Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет34/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

Әдебиет

 

1.  Құдайбердіұлы Ш. Үш Анық. — Алматы: 1991. 12-бет 

2.  Сегизбаев О. Казахская философия XV-начала ХХ вв. –А:1996. 38-бет. 

3.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы  

/Дәстүрлілік пен жаңашылдық философиясы, «Раритет», —Алматы: 

2006. 265-266, 267, 270, 272, 284, 292 -беттер. 

4.  Құдайбердиев Ш. Шығармалары. «Жазушы», —Алматы: 1988.15-бет 

5.  Шаймерденұлы  Е.  Ақыл-ой  антологиясы/  Қазақ  афористикасы: 

бағзыдан бүгінге дейін. Шәкәрім. «Өлке», —Алматы: 2009.  

6.  Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. –Алматы: 1992. 34-бет. 

7.  Құдайбердіұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалар. –Алматы: 1988. 64-бет. 

8.  Әуезов М.О. Абай Құнанбаев: мақалалар мен зерттеулер. «Ғылым»,  

—Алматы: 1967. 244-бет. 

 

 



 

 

 



341 

 

          XIX-шы  ғасырдың  екінші  жартысында  пайда  болған  және  қоғамдық 



сананың  дамуына  жол  бастаған  ағартушылық-демократиялық  ойдың 

мәселесіне  келсек,  оны  мынадай  методикалық  және  теориялық  қағидалар 

негізінде көреміз: 

         Біріншіден,  қарастырылып  отырған  ағартушылық  идеология  мәселесі 

нақты тарихи шындық. Ресейге қосылу, оның мәдениетімен танысу және сол 

арқылы  европалық  өркениеттен  сусындау  –  Ресейдің  қолы  астында 

болғанымызбен,  қазақ  ағартушылығы  дүниежүзілік  ағартушылық  ойдан 

оқшауланбай,  керісінше,  онымен  ортақтастықта-  XIX-ғасырдың  екінші 

жартысы мен XX-ғасырдың басындағы жалпыресейлік қозғалыстың ықпалы 

тиген дербес құбылыс ретінде дамыды. 

          Екіншіден,  осы  ағартушылық  идеологияның  басты  ерекшелігі  оның 

азаттыққа, бостандық пен теңдікке ұмтылыс ниетіндегі Совет өкіметіне дейін 

және  сол  өкімет  тұсында  өз  мәнін  жоймаған  негізгі  идеялық  бағыт  ретінде 

сақталынуында.  Патша  өкіметі  мен  сталиндік  репрессия  зардаптарын 

басынан  өткізген,  әділет  пен  шындық  жолында  қазақтың  мұң-мұқтажын 

жоқтаған  зиялы  азаматтардың  ұлттың  санасын  оятуға,  білімге,  оқу-ағартуға 

үндеген  еңбектері  қазақтың  бостандығы  мен  теңдігі  жолындағы  күреспен 

тығыз байланысты болды. 

         Үшіншіден,  қазақ  ағартушылығы  күрделі  де  қайшылыққа  толы 

эволюциялық  даму  сатысынан  өтті.  Ол  даму  реакциялық  идеялық 

бағыттармен  күреске  толы  болды.  XIX-ғасырдың  екінші  жартысы  –  XX-

ғасырдың  бас  кезеңінің  өн  бойында  ағартушы-демократтар  исламның 

феодалды-клерикалды  идеологиясымен  және  әр  түрлі  діни-мистикалық 

бағыттармен  арпалысты.  Қоғамдық-саяси  өмірдің  маңызды  бағыттары  мен 

ілімдері  де  жеткілікті  болатын.  Оларға  XIX-ғасырдың  орта  тұсында  пайда 

болған  дәстүрлі-консервативті  шаманизм  бағытын,  XIX-ғасырдың  аяғында 

діни-реформаторлық жадидизмді, Ресейдің мұсылман халықтары арасындағы 

панисламизм мен пантюркизм ілімдерін жатқызуға болады.  

        Төртіншіден,  Қазақ  Елінде  ағартушылық  ойдың  қалыптасуына  XIX-

ғасырдың  40-60  жылдарындағы  орыс  ағартушыларының,  әсіресе, 

революциялық  демократизмнің  ықпалы  қатты  әсер  етті.  Революциялық 

демократизмді  практикалық  іс-әрекетке  жетекші  етіп,  идеялық  бағдарға  ала 

отырса  да,  нақты  тарихи  жағдайда  қазақтың  екіжақты  –  әлеуметтік  және 

ұлттық  қанаушылық  пен  жалпы  аймақтық  артта  қалушылық  себептеріне 

байланысты  қазақтың  ойшыл-демократтары    тұтас  алғанда  типтік 

ағартушылық позицияны ұстанды. 

         Бесіншіден,  қазақтың  ойшыл-демократтары  ағартушылық  позицияда 

қалғанымен,  аңсаған  қоғамды  төңкеріс  жолымен  орнату  әдістерін  де 

қарастырған.  Әйтсе  де  барлығы  еркін,  азат  қоғам  құрудың  бейбіт  жолын 

таңдады:  жоғарғылардың  реформасы  көмегімен  немесе  «әділ»,  «таза»  білім 

мен басқару және ағарту, ғылым-білім арқылы қазақтың көзін ашып, көңілін 

оятып, өздерін-өздеріне танытып, ескіліктен, езгіден арылтпақ болды.  

         Алтыншыдан,  «артта  қалушылық»  және  дәстүршілдік  ұғымдары 

жалпы  Шығыс  мәдениетінің  мәңгі-бақи  арылмайтын  атрибуттары  деген 



342 

 

сияқты абстрактылы және табиғатынан ғылымға, тарихи обьективтілікке сай 



келмейтін  тұжырымдама,  біріңғай,  іштей  біркелкі  Шығыс  феноменін 

түбегейлі  айырмашылығы  бар  Батыс  феноменін  мойындау,  екіншіден, 

«тоқырау»,  «артта  қалу»  құбылыстарын  метафизикалық  абсолюттендіру 

оларды тек Шығысқа имманентті деген түсінікке негізделген. 

         Жетіншіден,  қазақ  ағартушы-демократтарына  қоғамдық  прогресс 

жолындағы  күресті  француз  немесе  орыс  ағартушылары  сияқты 

феодализмнің  немесе  крепостнойлық  тәртіптің  ыдырауы  жағдайында  емес, 

үзілмей  жалғасып  келе  жатқан  патриархалды-феодалдық  қатынас  үстемдігі 

кезеңінде жүргізуге тура келді (Ғабитов Т.Философия. «Раритет», —Алматы: 

2004./Ағартушылар философиясы. 125-128 беттер).  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


343 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XX–ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ  

ОЙ-ПІКІРЛЕР 

 

 

 

 

 

 

 

344 

 

         XX-ғасырдың  басында  қазақ  топырағында  бір  топ  талантты  ойшыл 



ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине оларды дүниеге келтірген 

қоғамдық жағдайлар, ең алдымен ол 1861 жылдан бастап басыбайлық құқық 

жойылғаннан  кейін  Ресей  құлаш  жайып,  дами  бастады.  Капитализм  XX  - 

ғасырдың    басында  Батыс  Европа  елдерінде  империализмге  ұласты, 

отаршылдық  езгі  күшейді.  Соған  сәйкес  Ресейдің  орталық  аудандарында 

революциялық  қозғалыс,  ал  шет  аймақтарында  ұлт-азаттық  қозғалыс  пайда 

болып,  күшейе  түсті.  Ұлт  аймақтарында  өсіп  шыға  бастаған  зиялылар 

өкілдерінің  ұлттық  сана-сезімі  оянып,  олар  ұлттық  теңсіздікке,  езгіге 

наразылығын білдірді, бостандықтың жолдарын іздестірді. 

Шығармалары: 

        XX-ғасырдың  басында  сана-сезімі  оянған  ұлт-азаттық  қозғалысы 

өкілдерінің  екінші бір  арманы надандықтан   арылу,  қазақтың  санасын  ояту, 

әйел  теңдігін  жақтау,  керенаулықтан  құтылу  болды.  Мұны  С.Көбеевтің 

«Қалың  мал»  романы,  М.Дулатовтың  «Бақытсыз  Жамал»  романы, 

С.Торайғыровтың  «Қамар  сұлу»,  «Кім  жазықты»  романдары,  М.Әуезовтың 

«Қорғансыздың  күні»  деген  әңгімесі,  т.б.  көрсетеді.  Бұл  шығармаларда 

ғасырлардан  келе  жатқан  әлеуметтік  теңсіздік,  қыздарды  малға  сату, 

шалдарға  еріксіз  тоқал  ету  сияқты  ескі  реакциялық  әдет-ғұрыптар 

әшкереленді.  

        Сол 

кездегі 


қазақтың 

алдыңғы 


қатарлы 

ойшыл–азаматтарын 

ойландырған қандай мәселелер?  

        Ең  алдымен  оларды  ел  тағдыры,  отаршылдық  бұғаудан  құтылу,  дербес 

тәуелсіздік  мемлекет  құру  жайы  толғандырды.  Өйткені  патшалық  Ресей 

Қазақ  Еліндегі  басқа  ұлт–аймақтары  сияқты  өзіне  қосып  алған  соң,  қазақ 

жерлерін  Ресейдің  меншігі  деп  жариялап,  отаршылдық  тәртіп  орнатты, 

құнарлы  жерден,  өзен-көл  жағаларынан,  тау  етектерінен  қазақтарды 

ығыстырып  шығарып,  оларды  құнарсыз,  шөлейт  жерлерге  айдап  салды, 

әскери 


бекіністер 

орнатып, 

Ресейден 

помещиктердің 

бұғауынан 

босағанымен,  жерсіз,  шаруашылықсыз  қалған  жүз  сыңдаған  орыс 

шаруаларын  (қарашекпенділерді)  әкеліп  қоныстандырды,  орыс-казак  әскери 

қолдарын орналастырып, бекіністер  салды,  тарихи жер-су  аттарын өзгертіп, 

орысша  атады,  олардың  бұрынғы  табиғи  қалыптасқан  атауларын  ел 

санасынан  өшіріп,  ұмыттыра  бастады.  Бұл  алдын  ала  ойластырылған, 

халықтың  қанын  теспей  соратын  нағыз  отаршыл  басқыншылардың 

Америкада  байырғы  үндістерге  қолданған  жауыз,  айуандық  әрекетіне  ұқсас 

саясат  болатын.  Отаршылдық  саясат  бойынша  қазақтың  атын  да  «Киргиз» 

деп өзгертіп, не бұратана, тіпті дала адамы (степняк) деп кемісітіп, оларды өз 

мекенінен айырмақ болды. Жергілікті халық екі түрлі қыспаққа қалды: бірі– 

отаршылдық  езгі  де,  екіншісі  –  жергілікті  үстем  тап  езгісі.  Бірақ  қазақтар 

американдық  үндістерге  қарағанда  мыңдаған  жылдарға  тамыр  тартқан 

тарихи  мәдениеті  қалыптасқан,  үлкен адамгершілік  әдет-ғұрыпты,  ар-намыс 

пен  сыпайылықты  дәріптеп,  сыйлаған  озық  ойлы  болатын.  Олар  мұндай 

қорлыққа  төзбеді.  Олар,  бір  жағынан,  қарапайым  орыстан  өзіне  жақын  дос 

тапса,  екінші  жағынан,  отаршылардан  қастандық,  арамдық  көрді. 


345 

 

Отаршылдыққа  әбден  наразы  болған  Шортанбай  Қанайұлы  (1818-1881), 



Дулат  Бабатайұлы  (1802-1871)  және  Мұрат  Мөңкеұлы  сияқты  ақындар, 

былайша айтқанда «Зар-заман» өкілдері қазақтың жерін тартып алуға, әдет-

ғұрыпты  таптаушылыққа  қарсылық  білдірді.  Қазақтың  соңғы  ханы  –

Кенесары  Қасымұлы,  Махамбет  Өтемісұлы,  Жанқожа  Нұрмұхаметұлы, 

Аманкелді  Иманұлы,  Бекболат  Әшекейұлы  басқарған  ұлт-азаттық 

көтерілістері  шықты.  Патша  өкіметі  бұл  көтерілістерді  аямай  басу  үшін 

жазалау отрядтарын жіберіп, қарапайым барша халықты қырғынға салды.  

         XX  ғасырдың  басында  қазақтардан  С.Торайғыров,  А.Байтұрсынов, 

Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейхан,  Ш.Шоқай, М.Дулатов, Н.Төреқұлов сияқты озық 

ойлы топ қоғам қайраткерлері саяси аренаға шықты.  



Қоғамдық–саяси көзқарастары: 

         Олар  ең  алдымен    «Зар-заман»  атанған  дәуір  өкілдерінің  ой-пікірлерін 

ілгері  дамытты.  Оларды  ойландырып,  толғандырған  ежелгі  проблема 

отаршылдық бұғаудан құтылу қазақтарды өз алдына тәуелсіз ел ету, қолдан 

кеткен  мүмкіндіктер  мен  айырылған  жерлерге  өкініш  білдіру,  қазақтың 

санасын  ояту  болатын  (XX-ғасырдың  басында  түрлі  саяси-әлеуметтік 

проблемалар көтерген «Айқап» журналының да аты соны аңғартады).  

         Сол мақсатқа бағытталған әрекеттердің бірі 1909 жылы Уфа қаласында 

Каримов,  Хусаиновтар  баспаханасынан  жарық  көрген  М.Дулатовтың  «Оян, 

қазақ»  дастаны.  Дастан:  «Көзіңді  аш!,  оян  қазақ!,  Көтер  басты!,  Өзкізбей 

қараңғыда  бекер  жасты!  Жер  кетті,  дін  нашарлап,  хал  һарам  боп,  Қазағым 

енді жату жарамасты», - деп ұран тастаған сөздермен басталады. Поэманың 

атына ішкі мағынасы сай, қазаққа көзіңді аш, оян, айналанды жайлап, жайпап 

барады, енді намыстанып, егемендік алмасаң, бәрінен айырыласың деп, елдің 

санасына сәулелі шындық ұялатуды мақсат етеді. М.Дулатов «Қазақ жеріне» 

деген  өлеңінде  патшалық  Ресейдің  Қазақ  Елінде  жүргізген  отаршылдық 

саясатын  әшкерелей  келіп,  былай  деп  жазды:  «қазағым,  жерің  қайда 

атамекен,  қазақ–қазақ  болғалы  мекен  еткен.  Қазірде  бәрімізді  қуып  шығып, 

орнына  қала  салып  хохол  жеткен.  Шығуға  жер  өлшеуге  землемерлер,  бұл 

үшін  кеткен  біздің  жақсы  жерлер.  Тәтті  шөп,  тұщы  судың  бәрі  сонда, 

табатын  бұған  хайла,  қайда  ерлер?».  Дәл  осы  өлеңдері  үшін  патша  өкіметі 

М.Дулатовты  қуғынға  салып,  түрмеге  жапты,  бірақ  ол  өлеңді  де,  оның 

авторын  да  құрта  алмады.  Өйткені,  бұл  өлеңдер  бүкіл  зиялы  қазақ 

азаматтарының  көкейкесті,  бостандықты  тілеген  ой-армандары  еді.  Әрине, 

осы  ой  оларды  1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысқа,  «Алашорда»  өкіметін 

орнатуға бастады. 

         Олардың    мақсаты үлкендерді жас балалар секілді мектептерде оқыту, 

сауатын  ашу,  білім  беру,  қызметке  тарту,  әйел-қыздарды  өз  теңдеріне  қосу 

болды,  жас  кезінен  айттырып  қою,  қалың  мал  беру,  әмеңгерлік  сияқты 

бұрынғы патриархалдық–рушылдық әрекеттерді жоюды көздеді.  Сондықтан 

1917 жылдың шілдесінде Орынбор қаласында өткізіліп, «Алашорда» үкіметін 

жариялаған  жалпы  қазақ  съезі  мемлекетті  басқару,  жер,  оқу,  т.б. 

мәселелермен қатар әйел мәселесі жөнінде арнайы шешім қабылдады. Съезд: 

«Әйелдер  саяси  құқықта  ерлермен  тең  болсын»,  «Күйеуге  тию  еркі 



346 

 

әйелдердің  өзінде  болсын»,  «Қалың    мал  жоғалсын»,  «Тұл  қатын  сүйгеніне 



тисін, әмеңгерім деп зорлық қылу болмасын» деген сияқты бірнеше құжаттар 

қабылдады.  

           Бір 

жағынан,  ұлт-азаттық  қозғалысы  өкілдерінің    аңсаған 

армандарының  бірі  –  дербес  тәуелсіздік  мемлекет  болу,  өнеркәсіп 

орындарын, қалалар салу, мәдени ошақтар ашу, түрлі оқу орындарын ашып, 

олардың жұмысын жолға қою, елдің сауатын ашу, ұлттық зиялыларды өсіріп, 

жетілдіру болды.  

          Әрине,  олар  яғни  ұлт-азаттық  қозғалыс  өкілдері,  1917  жылғы  Ақпан 

революциясын  қуана  қарсы  алды,  отаршылдық  қирады,  өз  алдымызға 

мемлекет болуымызға жол ашылды деп, «Алашорда» үкіметін құрды. XVIII 

ғасырда  қазақтың  басын  біріктіріп,  алғашқы  үш  жүзге  бірдей  болған  қазақ 

мемлекетінің  негізін  құрған  Абылай  хан  жүргізген  саясатты  қолдады  

(Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008). 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



347 

 

 



 

      


 

 

 



 

 

 



 

 

                         Ахмет                      Әлихан                     Мұстафа                     Мағжан 



                   Байтұрсынов             Бөкейхан                      Шоқай                     Жұмабаев 

                    (1873-1938)                (1866-1937)                (1890-1941)                (1893-1938) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

                         



                         Сәкен                        Бейімбет                     Ілияс                         Тұрар 

                     Сейфуллин                  Майлин                Жансүгіров                Рысқұлов 

                     (1894-1938)                 (1894-1938)               (1894-1938)                (1894-1938)   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

                               



                         Жүсіпбек                    Халел                 Сұлтанмахмұт             Міржақып 

                       Аймауытов            Досмұхамедов            Торайғыров                 Дулатов 

                       (1889-1931)               (1883-1937)               (1893-1920)                 (1885-1935) 

 

 

 



348 

 

           XX  -  ғасырдың  басында  А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейхан,  М.Дулатов,  т.б.  да 



озық  ойлы  бір  топ  қоғам  қайраткерлерін  ойландырып-толғандырған  ежелгі 

проблема: отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақты жеке өз алдына тәуелсіз ел ету, 

қолдан  кеткен мүмкіндіктер мен айырылған жерлерге өкініш білдіру, халықтың 

санасын ояту болатын. 

            Жалпы,  XX  -  ғасырдың  басында  қазақ  зиялы  азаматтарының  қоғамдық-

саяси көзқарастары үшке жарылды: атап айтқанда: 

 біріншіден  -  Бүкілтүркілік  «Түркістан»  идеясы  (Мұстафа  Шоқай 

бастаған); 

 екіншіден  –  Қазақ  «Алаш-Орда»  ұлттық-құрылым  идеясы 

(Ә.Бөкейхан, 

А.Байтұрсынов, 

М.Жұмабаев, 

Ж.Аймауытов, 

Х.Досмұхамедов, М.Дулатов және т.б.); 

 үшінші 



пролетарлық-социалистік 



идеяны 

жақтаған 

С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров және т.б.;       



         Ж.Аймауытов:  «Бір  жағынан  үй-іші  –  әкеге, әлеумет  –  рубасыға бағынған, 

тапқа,  жікке  бөлінбеген,  қазақ  ішінде  туып-өскен  болса,  екінші  –  татар 

медресесінде  оқып,  түрікшілдік,  исламшылдық  рухында  тәрбиеленсе,  үшінші  – 

патша  саясаты  шымбайға  батып,  отаршылдық  зардабы  қазақтың  ұлтшылдық 

сезімін  оятқан  дәуірдің  ұлы  болса,  төртінші  –  орыс  зиялыларының  қаймағы 

бұқарашыл,  халықшыл  болып  жатқанын  сезіп-білсе,  бесінші  –  батыстың,  қала 

берсе  орыс  ақындарының  санашылдық  (идеализм),  дарашылдық  мектебінен 

сабақ  алса,  енді  Мағжан  қай  пікірдегі  ақын  болып  шығуы  керек?  Олай  болып 

шықпау  мүмкін  емес.  Әлеумет  ортасының,  заманының  жағдайы  солай».  Бұл 

жолдардан  ақын  поэзиясына  әсер  еткен  тарихи,  әлеуметтік,  саяси,  рухани 

жағдайларды  дәл  көрсете  отырып,  оны  мұңды,  сыр-сезімге  толы  жырларды 

түсінудің  негізгі  кілті,  шарты,  бастау  көзі  етіп  алғандығын  көреміз.  Әрбір 

дәуірдің  немесе  қоғамның  өзіне  ғана  тән  жағдайы,  тіпті  басқалармен 

салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшеліктері болады.  

           Сәкен  Сейфуллин  және  оның  серіктері  де  социалистік  жүйені,  оның 

идеялық  дем  берушісі  коммунистік  партияны  халықтарға  бақыт  пен  бостандық 

әкелуші  деп  сенді.  Тіпті,  сенбеген  күнде,  сөз  жүзінде  мейлінше  тартымды 

коммунистік  партияның  саяси  платформасын  ұлттың  көгеріп-көктеуіне 

пайдаланбақшы  болып  жан-тәнімен  қимылдады.  Алайда,  мемлекеттік 

төңкерістер мен идеологиялық өзгерістерге қарамастан Ресейде өзгеріссіз қалған 

қызыл  империялық  озбырлық  Сәкеннің  де,  Сәкен  сияқты  жүздеген-мыңдаған 

боздақтардың  да,  керек  десеңіз,  мүлде  басқа  жолдарды  таңдаған 

ұлтжандылардың  да  армандарын  қиялға  айналдырып,  өмірлерін  қасіретке  тап 

қылды.  


          Дегенмен, олардың барар жолдары әркелкі болғанымен, олардың ұстанған 

мақсат-мұраттары  бір  еді,  ол  –  Қазақ  Елінің  Тәуелсіздігі.  Кезінде  рухани 

тұлғаларымыздың  арман-тілектері,  ұстанымдары,  енді  ғана  шын  мәнінде  өз 

бағаларын  алып,  олардың  пікір-көзқарастарының  дұрыстығын,  бүгінгі  күндері 

өзінің заңды жалғасын тапқан азаттық идеясының тарихи сабақтастығынан көре 

аламыз.  Қазіргі  таңда  -  Қазақ  Елі  өзінің  Тәуелсіздігін  одан  әрі  қалыптастыруда 

бір кездері Алаш азаматтары көтерген өміршең идеяларды бетке ұстап отыр. 


349 

 

 



Саяси-қоғамдық афоризмдері: 

  Әр  мемлекеттің  іргесі  бөлек,  ынтымағы  бір  болмақ  керек.  Әрқайсысы  өз 

тізгінін өзі алып жүрсін (Ә.Бөкейхан). 

  Тәуелсіз  Түркістан  құру  пікірін  ұзақтан  бері  ұстанып  келе  жатқандығым 

себепті,  орыс  демократтарына  жақын  жүріп  келдім.  Мені  олардан 

Керенскийдің  «бюрократтық  кесірлігі»  де  айыра  алмаған  еді.  Тек  менің 

халқымды  «хайуан»,  «орангутан»  деп  атағандары  жер-жебіріме  жетті.  Бұдан 

әрі төзу мүмкін болмады (М.Шоқай). 

    ... Бұл күнде біздің бір ғана жолымыз бар. Ол – ұлтты құтқару жолы. Біздің 

мұратымыз –  ұлттық,  тәуелсіз  Түркістан  ...  «Хайуан»,  «орангутан»  атанғаны 

ұлтымыздың  жадынан  ешқашан  шықпайтынын  және  оны  шығара  да 

алмайтынын Керенскийдің біліп қойғаны жөн (М.Шоқай). 

  Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды (Ә.Бөкейхан). 

  Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам! (С.Торайғыров). 

 

Әдебиет: 

 

1.  Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының 

эволюциясы/  «Қазақ»,1917ж.,№226,  22-сәуір.  «Атамұра»,  —Алматы: 

1998. 152-бет. 

2.  Бөкейханов Ә. Таңдамалы. —Алматы: 1995. 

3.  Байтұрсынов А.  Ақ жол.— Алматы: 1991. 

4.  Торайғыров С. Таңдамалы шығармалар. Қазмемкөрк.–әдеб.б-сы, —А:1957. 

5.  Досмұхамедұлы Х. Аламан—.Алматы: 1991. 110-бет 

6.  ХХ-ғасыр басындағы қазақ философиясы. 20-томдық. «Аударма»,  

—Астана: 2008  

7.  Кішібеков Д., Сыдықов Ұ.Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008. 

8.  Қасабек А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы—.Алматы: 1996. 9-бет 

9.  Сегизбаев О. Казахская философия XV-начала ХХ вв. —А:1996.374-375 бб 

10. Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009. 

11. Мырзалы С. Философия. «Бастау», —Алматы: 2008. 338-бет 

12. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. «Өлке», —Алматы: 2009.  

13. Нурланова К.Человек и мир: казахская национальная идея.—Алматы: 1994  

14. Нұрмұратов С.Ұлттық болмыс пен  ұлттық сана: Оқу құралы.—Алматы: 

1996  

 

 


        

350 


 

 

 



 

 

 



     8 - БӨЛІМ 

 

 

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ 

 

 



 

 

 



 

 

 



        

351 


 

              Қазақ  Елінде  философия  тарихын  зерттеу  және  насихаттау  XX-

ғасырдың  ортасынан  бастау  алды.  90-шы  жылдары  жеке  өз  алдына 

философия  факульттері  мен  институт  ашылғаннан  кейін,  онда  кәсіби 

философтар  даярланып,  философияның  көптеген  мәселелері  ғылыми  түрде 

зерттеле бастады.  

         Еліміздің 

тарихындағы 

әкімшілдік-әміршілдік 

кезеңде 


жалпы 

дүниежүзілік  философия  тарихын  марксистік-лениндік  методология 

тұрғысынан  талдап,  оның  мәнін  партиялық-таптық  тұрғыдан  насихаттау 

басты  бағыт  болып  келді.  Ұлттық  философияны  танып-білуде  таптық 

редукционизм  үстемдік  көрсетті.  Соның  нәтижесінде  сыңаржақтылық, 

субьективті  пайымдау,  басқа  елдің  топырағында  дамыған  идеологиялық 

қасаңдықтарға бағындыру принциптеріне кең жол ашып, философия тарихын 

бұрмалауға, бұрыс зерделеуге жетеледі.  

            Дегенмен,  әлемдік  философия  тарихын  зерттеуде  қол  жеткен 

жетістіктер  жоқ  емес.  Диалектика  принциптерін  талдауда  тарихи-

философиялық  процесс  тәжірибиесін  аттап  өтуге  болмас  еді.  Ж.Абдилдин, 

А.Қасымжанов,  Г.Кармышев  еңбектерінде  дүниежүзілік  философия 

тағылымдары,  оның  ішінде  неміс  классикалық  философиясының  танымдық 

және  логикалық  проблемалары  кең  ауқымда  зерттелді.  Қазақ  қоғамдық-

философиялық  ой  тарихын  танып-білуде  Қ.Бисембиев,  М.Бурабаев, 

О.Сегізбаев,  А.Оразбековтің  атқарған  еңбектері  зор.  Олар  негізінен  қазақ 

ағартушылығын,  әдептілік,  діни  көзқарастарды  зерттеп,  іргелі  ғылыми 

туындылар  берді.  Бұл  еңбектерде  маркстік-лениндік  методология  үстем 

болғаны да белгілі.  

           Тәуелсіздік  жылдарында  жарық  көрген  тарихи-философиялық 

зерттеулерден  Ғ.Есімнің  «Хакім  Абай»,  М.Орынбековтің  «Қазақстанның 

қоғамдық 

және 

философиялық 



тарихы», 

Қ.Бейсеновтің 

«Қазақ 

топырағындағы  ғақлиятты  ой  кешу  үрдістері»,  А.Қасабек  пен  Ж.Алтайдың 



«Қазақ  философиясы»,  О.Сегізбаевтің  «XV-XX  ғасырлардағы  қазақ 

философиясы»,  Т.Рысқалиевтің  «Даналық  пен  түсініктің  үлгілері», 

А.Нысанбаев пен Т.Әбжановтің «Адамға қарай бет бұрсақ», «Философияның 

қысқаша  тарихы»,  Ж.Алтай,  А.Қасабек,  Қ.Мұхамбетәлидің  «Философия 

тарихы», Ж.Молдабеков пен А.Қасабектің «Шығыс философиясы» және тағы 

басқа  тарихи-философиялық  процесті  тануға  арналған  ірілі-ұсақты 

еңбектерді  атауға  болады.  Бұлардың  бәріне  тән  бір  ерекшелік  философия 

тарихын,  ұлттық  философияны  жаңа,  қазіргі  заман  талабына  сай 

методологиялық  үрдіс  деңгейінде  зерттеу  болды.  Алынған  ғылыми 

нәтижелер,  тұжырымдар  мен  пайымдаулар  әлемдік  философия  тарихын 

жоғары деңгейде одан әрі зерделеп, дамытуға өзінің оң әсерін тигізді (Алтай 

Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы/  Қазақ  философиясы. 

«Раритет»,  —Алматы:  2006.  301-бет).  Енді,  солардың  ішіндегі  ең  биік 

тұлғалық дәрежеге жеткен философ-ғалымдарымызға тоқтала кетсек, олар –

А.Қасымжанов, Ә.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, Ғ.Есім және т.б. 


        

352 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет