Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет42/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


Әдебиет

 

1.  Бодрийар  Ж.  К  критике  политической  экономии  знака»  (1972,  рус. 

перевод 2003, пер. Д.Кралечкина. «Академический проект», —М: 2007.  

2.  Самарская  Е.  Жан  Бодрийяр  и  его  вселенная  знаков  //Бодрийяр  Жан. 

Общество потребления.  Его мифы  и структуры.  —  Москва: 2006.  — 

с.251—264 

3.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (философиялық  афоризмдер)/ 

Бодрийяр Жан . «Өлке», —Алматы: 2004. 31-бет. 

4.  Дьяков А.В. Жан Бодрийяр: Стратегии «радикального мышления» /Под 

ред. А.С.Колесникова. Изд-во С.-Петерб. ун-та, —СПб: 2008. — 357 с. 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

416 


 

ЖАК ДЕРРИДА 

 

(15 шілде, 1930ж.Эль-Биар (Алжир)  

–  9 қазан, 2004ж. Париж) 

 

          —  француз  философы  және 



әдебиет 

теоретигі,  

деконструктивизмнің  негізін  қалаушы. 

Структурализм 

ағымының 

өкілі. 


Мәдениеттанушы  ретінде  де  кеңінен 

танымал тұлға.  

            Эль-Биар 

елді-мекенінде 

дәулетті  еврей  отбасында  дүниеге 

келді. Ол ата-анасының үшінші баласы 

болатын.  Оның  әуелгі  есімі  Джеки 

(голливудтағы 

атақты  актерлердің 

бірінің  есімі)  болатын,  кейін  Парижға 

қоныс 

аударған 



соң 

барлық 


француздарға  ортақ  есім  –  Жак  деген 

есімге ие болды.  

    1942 жылы екінші жылға көшкен кезінде  Деррида лицейден қуылды, оған 

себеп –ұлтына қатысты жағдай еді. 

     1948  жылы  ол  Руссо,  Ницше  және  Камю  философияларын  оқып, онымен 

шындап айналыса бастады. 

    19  жасында  Алжирден  Францияға  келеді,  1952  жылы  үшінші  рет  қадам 

жасағаннан  кейін  Жоғары  Қалыпты  мектепке  (Ecole  Normale  Supérieure) 

оқуға  түседі.  Осында  ол  М.Фуко  мен  Л.Альтюссермен  жақын  танысады. 

Деррида  көбіне  М.Фуконың  дәрісін  тыңдайды,    кейін  атақты  француз 

интеллектуалдарына айналған пікірлес достарын табады.  

     1960–1964 жылдары Сорбоннда ассистент болады. 

1964  жылдан  Деррида  –  Париждегі  Grandes  Ecoles-те  философия 

профессоры.  Кейін  Жоғары  Қалыпты  мектепте  және  Әлеуметтік  ғылымдар 

саласында  зерттеулер  жүргізу  Жоғары  мектебінде  ұстаздық  етті,  Европа 

қалаларында дәрістер оқиды.  

    1966  жылы  Р.Бартпен  бірге  Джонс  Хопкинс  (Балтимор)  университетінде 

өткен  «Языки  критики  и  гуманитарные  науки»  атты  Халықаралық 

коллоквиумға қатысады. 

  1968  жылдан  1974  жылға  дейін  Джонс  Хопкинс  университетінде 

оқытушылық қызметте болады. 

1974 жылдан кейін – Йель университетінің оқытушысы. 

1981 

жылы 


чех 

интеллектуал-диссиденттеріне 

қолдау 

көрсеткен. 



Чехословакияға барған сапарында «наша өндіргені және оны сатқаны үшін» 

деген  жаламен  қамауға  алынды.  Одан  Франция  Президенті  Ф.Миттеранның 

араласуының  арқасында  босатылды.  1988  жылы  оккупацияланған  аймақта 

Палестина зиялыларымен кездесіп, олардың азаттық жолындағы күресіне іш 



        

417 


 

тартатындығын  білдірді.  Халықаралық  философиялық  колледждің  (1983) 

негізін қалаушылардың бірі. 

    9 қазан 2004 жылы Парижде рак ауруынан қайтыс болды. 



Философиялық шығармалары: 

«Дауыс  пен  феномен:  Гуссерль  феноменологиясындағы  таңба  мәселесіне 

кіріспе»  (1967),  «Грамматология  туралы»  (1967),  «Хат  пен  айырмашылық» 

(1967),  «Диссеминация»  (1972),  «Философияның  шекарасы»  (1972), 

«Ұстанымдар»  (1972),  «Айқай»  (1974),  «Шпоры.  Стили  Ницше»  (1978), 

«Почта  қағазы:  Сократтан  Фрейдке  дейін  және  одан  да  әрі»  (1980), 

«Маңайлар»  (1986),  «Рух  туралы:  Хайдеггер  мәселесі»  (1987),  «Психея: 

өзгені ашу» (1987), «И подписано: Понж» (1988), «Маркстің елестері» (1993), 

«Хора»  (1993),  «Сила  закона»  (1994),  «Монолингвизм  другого»  (1996), 

«Прощайте  –  Эммануил  Левинас»  (1997),  «Местопребывание.  Морис 

Бланшо» (1998) және т.б. 

               Батыстың философиялық әлемінде француз философы Жак Деррида 

стандартқа  сай  келмейтін  әйгілі  тұлға  ретінде  белгілі.  Студенттер  оны 

«табынатын тұлға» деп атайды. Мұның бәрі атақ пен пирамидаларды жоққа 

шығаратын  постмодерндік  күйге  қайшы  келеді.  Бірақ  Деррида  біздің 

қабылдауымызда  мұндай  стереотиптердің  күшті  болатынын  білмесе  де, 

қазіргі  философияда  ең  көп  сілтеме  жасалатын  философқа  айналған.  1967 

жылы  автордың  есімін  әйгілі  еткен  өзара  байланысы  бар  үш  кітап  бірден 

жарыққа  шығады,  олар:  «Жазба  хат  және  айырмашылық»,  «Дауыс  және 

феномен»  және  «Грамматология  туралы».  Соңғы  кітапты  бағдарлық  деп 

санауға болады. 

              Өзінің  мәдениеттегі  қызметін  деконструкция  деп  атаған  Деррида, 

өзінің ілімінің жоққа шығаруға негізделмей, терең дәлелдеуші және жағымды 

болатынын  ескертеді.  Деконструкция  сөзі  хайдеггерлік  «деструкциядан» 

шығып,  қандай  да  бір  қозғалысты,  қайта  орналастыру,  декомпозицияны, 

мәдени негіздерді қирату мен негацияны емес, ығысуды білдіреді. Бұл ашық, 

үнемі жаңа жолды іздейтін, жаңа құралды жасайтын деконструкция теориясы 

ғана  емес,  тәжірбие  де,  автордың  қоғамдық  институцияларды,  ең  алдымен, 

білім  беруді  деконструкциялауға  байланысты  өзінің  теориялық  идеяларын 

кітаптар  мен  қоғамдық  акцияларда  жүзеге  асыратын  жеке  әрекеті.  Бүгінде 

деконструкция  философия  мен  әдебиетте  ғана  емес,  лингвистикада, 

психологияда,  әлеуметтануда,  өнертануда,  сәулет  өнерінде  тәсіл  ретінде 

пайдаланылады. 

Дерриданың 

шығармашылығы 

жөнінде 


көптеген 

диссертациялар мен монографиялар жазылған. 



Философиялық көзқарастары: 

           Постмодернист  мәдениеттің  жаңа  философиясының  туғанын  айтады. 

Философия  мен  гуманитарлық  ғылымдардың  өзара  әрекеттесу  типі  өзгеріп, 

біріңғай  гуманитарлық  білім  жасалады.  Егер  Гегель  үшін,  тіпті,  Гуссерль 

үшін  де,  философия  гуманитарлық  білім  пирамидасының  төбесі  ретінде 

бақылау мен қадағалау қызметін атқарып, нүктеге, ешнәрсеге дейін өзгерсе, 

онда,  Дерриданың  ойынша,  пирамидалық  форманы  көлбеуге  ауыстыру 

қажет,  бұл  жерде  философия  барлық  гуманитарлық  ғылымдармен  тығыз 



        

418 


 

ынтымақтастықта  билік  етуші  құзыры  болмайтын  жағдайға  түседі. 

Философия  демократияланады,  бұрын  кіруге  рұқсаты  болмаған  ғылымның, 

қызметтің,  өнердің  әртүрлі  салаларына  кіруге  рұқсат  алады.  Кез  келген 

феномен, мысалы, көзге түскен ұмытылған жазулары бар пошта открыткасы 

философиялық толғануға себеп болады. 

             Деррида,  тілдік  нақтылықтың  өзі  классика  үшін  дәстүрге  айналған 

тілді  көмекші,  қызметтік  функцияға  келтіретін,  яғни  сөз  ойдың  таңбасы,  ал 

жазу таңбаның таңбасы деп есептеп, оны қандай да бір екіншілік, техникалық 

нәрсе  деп  қабылдайтын  мәдениеттегі  нақты  жағдайға  қарсы  шығатынын 

байқайды.  Бүгінде  жазу  өзінің  дербестігін,  жасырын  мүмкіндіктерін, 

әлеуетін, онтологиялығын нығайтады. 

               Қазіргі жағдайда кез келген таңба (ауызекі де, жазбаша да) таңбаның 

таңбасы,  іздің  ізі,  таңбалаушының  таңбалаушысы,  таңбаланушыға  ешқашан 

жетпейтін  сілтемелердің  шексіз  тізбегіндегі  үзбе.  Осының  арқасында  бәрі 

жазуға  айналған.  Адам  мен  әлемнің  арасында  делдалдардың  құжынаған 

«үйірі», сондықтан болмыстың өзі көз жетпейтін қиянда қалады. Рас, ол «із» 

қалдырады,  бірақ  бізге  «із»  емес,  «іздердің  ізі»,  біз  бен  ақиқаттың  арасына 

сынамалап, жанамалардың тізбегі кірігеді. 

          Дерриданың  тұжырымдамасын  қазіргі  коммуникативті  тәжірбиелер 

бұзатын сияқты көрінеді, оларда ауызекі мәдениет қайтадан өз орнын талап 

ете  бастайды.  Компьютер  ауызекі  лебізді  түсінетін  жағдайға  жеткенде, 

жазуға  ығысуға  тура  келеді.  Ауызекі  нақылдың  дәстүрі  Буддадан  Сократқа 

дейін,  шығыстық  философиядан  қазақ  философиясына  дейін  ешқашан 

өлмеген, өйткені ауызекі лебіз әрқашан нанымды, шынайы әрі тірі көрінетін. 

Ауызекі тілдің тұтас мәдениеттері бар, оларға фольклордың аса бай мұрасын 

иеленетін  қазақтың  дәстүрлі  мәдениеті  де  жатады.  Ақпараттық 

технологиялармен  байланысты,  ауызекі  мәдениеттің  қазіргі  түлеуі  жаңа 

ғылыми мүмкіндіктерге жол ашады. Мысалы, АҚШ-та «ауызекі тарих» деген 

бағыт  дамып  келеді.  Егер  жазбаша  тарихты  қолында  билігі  бар,  артына 

мемуар  қалдыратын  адамдар  жазса,  онда  ауызекі  тарих  қарапайым 

адамдардың  өмірі  туралы  баяндап,  кәдімгі  өмірдің  түкпірлеріне  шейін 

жетеді, мыңдаған көзқарастар мен өмірлік бағаларды табады. 

               Бірақ,  біріншіден,  ауызекі  тарих  жазбаша  дереккөздерге  емес, 

ауызекі  әңгімелерге  негізделсе  де,  сол  әңгімелердің  бәрін  жазып  алады. 

Екіншіден,  ауызекі  лебіздің  жаңаруы  Дерриданың  жазу  тұжырымдамасына 

қарсы  дәлел  болмайды.  Деррида  жазуды  жазба  (письменность)  ретінде  ғана 

емес, таңбаларды қолданатын ауызекі дәстүр де кіретін мәдениеттегі адамға 

тән болмыстың тәсілі ретінде сипаттайды. 

              Батыстық  мәдениет  әрқашан  «жазуды  екіншілік  және  аспаптық 

қызметке  қамауды  көздейтін»,  –  деп  атап  өтеді  Деррида.  Ол  кездейсоқ, 

екінші  дәрежелі  әрекет  емес,  тереңдік  өлшемдегі  болмыстың  екі  көрінісін: 

идеяны,  қайсібір  трансцендентті  нәрсені  және  оның  солғын  көшірмелерін, 

көлеңкелерді;  мән  мен  құбылысты;  ішкі  мен  сыртқыны  ажырататын 

батыстық метафизиканың басты ниетінің көрінісі еді. Категориялардың бүкіл 

жүйесі: 


біріншілік-екіншілік, 

анықтаушы-көмекші, 

таңбалаушы-


        

419 


 

таңбаланушы  қағидасы  бойынша  жасалады.  Бұл  жерде  тіл  де  ортақ  сызба-

нұсқаға кіреді. 

                Әңгіме  батыс  мәдениетіне  тән,  бір  әріп  бір  дыбысты  белгілейтін, 

дауыс  пен  қатынасудың  (субьектінің)  жазуға  жүргізетін  үстемдігі  жүзеге 

асатын  фонетикалық  жазудың  түріне  қатысты  болып  отыр.  Таңбаның 

құнсыздануы  жалпы  таңбаның  құнсыздануы,  абсолютті  құнсыздану  болып 

табылады,  – дейді  автор.  Таңбаның қисынына  нұқсан келтіргенде ол негізгі 

«шекті  таңбаланушы-таңбалаушы»  қарама-қарсылығын  бұзады,  сонымен 

бірге  «жан  мен  тән»,  ішкі-сыртқы,  ақиқат,  субстанция,  уақыт  түсінігін  де 

бұзады. 

Философиялық афоризмдері: 

  Із – тәннің бір бөлшегі. 

  Ойынға айналған жерде ой да ештеңе айтқысы келмей қалады. 

  Бар жерде барлық жағдайда тек айырмашылық пен ізден кейінгі із ғана 

бар. 

  Кейде  сырты  қаншалықты  сабырлы  болса,  іші  соншалықты 



буырқанысқа толы құбылыстар кездеседі. 

  Ара-тұра  пысықтықтың  да  ішкі  түйсікке  сай  тапқырлық  танытып, 

дұрыс таңдау жасау білудей көрінетіні бар. 

  «Иә» қайталауды қажет етеді. 

  Оппазицияны  қайта  құру  деген  –  алдыммен  белгілі  бір  сәтте 

иерархияны аяғын аспаннан келтіріп айналдырып қою. 

  Бір  нәрсені  қалпына  келтіру  үшін,  жаңа  құрылымды  бұзу  керек 

болатын кез де аз емес. 

  Тілден  де  тыс  бірдеңе  бардай  көрінетін  бірдеңе  бар  екені  анық:  бәрі 

қалай айтуға байланысты. 

  Өз тіліңде сөйлеу – тәржімә талап ету деген сөз. 

  Кейде  тура  бастан  ұрғандай  дөрекі  ұрандармен  көшеге  шығуға  тура 

келеді. 

  Кітаптың соңы – жазудың басы болмайды.  

  Тәжірибие  жинақталса  болды,  басқа  бірдеңеге  сілтеме  жасау  деген  де 

сумаң етіп шыға келеді. 

  Әдеби  дәстүрдің  тілдің  өзімен  таласып,  оның  сыртынан  да  бірдеңе 

тауып алғысы келгенінде тұрған ештеңе де жоқ. 

  Ортақ  ереже  болмаса  –  ешкім  ешкімге  ешқашан  ортақ  кеңес  бере 

алмайды. 

  «Жекелеген  қайта  құру»  деген  болмайды:  ол  –  барлық  жерде  бірдей 

жүзеге асуға тиіс құбылыс. 

  Жай-жапсарын  толық  тәптіштеп  әңгімелеу  деген  –  маңызды  деталь 

дегеннің бәрін сүзгіден өткізіп сұрыптауға жатады: яғни цензура жасау 

деген сөз. 

  Бір  мезгілде  әрі  талдап  отырған  мәтіннен  көз  жазып  қалмау,  әрі  өзің 

тапқан дүние боларлық бірдеңе жазып шығу – мүмкін емес. 

  Тілге бұйырған тағдырдың өзі – тәннен бөлініп шығу. 

  Нүкте қашанда қалауыңызға қарай қойылады. 


        

420 


 

  Деректің өзі – теория: сипаттап берсең болғаны. 

  Ең  бір  сөніп  қалуға  болмайтын  нәрсе  –  тарихтың  метафизикалық 

ұстыны. 


  Оқырман не бәрінен хабардар, не ештеңе білмейтін болуға тиіс. 

  Таза «иә» болмайтыны тәрізді, таза дарын деген де болмайды. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Деррида  Ж.  Жак  Деррида  в  Москве/  Сост.  Рыклин  М.К.  РИК 

«Культура», —Москва: 1993. - С. 13-81. 

2.  Батыс  философиясы.  /«Мәдени  мұра»,  ОҚ.  «Жазушы»,  —Алматы: 

2009. 426-428 беттер 

3.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (Философиялық  афоризмдер) 

/Анықтамалық: Жак Деррида. «Өлке», —Алматы: 2004. 27-30б. 

4.  Батыс  философиясының  антологиясы  //Ауд.Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар,  А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан», —Алматы: 2002.  

5.  Лапицкий В. Письмо и различие: первый взгляд //Деррида Ж. Письмо и 

различие  /Пер.  с  фр.  под  ред.  В.Лапицкого.  «Академ.проект»,  —М: 

2000. С. 420. 

6.  Деррида Ж. Эссе об имени. «Алетейя», —СПб: 1998. — 190 с. 

7.  Деррида  Ж.  Голос  и  феномен  и  другие  работы  по  теории  знака 

Гуссерля //Пер. с фр. С.Г.Калининой и Н.В.Суслова. «Алетейя», —СПб: 

1999. — 208 с. 

8.  Деррида  Ж.  О  почтовой  открытке  от  Сократа  до  Фрейда  и  не 

только. «Современный литератор», —Минск: 1999. — 832 с. 

9.  Деррида  Ж.  Письмо  и  различие.  /Пер.  с  фр.  под  ред.  В.Лапицкого. 

«Академ.проект», —СПб: 2000. — 430 с. 

10. Деррида Ж. О грамматологии /Пер. с фр. и вст. ст. Н.Автономовой. — 

Москва: 2000. — 512 с. 

11. Деррида  Ж.  Диссеминация  /Пер.  с  фр.  Д.Кралечкина;  науч.  ред. 

В.Кузнецов. «У-Фактория», —Екатеринбург: 2007. - 608 с. 

12. Деррида  Ж.  Письмо  и  различие.  /Пер.  с  фр.  Д.Кралечкина. 

«Академический проект», —Москва: 2007. — 495 с. 

13. Деррида Ж. Позиции /Пер. с фр. В.В.Бибихина. «Академ.проект», —М: 

2007.  

14. Автономова  Н.С.  Философские  проблемы  структурного  анализа  в 

гуманитарных науках. — Москва: 1977. 

15. Автономова  Н.С.  Деррида  и  грамматология  //Деррида  Ж.  О 

грамматологии /Пер. с фр. и вст. ст. Н.Автономовой. — Москва: 2000.  

16. Мазин В. Субъект Фрейда и Деррида. «Алетейя», —СПб: 2010.— 256 с. 


        

421 


 

ЖИЛЬ ДЕЛЕЗ 

 

(18 қаңтар, 1925ж, Париж – 4 қараша,  

1995ж, сонда) 

 

         — 



француз 

арасынан 

шыққан 

философ-постмодернист,  бірегей  ойшыл. 



Постструктурализм бағытын ұстанушы. 

           Жиырмасыншы 

ғасырдың 

60-


жылдарындағы солшыл радикалдық саяси 

ағымдар  сойылын  соғушы.  Ол  ешкіммен 

салыстыруға 

келмейді. 

Оның 

философиялық  тағдыры  да  бірегей.  Делез 



философия,  өнер,  ғылым  аумағында 

аралық  тұлға  іспетті  гуманитар  ғалым. 

Делез  Гегель  стиліндегі  философиялық 

туындылармен  айналысатын  заман  өткен 

деп ашық жазған. Оның себебі театрдың, киноның, әдебиеттің жаңаруы еді. 

Өйткені өнер философиясының көрнекі құралы емес. Ол оның ішкі жүйкесі. 



Философиялық шығармалары: 

«Ницще және  философия»  (1962),  «Капитализм  және  шизофрения»  (бірінші 

томы – «Анти-Эдип» (1972), «Ризома» (1976), «Номадология туралы трактат» 

(1980), «Айырмашылық пен қайталау» (1968), ал «Мәннің логикасы» (1969), 

«Кино-1»  (1983),  «Кино-2»  (1985)  кемеліне  келген,  концептісінің 

қалыптасуында маңызды болған кітап. 

            Делез философия тарихына деген дәстүрлі емес көзқарасты негіздеген 

тарихшы  ретінде  де  белгілі.  Ол  Кант,  Спиноза,  Лейбниц,  Бергсон,  Ницше, 

Фуко  туралы  еңбектерді  жазып,  өзінің  философиялық  «менін»,  өзінің 

өзгешелігін айқындау үшін солармен сұхбат құрады. Сондықтан олар Делез 

үшін  сөздің  постмодерндік  мағынасында  жақын  әрі  басқа  достар,  олармен 

келісуге де, оларды жоққа шығаруға да болады, мысқылдап, қалжыңдауға не 

таңдануға болады, бірақ ең бастысы олармен бәсекелесіп, жарысуға болады. 

Философиялық көзқарастары: 

              Делездің  философиялық  концептісі  –  қалыптасу,  өзгешелік.  Бұл 

ұғымдарда  ескі  философиялық  адасушылық,  яғни  репрезентация  мен  оның 

категорияларын еңсерілуі көрініс табады. 

             Европалық  ой  тәжірбиесінің  сипатын  анықтайтын  репрезентация 

қайсібір  біріншілік,  бастапқы  нәрсенің  екіншілік,  туынды  нәрседе  көрінуін 

білдіреді  (мәннің  –  құбылыста,  ішкінің  –  сыртқыда).  Репрезентацияның  бір 

ғана  орталығы  және  жалғыз  ғана  ұстатпайтын  перспективасы,  осыған 

байланысты  жалған  тереңдігі  болады.  Керісінше,  қозғалыс  көптеген 

орталықтардан,  перспективалардың  ығысуынан,  көптеген  көзқарастардан 

тұрады. 

              Репрезентациядан,  тереңдіктен  және  оларға  тән  категориялардан 

арылу,  симулякрлар  әлеміне  өту  барабарлықтың  жаншуынан  тыс, 


        

422 


 

барабарлыққа  қызмет  ететін  терістеуге  деген  қатынастан  тыс  өзгешелік 

туралы  айтуға  мүмкіндік  береді.  «Симулякр  –  өзгеше  нәрсенің  өзгеше 

нәсемен ажырату арқылы сәйкесетін жүйесі». 

           Идеялар  әлемі  заттардың  әлеміне,  көшірме,  бозарған  көлеңкелер 

әлеміне  жарық  түсіреді.  Онда  тірек,  үміт,  сенімділік  бар.  Бірақ  Платон 

«түпнұсқа  –  бірінші  көшірме»  және  бірінші  көшірме  –  екінші  көшірме 

қатынасының  әртүрлі  болатынына,  олардың  қағидатты  өзгешелігіне  назар 

аударады.  Делез  мұнда  болуы  мүмкін  симулякр  әлеміне  қатысты  долбарды, 

қандайда бір алдын ала сезуді байқайды. 

           «Симулякрлар  көшірмеге  қарағанда,  ұқсамауды  жасайды»,  сондықтан 

да  Платон  «көшірмелердің  симулякрларды  жеңуін  бекіткісі»  келеді,  ал 

Делездің  пікірі  бойынша,  бірінші  көшірмені  ұлықтауды  қойып,  басқа 

кеңістікке,  яғни  «көшірме-көшірме»  қатынасына  өту  керек.  «Көшірме  –

ұқсастық  тән  болатын  бейне.  Симулякр  дегеніміз  ұқсастығы  жоқ  бейне. 

Құдай  адамды  өзінің  бейнесіне  ұқсастығын  жоғалтып,  бейнені  ғана  сақтап 

қалған». 

           «Симулякрды»  түсіндіру  үшін  қарапайым  мысал  келтіретін  болсақ, 

бәріміз Леонардо да Винчидің «Джаконда» картинасымен таныспыз. Бірақ сіз 

оны  қайдан  көрдіңіз?  Сіз  ол  сақталатын  Луврда,  француз  мұражайында 

болдыңыз  ба?  Сіздің  көргеніңіз  түпнұсқа  емес,  репродукция  болар.  Және 

ондай  репродукция  –  түпнұсқаның  бірінші  көшірмесі  емес  (түпнұсқа-

көшірме  қатынасы),  басқа  сансыз  көшірмелерден  жасалған  көшірме 

(көшірменің көшірмесі). Сіз көрген нәрсе түпнұсқадан көптеген көшірмелер 

арқылы алыстап кеткен «Джаконданың» көшірмесі, симулякр болады. 

           Неге  «симулякр»  термині  постмодернизм  үшін  маңызды  болады? 

Өйткені  олпостмодерн  мәдениетінің  қазіргі  түрін  білдіреді.  Нақтылық,  яғни 

түпнұсқа  бізден  алыстап  барады,  әлем  мен  біздің  арамызда  көптеген 

делдалдар, «симулякрлар» пайда болады. Виртуальді Ғалам симулякрлардың 

Ғаламы болып табылады. 

           Делездің  шығармашылығында  «ризома»  метафора  ұғымы  маңызды 

орынды  иеленеді.  Бұл  терминге  ботаникалық  емес,  этномәдени  мағына 

үстесек,  онда  «ризоманы»  көшпен,  ал»  ағашты»  отырықшы  өмір  сүру 

салтымен  салыстыруға  болар  еді.  Делез  бен  Гваттари  «Капитализм  және 

шизофренияның» екінші «Номадология туралы трактат» томында дәл солай 

жасайды.  Авторлар  шығыстық  және  батыстық  танымдық  типтерін  жерді, 

территорияны  игерудегі  ерекшеліктермен  байланыстырады.  Олар  батыстық 

стратегияны  «компарс»  деп  атайды  және  ол  территорияны  өлшеу,  сызу, 

үлестіру  практикасымен  анықталады.  Шығыстық  стратегия  –  «диспарс» 

көшпелінің  кеңістігімен  анықталады.  Ол  жол  траекториясындағы  жеке 

кездесулер мен түйісулердің кеңістігі. 

           Сондықтан 

отырықшы  мәдениет  инварианттарды  іздейді,  ал 

көшпелілердің ғылымында айнымалылар үздіксіз өзгеру жағдайында болады. 

Батыстық  ғылымның  тәсілдері  –  индукция,  дедукция,  репродукция. 

Шығыстық  тәсілдер  –  танылатын  материалға  бойлау.  Батыстық  тәсілдер 

бақылау  обьектіге  қатысты  сыртқы  көзқарастың  сақталуын  талап  етеді: 


        

423 


 

жағада  тұрып,  тасқынды  бақылау  болады.  Көшпендінің  қозғалысы  –  басқа 

нәрсе: біз өзеннің ағысын тамашалап, жағада тұрмаймыз, өзіміз сол ағында, 

қозғалыс үдерісінде боламыз.  

           Сонымен, постмодернизм философиясы жайында не айта аламыз? 

Ең алдымен, постмодернизм ең қиын жұмысты, яғни философиялық білімнің 

табиғатын  қайта  пайымдау;  нақтылыққа  деген  көзқарастың  жаңа  типін 

философиялық  тұрғыда  түйсіну,  дәлірек  айтсақ,  нақтылық  мәселесін 

виртуалды 

болашақпен 

байланыстыру, 

тіл 


мен 

жазудың 


басқа 

мүмкіндіктерін, кеңістік пен уақытты түсінудегі өзгерістерді анықтау; бүкіл 

батыстық  дәстүрді  «екіұдайылық»  оптикасымен  қоса  деконструкциялап, 

қайта  жинау;  адам  тұрмысының  жағдайын  «пост»  кеңістігінде  анықтау 

(пошталар, қиылысатын ақпараттар ағымдары) жұмысын атқарады. 

                    Постмодернизмді  жаһандану  философиясы  деп  атауға  негіз  бар. 

Бүгінде жаһандану болмай қоймайтын нақтылыққа айналды, ол туралы, яғни 

ақпараттық 

революция, 

нарықтардың, 

технологиялардың, 

телекоммуникациялардың интеграциясы туралы көп жазылып та, айтылып та 

жүр.  Постмодернизм  жаһанданудың  шарттарын  философиялық  тұрғыда 

анықтады,  басқаша  онтология  мен  антропологияны  белгіледі,  өздерінің 

шексіз  ойынында  түпнегіздерді,  онтологиялық  түпнұсқаларды  жасырған 

«симулякрлардың, іздердің» өнімділік қуатын айқындады.    



Философиялық афоризмдері: 

  Маскүнемдік – құмардан шығуға емес, айрықша әсерленуге ұмтылады. 

  Бағыныштылық  –  қатыгездіктің  бір  фигурасы  ғана  болуы  әбден 

ықтимал, өйткені, онда фигура деген көп-ақ. 

  Бар дүние – жұмыртқа. 

  Кез-келген қаланың ішінде тағы бір қала болады. 

  Өзі тапқан және өзі қайта көміп тастаған тұңғиыққа қайта оралу – міне, 

Ницщенің мүлдем өзінше өлген жері осы. 

  Мәселе,  биліктің  не  екенінде  және  қайдан  шыққанында  емес,  қалай 

жүзеге асырылып жатқанында. 

  Кімнің  сөйлеп  тұрғаны  тілдің  қандай  мүмкіндіктері  бар  дегеннен  кем 

маңызды мәселе емес. 

  Мағынасы  бар  нәрсенің  бәрінің  мәні  де  болады,  бірақ  соңғысы 

алғашқысымен салыстырғанда мүлдем басқа негізде айқындалады. 

  Кез-келген талдау – құбылыстың мәнін ашуға жатады. 

  Дүниеде ойлануға мәжбүр ететін бірдеңе бар. 

  Сократтың  өлімінде  естен  танып,  өзіне-өзі  қол  салудың  бір  белгілері 

бар. 


  Пікір  айту  саласында  мүмкін  де,  елес  те  ештеңе  жоқ,  мұнда  бәрі  –

айқын. 


  Ақмақтық  –  жануарға  тән  белгі  емес.  Жануар  «ақымақ»  болудан 

ерекше қорғалған. 

  Міндет дегеніміз – сынау мен талдау. 

  Білім – ғылым емес, тіпті, танымға да жатпайды. 



        

424 


 

  Идеялар  дегеніміз  –  көп  мағыналылық,  әр  идея  –  көп  мағыналы,  көп 

қырлы. 

  Қартайып туатын құндылықтар бар. 



  Жекені жалпыдан бөліп ала алмайсың. 

  Ғылым да, поэзия да білімге жатады. 

  Билік  өмірді  өз  обьектісіне  айналдырған  кезде  –  өмір  биліктің 

қарсыласы болып шығады. 

  Кез келген ажалдың екі мағынасы бар. 

  Кез келген дәуір өзінің айтқысы келгенінің бәрін айтып барып тынады. 

  Бұзылған  адамның  әлемі  –  басқасы  жоқ  әлем,  яғни,  мүмкіндігі  жоқ 

әлем. 


  Өмір – ойға жан береді, ал өмірді оятатын – ой. 

  Негіздеу дегеніміз – анықтау. 

  Көбіне алғысөзді – артынан, соңғы сөзді – алдымен оқу керек деседі. 

  Тіл – не түгел беріледі, не мүлдем болмайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет