Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college


Тақырып: 9.5 Арнайы (түзету) топтарында қолданылатын зерттеу әдістері Жоспар



бет29/41
Дата19.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#172850
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
психология Байдильданова

Тақырып: 9.5 Арнайы (түзету) топтарында қолданылатын зерттеу әдістері
Жоспар:

  1. Мектепке дейінгі сурдопсихология

  2. Бақылау әдісінің негізгі мақсаты

  3. Мектеп жасына дейінгі сурдопсихологияның әдістерін қолданудың ерекшелігі



Тірек сөздер: сурдопсихология, анализ, коррекциялық, бақылау әдісі
Лекция 16
Мектепке дейінгі сурдопсихология , анализ және жалпы теориялық, практикалық материялдарды пайдаланып, есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу. Психологиялық-педагогикалық қажеттіліктерді меңгере отырып,естімейтін және нашар еститін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, коррекциялық жұмыстарды ұйымдастыруда мына әдістер қолданылады:бақылау,педагогикалық эксперимент,құжаттқа анализ жасау,бала жұмысын тексеру,әдебиет көздерін оқу. Бақылау әдісі мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеу мен коррекциялық жұмыс жүргізуге бағытталған. Бақылау әдісінің негізгі міндеті баланың іс-әрекетін,әр фактын анализдеу мен жүйелеу. Бақылау әдісінің негізгі мақсаты-әдістің мақсатын,объектін,өткізілу жоспары,қорытынды. Бақылау әдісін өткізуде мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балаларға қиындықпен жүзеге асады.Себебі баланың бағынбауы,дұрыс түсінбеуі көптеп кедергі келтіреді. Бұндай жағдайды болдырмау үшін баланы бөлек бөлмеге әйнектен бақылау немесе айнаның көмегімен бақылауға да болады.Бұл жағдай көбінше субъективті анық болмай шығуы мүмкін ,сондықтан бөлмеге видео,аудио,фотоопараттар пайдалануға болады. Құжатты анализдеу. Есту қабілеті зақымдалған баланың дамуын оның құжаттарымен танысу маңызды :баланың даму тарихы,ПМПК қорытындысы,аудиограмма және есту қабілеті туралы анықтама, ерте жастағы дамуы және т.б . медициналық құжатпен танысу баланың кемістігінің себебін, пайда болу уақытын,бұзылыстың құрылысын,басқада қосымша бұзылыстың болуын және баланы тәрбиелеуге маңызды. Психолгтің берген түйіндеме құжатының маңызы зор,ол баланың психикалық жан-жақты дамуын қарастырады. Ал педагогикалық тексерудің нәтижесінде құжаттамада: баланың тексеру пратаколы, мінездеме, жеке жұмыс дәптері және т.б.
Эксперимент. Бұл әдіс белсенді зерттеу болып табылады. Себебі, педагогикалық эксперимент белгілі бір мақсатқа көзделеді. Эксперимент әртүрлі мінезделеді:констатиралық немесе құрылымдық, жеке немесе топпен ,лабараторияда немесе балаға ынғайлы бөлмелерде жүгізіледі.Констстиялық экспериментте баланың дамуы ,бақылауда байқалмаған анықталады. Констиялық эксперимент мақсаты, әдістің өтуі, күтілген нәтижені нақты орындауға бағытталған. Бала жұмысын анықтау. Баланың жұмысы,мысалы баланың салған суреті,құрастырулары ,баланың даму деңгейін анықтауға,психикалық процесстерінің(назары,есте сақтау қабілеті,қабылдауы,ойлауы), анықтауға көмектеседі. Бала жұмысының нәтижесі диагностикалық материял болады.Онда баланың кейбір жеке қасиеттері де анықталады. Әңгіме,сұрақ-жауап,анкеталау,сұхбат алу әдісі көбінесе есту қабілеті зақымдалған баланың ата-анасымен және туыстарымен педагогтың көмегімен жүзеге асады.Онда баланың дамуы,үйде және бала бақшадағы тәрбиесі мен білім алуы туралы ақпарат жинау.Бұл әдістің нәтижелі болуы әңгімелесудің( анкеталау,сұқпаттасу) мақсатына,сұрақтың дұрыс қойылуына,жауапты дұрыс бағалауына байланысты. Бұл әдісті жүргізу сөздік қарым-қатынасты талап етеді. Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балаларда сөйлеу фазасы өте төмен жүргендіктен бұл қиын әдіс болып саналады.Әсіресе бүлдіршіндерде бұл әдіс аз нәтижелі болып табылады.Ал жоғарғы мектепке дейінгі жастағы есту қабілеті зақымдалған балаларда әңгімелесу өткізіледі .
Әдебиет көздерін пайдалану. Мектеп жасына дейінгі сурдопсихологияның тағы бір әдісі әдебиеттермен( теориялық) жұмыс. Сурдопсихологиялық әдебиеттерді пайдалана отырып ,бақылау,эксперимент,анкеталауәдістерінен басқа әдістерді құрастыру және дамыту. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы сурдопсихологиялық немесе судо-психологиялық (монография,ғылыми жұмыстардың жинағы,оқулықтар,методикалық көмектер);мектепке дейінгі сурдопсихология және психология әдебиеттері;дефектологиялық( олигофренапедагогика,логопедия және т.б.) туралы әдебиеттер.Сонымен қатар журналдар « Дефектология» , « мектепке дейінгі тәрбие» ,анықтамалар мен сөздіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет