Олигофренопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Олигофренопедагогика ғылым ретінде аралас ғылымдармен қатар тығыз байланысып дамиды, оларды шартты түрде төрт блокқа бөлуге болады: фәлсафалық (философиялық), медициналық, психологиялық және педагогикалық ғылым ретінде (схема-1). Фәлсафалық ғылымдар маңызды концептуальдымәселереді қарастыруға мүмкіндік береді, яғни ол ақылы төмен тұлғалардың көмегімен байланысты : бұл адамдарды құқықтық қорғау, осы категория бойынша тұлғалардың әлеуметтік қатынасын қоғам мүшелерінің тәртіп механизмдерін өңдеу болады. Бұл блокқа фәлсафа, этика, құқық, әлеуметтану жатады.
Медициналық ғылымдар ақыл-ойында ауытқуыдың пайда болуының биологиялық себептерін көруге көмектеседі, организмде пайда болған өзгерістердің маңызын түсіндіреді. Ақыл-ойы төмен балалардың даму ерекшеліктерін түсінуге және оның жалпы білім беру бағытын дұрыс таңдауға көмектеседі. Бұл блокқа анатомия, физиология, нейрофизиология, невропотология, психопотология, психиатрия, генетика, педиатрия.
Психологиялық ғылым интеллектісінің дамуының заңдылығын анықтауға, олардың психологиялық процестерінің ерекшеліктерін қолданылатын педагогикалық әдістермен және тәсілдердің ғылыми негізіне мүмкіндік береді. Бұл блокқа жалпы психология, адам психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, педагогикалық психология, арнайы психология, олигофренопсихология жатады.
Педагогикалық ғылым интеллектісінде ауытқуы бар балаларды оқыту мазмұны және тәрбиелеу мақсаттарының, мәселелерінің, қағидаларының, спецификасын анықтайды. Бұл ғылымға жалпы педагогика, дидактика, тәрбиелік жұмыстың методикасы, әлеуметтік педагогика, арнайы педагогика жатады.
Олигофренопедагогиканың зерттеу әдістері. Олигофренопедагогика ғылым ретінде келесідей зерттеу әдістерін қолданады: бақылау, әңгімелесі, анкета жасау, балалардың өнімділік қызметін зерттеу, психолого- педагогикалық құжаттарды зерттеу, эксперимент.
Бақылау- қандайда бір педагогикалық құбылыстарды бір бағытты, процесте зерттеуші нақты белгіленген материал алады. Бақылаудың мақсаты, мәселесі, объектісі болады. Зерттелуші объектіге әсер ететін бақылау тәсілін таңдайды және қажетті ақпараттарды жиналуын қамтамасыз етеді. Бақылаудың жазбалары (хаттамалар) жүргізіледі, алынған ақпараттар өңделеді.
Әңгімелесу - зерттеудің өзбетінще немесе қосымша әдісі, қажетті ақпаратты алу мақсатында қолданылады немесе бақылау барысында анық болмаған жағдайды шешу үшін қолданылады. Әңгімелесу анықтауды талап ету мәселесі бойынша алдын –ала жоспарланған сұрақтар бойынша жүргізіледі.
Анкета жасау – анкета бойынша жалпы ақпараттар жинау әдісі. Яғни анкета кімге арналған болса, сол тұлғалар сұрақтарға жазбаша жауап береді.
Психологиялық-педагогикалық құжаттарды зерттеу (балалардың жеке істері, медициналық карталары, психолого-педагогикалық мінездемелері, бақылау күнделіктері, сынып журналы, жиналыс хаттамалары, жиналыстар) бірнеше объективті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.
Олигофренопедагогика әдісінінің маңызды ролі эксперимент – мазмұны, әдісі немесе тәсілі бойынша педагогикалық тиімділікті анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру. Эксперимент төрт этапты құрайды: теоретикалық – зерттеу пәнінің және объектісінің мәселелерін қою, мақсаттарын анықтау, сонымен қатар болжамдарын да анықтау болады; әдістемелік – зерттеу әдістемелерін өңдеу, алынған нәтижелерді өңдеу әдісі; эксперименттің өзі – тапсырмалар, жаттығулар кешенінің серияларын жүргізу.; аналитикалық – алынған мәліметтерді сандық және сапалық талдау, олардың тәжірибелік ұсыныстарын және қорытындыларын қалыптастыру. Мақсаттың соңында эксперимент құрастырушы, үйретуші және бақылаушы болуы мүмкін болады.
Бұл тұрақты, танымдылық қызмет артықшылығының қайтарымсыз бұзылуы, сонымен қатар еркін-эмоциональды және тәрбиелік ортаның, бас ми қабығының органикалық зақымдануына негізделіп, диффуззиялық сипаты болады. Көпшілігінде ақыл-ойы төмен тұлғаларда медициналық сараптамасы (диогнозы) олигофрения болады. Олардың бас миының нерв жасушалары анасының ішіндегі даму кезеңінде жарақаттанған немесе босану және өмірінің алғашқы үш айларында болуы да мүмкін. Олардың көпшілігі толықтай дені сау болады. Оларда психикалық аурулар белгіленбейді, бірақ бастапқы даму этаптары жәй және түрлі болады. Яғни жоғарғы психикалық қызметтерінің дамуы тоқтатылып көрсетілген және ерікті назар аудару, қабылдау, есте сақтау, логикалық-сөйлеп ойлану мүмкіндіктері шектеулі болады, ол балалардың танымдылық қызметін қиындатып, оларды оқыту үшін арнайы жағдайларды жасайды.
Мидың бір қалыпты қалыптасуының (3 жастан кейін) нәтижесінде ақыл-ойының зақымдануының пайда болуы деменция деп аталады. Бас миының орталық нерв жүйесінің әртүрлі ауруларымен (менингит, энцафалит, менингоэнцафалит және т.б.) зақымдану нәтижесінде қалыптасқан психикалық қызметтері төмендеп, жоғалтады. Мысалы, 4 жасар балада деменция сөйлеу және өзіне- өзі қызмет жасауы төмендеу кезеңінде және ойынға, суретке қызығушылығы төмендеген жағдайда пайда болуы мүмкін.
Ерекше топты құрайтын тұлғалар, олардың ақылы төмен ағымдық орталық нерв жүйесінің ауруларымен үйлеседі, олар: шизофрения, эпилепсия және т.б. Бұл аурулар қозу кезінде психикалық құрылымы төмендеп, ақыл-ой өрісі қалып төмендеп, ауыр дәрежесіне жетеді. Эмоциональды-ерік сферасында спецификалық ерекшеліктері пайда болады. Уақытысында емделу аурудың алдын алуға немесе аурудың қозуын тоқтатады.
Қазіргі уақытта жиі ақыл-ойы төмен балаларда қосымша психопатологиялық синдромдары күрделенуі жиі кездеседі: гипердинамикалық, психопаттәріздес, эпилептіпішінді, нервтәріздес.
Ақыл-ойында ауытқуы бар тұлғалардың құрамы себебі және бас миының зақымдану уақыты бойынша, сонымен қатар клиникалық суреттердің ауырлық дәрежесі және психология-педагогикалық мінездемесі бойынша түрлі болады.Халықаралық келісім жіктелуімен (МКБ-10), ақыл-ойы кем пішіндерінің төрт түрі анықталады: жеңіл (IQ – 40 – 69), қонымды (умеренную) (IQ-35-49), ауыр (IQ-20-34) және терең (IQ 20-дан төмен).
Отандық олигофренопедагогикада қазіргі уақытқа дейін басқа жіктеме (МКБ-9) кеңінен қолданылды, осыған сәйкес ақылы-ойы кем балаларды үш дәрежеге бөлді: дебильдік, имбецильдік, идиотизм.
Ақылы төменнің жеңіл дәрежесі – ақымақтық (дебилность)- басқа пішіндерге қарағанда жиі кездеседі. Осындай балалар физикалық дамуы өзінің қатарластарынан қалып кетеді. Танымдылық қызметінің ауытқуы олардың оқуын ұйымдастыруда (балабақшада немесе мектепте) анық көрінеді. Олар басқа балаларға қарағанда материал бағдарламасын меңгере алмайды, арнайы білім беру жағдайларды талап етеді. Бұл жағдайларды арнайы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде және арнайы (коррекционды) VIII түрлі жалпы білім беру мектептерінде жүзеге асырылады. Интеллектісінде ауытқуы бар тұлғаларға мектепті аяқтағаннан кейін алынған мамандығы өндірісте еңбектеніп және өз бетінше өмір сүре алады, ал кейбіреулері оқуын өндірістік училищеде жалғастырады. Олар өз-өздеріне жауап бере алады, яғни оларды қоғам заң алдында өз әрекеттеріне жауап береді, азаматтық борышын өтейді, мүлікке мұра бола алады, сайлауға міндетті түрде қатыса алады деп мойындайды. Қалыпты (умеренная) ақылының төмендігі ақымақтықпен және имбецильдік арасындағы шектелуі болады. Бұл балалар, арнайы (коррекционды) VIII түрлі мектепте оқып, ерекше топпен бөлінеді. Бірақ олардың барлығы оқу бағдарламасын меңгере алмайды. Қалыпты ақылы төмен жас және үлкен адамдар қомқоршыны қажет етеді. Сонымен қатар көптеген мемлекеттерде оларға коррекционды – даму қызметімен тәжірибеленеді.Ауыр ақылы төмен – имбецильдік – баланың дамуының ерте кезеңінде анықталады. Нәресте кезеңінде бұл балалар басын кеш ұстайды (4-6 айларынан немесе одан да жоғары), өз бетінше аунау, отыру да кеш болады. Олардың жүруі де кеш болады (3 жастан жоғары). Оларда іс-жүзінде уілдеу, балбырлау «жандану кешені» қалыптаспаған болады. Сөйлеу қабілеттері мектепке дейінгі жастың соңында пайда болады, оның ішінде жеке сөздер, сирек сөздер пайда болады. Көптеген дыбыстарды дұрыс дыбыстамай, қызметтері зардап шегеді. Сондықтан бұл балалар өз-өзіне қызмет жасауды кеш бастайды. Олардың танымдылық қызметі бірден төмендейді: сезгіштік, қабылдау, есте сақтау, назар аудару, ойлану қабілеттері дөрекі бұзылған. Олар оқу материалдарын меңгере алмайды, сондықтан ерекше бағдарлама бойынша оқытылады. Мектепті аяқтағаннан кейін ғана қарапайым жұмысты атқара алады. Ақыл-ойының ауытқуы терең – идиотия – бала өмірінің алғашқы айларында анықталады. Бұл балалардың сезімталдық, бақылау қызметтері өте төмен болады. Олар үлкейген кезде де қабілеттері төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |