Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет41/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


Әдебиет

 

1.  Батыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. «Жазушы», -Алматы: 2009. 

354-357 беттер 

2.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (Философиялық  афоризмдер) 

/Анықтамалық:  Людвиг  Витгенштейн.»Өлке»,–Алматы:  2004.  161-

184, 234-бет. 

3.  Грязнов  А.Ф.  Эволюция  философских  взглядов  Л.Витгенштейна: 

Критический анализ. — Москва: 1985. — 172 с. 

4.  Грязнов 

А.Ф.  Язык  и 

деятельность:  критический 

анализ 

витгенштейнианства. — Москва: 1991.  

5.  Батыс  философиясының  антологиясы  //Ауд.Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан», -Алматы: 2002.  

6.  Фон Вригт. Людвиг Витгенштейн: Человек и мыслитель. — М.: 1993.  

7.  Руднев  В.П.  Божественный  Людвиг.  Витгенштейн:  Формы  жизни. 

Прагматика культуры, -Москва: 2002. — 256 c.  

8.  Эдмондс  Д.,  Айдиноу  Дж.  Кочерга  Витгенштейна.  История 

десятиминутного  спора  между  двумя  великими  философами  /Пер.  с 

англ. Е.Канищевой. «Новое литературное обозрение», -Москва: 2004.  

9.  Бибихин  В.В.  Витгенштейн:  смена  аспекта.  Институт  философии, 

теологии и истории св. Фомы Аквинского, -Москва: 2005. — 576 с  

 

 

 

 

 

        

407 


 

ГАНС-ГЕОРГ ГАДАМЕР 

 

(11 ақпан, 1900ж, Марбург – 

12 наурыз, 2002ж, Гейдельберг) 

 

            —  неміс    философы,  XX-



ғасырдың 

екінші 


жартысындағы 

атақты 


ойшылдардың 

бірі, 


«Философиялық  герменевтиканың» 

негізін  қалаушы  ретінде  ғылымда 

танымал.  

           Бреслау 

және 

Марбург 


университеттерінде 

философия, 

тарих,  әдебиет  теориясы,  өнер 

тарихы 


және 

евангелиялық 

теологияны  оқыған.  1922  жылы 

Пауль Наторптың жетекшілік етуімен 

докторлық  диссертациясын  қорғады. 

1923 жылы Марбург университетінде 

дәріс  оқыған  Мартин  Хайдеггермен  танысады.  Классикалық  филологияны 

зерттеп 1929 жылы платондық «Филебе» жөнінде диссертациялық жұмысын 

қорғады.  1939  жылдан  1947  жылдар  арасында  –  Лейпциг  университетінде 

профессор  (1946-1947ж.  –  ректор).  Майндағы-Франкфуртте  екіжылдық 

оқытушылық қызметтен кейін, Карл Ясперс басшылық жасаған Гейдельберг 

университетінде  кафедра  меңгерушісі  болды.  Ясперспен  бірге  1953  жылы 

журнал  шығарады  («Philosophische  Rundschau»).  Зейнеткерлікке  кеткеннен 

соң  (1968)  АҚШ  университеттерінде  шақыру  бойынша  профессорлық 

дәрежесінде дәріс оқиды (1989 жылға дейін). 

Философиялық шығармалары: 

   «Ақиқат  және  метод»  (1960),  «Әдеміліктің  өзектілігі»,  «Разум  в  времени 

науки» (1976) және т.б.               

             Тіл  адам  мәдениетіндегі  ең  жұмбақ,  бірақ  ең  іргелі  нәрсе»,  -  дейді 

Гадамер.  Ол  европалық  ой  тарихындағы  тіл  ұғымының  қалыптасуына  сыни 

талдау  жүргізеді.  Архаикалық  дәуірлерде  сөз  бен  заттың  ішкі  бірлігі 

мойындалатын  және  әрбір  зат  аталатын,  яғни  өзімен  мәндік  байланысы  бар 

атауды иеленетін. Бірақ грек философиясынан бастап логос сөзді жеңеді, сөз 

қандайда  да  бір  екіншілік,  аспаптық  нәрсеге  айналады  және  бұл  кейінгі 

батыстық дәстүрдің тілге деген көзқарасы болады. 

            Бірақ  Гадамер  сөз  таңбадан,  құралдан  гөрі  әлдеқайда  үлкен  нәрсе 

дейді.  Тіл  –  кез  келген  рухани  тәжірбиенің  ең  алғашқы  формасы.  Онда  ең 

алдымен  дүние  өз  көрінісін  табады.  Біз  коперникшіл  теорияны  білсек  те, 

«күн  батады»  дейміз.  Тілдің  әлеммен,  істермен,  жағдайлармен  байланысы 

оның деректілігінен көрініс табады. Кез келген тіл белгілі бір өмірлік әлемнің 

болуын  меңзейді.  Тіл  –  әлемнің  баршаны  қамтитын,  алдын  ала  болатын 



        

408 


 

түсінігі  және  бұл  мәнде  оны  ештеңе  алмастыра  алмайды.  Кез  келген 

философиялық ойдан бұрын, әлем біз үшін тілде түсіндірілген әлем болады». 

             Бұған  қоса,  тіл  қарым-қатынастың  ортасын  жасайды.  Гадамер  өз 

ойын аудармашының қызметін мысал етіп түсіндіреді. Аудармашы тілдердің 

арасында жатқан құзды еңсереді, бірақ барша реңктер мен өлшемдерді бере 

алмаған  соң,  үнемі  бір  нәрседен  бас  тартып,  бір  нәрсені  құрбан  етеді.  Ол 

мағынаны қағып алып, оны басқа сөздермен, жаңа әлем контексінде жеткізуі 

тиіс. Мағына біреу, бірақ әрбір тілдік әлем оның әртүрлі көрінуін талап етеді. 

               Егер  тілдік  айтылым  ескерілмей,  тергеу  хаттамасы  сияқты  таза 

мағына  ғана  ескерілсе,  онда  сол  «таза  мағына»  әрқашан  бұрмалау  болып 

шығады.  Түсінудің  ортасы  ретіндегі  тілде  қандайда  бір  айтылмайтын 

нәрсенің,  тұспалдардың,  реңктердің  шексіз  саны  бар  және  олар  толық 

болғанда  ғана  шынайы  түсіну  мүмкін  болады.  Лебіз  әрқашан  қандайда  бір 

сұраққа  қайтарылатын,  қайта  жасау  керек  болатын  жауап.  Сондықтан 

соттағы  куәгерге  жауап  қайтару  қиын  болады  –  ол  сұрақтардың  қандай 

мақсатта  қойылғанын  білмейді  және  құрылған  тұзақтан  сақтанады.  Лебіз 

әрқашан бір нәрсені жасырады. Дәлме-дәл мағына айтылмай қалған нәрсенің 

бұлтына оранады. Өзара түсіндіру айтылған нәрсе мен айтылмаған нәрсенің 

шексіздігін  мағыналық  бірлікте  ұстап  тұрады,  сол  арқылы  оның  түсінілуін 

мүмкін етеді. 

               Тілге  әлемнің  тәжірбиесі  және  герменевтикалық  қарым-қатынастың 

ортасы  ретінде  қарайтын  көзқарас  тілге  аспаптың  бейшара  тағдырын 

үстейтін  батыстық  дәстүрге  қарсы  тұрады.  Гадамер  философияның  идеалы, 

оны  құтқаратын  нәрсе  –  тіл  өмірінен  безушілік  емес,  ойлау  мен  тілдің 

байланысын,  тілде  бар  ақиқатты  қалпына  келтіру  болуы  тиіс  дейді. 

Философия  тіл  арқылы  көрініс  табатын  біздің  әлемдік  және  өмірлік 

тәжірбиемізбен  айналысады.  Философиялық  ойлау  –  әлемнің  әуелгі 

тәжірбиесінің  ары  қарай  пайымдалуы.  Ол  «біз  сөйлейтін  тілдің  ұғымдары 

мен аңдауларының қуатын соңына дейін ойлауға талпынады». 

                Гадамер,  тілді  бұлайша  түсінудің  көкжиегінде  шешендік  өнер  мен 

герменевтиканың  арақатынасы  туралы  мәселені  де  басқаша  қояды.  Сөйлей 

білу  және  түсіне  білу  –  адамның  табиғи  қабілеттері.  Шешендік  өнер  де, 

герменевтика  да  –  еркін  өнер,  бірақ  қайсібір  мамандық,  машық 

мағынасындағы  өнер  емес.  Бұл  өнер  адамның  болмысына  тән.  Шешендік 

өнер – біздің өмірге ғылыммен салыстыруға келмейтін терең әсер ететін кез 

келген  зерделі  қатынастың  мәнді  қыры,  адамдар  байланысының  әмбебап 

түрі. Шешендік өнер иландырушы әңгіме, онда логика да, эмоция да болады. 

Шешендік өнердің мәні тәсілдермен таусылмайды, ол жалаңаш техникаға да 

келтірілмейді.  Нағыз  шешендік  өнерді  ақиқаттың  да,  жанның  да  білімінен 

бөлуге болмайды. 

             Бірақ  философ  герменевтиканы  шешендік  өнермен  ғана  емес, 

поэзиямен  де  жақындастырады.  Ол  мынадай  теңеуді  жақсы  көреді: 

поэзиялық  сөз  –  бірдеңені  білдіретін  де,  өзі  де  қандай  да  бір  мәнді  нәрсе 

болатын тайтұяқ алтын тәрізді. Таза коммуникативті сөз – қағаз ақша сияқты 

нәрсе, өзінің ішінде ол ештеңе де емес. 



        

409 


 

             Қарым-қатынас – өміріміздің бір түрі. Біз өзімізбен, Құдаймен, өзара, 

дәуірлермен,  көркем  туындылармен  ғана  емес,  заттармен  де,  әлеммен  де 

сөйлесеміз.  «Сұрақ-жауапты  ілікпе  сөздермен  алмасу  адами  байланыстың 

негізінде  жатқан  құрылымды,  сұхбаттың  іргелі  құрылымын  табады.  Бұл 

құбылыс адами түсінудің мәні болып табылады». 



Философиялық көзқарастары: 

               Сонымен,  Гадамер  түсіну  мен  өзара  түсіністікке,  олардың 

алғышарттары,  жағдайы  мен  құрылымына  қатысты  сұрақтарға  жауап 

қайтарады.  Түсіну  қажетті  түрде  түсінгіміз  келетін  заттың  тұтас  бейнесін 

жобалаудан  басталады.  Осыдан  кейін  ғана  жеке  деректер  мен  оқиғаларды 

түсіну  қолжетімді  болады.  Егер  олар  тұтас  нәрсенің  бейнесіне  қайшы 

келмесе, онда ол дұрыс таңдалған және бұл бейне бірте-бірте толық әлі нақты 

бола  бастайды.  Егер  тұтас  нәрсенің  бейнесі  қате  анықталса,  ол  жоққа 

шығарылады  және  оның  басқа  нұсқасы  пайда  болады.  Бұл  үдеріс  уақыт 

аралығында жүреді және «герменевтикалық оралым» деп аталады, өйткені ол 

бүтін нәрсенің абстрактілі бейнесінен басталып, деректерді тану арқылы оны 

нақтылаумен аяқталады. 



Әдебиет: 

 

1.  Гадамер  Х.-Г.  Пути  Хайдеггера:  исследования  позднего  творчества. 

/Пер. с нем. А.В.Лаврухина. «Пропилеи», -Минск: 2007.-240 c.  

2.  Батыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. «Жазушы», -Алматы: 2009. 

367-369 беттер 

3.  Батыс  философиясының  антологиясы  //Ауд.-Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан», -Алматы: 2002.  

4.  Гадамер Г.Г. Актуальность прекрасного. «Искусство», -Москва: 1991. 

5.  Гадамер Г.Г. Истина и метод. «Прогресс», -Москва: 1988.  

6.  Гадамер  Г.Г.  Диалектическая  этика  Платона:  феноменологическая 

интерпретация  «Филеба»/  пер.  с  нем.  и  предисл.  О.А.Коваль.  «С.-

Петербургское философское о-во», -СПб: 2000.- 255 с.  

 

 

 

        

410 


 

ЭДМУНД ГУСТАВ АЛЬБРЕХТ 

ГУССЕРЛЬ 

 

(8 сәуір, 1859ж, Просниц, Моравия 

(Австрия) – 26 сәуір, 1938ж,  

Фрайбург) 

 

           — 



неміс 

философы, 

феноменологияның негізін қалаушы.  

           Математикадан  философияға,  жаңа 

тәсілдер  мен  революциялық  шешімдерге 

қарай  жүретін  бағыт  таңдалды.  Лейпциг 

университетін  тәмамдаған  жас  математик 

математика ғылымындағы ең қызық нәрсе 

философия  екенін  біледі.  Нәтижесінде, 

философияға  көңіл  бөлген  ол  Ф.Брентано 

(Вена университеті) деген философ әрі психологтің шәкірті болады. Онан соң 

Гуссерль  Гетинген университетінде  дәріс оқиды,  Фрайбург  университетінде 

философия  кафедрасын  басқарады.  Бірақ  феноменология  оның  шынайы 

тағдырына айналады және оның маңына көптеген дарынды жас зерттеушілер 

шоғырланады.  Нацизм  жылдары  Гуссерль  қашу  мен  эмиграцияны  өзіне 

лайықты  көрмей,  Германияда  қалады.  Бірақ  даңқ  пен  лауазым  оны 

құтқармады.  1933  жылы  сәуірде  ол  Рейхскомиссардан  өзінің  «арийлік  емес 

тегіне»  байланысты  жұмыстан  босатылуы  туралы  хабарламасын  алады.  Дәл 

сондай  себеппен  оның  ұлы  Герхард  та  дәріс  оқу  құқығынан  айырылады. 

Осылайша Германия оның басқа ұлының бірінші дүниежүзілік соғыста қаза 

тапқанын  естен  шығарып,  ірі  ойшылды  «құрметтеп»  жатты.  Гуссерль  1938 

жылы 29 сәуірде «жабық» жағдайда жерленді. 



Философиялық шығармалары: 

    «Картезиандық  ой-тоғамдар»,  «Таза  феноменологияның  идеялары» 

«Европалық ғылымдардың дағдарысы» және т.б. 

            Гуссерльдің  негізгі  идеясы  көптеген  батыстық  ойшылдарды,  ең 

алдымен,  Декартты  мазалап  жүрген  идея  –  философия  мен  ғылымның  қас 

жауын,  зұлым  әрі  айлалы  скептік  пен  релятивисті  жеңу,  скептицизмнің 

шабуылына  төтеп  беретін  мәдениеттің  тұрақты  және  берік  негіздерін  табу 

болатын.  Бірақ  бұл  классикалық  мәселені  Гуссерль  бейклассикалық 

тәсілдермен шешеді. Ол батыстық философияның классикалық қағидатынан, 

яғни  психиканы  санамен,  ал  сананы  таныммен  барабар  деуді  жоққа 

шығарады  (Онымен  қатар  дәл  сондай  қиратушы  жұмысты  оған  бейтаныс 

Зигмунд  Фрейд  жүргізеді,  ол  психикалық  концепті  бейсаналық  бөліктерді 

енгізу арқылы кеңейткен). 

             Эдмунд  Гуссерль  өзінің  имиджін  өзгертуден  арланбай,  күрделі, 

қайшылықтарға  толы  жолды  таңдаған.  Ол  философиялық  аренаға 

«Логикалық зерттеулер» деп аталатын екітомдық еңбегімен шығады, онда ол 

кез-келген  психологизмге  қарсы  тұратын  қатаң,  жүйені  сүйетін 


        

411 


 

рационалистің  кейпінде  болды.  Философияның  міндеттері  бірмәнде 

анықталады:  «Егер  ғылым  теорияны  өз  мәселелерін  жүйелі  түрде  жүзеге 

асыру үшін жасаса, философ сол теорияны жалпы мүмкін ететін қандай нәрсе 

деген  сұрақты  қояды  және  т.с.с.».  демек,  философия  тек  қана  негіздеумен 

айналысу  керек,  яғни  ғылымға  қызмет  етуі  тиіс.  Бұл  классикалық 

рационализмнің рухына толығымен сай келетін ереже болатын. 

            Бірақ  өзінің  кейінгі  шығармаларында  –  «Философия  қатаң  ғылым 

ретінде»  деген  бағдарлы  мақаласында,  әсіресе  «таза  феноменологияның 

идеялары»  еңбегінде  Гуссерль  мүлде  басқа  көзқарасты  ұстанады, 

классикалық  философияның  алаңын  тастап,  жаңа  көкжиектерге  ұмтылады. 

Ол  енді  ғылымның  алдында  бас  июден  бас  тартады  да,  философияға  мүлде 

басқа  рөл  үстейді,  яғни  оның  қызметі  нәтижесінде  шексіз  жұмыс  өрісі 

ашылады  және  математикалық  тәсілдерсіз,  ой-тұжырым  мен  дәлелдеу 

аппаратынсыз  құнды  материалды  алатын  ғылымның  негізі  қаланады. 

Психологизмнің  бұрынғы  қарсыласы  болған  ол,  енді,  тек  жеке  санада  ғана 

абсолютті мәндер әлемінің кілті бар дегенді дәлелдейтін болады. 

Философиялық көзқарастары: 

           Ең  ақыры,  өмірінің  соңғы  кезеңінде  Гуссерль  бар  ынтасын  батыстық 

мәдениеттің  болашағына  алаңдап,  өзінің  «Европалық  ғылымдардың 

дағдарысы»  деген  еңбегінде  бұл  ғылымның  біздің  өмірлік  сауалдарымызға 

ешқандай  жауап  қайтара  алмайтынын  қынжыла  мойындайды.  Философ 

батыстық  мәдениеттің  трагедиясын  жақсы  түсінген:  ғылым,  рацио  қауіпті 

дербестікті  иеленіп,  адамгершіл  құндылықтар  мен  адами  мәнді  ұмытады. 

Батыстық  мәдениеттегі  адам  тіршілігінің  парадоксы  –  оның  тірі  адами 

субьективтілік  ретіне,  заттардың  арасындағы  затқа,  обьектіге  айналуы  еді. 

Енді  Гуссерль  ғылымға  емес,  ғылымнан  бұрынғы  тәжірибиеге,  «өмірлік 

әлемге»  арқа  сүйейді:  ол  бұрыннан  сенімге  ие  болған  және  адам  өмірінде 

маңыздылығы  даусыз,  іс  жүзінде  тексерілген  «айқын  нәрселердің», 

түсініктердің  жиынтығы»  –  пікірлер,  түсініктер,  өмірлік  тәжірибиенің 

даналығы. 

                 Гуссерль  классикалық  дискурста  сыртқы  ықпал  мен  жетістікті 

көздейтін сананы – қайғылы жиырмасыншы ғасыр жоғалтқан ең басты адами 

мәндерді  өзіне  қарай,  ішкі  өмірге  қарай  бұрады,  сол  арқылы  Батыс  пен 

Шығыстың философиялық тәжірибиесін жақындатады. 

 

                                                                Әдебиет: 

 

1.  Гуссерль Э. Избранные работы /Сост.: В.В.Анашвили, -М: 2005. 458 с.      

2.  Батыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. «Жазушы», -А: 2009. 321б. 

3.  Гуссерль Э. Логические исследования. Т. 2. ДИК, -Москва: 2001.  

4.  Гуссерль Э. Философия как строгая наука. «Сагуна»,— Новоч-ск: 1994.  

5.  Гуссерль Э. Идеи к чистой феноменологии, -М: 1999. 

6.  Гуссерль  Э.  Кризис  европейских  наук  и  трансцендентальная 

феноменология. -СПб: 2004 

 


        

412 


 

ВИЛЬГЕЛЬМ ДИЛЬТЕЙ 

 

(19 қараша 1833ж, Рейндегі-Бибрих 



–  1 қазан 1911ж, Зейс) 

 

        — 



неміс  философы,  мәдениет 

тарихшысы,  «өмір  философиясының» 

өкілі, түсінуші психологияның және «рух 

тарихы» мектебінің негізін салушы.  

           Ол 

тарихи-гуманитарлық 

ғылымның  («Рух  туралы  ғылым») 

жаратылыстануға 

(«Табиғат 

туралы 


ғылым») 

қатынасы 

ерекшелігін 

тақырыпқа  айналдыра  келе,  Дильтей 

«түсіну» мен «түсіндірудің» классикалық 

дихотомиясын тұжырымдады. 



Философиялық шығармалары: 

        —  «Сипаттау  психологиясы»,  «Рух  туралы  ғылымға  кіріспе», 

«Герменевтиканың пайда болуы» және т.б. 

Философиялық көзқарастары: 

 -  Дильтей  салыстырмалы  (табиғиғылыми,  жаратылыстану)  және  сипаттау 

психологиясын  ажыратты,  сөйтіп  сипаттау  психологиясын  рух  туралы 

ғылымның негізі деп санады;  

 - Жанды өмірді өзара байланысты, құрамдасқан және дамитын деп «ұғыну» 

(түсіну) – сипаттау психологиясының маңызды міндеті; 

-  Өткен  мәдениетті  түсінуді  Дильтей  интерпретация  методы  немесе 

герменевтика,  яғни  өмір  көріністерінің  жазба  нұсқаларын  түсіну  өнері  деп 

атады; 



Дильтей 



герменевтиканы 

барлық 


гуманитарлық 

білімдердің 

методологиялық негізі деп санады. Ол түсінудің екі түрін қарастырды: 

 Интроспекция – өзінің ішкі дүниесін түсіну (өзіндік бақылау); 

 Эмпатия  –  өзгенің  дүниесін  түсіну,  оны  сезіну,  оның  жай-күйіне 

ортақтасу.  Осы  түсінудің  екі  түрі  –  бұл  «сыртқы  сезім  мүшелері 

негізінде ішкі дүниені танитын, ұғынатын процесс». 

-  Дильтей  философиясының  өзекті  ұғымдары  –  «уайымдау»,  «қобалжу», 

«айтылу», «мағына», «түсіну», «дүниеге көзқарас», «даралық»; 

-  Оның  «Қобалжу  және  поэзия:  Лессинг,  Гете,  Новалис,  Гельдерлин»  деген 

еңбегі – «рухани-тарихи» мектеп үшін классикалық болып табылады

-  Тарихилық  мәселесін  Дильтей  релятивтік  пен  жалпымағыналықтың 

антиномиясы деп қарастырды. Осы қайшылықты шешу – радикалды «өзіндік 

ұғыну»; 


-  Философия  дүниеге  көзқарастың  алуан  түрлілігін  өзінің  обьекті  деп 

қарастыруы керек; 

-  Дильтей  сананы  әлде  бір  өзіндік  анықталғандық  деп  қарауға  болмайды 

дейді,  өйткені  ол  әуел  бастан-ақ  «өмір»  және  «тарихпен»  анықталған,  яғни 



        

413 


 

ұғынушы индивидтің нақты жай-күйі, оны «биографиясымен», ең соңында –

оның  елінің  әлеуметтік-мәдени  жағдайларымен  және  оның  дәуірімен 

айқындалған; 

- Дильтей таза логиканы теріске шығарды; 

 

Әдебиет: 



 

1.  Дильтей  В.  Описательная  психология  /Перевод  с  немецкого 

Е.Д.Зайцевой под ред. Г.Г. Шпета. 2-изд. «Алетейя», -СПб: 1996.  

2.  Дильтей  В.  Воззрение  на  мир  и  исследование  человека  со  времен 

Возрождения и Реформации / Академия исследований культуры; пер. с 

нем. М.И.Левина. Университетская книга, Мосты культуры /Гешарим, 

— М.—Иерусалим: 2000.  

3.  Иманқұл  Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия.  /В.Дильтейдің  сипаттау 

психологиясы мен герменевтикасы. «Парыз», -Астана: 2009. 267-бет 

4.  Дильтей  В.  Собрание  сочинений  в  6  т.т.  /Под  ред.  A.B.Михайлова  и 

Н.С.Плотникова. Т.1: Введение в науки о духе: Опыт полагания основ 

для изучения общества и истории /Пер. с нем. под ред. B.C.Малахова. 

«Дом интеллектуальной книги», -Москва: 2000.  

5.  Дильтей  В.  Собрание  сочинений:  В  6  т.  /Под  ред.  A.B.Михайлова  и 

Н.С.Плотникова. Т. 3. Построение исторического мира в науках о духе 

/Пер. с нем. под ред. В.А.Куренного. «Три квадрата», -Москва: 2004.  

6.  Дильтей  В.  Собрание  сочинений  в  6  тт.  Т.4:  Герменевтика  и  теория 

литературы / Под ред. А.В.Михайлова и Н.С.Плотникова /Пер. с нем. 

под  ред.  В.В.Бибихина  и  Н.С.Плотникова.  —  Научное  издание.  «Дом 

интеллектуальной книги», -Москва: 2001.  

7.  Дильтей В. Сущность философии / Пер. с нем. под ред. М.Е.Цельтера. 

«Интрада», -Москва: 2001.  

8.  Плотников  Н.С.  Жизнь  и  история:  Философская  программа 

Вильгельма Дильтея. «Дом интеллектуальной книги», -Москва: 2000. 

 

 



 

 


        

414 


 

ЖАН БОДРИЙАР 

 

(7 шілде 1929ж, Реймс, Франция – 

 6 наурыз 2007ж, Париж, Франция) 

 

       — 



француз 

социологы, 

культурологы 

және 


философ-

постмодернист, фотограф.  

        Белгі-рәміздік  обьектілер  және 

коммуникация  саласында  айрықша 

философиялық 

теория 


жасаушы. 

Постиндустриялық  қоғам  мәселелерін 

зерттеумен шұғылданады. 

Философиялық шығармалары: 

«Заттар  жүйесі»  (1968),  «Өндіріс 

айнасы» 

(1975), 


«Өнбейтін 

стратегиялар» 

(1983), 

«Общество 

потребления»  (1970),  «К  критике 

политической экономии знака» (1972), 

«Символический  обмен  и  смерть»  (1976),  «Соблазн»  (1979),  «Симулякры  и 

симуляция»  (1981),  «В  тени  молчаливого  большинства,  или  конец 

социального»  (1982),  «Америка»  (эссе)  (1986),  «Прозрачность  зла»  (1990), 

«Пароли. От фрагмента к фрагменту» (2000) және т.б. 



Философиялық афоризмдері: 

  Түкке  тұрмайтын  бірдеңенің  бәсін  көтеру  үшін  –  оның  маңайында 

едәуір бос қуыс жасалады. 

  Адам – заттан, зат – адамнан еркін бола алмайды. 

  Кеңістікте  –  айна  қандай  рөл  атқарса,  сағат  –  уақыт  үшін  сондай  рөл 

атқарады. 

  Қашан да дайын тұрушылықтың соңы сөзсіз үрейге ұласады. 

  Зат  –  қоршаған  ортасын  қалыптастыруға  келгенде  адамның  өзінің 

алдына  түсіп  алады  да,  оның  әлдебір  қадамдар  жасауына  ұйтқы 

болады. 


  Зат  –  адамның  оған  қатысты  жасайтын  қадамдарынан  да  гөрі 

күрделеніп барады. 

  Көзқарас – бойға бітер қасиеттің ең қатерлісі. 

  Орын  алмастыра  алмаушылық  бар  екенін  бадырайта  білдіру  мен 

иерархиялық рәсім зат біткеннің бәріне де тән. 

  Негізінде, робот – қашан да құл болып қала бермек. 

  Молшылықта заттың аздығы емес, тез бүлінетіндігі мұңға айналады. 

  Үй-ішілік ахуал – өмір үшін мазасыздықтың бір көрінісі. 

  Кез-келген көне дүние осы күнге аман-сау жеткені үшін ғана сүйкімді. 

  Бөлме сағаты – біздің жүрегімізді артық мазаланудан сақтайтын темір 

жүрек. 

  Бояулардың әдетте моральдік-психологиялық мағынасы болады. 



        

415 


 

  Тұтынудың шегіне шыға алмайсың. 

  Әлдебір міндет атқарушы адам – әуел бастан-ақ жалыққан адам. 

  Жайлы  орындықтың  жалғыз  мұңы  –  ешқашан  жападан  жалғыз  қалып 

қоймау, сол сияқты ешкіммен бетпе-бет те келіп қалмау. 

  Адам  кеңістікті  бағындыру  арқылы  өзінің  нарцистік  болмысының 

кескіндемесін жасайды. 

  Тұтынудың  жойылмайтын  себебі  мынада  жатса  керек:  ол  әлдебір 

жетіспеушіліктерге негізделеді ғой. 

  Коллекционер  міндетті  түрде  «тамаша  статуэтка»  екен  демейді, 

«тамаша зат» екен дейді. 

  Несие  жүйесі  адамның  өзінің  алдындағы  шыдамсыздығын  шегіне 

жеткізе алады. 

  Толық  жетілген  қалып  адамға  өз  құдырет-күшін  сырттан  бақылаушы 

рөлін ғана қалдырады. 

  Зат  нақты  тәжірибиелік  қолданыстан  шыққан  сәтте-ақ  мінез-құлық 

тәжірибиесі саласына өтеді. 

  Оған қажет болмай қалған нәрсе – бізге қажет болуы мүмкін. 

  Заттың әлсіздігі мен ажалы емес, соларға көзсіз елту –қасірет. 

  Туристік сапар қашан да жоғалған уақытты іздеумен өтеді. 

  Адамдарды  жеңген  кеңістіктен  гөрі  жеңілген  кеңістік  көбірек  бөліп 

тұрады. 


  Қозғалыс – қажеттілік, жылдамдық – ләззат. 

  Біз мәңгі өз заттарымыздан оза алмай әуреге түсіп жүреміз. 

  Сатып алмаған зат біздің қолымыздан уақыт тұрғысында алғанда ғана 

сытылып шығады: ол ешқашан сіздікі болған да емес. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет