Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі zhansugurov college



бет39/41
Дата19.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#172850
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
психология Байдильданова

Гуманистік психология

психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас жүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есептейтін бағыт.

Данышпандық

бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адамға тән психологиялық қасиет

Дарындылық 

үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі. Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілетілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі

Еңбек психологиясы

еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым

Ерік

дамның өз қызметін және әртүрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті. Еріктің негізгі функциялары: түрткілер мен мақсаттарды таңдау, іс-әрекет мотивациясы жеткіліксіз не басы артық болғанда іс-әрекетке деген ниет, ынтаны реттеу, психикалық процестерді адам атқаратын іс-әрекетке барабар жүйе етіп ұйымдастыру, қойылған мақсаттарға жетуде кедергілерден өтетіндей жағдаятта физикалық және психикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру.

Ес

сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс

Жас психологиясы

адам психикасының дамуын және оның жас тұрғысынан әртүрлі кезеңдерге ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы. Жас психологиясы бала психологиясын, ересек адамның жекелей даму психологиясын және геронтологиялық психологияны (қарттық психологиясын) қамтиды

Жеке тұлға

әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде

Зейін

адамның санасының айналадағы объектілердің, болып жатқан құбылыстар мен процестердің ішінен керектісін бөліп алып, назарын тұрақтатуы

Индивид

жекелей табиғи тіршілік иесі. Ноmо sаріеns түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет