Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college


Дамуынды бұзылысы бар балалардың іс-әрекет ерекшеліктері



бет26/41
Дата19.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#172850
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
психология Байдильданова

Дамуынды бұзылысы бар балалардың іс-әрекет ерекшеліктері

Ақыл-ойы зақымдалған балалар. Іс-әрекет барысында оны орындау тәсілдері қате екеніне көздері жетсе де, олар ешнәрсені өзгертуге тырыспайды,жаңа тәсілдерін іздестірмейді.Тағы да бір ерекшелік,балалар өткен тапсырманы орындау барысында алған тәжірибелерін келесі басқа тапсырманы орындауда да бұлжытпай пайдалануға бейім.Тапсырма орындау барысында кездескен сәл қиындықтардан балалар тез тайқи бастайды да,өзіңе таныс жеңілдеу тапсырмаларды орындауда қолданған тәсілдерін қолдануға тырысады,сөйтіп өздерінің ой еңбегін жеңілдетеді.Олар үшін ойын маңызды роль атқарады.Ақыл-ойы кем балалар сюжеттік –рольдік ойынды өздіктерімен меңгере алмайды,арнайы үйрету қажет.

ПДТ балалар. Жалпы ойын әрекеті эмоционалдық,қимыл-қозғалыстық,когнитивтік жағынан ПДТ балалардың өздерін барлық қырынан көрсетуіне шексіз мүмкіндік береді,сондықтан да олар үшін ойын өте маңызды роль атқарады. У.В.Ульенкова олардың оқуға деген әрекетін анықтады: түрткі,ынта,реттеу,бағдарлық.

Есту қабілеті зақымдалған балалар. Заттық әрекет дамуының алғышарты-заттармен әрекет жасауды ұзақ уақыт ішінде меңгеру болып табылады.Сюжеттік-рольдік ойын естімейтін балалардың мектепке дейінгі жасындағы жетекші әрекет.Негізгі ойлау операцияларының дамуындағы тежелумен байланысты естімейтін балаларда оқу әрекеттері бая қалыптасады.

Көру қабілеті зақымдалған балалар. Заттық іс-әрекетті игеру бала мен ересек адамның бірлескен ісіне сүйенеді,мұнда ересек адамдардың араласуы жетекші роль атқарады.Оларға ойын әрекеттерін меңгеру қиынға түседі.Көрмейтін және нашар көретін бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттерінің қалыптасуы өте ұзақ процесс.Бұл процестің негізі-саналы түрде білім алуға дайын болу.

Сөйлеуі зақымдалған балалар. Мдж сөйлеуі бұзылған балалар үшін ойын әрекеті олардың жеке тұлғасының жан-жақты дамуы мен зиятының дамуыны маңызды роль атқарады.Бірақ оларда кездесетін дыбыстау кемшіліктері,сөздік қордың шектеулілігі,грамматикалық құрылымның бұзылуы,сөйлеу әуезділігінің өзгеруі-мұның бәрі балалардың ойын әрекетіне де өз әсерін тигізеді,мінез-құлықтың өзгеруіне себеп болады.Сабақтарға дайындалу кезінде мұндай балалар тапсырманы орындаудың механикалық тәсілдеріне қарай жүгіреді,оқылған материалды мағыналандырғаннан гөрі механикалық түрде жаттап алуға бейім.

ТҚАЗ балалар. БЦП бар балалардың іс-әрекет түрлерінің дамуы бірқатар түрлерінің дамуы бірқатар ерекшеліктермен жүзеге асады.Бұл біріншіден, қимыл-қозғалыс патологиясымен байланысты, себебі, кез келген әрекет белсенді сыртқы операциялардың орындалуына, машық-дағдылардың, оның ішінде қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуына бағытталады.

Аутизмі бар балалар. Ерте жастағы ЕЖБА бар балаларға ойыншықты қажетсінбеу белгісі тән.Балалар ойыншықты ешқандай қызығушылықсыз қарайды, манипуляция жасауға ұмтылмайды.Олар өз беттерімен өлең шығару, әңгіме, хикая жазу,суреттер салу сияқты әрекеттері жиі кездеседі.Өзін тыңдайтын және қиялына кедергі жасамайтын ересек адамдарға жақын бола бастайды.

Күрделі кемістігі бар балалар. Мдж көрмейтін-естімейтін баланың қарым-қатынас жасауы алғашқы құралы – ым-ишарат тілі жетекші орынға шығады.Осы ым-ишарат көмегімен, ересек адамдардың жетелеуімен бала күнделікті тұрмыстық жағдаяттарды біртіндеп игереді.Күрделі кемістігі бар балалардың қоршаған орта туралы дұрыс мағлұмат алуына сурет салу,ойнау,құрастыру,саз балшықтан илеу сияқты жұмыстар көп септігін тигізеді.Балаларды ойнауға,басқа іс-әрекеттерге ересектер үйретеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет