308
ЖИРЕНШЕ-ШЕШЕН
(XV- ғасыр, Жетісу)
– қазақтың ақыл-парасатымен,
тапқырлығымен аңызға айналған Ұлы
Дала данышпаны, ділмәр шешені.
Аңыз-әңгімелердің
дерегі
бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек
ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ
тарихи шығармаларда Жәнібек ханның
төңірегінде ондай адам болды деген
дерек кездеспейді. Дегенмен, қазақтың
әйгілі
шипагер
ғалымы,
елдің
әлеуметтік
саяси
өміріне
жүйрік
тарихшысы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
«Шипагерлік баян» кітабында өзі
туралы былай дейді: «Өтейбойдақ
Тілеуқабылдың ұлымын. Ата тегім - Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан.
Мекенім – Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес.
Жанымда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарашасымын. Жылым -иіртек,
сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрын, кең иықты, қап
сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын».
Жиренше шешен есімі, ақыл, парасаттың үлгісі ретінде қазақ ауыз
әдебиетінен берік орын алған. Ол туралы ертегілер, әңгімелер қазақ
фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздіктің
үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілері де бар. Жиренше шешен дербес
Қазақ хандығын құру үшін ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып,
халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық
жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың
көпшілігі XV-XVI ғасырлардан басталатын халық шығармасына немесе
әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуімен ортақ мұраға
айналып кеткен. Ол туралы өзге халықтардың шығармаларында да сөз
болады. Түркі-Моңғол, Үнді-Еуропа, түркі тілдес халықтардың біразының
фольклорында оның есімі кездеседі. Мысалы қарақалпақта Жиренше шешен,
қырғызда Жээренче чээчэн, түрікменде ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче
туралы аңыздар бар. Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің
ішінде ең көп тарағаны оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа
үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз
әңгімелерді үш топқа бөледі:
Біріншісі – Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы әрі досы
етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене
қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады.
309
Екіншісі – Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші
етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына
өзінің ақыл-парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді.
Үшіншісі – Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті
қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері.
Осы шығармалардың арқасында Жиренше есімі ұмыт болмай, ғасырдан
ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Ел ауызындағы Жиренше шешен
аңызын қолжазбасына түсірген ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды. Ол: «Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін,
төркінін білемін деп іздегендіктен қалыңсыз бір ханның қызын алды. Өз
ханнының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды. «Жігіттікте жаннан кеш те, іс
қыласың, өлесің, өлмесең, кісі боласың!» деп бұрынғының айтқаны осы!»
деп, Жиренше шешен туралы өз пікірін білдіреді.
Философиялық афоризмдері:
Атты мен жаяудың сәлемі жараспас.
Басқа пәле – тілден.
Қайран менің өз үйім – кең сарайдай боз үйім.
Өтірік пен шынның арасы – төрт-ақ елі.
Көзбен көрген – шын, құлақпен естіген – өтірік.
Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.
«Тесік тамақ» - тесік тау.
Қадірлі болғысы келген кісіге үш серік керек: бақ, дәулет, ырыс.
Қыз алған қандай? – «Өзің білесің» дер. Жеңге алған қандай? – «Өзім
білемін» дер. Жесір алған қандай? – «балам біледі» дер.
Сақалы – ақ, шашы – қара адам көрдім.
Үйде – езілген, түзде – тебінген, әйелі – шайпау, аты - шабан бір бейбақ
болар.
Күндіз – екеу, түнде – төртеу.
Ажал деген –атқан оқ, бір алланың қақпаны.
Өлсең де –жақсымен қатар жатқайсың.
Ас айныса – тұз себер, дос айныса – не себер.
Табағының басқасы болмаса – бәрі бір табақ.
Дүниеде не жетім?
Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел жетім, жарынан
айырылған ер жетім.
Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең саналады?
Түзу мылтық, алғыр қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы жайлы жар бар
ердің төрт құбыласы тең болады.
Жауы үйде, досы түзде жанның қапасы ауыр болар.
Өзің білмес ісіңді – білгендерден сұрап ал.
Әкесі өлген – асқар тауы құлағанмен бірдей, шешесі өлген – ағар бұлағы
суалғанмен бірдей, ағасы өлген – оң қанаты айырылғанмен бірдей, інісі
өлген – сол қанаты қайырылғанмен бірдей, апа-қарындасы өлген – өрісі
тарылғанмен бірдей.
310
Он бес жас – құйын қуған желмен тең, жиырма жас – дауыл ұрған көлмен
тең, отыз бес – ағып жатқан селмен тең, қырық бес – аю аспас белмен тең,
жетпіс бесте – өр көңілің жермен тең. Сексенде – селкілдеген шал
боларсың, тоқсанда – сексенге де зар боларсың, жүзге келсең – дүние
қызығынан күдеріңді үз: өлмей тірі жүргенге мәз боларсың.
Төрт нәрседе үміт бар: жас – өсемін деп үмітті, жалғыз – көбейемін деп
үмітті, жарлы – байимын деп үмітті, ауру жазыламын деп үмітті. Көктемі
мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған
кәрілікте ғана үміт жоқ.
Әдебиет:
1. Әбішев Қ. Философия (жоғары оқу орындарының студенттеріне
арналған). —Алматы: 1998.
2. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Қазақ афористикасы:
бағзыдан бүгінге дейін. Жиренше. «Өлке», —Алматы: 2009. 88-б
3. Бейсенов Қ. Философия тарихы.— Алматы: 1992.
4. Даналардан шыққан сөз (Нақылдар жинағы). «Мектеп», —Алматы:
1987.
5. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008
6. Қазақ. /Бас ред.Ә.Нысанбаев. Құрастыр.Ү.Сұбханбердина және т.б.
—Алматы: 1998.
7. Сегизбаев О. Казахская философия XV-начала ХХ вв. –Алматы: 1996.
8. Философиялық сөздік. —Алматы: 1996.
311
ШАЛГИІЗ-ЖЫРАУ (ШАЛГЕЗ)
ТІЛЕНШІҰЛЫ
(1465ж. Батыс Қазақстан өңірі,
Жайықтың шығыс беті – 1560ж.)
— ұлы жырау, ойшыл, қазақ
жыраулық поэзиясының атасы.
Онда әміршіге тікелей арнау да,
мадақ өлеңдер де, болмыс туралы
философиялық толғаныстар да, өзі
туралы ойлар да, дидактикалық толғаулар
да бар. Шалкиіз Ноғайлының ұлы биі
Мұсаның
қызынан
туыпты.
Әкесі
Тіленші – қазақ арасындағы көп
шонжарлардың бірі. Үш айлығында
анасынан айырылып, нағашы әжесінің қолында тәрбиеленген. Ер жетіп, атқа
қонған кезінде Ноғайлы ханы Темірдің ықпалды билерінің бірі болады.
Келіспеген тұстарында ашық та қатты айтып, елдікке шақырған.
Оның шығармаларының өзіндік ерекшелігі – ондағы философиялық
толғаныстардың көптігі. Көркем шығарма қашан да сол заманның , сол
кездің ой-өрісімен салыстырыла бағаланбақ. Шалкиіздің философиялық
ойлары ұзақ толғанып, өз заманын нәзік түсінуінің жемісі. Бұл ерекшеліктер
жыраудың шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі болғандығын көрсетеді.
Осыдан келіп, біздер Шалкиіз ойларының, шығармаларының өміршеңдігін,
арада төрт жарым ғасырдай өтсе де, ұрпақ жадында ұмтылмас сақталуының
сырын ұғамыз.
Белгілі ғалым әрі жазушы Мұхтар Мағауин: «Шалкиіз новатор еді -
дейді. Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Бұл
тұрғыдан алғанда, Шалкиізді қазақтың барлық жырауының атасы деуге
болады. Өзінің философиялық-афористік – толғауларында Шалкиіз
ойлылықтың, көркемдіктің шыңына шықты. Қиыннан қиыстыру, нақтылық,
ықшамдылық, ойнақылық, сонымен қатар тереңдік – Шалкиіз поэзиясының
ерекшелігі. Бұл жағынан алғанда, қазақ жырауларының ешқайсысы да
онымен теңесе алмайды».
Қазақ ақын-жырауларының шығармалары, негізінен, көшпелілер
болмысы, атақоныс, адам, сол кездегі әлеуметтік жағдайларға, батырлық,
көркемдік, адамгершілік өмір мәселелеріне байланысты болып келді.
Шалкиіз шығармашылығында бір қалыпқа түскен философиялық
көзқарас жоқ. Бұл Шалкиіз шығармаларының біздерге дейінгі ұрпаққа толық
жетпеуі себепті болар деп ойлаймыз. Дегенмен, қолда бар толғаулардың өзі
адам, қоғам, өмір, табиғат жайында терең түсініктер береді.
Дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе жоқ дейді жырау. Өмір қысқа екен,
бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек, осы аз
ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп, думандатып өткізу керек деп,
312
жырау өмір мен өлім мәселесі жайында философиялық толғаныстар
жасайды. Жырау өмірдің бар қызығы, бақыты, қуанышы о дүниеде емес,
адамның бар бақыты бұл дүниеде екенін айтып кетеді.
Шалкиіз жырау «көп түкірсе – көл» деп, елді ұйымшылдыққа,
бірлікке шақырады. Оның пікірінше, көптің , елдің қолынан бәрі келеді. Ол
жауға айбар, елгеқорған дейді. Сондықтан да Шалкиіз жырау: «Жалғыздың
тартатұғын жоғы жоғалса – табылмас, рулының оғы қалса – табылар»,
«Жағаға дұшпан қолы тимеске – артында туысқанның көбі игі», «белуардан
саз кешсең, тобығыңнан келтірмейтін», «қамалаған қалың туғанның арқасы»,
- деп, ағайынның, туғанның көп болғанын қалайды.
Шалкиіз жырау жамандық пен жақсылық жөнінде де айта келіп,
«Көрінгеннің бәрі бірдей емес», «Қырға шықпас жаманның барынан да жоғы
жақсы», - деп, адам бойынан үлкен адамгершілік, игілік, тереңдік іздейді.
Жауынды күні көп жүрме,
Жар жағасы тайғақ-ты.
Жаманға жақыным деп сыр айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!
В.Радловтың жазуы бойынша, нәзік жанды ақындығымен қатар,
Шалкиіз батыр, жауынгер де болған көрінеді. Мұның дәлелін мына бір
жолдары көрсетеді:
Қатты бір тартып бек атсаң,
Қайырылып барып тез сынар
Қайың оқтың жаңқасы...
Болмаса:
Көктеп мінген еріңнің
Астында көп жүгірер көлік бар,
Көп садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар, -
деген сияқты жолдар өте көп кездеседі. Бұдан біз байқағанымыз, Шалкиіз
толғауларының рухы – батырлық, ерлік, өз Отанын сүю, оған қызмет ету.
Қорыта айтқанда, Шалкиіз мұралары бізге әлі толық жетпегенімен,
оның рухани мұрасы өте бай. Оның өз өнері, дүниеге деген көзқарасы төл
ойлау мәдениетіміздің қалыптасуына, сөз жоқ, айтарлықтай ықпал етті.
Философиялық афоризмдері:
Жаманнан туған жақсы бар – адам айтса нанғысыз,
Жақсыдан туған жаман бар – бір аяқ асқа алғысыз.
Жақсының өзі өлсе де – сөзі өлмейді.
Жақсының жақсылығы сол болар – жаманменен қосылып сөйлемекке ар
етер, жаманның жамандығы сол болар – сөйлесе бетін қара етер.
Жез қарғылы құба арлан қорашыл төбет болған күн.
Тең атаның ұлы едің: дәрежеңді артық етсе – тәңірі етті.
Тұсында болған мәртті қорлама – табылмайды керекте.
Бар күшіңді сынамай – балуандармен күреспе.
313
Жоғары қарап оқ атпа – жақын түсер қасыңа.
Жақсы да келер бұл көпке, жаман да келер бұл көпке.
Саған дұшпан – маған жау.
Шағырмақ бұлт жай тастар, әділ жігіт – ел бастар.
Шешен жігіт – жол бастар, батыр жігіт – қол бастар.
Айдын сулар, аймақ көл – тасыса дөңбек келтірер,
Көп өтірік, жаман сөз – басыңа бәле келтірер.
Жаманға беліңді шешіп иланба – илантып тұрып өлтірер.
Теңеу: ертеңнен салса – кешке озған, ылдидан салса – төске озған.
Алға сап жауап бермеңіз – арғы түбін ойламай.
Теңеу: боз үстінде от жағып, бұзбай бұлан пісірген мен иемнің бөрілі ала
тасы едім, жау көрген күн –жүрегінің басы едім, көз үстінде қасы едім.
Жүк тиесең – кетерсің, ниет етсең – жетерсің.
Асқардан биік тау болмас – басына балапан ұшып қона алмас,
Бүркіттен қыран құс болмас – бауыры жайылмай бөрі алмас.
Жүйрікпін деп жалданба – жолығарсың арланға.
Еріккенде қызыл тілін тыймаған бір пәлеге жолығар.
Жағаңа дұшпан қолы тимеске – артыңда туысқанның көбі игі.
Арғымақ атқа көп міндім – садаға кетсін буданнан,
Азаматқа көп ердім - садаға кетсін туғаннан.
Жайыңды білмес қарындас – өзі дұшпан, өзі қас.
Атаның ұлы жақсыға – малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі.
Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.
Есендікте – малыңды бер де батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе –
дұшпанның қолы жете алмас.
Жалаңаш барып жауға ти – тәңірі өзі біледі ажалымыз қайдан дүр!
Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа.
Жаманның жалаңдаған тілі жау.
Бір жақсымен дос болсаң – азбас-тозбас мүлкі етер,
Бір жаманмен дос болсаң – бар ғаламға күлкі етер.
Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса –жазаны сонда көрерсің.
Түлкідей құйрық тастаған жаман тағылық жетер басыңа-ай.
Тәңірі өзі білмесе – «менмен»-сіп жүрген ер жігіт кісіден тартып ала
алмас.
Әдебиет:
1. Қазақ. /Бас ред.Ә.Нысанбаев. Құрастыр.Ү.Сұбханбердина және т.б.
—Алматы: 1998.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы /Ақын-
жыраулар философиясы. —Алматы: 2006. 232-234 беттер.
3. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Қазақ афористикасы:
бағзыдан бүгінге дейін. Шалгиіз Тіленшеұлы. «Өлке»,—Алматы: 2009.
4. Қазақ даласының ойшылдары—.Алматы: 1995.
314
АҚТАМБЕРДІ-ЖЫРАУ САРЫҰЛЫ
(1675ж. Қаратау бойында – 1768ж.
Семей, Абай ауд., Жүрек-Жота)
— атақты жырау, асқан ойшыл.
Қазақ Елі үшін тек жыр арнап қана
қоймай, жауға шапқан ер. Халидидің
айтуынша, Ақтамберді – ойраттармен күрес
дәуірінде қазақ қолының басында жүрген
ауқатты, қаһарман ерлердің бірі.
Шығармалары:
Ақтамберді
шығармалары
нақыл
сөздерге, афоризмдік толғауларға толы.
Қазақтың
болмысы,
тіршілік-тынысы,
ерекшеліктері, сол кездегі тарихи оқиғалар
оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Алдаспан жырларынан өрлік
пен өміршеңдік, ел тәуелсіздігін ту еткен ерекше отаншылдық рухы басым.
Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру, ата намысы емес, исі қазақтың
намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады.
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке.
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке.
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп, Құдай, тілекке!
Ақтамберді өзінен бұрын өткен Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерін әрі қарай
жалғастырушы болып табылады.
Ақтамберді жырларында көшпелі қазақтардың ой-арманы, мақсат-
мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы
аңғарылады. Бұған жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ
толғауы дәлел бола алады.
Ақтамберді жыраудың айтуынша, қазақ үшін байлық – малда. Ол
«алғидың құба жонына сыймас» ақтылы қой, «көлге түссе, көз жетпес» көк
алалы көп жылқы, боздаған даусы күй болып төгілетін сансыз түйе жайлы
армандайды, елдің төрт құбыласы тең, үлкен байлыққа кенелуін қалайды.
Қазақтар үшін мал асылы жылқы екені белгілі. Жылқының көшпелілер
өміріндегі алар орны жайлы Ақтамберді жыраудай толғаған қазақ ақыны
жоқ. Ол – еліміздің ұлттық қасиеттерін, қонақжайлығын, үлкенді құрметтеу,
кішіні сыйлау, әсіресе отбасының сыйлылығын, берекесін дәріптеп өткен
ақын.
Ақтамберді жырау тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің
топырағын жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік
мақсаты орындалғандығына ризашылдығын білдіре келіп, «батырларша оққа
ұшпай, төсекте жатып тек өлгендігіне» өкінеді.
315
Философиялық афоризмдері:
Кәрі ақсайды ақылдан, ер ақсайды жақыннан.
Жеңіме жамау түскенін, кедейлік, сенен көремін,
Жағама қолдың тигенін, жалғыздық, сенен көремін.
Бұлаңдап жүрген жігіттің көкейін бірде жоқ тесер.
Ақбөкен келіп жығылар – алдын қазып оралса,
Жігіттің бағы ашылмас – маңдайы ашық болмаса.
Ата менен анасын күткен жанға -
Мекке мен Мәдина үйдің іші.
Еділ-Жайық екі өзен талсыз болар деймісің,
Жағалай жатқан қалың ел малсыз болар деймісің.
Орнын тапса ер жігіт – елсіз болар дейсің бе.
Орда тігіп орнатса – төрсіз болар дейсің бе.
Бақыт қонған басына – басқалармен тең өсер,
Бақ қонбаған басына – жақсылардан кем өсер.
Қару алсаң мылтық ал: қарның ашса – тамағың, жаяу жүрсең – таяғың.
Күмбір-күмбір кісінетіп күрең де мінер ме екенбіз, күрек тісін ақситып
сұлу да сүйер ме екенбіз; күдеріден бау тағып – кіреуке киер ме екенбіз,
жағасы алтын, жеңі жез, шығыршығы торғай көз – сауыт киер ме екенбіз;
қоңыраулы найза қолға алып, жалаулы найза жанға алып – жау қашырар
ма екенбіз; тобылғы сапты қамшы алып, тұмар мойын ат мініп – қоныс
қарар ма екенбіз; ел жазылып жайлауда жақсылар кеңес құрғанда –
мұртымыз көкке шаншылып, бұрын да сөйлер ме екенбіз.
Ағайының көп болса – ұлы шерік қолмен тең,
Білімді туған жақсылар – аз да болса көппен тең.
Қайырлы болса бай адам – дария шалқар көлмен тең,
Қайырсыз болса жаман бай – ел қонбаған шөлмен тең.
Мінезді болса алғаның – күнде сонар қызбен тең,
Жаман болса алғаның – астыңнан өткен сызбен тең.
Бағасын білмес жаманға – алтын-күміс жезбен тең.
Құдық қазсаң көзден қаз – көл суалмаса суалмас,
Білімдіге бағынса – халық жүдеп-қуармас.
Әдебиет:
1. Мағаин М. Ғасырлар бедері. —Алматы: 1991. 48-бет
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы /Ақын-
жыраулар философиясы. —Алматы: 2006. 234-235 беттер
3. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы /Қазақ афористикасы:
бағзыдан бүгінге дейін. Ақтамберді Сарыұлы. «Өлке»,—Алматы: 2009.
4. Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009.
5. Қазақ. /Бас ред. Ә.Нысанбаев./Құрастыр.Ү.Сұбханбердина және т.б.
—Алматы: 1998.
6. Сегизбаев О. Казахская философия XV-начала ХХ вв. –Алматы: 1996
316
БҰҚАР-ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ
(1668ж. Орталық Қазақстан, Баянауыл
төңірегі – 1781ж. Баянауыл, Далба
тауының етегі)
— қазақтың рухани тарихындағы
ең үлкен ойшылдардың бірі әрі атақты
жырау.
Әкесі белгілі батыр болған. Тәуке
және Абылай хандар билік еткен тұста
аса ықпалды би, қара қылды қақ жарған
әділ кеңесші болған. Ақылды да, өзінің
жалынды жырларымен хан билігіне
араласып, ел мүддесін қорғаған. Қазақ
сөз өнерінің тарихында өзгеше із
қалдырған
тұлға.
Философиялық
толғаулары ел ішінде кеңінен тараған.
Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде өмір кешеді.
Алайда, өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға
емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп, қабырғалы биге, өз заманының
ұраншысына айналады. Мәшһүр Жүсіптің айтуынша, Бұқар жырау атанған
қария тоқсан үш жасында Абылай ханның алдында жыр толғаған. Сонда
Абылай ханға: «сенен бұрын жеті ханды жебеледім. Еңсегей бойлы Ер Есім
ханға да жолдас болдым. Сен оның түстігіне де жарамайсың», - деген екен.
Абылай хан жорыққа аттанбақшы болса, Бұқар жырауды алдырып:
«Жұлдызым оң ба?» - деп, айдың, күннің сәтін сұрайды екен. «Сары бура
келгеннен туыңның түбінде шөгіп, мойнын жерге жабыстырып, жатып алды»
десе, аттанбайды екен», - деп Мәшһүр Жүсіп Бұқарды әрі жырау, әрі
көріпкел әулие етіп суреттейді.
Шығармалары:
Халық «Өнер алды – қызыл тіл» десе, Бұқар бұл мақалдың
даналығын әбден түсінген адам. Ол сөз өнерінің қиындығын да, құрметтілігін
де білген. Сондықтан да жырау:
«Ел бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта
сөз бастаудан қиын нәрсені көргенім жоқ», - деген екен.
Бірде Абылай: «Қазына қайда?», - деп сұрағанда жырау: «Басы
жеткен жігіттің екі езуі қазына: бір езуі – алтын, бір езуі – күміс» депті.
Бұқардың өзі осы қазынаны – сөз өнерін жеріне жете меңгерген еді.
«Өз заманындағы жандар бұл кісіні Көмекей әулие деседі екен,- деп жазды
Мәшһр Жүсіп. – Қара сөз білмейді, сөйлесе, тек көмекейі бүлкілдеп жырлай
бастайды екен».
Бұқар мұрасынан біздің заманымызға жеткені 1100 жол жыр-толғау
шамасында. Бұл, сөз жоқ, жыр туғызған көл-көсір жырлардың бір бөлігі ғана.
317
«Бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Аюбтың сабыры...,
Афлатонның ақылы керек», - деген еді Мәшһүр.
Шоқан Уәлиханов өзінің «ХVІІІ – ғасырдың батырлары жайында
тарихи әңгімелер» деген мақаласында Бұқарға қатысты біраз мәліметтер
береді. Соның бірі – жыраудың Абылай алдында айтылған екі өлеңі. Шоқан
бұл өлеңдердің жолма-жол тәржімесін жасайды. Бұл Бұқардың орыс
оқырмандары алдына тұңғыш шығуы еді.
Сол сияқты Г.Потаниннің жазғандарынан белгілі «Төртуылдың төрт
ұлы тауды жайлай» деп басталатын өлең ұмытылған. «Алайда Бұқар
шығармаларының сақталып, ұрпақ алдына тартылған бөлігінің өзі –
жыраудың әдебиет тарихынан құрметті орын алуы үшін әбден жеткілікті
қомақты мұра».
Кезінде, Шоқан «Бұқардың Абылайға айтқаны» деп аталатын
өлеңдерін қағаз бетіне түсіріп, кітабында келтірген. Енді біраз өлеңдерін
Г.Потанин жыраудың өз елінен Имантай Сәтбаевқа жинатып алды. Бұқар
шығармаларының түпнұсқасы ретінде Мәшһүр Жүсіп қолжазбалары алынуға
тиіс. Абай үшін Мүрсәйіт көшірмелерінің маңызы да соншалық. Мәшһүрде
Бұқар жырлары екі дана етіп көшірілген. Екі нұсқаның да құндылығы бірдей
дерлік. Соның бірі – жыраудың Абылай алдында айтылған екі өлеңі. Абылай
ажал жастығына бас қойғанда:
Қайғысы ұйқы ұйықтатпаған ханым-ай,
Қайырусыз жылқы бақтырған ханым-ай.
Қалыңсыз қатын құштырған ханым-ай,
Үш жүзден үш кісі құрбан қылсам,
Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай?! –
деп зар айтқан Бұқар, әміршісі дүниеден өткен соң, оның басында отырып
жас төгеді, шын көңілімен жоқтайды. Жырау осы ретпен Абылайдың
тіршілігінде істеген істерін мадақтай еске алады. Марқұмның ерлігін,
салтанатын, байлығын сөз етеді. Бұқардан қалған мұрасының ішіндегі ең
көркем туындылардың бірі болып есептелінуге тиіс осы жоқтау жыры. Бұқар
бұл жерде Абылай хан өмірі арқылы, сол кездегі әлеуметтік-тарихи
жағдайларды үлкен философиялық толғаныспен шын көрсете білген.
Бұқар шығармашылығында өзі өмір сүрген заман келбеті, тарихи
оқиғалар бар шындығымен дәл түсірілген.
Ол көрші елдермен, соның ішінде орыс халқымен достық қарым-
қатынас жасау қажет екендігін түсінді. Ойшыл, саясаткер Бұқар қазақ
халқының болашақтағы мүдделері үшін осындай саясатты ұстанады.
Бұқар көзі көрген Тәуке хан, оның ар жағындағы Қасым, Хақназар,
Есім хандар заманының идеяларымен өмір сүрген адам еді. Ол үш жүздің
басы қосылып, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын армандады.
Бұқар өмір сүрген, ескі қазақ мемлекеті әлсіреп, ыдыраған заманда
әмір жүргізуші хандардың ішіндегі ең әулеттісі Абылай еді. Абылай бір
орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға тырысты. Сондықтан да Бұқар
оны өзінің армандарын жүзеге асырушы деп есептеп, іс жүзінде де, сөз
жүзінде де мейлінше қолдайды.
318
Абылай жүргізген саясаттың жақтаушысы болған жырау реті
келген жерде ханды мақтап, биікке көтеріп отырады:
Алтын тақтың үстінде
Үш жүздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың.
Әділетпен жүрдіңіз,
Әдепті іске кірдіңіз.
Бұқар ұғымындағы Абылай – осындай әмірші. Жырау Абылай
саясатына, ел ішіндегі Абылай беделіне тамашалай қарайды, Абылай
үкіметінің салтанат құрғанына масаттанады.
Бұқар шығармаларындағы өзекті мәселелердің бірі – елдің бірлігі.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей, жырау халықты ынтымаққа,
бірауыздылыққа, елді қорғауға шақырады. Қазақ руларының бір-бірімен тату
тұруларын, өзара қырқыс елді жақсылыққа алып келмейтіндігін
насихаттайды. Руаралық тартыс елді елдігінен айырады, ел басына қиын
күндер туғанда, әркімнің талауына ілігіп, ел тағдырын мүшкіл халге алып
келуі мүмкін деп, елді бірлікке шақырып, елдің қорғаныс қабілетін күшейту,
Абылай хандығын нығайту саясатын ұстанады.
Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін
Қылмаңдар жанжал-ерегес, -
деп, мал-жан үшін, қоныс-қыстау үшін өзара бет жыртысып, бос
қырқыспауға шақырады.
Алауыздықтың, өзара қырқыстың неге әкеп соғатынын дұрыс
түсінген Бұқар жер бетінен жойылып кеткен Жоңғар мемлекетінің тағдырын
мысалға келтіреді:
Кіші қара қалмақ бүлерде,
Бозылардың билігі
Бұлт бұрқан болысты,
Уағдадан жылысты,
Буыршындай тіздесті,
Жамандықты іздесті,
Бірін бірі күндесті.
Жаулаған ханның қара оңбас,
Хан қисайса, бәрі оңбас.
Ханын қалмақ жаулаған,
Сөйткен қалмақ оңбаған.
Сол қалмақтың жұрты еді-ау
Үш Қарқара, Көктөбе,
Иттей ұлып қалмаған, -
Деп елді сақтандырады, бірлікке, ынтымаққа, ханды қолдауға, сыйлауға
шақырады. Бұқар жырлары нақыл сөздерге, философиялық ойлы
тебіреністерге толы. Өз заманының көкейкесті мәселелерін көтеріп отырған
азамат ақын:
319
Шашырап шыққан қандар көп,
Шашау жатқан малдар көп.
Қайсібірін айтайын,
Айта берсең, сөздер көп, -
Деп, бар ішкі жан-дүниесімен бір күйзеліспен толғайды. Бұқар
толғауларынан жыраудың өмірге, өзін қоршаған ортаға деген философиялық
көзқарасы аңғарылады.
«Абылай тұсы осының алдындағы Тәуке заманынан мүлде өзгеше
еді. Үш жүздің жігі ыдырап, ескі бірлік жойылды, хан-сұлтандар бас-басына
би болып кетті, рулық, руаралық тартыс, өзара қырқыс күшейді. Қазақ
даласында болып жатқан өзгерістердің енді бір алуаны оның Ресейге
қосылуына байланысты еді.
Сондықтан, Бұқар өзі өмір сүріп отырған заманға оншама
ризашылық білдіре қоймайды». Ол өз заманы туралы:
Ай, заман-ай, заман-ай,
Басты мынау тұман-ай,
Істің бәрі күмән-ай!
Баспақ, тана жиылып,
Пада болған заман-ай!
Құл-құтандар жиылып,
Құда болған заман-ай!
Арғымағын жоғалтып,
Тай жүгірткен заман-ай!
Азаматын құлатып,
Жұрт талық болған заман-ай!
Арғымақтың жалы жоқ –
Жабылар жалыменен теңелер.
Жақсылардың малы жоқ –
Жамандар малыменен теңелер! –
Деп, өзінің өмір сүрген заманына наразылығын білдірсе, сол Бұқар
заманының, жырау наразылығының бүгінгі заманымызға дәл келіп отырғаны
да таң қаларлық.
Философиялық көзқарастары:
Ол - өмірі шектеулі адам түгілі, жансыз табиғаттың өзі өшіп, өніп, қайта
жаңғырып отырады дегенді айтқан.
Бұқар заманның мұндай аумалы-төкпелі болып келуін заңды
құбылыс деп санайды. Заманның аумалы-төкпелі болғанын, саналы ой емес,
санасыздықтың бел алып бара жатқанын, адам болмысының азып, танымның
таусылып бара жатқанын, біріншіден, қынжылып наразылықпен жырласа,
екіншіден, өткенге өксіп қарамай, ескіні аңсамай, болашаққа да назар салмай,
өз тұсындағы заманның мән-мағынасын түсінуге ғана тырысып, өзіндік
танымы жеткен құбылысты жалпы халыққа да таныту бар.
Жырау дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екендігін, өмір күнделікті
өзгерістерге ұшырап отыратынын атап көрсетеді. Мұндай өзгерістерге тек
тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған орта – табиғатта да жүріп жатады.
320
Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе, таусылмас
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз.
Жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байға теңеліп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз...
Құландар ойнар қу тақыр,
Қурай бітпес демеңіз...
Осы толғаудың өзінен жыраудың өмірге, өзін қоршаған ортаға деген
философиялық көзқарастары айқын аңғарылады. Көзқарас – білімнің
толықтырылған, қорытылған, күнделікті өмірді байқаудан, өткенді
талдаудан, келешекті болжаудан туындайды. Бұқар қарапайым тілменен
емес, белгілі бір табиғат құбылысының нақты көрінісімен оны дұрыс
қорытындылай отыра, адам санасына обьективтік шындық дүниені бейнелеп
жеткізеді. Бейнелі тіл саналы ойдың жемісі, міне, осы тұрғыдан қарағанда да,
Бұқардың болмысы ойшыл философ, азамат ақын екендігіне көз жеткізеді.
Бұқардың ақындық қуаты, азаматтығы қазақ тарихындағы үлкен іс атқарған
ірі тұлғалардың бірі екендігін көрсетеді.
Философиялық афоризмдері:
Әсіре пысық залымның тіліне еруге жазбасын.
Ардақталған аяулың күндердің күнінде басқаға олжа болмағай.
Төрең тақтан таймасын.
Тоқсандағы қарт бабаң топқа жаяу бармағай.
Анаң аңырап қалмағай.
Құрсағы құшақ байлардан дәулет.
Қу таяқты кедейге дәулет бітпес демеңіз.
Жалғыз көпке теңеліп, кегін бір алмас демеңіз.
Қара қылды қақ жарған әділді айт.
Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас.
Пейілі кең – кемімес, пейілі тар – кеңімес.
Берік байлаған шешілмейді.
Шын жаратқан ұл болсаң – құдай тағалам өзі берер нәсіпті.
Ұрғашының жақсысының – боз жорғадай бұлғаңы,
Ұрғашының жаманының – өсек болар құрғаны.
Бауырыңнан қашқан күзен көрінбес.
Аспаннан биік тау болмас.
Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда.
Іштегі сыр – аллаға мағлұм: сырттағы құлақ – амал емей немене.
Қара арғымақ арыса – қарға адым жер мұң болар.
Есіл көзден нұр тайса – бір көруге зар болар.
Қайырсыз итке мал бітсе – аңқау құрып келгенде саумал бермес ішерге.
Ақ сұңқар құстың баласы – ұяда алтау болмас па,
321
Ұяда алтау болғанмен, оның ішінде біреуі – ең алғыры болмас па.
Ежелгі дұшпан – ел болмас, етектен кескен – жең болмас.
Өзіңнен тумай – ұл болмас, сатып алмай – құл болмас.
Екі жақсы дос болмас – сіріне үстіне хаты бар,
Ежелгі дұшпан ел болмас – көңілінде кір, даты бар.
Айтқаныңа көнбесе, айдауыңа жүрмесе: көңілінде болғаны аласы.
Абысынның арызы – ағайын сәнін келтірер,
Ағайынның аразы – елдің сәнін келтірер.
Жар басына қонбаңыз – дауыл соқса үй кетер,
Жатқа тізгін бермеңіз – жалменен бас кетер.
Дін мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда?
Әкелі бала – жаужүрек, әкесіз бала – сужүрек.
Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?
Айтқан сөзге тұрмаған – жаман емей немене, сұрағанды бермеген – сараң
емей немене, кісі ақысын көп жеген – арам емей немене, сыртыңдағы
қулығың – амал емей немене, сусағанда берген су – шекер емей немене,
ынжық ерге біткен мал – бекер емей немене?!
Қарттарыңды сыйлай біл: күндердің күні болғанда кімдердің белі
бүгілмес.
Ханға жауап айтпасам – ханның көңілі қайтады,
Қандыра жауап айтпасам – халқым не деп айтады.
Мінген атың арыса – қатарға ену күн болар,
Қара көзден нұр тайса – қарға адым жер мұң болар.
Тірнектеп жүріп іс қылған жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байға тең келіп, жайлауға көшпес демеңіз.
Жалғызға зорлық қылмаңыз, жағасынан алмаңыз.
Өзіңе еркіндік бермесе, азат бастан не пайда.
Әдебиет:
Достарыңызбен бөлісу: |