Тыйым
«Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі– тыйым. Бұл балалар мен жастарды
жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан
педагогикалық ұғым. Осы арқылы
олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің
жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою
ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
Араша
Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағыадамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс.
«Араша» деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.
Бала туған, келін түсірген т.б. сол сияқты қуанышқа «қайырлы болсын» айту ата салтымыз. Ол сол адамдарға
деген ыстық ықыластың, қуанышқа ортақ екендігінің белгісі.