Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college



бет38/41
Дата19.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#172850
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
психология Байдильданова

Әңгімелесу, әңгіме

1)ақыл белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Оқушы әңгімелесу барысында мұғалім мен жолдастарының қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өтілген материалды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады. Ә. әдісі оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер етеді. Ол оқытушының тәжірибесіне, кәсіптік шеберлігіне байланысты; 2) вербальдық (сөйлеу) қарым – қатынас негізінде ақпарат алу әдісі. Психологияның әр түрлі салаларында ( әлеуметтік, медициналық, балалар психологиясы және т.б.) көп қолданылады және сыналушыны психологиялық эксперимент жүргізу жағдаятына енгізудің, кірістірудің негізгі әдісі болып табылады.

Бақылау әдісі

(Метод наблюдения) - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Б.ә.тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.



Бихевиоризм

психология ғылымында 20 ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған механикалық теориялық және тәжірибелік бағыт. Бұл бағыт психикалық құбылыстардың бәрі организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіріштерге әсерленуіне орай дамиды, белгілі себепке, ынталандыру мен жағдайға байланысты болады деп санайды.

Бейсана

адамның психологиялық қасиет, процесс және кейіпінің санадан тыс көрнісі

Галлюцинация

перцептивтік іс-әрекеттің патологиялық бұзылуы; берілген сәтте тиісті сезім органдарына әсер етпейтін объектілерді қабылдауға саяды. Генетикалық психология - әдетте, даму психологиясы деп аталатын терминнің жақын синонимі ретінде қолданылады. Генетикалық психология көбінесе ересек организм мысалында қарастырылатын құбылыстарға негіз болатын даму процестерін зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет