Тақырып: 8.6 Мектепке дейінгі жастағы баланың мінез –құлық мотивтерінің мазмұны
Жоспар:
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер
Мінез –құлық мотвтері
Баланың жас ерекшелігіне сай мінез –құлқының дамуы, өзгеруі
Тірек сөздер: Мінез –құлық мотивтері, Циклоидті тип, Лабильді, Астено-невротикалық тип, Сензитивті, Психо-астеникалық , Шизоидті не уайымшыл, Эпилептоидті, Истероидті, Тұрақсыз тип, Экстравертивті тип, Интравертивті тип
Лекция 7
Бүгінгі таңда мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы даралық ерекшеліктер болып табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз -баланың белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктері ерте заманнан келеді, ол әр баланың өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) балалардың ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген
А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.
К.К.Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.
Мектеп жасына дейінгі әр жас кезеңнің баланың тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасатын кезең. Белгілі психолог Л.С.Выготский жастағы кезеңде екі үлкен өзгеріс болады: ол ағзадағы жетілу және өзінің “Мен” мәдениетінің ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы. Кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде балалардың көпшілігі “балабақшаға бейімделе алмауымен” ерекшеленеді. Шарт бойынша “балабақшаға бейімделе алмау” мектеп жасына дейінгі балаларға олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуымен көрініс береді. Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек, мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлықты тән ортақ қылық – ол ата-аналар мен тәрбиешілерге қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу тағы сол сияқты болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар жат қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі болуы. Екінші топқа жататындар балалар адамгершілік қадір-қасиеттерді төмендей бастаған, әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұл топқа тәртібі нашарлаған, жатады, – қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге бейімділіктері жоқ шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдай алмайды.
Сонымен баланың алғашқы адами құндылықтары , әрине , отбасыда қалыптасады. Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер, әртүрлі себептермен баласы жаман болған өзінде, ол ата-аналарды кінәләй бермей , бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, бұл біріншіден , ал, екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек, “қиын” балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді. Ол үшін: “Менің отбасым ”, -деген тақырыптарға, сурет салу, содан көп нәрсені білуге болады. Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрі алдын-ала, терең , жан - жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен,олардың тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшіліктерін ескере отырып жоспарланған болуы керек.
А.Бен, Т.Рибо, И.Кант, М.Фуле, А.Е.Личко, К.Леонгард сынды ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың мінезді зерттеп, бірнеше түрге, типтерге бөліп қарастырды.
1.Гипертимді тип. Қозғалысқа бейім тип. Тым көп қозғалатыны әсерінен тәртіпсіздікке де бой беріп жатады. Шулы ортаны, көпшілік жиналған жерді жақсы көреді. Өзгелердің алдында артықшылықтарын көртесіп қалғысы кеп тұрады, сөзшең. Мақтауды жаны сүйеді, өзінің де мақтаншақтығы бар. Көп нәрсеге аса қызығушылық танытады. Мимикалары айқын, оптимист. Бойында күш-қуаты мол.
2. Циклоидті тип. Көп жағдайда бейжай күй танытады. Жалғыздықты жаны сүйеді. Кез келген жағдайды, сөзді жүрегіне жақын қабылдайды. Сондықтан өзгеле р ескерту жасағанын еш ұнатпайды.
3. Лабильді не дистимді тип. Көңіл күйі ауа райынан өткен құбылмалы. Өзіне өзгелердің көзқарасы қандай екенін бірден байқайды, оған тәуелді кездері де болады. Көңіл күйі нашарлаған кезінде жақындары жанынан табылып, қолдау көрсеткені абзал. Бұл типтегі жандар достарының қолдауын аса жоғары бағалайды. Көп сөйлей бермейді, баяу ойланады. Үйде, жалғыздықта болуды жаны қалайды. Ұрыс-керістен бойын аулақ салады. Әділ, байсалды, тиянақты.
4. Астено-невротикалық тип. Ақыл-ой жұмысынан тез жалығып, шаршайды. Көп жағдайда қалжыраған, көңілсіз күйде жүреді. Қырсықтық қасиеті де бар. Топпен жұмыс істей білмейді. Қақтығысқа бейім. Жай уақытта таза, ұқыпты, балаларды жақсы көреді. Ашуы келгенде дүниені төңкеріп тастауға бар.
5. Сензитивті не тежелгіш тип. Көпшілік жиналған жерді, үлкен компанияларды ұнатпайды. Ондай жерде өзін жайсыз сезінетіндіктен сырт көзге тұйық боп көрінеді. Бейтаныс ортаға бейімделуі қиын. Ал достарының арасында ашық жарқын, әзілқой. Жолдас таңдауда қателікке бой ұрмайды. Ірілік, ерлік мінезі бар. Құмар ойындарға жаны қас. Басқа балаларға қарағанад ата-анасына тым жақын келеді. Өзіне де, өзгелерге де жоғары талаптар қояды. Мойнына алған жұмыстан нәтиже шығармай қоймайды. Өзіне сенімді, сезімтал, қызғаншақ. Ар-намысты бәрінен жоғары қояды.
6. Психо-астеникалық не педантты тип. Өз-өзіне де, өзгелерге де баға беруге бейім. Жұмыста басқаларға зор талап қояды, ал лидерлікті кейде басқаларға береді, өзіне сенімді. Интеллектісі тез дамиды. Айналасындағы жағдайларды өзгелермен талқылап жүреді, сол арқылы кез келген жайдың дұрыс шешімдерін ойластырып қойды. Аздап салғырттығы, абайсыздығы бар. Жанжал туса да бейжай, сабырлы қалпында қала береді. Өзі соқтыққанды аямайды. Тез шешім қабылдайды. Жиі ой үстінде жүреді.
7. Шизоидті не уайымшыл тип. Тұйық, ұялшақ, адамдармен ашылысып сөйлесе бермейді. Өзгелерді ұнатып, жақтырмай отырғанын көзқарасымен бірден білдіреді. Ойларын сыртқа ашық айта бермейді, алайда алтын сандықтың кілтін тауып сөйлесе алған адам ішкі жаны терең қиялға толы екенін аңғарады. Өз қатарластарына қарағанда, үлкендермен әңгімелескенді, бірге болғанды жақсы көреді. Қалжың көтере біледі. Мақсатына жетпей қоймайды.
8. Эпилептоидті не эмотивті тип. Көп жағдайда көз жасыммен қорқытамын деген шешімге келеді, өзгелердің жиі мазасын алады. Өзін басқалардан жоғары санайды. Мансапта биікке көтерілу үшін бастықтардың алдында құрдай жорғалап, қолынан келгеннің бәрін жасайды. Өзін өте жақсы көреді. Жауапкершілігі бар, тым сезімтал.
9. Истероидті тип. Үнемі жұртшылық назарында болуды қалайды. Ол елеусіз қалып, басқаларды мақтап жатса, жақтырмайды. Қай-қай жерде де көшбасшы болғысы келеді. Өзіне тым сенімділігі өзгелерге ұнамайды. Басқаларға ұқсамайды, басқаша ойлайды. Эгоист, екі жүзді, жұмыстан қашады.
10. Тұрақсыз тип. Ерік-жігері төмен, өздігінен шешім қабылдай алмайды. Өлі балықтай өмір ағысымен қалқи береді. Жұмыссыздықты, той-думанды жақсы көреді. Кәсіби қызығушылығы жоқ, болашағына алаңдамайды. Айналасында барлық құбылысқа аузын ашып таңырқап жүреді.
11. Экстравертивті тип. Достары, таныстары өте көп. Ешкімнің сұрауын жауапсыз қалдырмайды. Сұхбаттасушысын зейін қойып тыңдайды. Достары мен жақындарына лидерлікті береді. Көп нәрсені ойланбай істейді. Әңгіме айтып отыруға құмар. Уақытты көңілді өткізуді қалайды.
12. Интравертивті тип. Тұйық, данышпандыққа бейім. Жалғыздықты сүйеді. Өміріне, жеке кеңістігіне біреу кірген кезде ғана шу шығарады. Ұстамды, белгілі ұстанымдармен өмір сүреді. Бірбеткей, идеяларын басқаларға мойындатқысы келеді. Ойы қате болса да, соңына дейін дәлелдеп бағады. Балалардын қарапайым мінез-құлқы туған күнінен бастап –ақ көрінеді. Бала есейген сайын мінез-құлқы біртіндеп өзгере түседі. Мектеп жасына дейінгі балалар екі жастан асқаннан кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибесі арта түседі , қиялдай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің талап-тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері әлі де болса саналы бола қоймайды, тек мінез-құлық сипатта ғана жүзеге асады. Екі жарым жасар бала қол – аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны ашып жылаған.
Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіні ұстап алайын деп тұрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт – бес жасар балаларда жоғары сезімдердің (моральдық, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы жастағы баладан: «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең, «Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың» - деп жауап береді.Төрт жасқа аяқ басқан бала әкесінің жаңа костюм кигенін көріп: «сен сұлусың», - дейді.
Бес-алты жас балалар жоғарылап, есейген сайын жаман қылықтарынан арыла бастайды. Тәрбиешінің ерік – жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі балаларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен, біреу күлсе, ғана қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.
Жеті жас балалар мінез-құлық сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу – бәрі де олардың қажеттерінің өтелу – өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайларда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың мінезіне, сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.
Мінез-құлық — мектеп жасына дейінгі баланың тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Бала бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр баланың өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқа расы, мақсат-мұраты көрініс береді. Бала өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық баланың өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар «мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа балалармен қатынаса отырып әр бала өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі баланың мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол баламен қатынасудың тиімді стильлін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Қоғамға балаларға адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ізгіліктілік, шыншылдық, әділеттілік – адамгершілік дамудың жоғары сатысын сипаттайды. Өзімшілдік, қатігездік, жалғандық, керісінше, мінездегі адамгершіліктің таяздығына көрсеткіш. Басқа балалармен қатынаста коммуникативті қатынастар ерекше орын алады: мейірмандық, елгезектік, сезімталдық, ашықтық, шыншылдық, сыпайылық. Мұндай мінез сапаларының иегері түрліше жағдайларда тиімді қарым-қатынаста бола алады: отбасында, балабақшада , достарымен. Олар әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға қатысты туындайтын психологиялық бөгеттерді, не қарым-қатынас барысында пайда болған негативті сезімдерді, мысалы, сенімсіздік, қызғаныш, жаратпаушылықты, оңай жеңеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың өзіне деген қатынасы өзіндік таным құрылымында когнитивті, эмоциональді, бағалаушы компоненті ретінде қалыптасады. Ерте балалық шақтан бастап, бүкіл өмір бойы қоршаған адамдар баланың әрекет-қылықтарын бағалап өтеді. Бұл қатынас адамның өз-өзіне деген ішкі психологиялық қатынасына, мінез сапасына айналады. Балаға деген қатынас типінің басымдылығына қатысты мінезде қарапайымдылық не масаттанушылық, өзіндік сыншылдық не өз-өзіне сенімділік, намысшылдқ не бәсеңдік, өз-өзін бағалау немесе толымсыздық сезімі пайда болады. Баланың заттарға қатынасы да аса маңызды. Нәресте туғанынан басқа адамдардың еңбегімен жасалған заттарды қолданады. Жасы өскен сайын баланың заттарға деген қажеттіліктері арта түседі. Заттар дегеніміз - ойыншықтар, кітаптар, киімдер, ыдыстар, т.б. Бір бала ойыншығын сындырса, оған ұрысады, ал екіншісіне келесіні сатып әпереді. Бір бала жолдасына өз ойыншығын бермесе, келісі бірі өз ойыншықтарын таратып салады. Осыдан біртіндеп балада ұқыптылық, ашықтық не негативті қасиеттер жинақталады.
Балабақшада баланың мінез-құлқы жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, космонавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу – кез – келген баланың арманы.
Мінез-құлықтың ықпалымен орындалатын әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады. Үлкендер балаға «Барып кел, алып кел, үйдің суретін сал» деген сияқты тапсырмалар береді. Бала үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады. Одардың мінез-құлықтары , еркі тұрақсыз болып, іс-әрекет үстінде туғызса, өз бойына лайық қажыр, қайрат, табандылық көрсетеді. Баланың еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйрете бастаудың, яғни өз қозғалысын денесін басқара алуынан басталады. Баланың еркі әліде дамып жетілмеген, олар бір нәрсені саналы түрде ұғып істеуден гөрі сол нәрсенің оларды көңіл-күйіне әсер еткен әсеріне бағынып істеуі басым болады. Бұл кезде бала әрекетті ақыл-ой таразысына салмай дұрыс-бұрыстығын ойламай істей береді, өйткені олар да өздерінің ісін сана – сезіміне бағындыру жеткіліксіз болады. Ұстамдылық қасиеті де дамымаған. Бұл кезде балалар да айтқанды ұғып, оған сенушілігі күшті болады. Ал жасы есейген сайын айтқанға сену кеміп отырады және айтқанды ұғып, оған сенушілікке байланысты бала еліктеуге де өте бейім болады. Ойнаған ойынында да кейіпкерлерге мінез-құлқына еліктейді. Ертедегі кейіпкерлерге ұқсап солардай болуға қатты асығады. Балалар еліктеуге құмар болғандықтан, өзінің жақын адамдарына тәрбиеші апайларға ұқсауға тырысады. Кім не айтса соның дұрыс бұрыстығын талғамай, тез орындауға әзір тұрады. Бала өзін-өзі басқара алмайтындықтан үлкендер дұрыс жолға салып, бағыт беріп отыруы қажет. Баланың ерік әрекетін тәрбиелеу жас кезеңнен басталды. Тілі шығып жүре бастағаннан кейін әр нәрсені өзі орындауға тырысады. Мектепке дейінгі кезеңде рольдік, қимылды, спорттық, құрылыс құрастыру ойындары арқылы баланың ерік-сапаларын қалыптастыруға болады. Ұжымдық өмір-ұжымдық еңбек ерік әрекетін дамытуға итермелейтін себепші құрал болып табылады.
• Үйлесімді мінез типі–қоршаған ортаға икемделігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді балада ішкі қарама–қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен істеген іс бір–біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді.
•Іштей қарама–қарсылықты,бірақсырттай келісімді мінезді бала. Бұл типті баланың ішкі ниеттері мен сырт әрекет–қылығы арасында келіспестік бола тұрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын іздестіруге дайын тұрады.
• Икемі кем, қарама–қарсылықты мінез бала: көңіл–күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бұл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет–қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты–тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жұмсамай–ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.
• Тиянақсыз мінезді бала–бағыт–бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке балалық деңгейі төмен. Тұрақты мінез-құлығы қаланбаған, осыдан барша іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас балаларына жағымпаздану бұл баланың бойына сіңген мінездік көрініс.
Достарыңызбен бөлісу: |