет болып табылады.Көруі бұзылған тұлғалардың оқу және жазу әрекетінде қиындыққа ұшырауы байқалады.Дер кезінде көру бұзылысын түзету бойынша алдын-ала шаралар өтілмесе,көру ақаулығы асқына түседі.Көруі бұзылған тұлғалармен түзету жұмычсын жүйелі жүргізуді қажет етеді.
Тифлопедагогика көру мүшесі бұзылған адамның оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым.Олар өз кезегіенде нашар көретін және мүлдем көрмейтін болып 2-ге бөлінеді.Соқыр-бұл адамдарда көру мүшесі,түйсігі мүлдем жоқ.Тек жарық түйсігі бар.Бұлар негізінде екіге бөлінеді:1) екі көзі мүлдем көрмейді;2)жарықты,түсті,бейнені қабылдай алады.
Нашар көретіндер- бұл көрудің бұзылуы көру өткірлігі 0,05-0,02 дейін түзету көзілдірік көмегі арқылы нашар көретін басқа көру қызметінің ауытқуы болуы мүмкін.
Тифлопедагогика арнайы педагогиканың бөлігі болып табылады. Тифлопедагогиканың негізін салушы француз ғалымы В.Галюи және Д.Дидро болып табылады.19ғ. бойынша соқыр балаларға арналған мектептер ашылды.1917 ж. Қазан революциясынан кейін соқыр балаларға арналған халықтық білім беру жүйесінің қосымша бөлігі болды.
1928ж. 1-ші советтік соқыр балаларға арналған мектеп программалары шығара бастады.30ж.ж басында нашар көретін балаларға арналған топтық жалпы білім беру мектептерінде алғаш кластар пайда болды.Ал,30ж аяғында нашар көретін балаларға арналған тұңғыш мектептер ашылды.Бұл жаңа бағыттың дамуына Ю.Жаринцова өз үлесін қосты. 30ж.осы мектептерде физика,математика,жаратылыстану пәндері оқытыла басталды.Жалпы осы тифлопедагогикаға өз үлесін қосқан және де көптеген әдістемелерін өңдеуде. Б.И.Коваленконың маңызы зор. Соқыр және көруі нашар болуы арнайы педагогикада психоденелібұзылысты қамтиды, көріп қабылдаудын шектеулілігі байқалады немесе олтіпті болмайды. Бұл жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына өз әсері тигізеді . Мұндай тұлғадағы балалардың қарым-қатынас жағдайы қалыс қалумен қатар,өлардың өзіндік белсенді қозғалысы бұзылады кеңістікті бағдарлай алуы ,ұғым түсініктер жөнінде білімінің қалыптасуы, затың-іс-әрекеттік кызметі ,эмоц-қ ерік сапасы еңбекке бейімделуі ,әлеуметтік коммукациясы бұзылады. Көрудің бұзылу себептері ;1.туғаннан, 2.жүре бара пайда болады.
Туғаннан: ішкі даму жағдайында тұкым қуалаудан,зақымдану әсерінен, созылмалы ауруға шалдығу .Жүре бара көру мүшелерінің ауруға ұшырауы ,орталық жүйне жүйесінің ауруға ұшады ,орғанизмнің жалпы асқынып ауруы, мидың травмалық соққыға ұшырауы. (бастың жарылуы,көздің жарақатталуы).Соқыр балалар –толықтай көру түйсігі бұзылған тұлғалар.Көруі бұзылған дәрежесіне қарай абсолюттік (тотольдік) –екі көзі соқыр көрмейтін, көру түйсігі (жарықты түйсіну және түсті ажырату ) толықтай болмаған ;практикалық соқыр, яғни жарықты түйсіну, жарықты қаранғыдан айыру ,зат пішінін ажырату, аздап қарай отырып жарық, түс,затпішінін қабылдай алуы.Нашар көретіндер; көруі бұзылған бырақ қарапайым түзету көзілдіректердің көмегімен көре алатын тұлғалар.Көзі нашар көретіндерге кеңістікті бағдарлау қиынға соғады. Оқу әрекетінде әсіресе оқуда және жазуда көру анализаторы негізгі орын алады. Қазіргі кезде көруді тузетуге арналған арнайы оптикалық құралдар пайдалануда .Контакт линзолар, лупа ,проекторлар, жарықты күшейту .