Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет28/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


Әдебиет

 

1. 

Соловьев В.С. Избранное. «Советская Россия», —Москва: 1990. 

2.  Ғабитов Т. Философия. /Орыс ф-сы. «Раритет», —А: 2004. 66-69 бет.  

3.  Нұрышева  Г.  Философия. /Лекциялар  курсы.  /XIX-ғ.  соңы  мен  XXғ.бас. 

орыс философиясы. В.С.Соловьев. «Зиат-Пресс», —А-2006. 106-108б. 

4. 

Лосев А.Ф.  Владимир Соловьев и его время. «Прогресс», —М: 1990. 

277 

 

ЛЕВ НИКОЛАЕВИЧ ТОЛСТОЙ 

 

(28 тамыз (9 қыркүйек), 1828ж, Ресей 



империясы, Тула губерниясы, Ясная 

Поляна – 7 (20) қараша, 1910ж, Ресей 

империясы, Тамбов губерниясы, 

Астапово станциясы) 

 

           —  атақты  орыс  жазушылары 



мен 

ойшылдарының 

арасындағы 

әлемдік  деңгейдегі  биік  тұлға,  граф.  

Севастополді 

қорғау 


шайқасына 

қатысушы.  Ағартушы,  публицист, 

діни  ағымдағы  ойшыл,  оның  беделді 

көзқарастары  жаңа  адамгершілік-

имандылық 

бағыттағы 

– 

толстовстваның 



пайда 

болуына 


әкелді. 

Императорлық 

ғылым 

Академиясының 



корреспондент-

мүшесі  (1873),  сөз  қорын  сақтау  бойынша  (изящная  словесность)  құрметті 

академик (1900).    

Шығармалары: 

      Л.Н.Толстой  «Соғыс  және  Әлем»,  «Анна  Каренина»  сияқты  еңбектерді 

жазды,  оның  «Царство  Божие  внутри  вас»  еңбегінде  жазып-көрсеткен  күш 

көрсетпеу идеясы кейін Махатма Ганди және   Мартин Лютер  Кинг сияқты 

қоғам қайраткерлерінің істеріне айтарлықтай  ықпал етті. 

       


           Жазушы  философиясының  басты  мәселелері  –  адамның  руханилығы 

мен  адамгершілігі  мәселелерін  талдады  және  бұл  тақырыпты  өзін  қатты 

мазалаған,  өмірінің  соңына  дейін  санасы  мен  жанына  тыныштық  бермеген 

экзистенциалдық  мәсел  адам  өмірінің  мәні  контекстінде  қарастырды.  Өз 

өмірінің  негізгі  кезеңдеріне  шолу  жасай  отырып,  өмірінің  мәні  туралы 

сұраққа  жауап  іздеуге  тырысқан  Л.Толстой  өз  жанының  күйзелісі  арқылы 

бізге  осы  мәселенің  бүкіл  трагедиялық  сипатын  жеткізеді.  Адамзат 

тарихынан  өшпес  орын  алған  тұлға,  керемет  классикалық  дүниелердің 

авторы  ретінде  өзін  әлемге  танытқан  ұлы  жазушы  «Не  үшін  өмір  сүрдім?» 

деп  қиналады,  сұрағына  жауап  таба  алмай  аласұрады,  ғылыми-

философиялық  тілмен  айтсақ,  гиперрефлексияға  ұшырайды.  Өзінің  бұл 

жағдайын  жазушы  өте  дәл  суреттейді:  «...сұрақтарға  жауап  бере  алмай  қор 

болдым.  Өмірім  тоқтады.  Мен  дем  ала  алмадым,  тамақ  іше  де,  ұйықтай  да 

алмадым.  Өмір  мені  тойдырды,  одан  құтылғым  келді.  Өзімді  өлтіргім  келді 

деп айта алмаймын, бірақ мен өмірден қаштым». 

          Жазушыны  таңдандырған  бір  нәрсе  –  осы  мазасыз  өмірмәндік 

қиналыстың  оның  бақытты  өмір  сүруіне  қажетті  нәрсенің  бәрі  жеткілікті 

кезеңде – сүйікті әйелі, тамаша балалары, бай имениесі бар, ортасына сыйлы, 



278 

 

рухани  күшті,  дені  сау,  әлі  50  -  жасқа  толмаған  кезеңде  мазалауы. 



Философиялық  тұрғыдан  талдасақ,  ол  заңды  құбылыс.  Гиперрефлексия  ой 

еңбегімен айналысушы адамдарға көбірек тән, сондықтан да Толстой секілді 

ғұламаның  жан  күйзелісі  түсінікті.  Бұл  жазушының  рухани  дүниесінің 

тереңдігін  көрсететін  өзін-өзі  танып,  білу  қызметінің  ерекшелігінің  дәлелі. 

Мұндай  адам  өмірінің  мәні  мәселесінің  тұңғиығына  бойлаған  сайын  өзіне 

көңілі  толмаушылық  пен  мазасыздық  күшейе  түседі,  шым-шытырық  ойлар 

мен  түсініктер  әлемінде  шарқ  ұрған  жан  тығырыққа  тіреліп,  өмірдің 

шекаралық  жағдайына  душар  болады.  Ол  адам  үшін  қауіпті,  себебі  тұлға 

қалыптасқан  құндылықтар  бағытынан  адаса  бастайды,  күнделікті 

практикалық  қызметке  деген  қабілеті  төмендейді.  Осы  кезде  адамға 

даналыққа,  парасатқа  негізделген  философия  ғылымының  көмегі  қажет. 

Әрине,  философия  өмірдің  мәні  мәселесін  түбегейлі  шешіп  береді  деуге 

болмайды,  бірақ  философия  құбылысты  түсінуге,  оған  белгілі  бір  көзқарас 

қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген жаңа талпыныс, күш береді. 

          Л.Толстойдың  өзі  өмірмәндік  мәселені  сенім  категориясы  арқылы 

шешеді:  «Менің  ойымша,  өмірдің  мәні  –  сенім.  Сенім  адамға  күш  береді». 

Сенім  категориясын  қалыптасқан  пікір  бойынша  діни  сеніммен  шектеуге 

болмайды.  Толстой  өз  шығармаларында  сенім  категориясының  бай 

мазмұнын  көрсетеді,  өмірмәндік  мәселені  дін,  руханилық,  адамгершілік 

мәселелерімен  байланысты  қарастырады.  Жазушы  туындыларының  негізгі 

желісі де осы, яғни Л.Толстой үшін өмірдің мәні сенімде. 

Философиялық көзқарастары: 

             Л.Н.Толстойдың  қайшылықты  өмір  жолы,  оның  патриотизмі  және 

халықтар  достығы  үшін  күресі,  оның  философиясының  объективтік-

идеалистік  мәні,  тарихи  прогрестің  қозғаушы  күші  туралы  мәселесі  және 

Отан  тақырыбындағы  халықтың  алатын  орны,  «Жексенбі»  және 

публицистикалық  шығармаларында  ресми  діннің  догмалары  жоралғыларын 

өткір сынауы, ғылыми социализмге жаулық қатынасы және «Өнер деген не» 

трактаты  және  эстетикалық  көзқарастары  әлемдік  философия  ғылымында 

айшықты орны бар жаңалық болып қала береді. 

            Қалай  десек  те,  Л.Толстойдың  өмірдің  мәні  туралы  философиялық 

ойлары  саналы  адамды  ойландырмай  қоймайды,  себебі  ол  адамды  қазіргі 

қоғамда  жетіспей  жатқан  мәңгілік  құндылықтар  Мейірімділік,  Махаббат, 

Руханилыққа, бір сөзбен айтсақ, Адамгершілікке шақырады. 

Философиялық афоризмдері: 

  Ашумен басталған іс абыройсыз аяқталады. 

  Басқа адамның әрқашан да жаман жағын емес, жақсы жағын ізде. 

  Ақылыңа азықты көп беруге тырыс. 

  Өзіңнің  борышыңды  орындауға  тырыс,  сонда  сен  өзіңнің  неге 

тұратыныңды дереу біліп аласың. 

  Өмірде шүбәсіз бір-ақ бақыт бар, ол өзгелер үшін өміріңді арнау. 

  Бақыт  ...  өзіңнің  рухани  және  дене  күшіңнің  қоғамдық  өмірге 

жұмсалғандығын толық сезіне білу. 


279 

 

  Адам  бақытты  болуға  тиісті,  ал  бағы  жанбаса,  оған  сол  адамның  өзі 



ғана кінәлі. 

  Еңбек етпесең не қорлықта қаласың, не ұрлыққа барасың. 

  Дене  еңбегі  ой  еңбегінің  қасиетін  арттыра  түскенімен  қоймай,  оны 

мадаққа бөлейді. 

  Бір күнімді ғана жұмыссыз өткізсем, мен өзімді өзім өлтірер едім. 

  Бірдеңе  істейді  екенсің,  оны  жақсы  істе.  Егер  қолыңнан  келмесе, 

немесе жақсы істегің келмесе, онда істемей-ақ қой. 

  Адам игілігі – өмірде, өмір – еңбекте. 

  Өзіңнің де, өзгенің де сөзіне сенбе, ісіне сен. 

  Тіл – миллиондаған ұрпақ жасаған жанды зат. 

  Тіл – ұлттың жаны. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі. 

  Халық  сөзі  қандай  әсем.  Соншама  көркем,  жан  тебірентерлік,  зор 

мағыналы. 

  Ұят – адам өміріндегі сенімді жол басшы. 

  Жұрттан ұялған жақсы, ал өзіңнен ұялу бәрінен де жақсы. 

  Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты. 

  Қарапайымдылық, жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ. 

  Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, 

алға басу да жоқ, тірлік те жоқ. 

  Барлық  өмірің  үшін  мақсатың  болсын,  шағын  мақсатты  жоғары 

мақсатқа  құрбан  ете  отырып,  өміріңнің  кезеңі,  белгілі  мақсаты  үшін, 

жыл үшін,  ай  үшін,  апта үшін, күн үшін,  сағат,  минут  үшін  мақсатың 

болсын. 

  Зат  неғұрлым  салмақсыз  бос  болса,  соғұрлым  орынды  көп  алады  ... 

Мақтаншақ та сондай. 

  Адам  өзіне-өзі  неғұрлым  көп  мәз  болса,  оның  бойында  мәз  боларлық 

нәрсе соғұрлым аз болады. 

  Күн сайын әлемнің ең дана адамдарымен тілдесуден қымбат не болуы 

мүмкін.  

  Құнды сөз құнарлы ойдан туады. 

  Сөз көмескілігі – ой пікір көмескілігінің айнымас белгісі. 

  Өз өмірін қиудан тартынбайтын аяулысы болмаса, адамның күні қараң. 

  Ұялу – жақсы сезім, ең жақсысы – өзіңнен өзің ұялу. 

 

Әдебиет: 



 

1.  Русская 

философия:  Словарь.  /Под  общ.  ред.  М.А.Маслина. 

«Республика», —Москва: 1995. 

2.  Нұрышева  Г.  Философия. /Лекциялар  курсы.  /XIX-ғ.  соңы  мен  XXғ.бас. 

Орыс философиясы. Л.Н.Толстой. «Зиат-Пресс», —А: 2006. 102-104б. 

3.  Немировская Л. Философия. Курс лекций. —Москва: 1995. 

4.  Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы/ Л.Толстой. «Өлке»,—А: 2009. 

5.  Замалеев А.Ф. Курс истории русской философии. —Москва:1995. 

280 

 

ПАВЕЛ АЛЕКСАНДРОВИЧ 



ФЛОРЕНСКИЙ 

 

(22 қаңтар, 1882ж, Евлах, Елизаветпольск 

губерниясы, Ресей империясы – 

8 желтоқсан, 1937ж, Левашовода 

жерленген, Санкт-Петербор жанында) 

 

         — 



орыстың 

православиялық 

священнигі, 

құдайсөзінің 

білгірі 

(богослов), 

ақын, 

діни 


философ, 

энциклопедист-ғалым, «орыстың Леонардо 

да Винчиі». 

          Біртұтастық білім, болмыстың бірлігі 

мен 

гармониясын, 



бүткілбірлік 

метафизикасын  зерделеп  софиологияны 

оның бір тармағы ретінде қарастырды. 

 

Философиялық шығармалары: 

     «Сенім  қазығы  және  ақиқат  тұжырымы»,  «Идеализм  мағынасы», 

«Есімдер», «Иконотас», «Православиялық теодиция тәжірбиесі» және т.б.  

 

Философиялық көзқарастары: 

            Болмыстың  бүтіндігін,  тұтастығын,  үйлесімділігін  негіздеуге  тырыса 

отырып,  ол  жалпы  тұтастықтың  метафизикасын  (Соловьевтің  ізінше) 

дайындайды.  Флоренскийдің  ойы  «барлық  жаратылыс  тұтастығы  құдайда» 

деген  тұжырымға  сүйене  отырып,  ғарыштан  оның  негізі  Абсолютке  қарай 

«өрлейді». Бұл тұтастықты түсіндіру үшін ол софиологияға бет бұрды. София 

–  «Құдай  жаратқандардың  идеалды  анықтамаларының  тұтастығы»,  «Киелі 

түпбейнелердің  бейбіт  жиыны»  –  ғарыш  болмысы  үйлесімділігінің  түбірі 

болып  табылады.  София  тұғыры  мәселесі  ортодоксалды  православиелік 

дінтанушылар тарапынан сынға ұшырады, өйткені Үштіктегі төртінші тұғыр 

туралы  мәселе  туындайтын  еді.  Флоренский  көзқарасынан  тағы  бір  күмән 

туындайды:  егер  София  жаратылыс  «түбірі»  болса,  зұлымдық  пен  қасірет 

қайдан шығады? 

        Флоренский  символизм  идеяларына  көп  көңіл  аудара  отырып,  бұл 

мәселеге  лингвистика,  өнертану,  икона  метафизика  салаларындағы 

зерттеулерін арнайды. 

        Православиелік 

дінтанушылар  Булгаков  пен  Флоренский  діни 

антиинтеллектуализм  методологиясын  негіздеуде  антиномизм  принципіне 

арқа сүйейді. Құдайдың үш бейнелі тұтастығы, Флоренскийдің пікірінше, бұл 

–  қайшылық.  Антиномизм  Булгаковтың  пікірінше  адамзат  ақыл-күйінің 

жеткіліксіздігі. Құдай табиғатын, киелі құпияның өмір сүруін танып, білудің 

мүмкін 

еместігі 



–  бүкіл  христиандық  иррационализмнің  басты 

принциптерінің бірі. 



281 

 

Әдебиет: 



 

1.  Кедров  К.  Бессмертие  по  Флоренскому.  /В  книгах:  «Параллельные 

миры». АиФпринт, —М: 2002; «Метакод», АиФпринт, —М: 2005. 

2.  Обратная перспектива //Флоренский П. А., священник. Соч в 4-х тт. — 

Т.3(1). «Мысль», — Москва: 1999. — С.46 

3.  Ғабитов  Т.  Философия.  /Орыс  философиясы.  «Раритет»,—Алматы: 

2004. 72-73 беттер  

4.  Флоренский Павел. Иконостас. — СПб: 2006. — 192с. 

5.  Философский  энциклопедический  словарь.  2  издание. «Советская 

энциклопедия». —Москва: 1989 

6. 

Акулинин  В.Н. Философия  всеединства:  от  В.С.Соловьёва  к 

П.А.Флоренскому. «Наука»,— Новосибирск: 1990 

 

7.  Прот. Георгий Флоровский. Пути русского богословия. Париж. 1937 — 

Репринт:  По  заказу  Вильнюсского  православного  епархиального 

управления. –Вильнюс: 1991 

8.  Лосский Н.О. История русской философии. ВШ, — Москва: 1991  

9.  Игумен Андроник (Трубачёв). История создания цикла «У водоразделов 

мысли» — Священник Павел Флоренский. Сочинения в четырёх томах. 

Том 3 (1) (Философское наследие. Т. 128). «Мысль», —Москва: 1999  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                            

282 

 

НИКОЛАЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ 



БЕРДЯЕВ 

 

(6 (18) наурыз, 1874ж, Киев  – 

23 наурыз, 1948ж, Париж маңындағы  

Кламар) 


 

       — 

XX-ғасырдағы 

орыстан 


шыққан діни ағымдағы философ, оны 

«орыстың  Гегелі»  деп  те  атайды 

(экзистенциализм өкілі).  

       Кезінде 

күрделі 

рухани 


эволюцияны 

басынан 


кешкен 

(марксизмнен  бастап  персонализмге 

дейін).  1922  жылы    Советтік  

Ресейден қуылды,  алдымен Берлинде 

(Германияда), 

одан 


кейін 

1925 


жылдан  Парижде  (Францияда)  өмір 

сүрді. Оның философиясының мәні – 

болмыс  мәнін  субьект,  яғни  адам 

арқылы  тану.  Бердяевтің  ойынша,  қоғамды  әлеуметтік  қайта  құру  үшін 

техникалық қайта құру емес, рухани жаңғыру қажет.  

Философиялық шығармалары: 

       «Өзіндіктаным»  (Париж,  1949),  «Новое  религиозное  сознание  и 

общественность»  (СПб,  1907),  «Духовный  кризис  интеллигенции»  (СПб, 

1910), 


«Шығармашылық  мағынасы»  (Москва,  1916),  «Еркін  рух 

философиясы»  (СПб,  1911),  «Адам  тағылымы  туралы»  (Париж,  1931), 

«Миросозерцание Достоевского» (Прага, 1923), «Ресей тағдыры», «Теңсіздік 

философиясы»,  «Тарих  мағынасы»,  «Орыс  коммунизмінің  шығу  тегі  мен 

мәні» (Париж, 1955), «Мен және обьектілер әлемі» (Париж, 1934) және т.б.  

        «Еркіндік  философиясында»  Н.А.Бердяев  христиандық  онтологияның 

негізін  қалап,  сол  кездегі  батыс  Европалық  философияны  болмысты 

жоғалтқаны  үшін  сынайды.  Оның  ойынша,  ақиқат  танымға  тек  ақиқат 

болмыста ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан ең алдымен болмыстың өзін 

түзету қажет. Философиялық күйзелістен шығу үшін ол философияны дінге 

жақындату керек дейді, өйткені, оның ойынша, «дін философияның өмірлік 

негізі» болып табылады. 

          «Шығармашылық  философиясының»  басты  идеясы  шығармашылықты 

еркіндікпен  байланыстыру,  шығармашылықты  еркіндіктен  туындыру, 

өйткені  Н.А.Бердяев  үшін  еркіндік  болмыстың  «негізсіз  негізі»  болып 

табылады. Сондықтан философияның басты міндеті де, мақсаты да еркіндікті 

тану  және  еркіндіктен  тану  болып  табылады.  Осы  мағынасында  ол 

философияны  ғылымға  қарсы  қойып,  ғылымды  қажеттілікке  қарастырады. 

Нақты мағынасындағы шығармашылық тек еркіндік арқылы жол табады. 

 


283 

 

Философиялық көзқарастары: 

           Бердяев  философиясының  мәні  –  болмыс  мәнін  субьект,  яғни  адам 

арқылы  тану.  Оның  философиясының  бастапқы  нүктесі  еркіндіктің 

болмыстан  басымдылығы  болып  табылады.  Онымен  бір  қатарда 

шығармашылық,  тұлға,  рух,  Құдай  ұғымдары  тұрады.  Адамдағы  болмыс 

адам арқылы ашылады. Ол Құдай бейнесіне ұқсас жаратылған микрокосмос 

болғандықтан  шексіз  және  шығармашыл  жан  болып  табылады.  Адамдағы 

шексіздік  құдайға  тән  құдыреттілікпен,  ал  шолақтық-табиғи  қырымен 

байланысты. Бұл жағдайда Құдайдың өзі табиғи күш емес, әлемнің мәні мен 

ақиқаты  ретінде  түсіндіріледі.  Сондықтан,  Бердяевтің  пікірінше,  Құдайсыз 

адам жеткілікті толысқан жан деп есептелмейді. Құдай жоқ болса, онда мән 

де,  жоғары  ақиқат  та,  мақсат  та  жоқ.  Онда  бұл  үмітсіздік  пен  бейшаралық. 

Осылайша,  Бердяев  Құдайды  теріске  шығарып,  адамды  Құдайға 

айналдыратын гуманизмге қарсы шығады. 

         Бердяевтің  ойынша,  қоғамды  әлеуметтікқайта  құру  үшін  техникалық 

қайта  құру  емес,  рухани  жаңғыру  қажет.  Ресей  үшін  бұл  «орыс  идеясын» 

бекітумен  байланысты,  оның  бұл  көзқарасы  көбінесе  Соловьев 

көзқарастарымен  сәйкес  келеді.  Орыс  идеясының  басты  қасиеті,  Бердяев 

бойынша,  бүкіл  қоғамның  өн  бойын  қамтитындіни  миссиандық  болып 

табылады. «Орыс идеясының» мәні – Құдай патшалығын жерде орнату. 

          Бердяев  марксизмді  революциялық  тұрғыда  насихаттаудан  діни 

философияға  дейінгі  үлкен  жолдан  өтті.  Еркіндік,  рух,  тұлға, 

шығармашылықты ол зұлымдық, қасірет, құлдық үстемдік ететін обьектілер 

әлеміне,  қажеттілікке  қарсы  қояды.  Тарихтың  мәніне,  оның  айтуынша, 

тарихи уақыттан тыс еркін рух әлемінде мистикалық жолмен жетуге болады. 

Бердяев  өзінің  негізгі  идеяларын  алғаш  рет  «Шығармашылық  мәні» 

еңбегінде  жариялап,  кейін  онан  әрі  дамытады.  Бұл  еркіндік  идеясы, 

шығармашылық  пен  обьективация,  тұлға  идеясы  және  соңғысы  тарихтың 

«метатарихи»,  эсхатологиялық  (ақырзамандық)  мәні  идеялары  еді.  Бердяев 

құрған  нақтылықтың  дуалистік  картинасында  бір  жағынан  рух  (Құдай), 

еркіндік, ноумен, субьект (тұлға, «мен»), екінші жағынан эмпирикалық әлем, 

қажеттілік, феномен, обьект бір-біріне қарсы қойылады. Бұл екі әлем де бір-

бірінсіз  өмір  сүре  алмайды  (платонизм  іліміне  сәйкес  келеді),  бір-бірімен 

өзара әрекетке түседі: рух пен еркіндік ноуменалдық әлемнен феноменалдық 

әлемге өтіп, сонда әрекет етеді. Әлемдегі рух әрекетінің нәтижесі әрқашан да 

өлі  өнімдер,  обьектілер  формасында  болады  және  субьекттен  бөлініп, 

эмпирияның  барлық  шектеулеріне  –  кеңістік-уақыттық,  себеп-салдарлық 

байланыс,  формальді  логика  заңдарына  бағынышты  болады.  Бердяев 

обьективация  деп  атаған  бұл  еркіндіктің    қажеттілікке  құлауы  қасіреттің, 

құлдықтың,  зұлымдықтың  болмыстық  түбірін  білдіреді.  Алайда  әлемде 

обьективацияға 

өзге 

бастау 


– 

шығармашылық 

қарсы 

тұрады. 


Шығармашылықпен  айналыса  отырып,  субьект  бұл  әлемді  өзіне  тартып 

алады, оны еркіндік пен рухты қабылдауға дайын өзінің ішкі өміріне енгізеді 

және  осы  әрекетімен  оны  өзгерте  отырып,  обьективациядан  азат  етеді. 

Шығармашылық  акт  –  рухтың  обьектілер  әлеміне  басып  кіруі.  Оның 



284 

 

нәтижелері обьективация саласында қайта пайда болғанымен, өзі бұл салаға 



жатпағандықтан  еркін  болып  саналады.  Шығармашылық  –  обьективацияны 

игеру  жолы,  ал  бұл  игеру  әлемдік  тарихтың  мәні  мен  мақсатын  құрайды. 

Алайда,  эмпирияның,  кеңістік-уақыттық  болмыстың  шеңберінде  игерудің 

жүзеге  асуы  мүмкін  емес.  Уақыттың  өзі  өткенді,  қазіргіні  және  болашақты 

сәйкес  келтіре  алмағандықтан  обьективацияның  салдары  болып  табылады. 

Обьективациядан  азат  әлемді  Бердяевте  інжілдік  Құдай  патшалығымен 

біріктіріле отырып, еркін рух әлемі, өзге «эон» ретінде тарихтан тыс жатады. 

Бұл метатарихи эон болмыстың белгілі бір «эсхатологиялық» қалпында мәңгі 

өмір  сүреді  және  бұл  дүниедегі  әлеммен  кез-келген  уақытта,  кез-келген 

жерде  қақтығыса  алады.  Шығармашылық  акт  осындай  қақтығыс  болып 

табылады, оның барысында әлемде, тарихта олардың ақыры мен мәні ұшқын 

түрінде  көрінеді.  Оның  мәні  тұрғысынан  алғанда  тарих  үздіксіз  емес, 

дискретті,  ол  «арасында  үзілісі  бар,  шығармашылық  үдеріс».  Тарихтың 

мұндай картинасы барлық эволюциялық және теологиялық үлгілерді, үдеріс 

теориясын,  сонымен  қатар  Бердяев  «қате  ілім»  деп  сипаттаған  Құдайдың 

көріпкелдігі  доктринасын  да  теріске  шығарады.  Құдай  әлемге  Өзін  ашады, 

бірақ  оны  басқармайды.  Бердяев  филосо  –  бұл  тұлға  философиясы, 

персонализм.  Тұлға  –  бұл  эмпирикалық  индивидуалдылық  емес, 

обьективацияға бағынбайтын шығармашыл және еркін адам. Өзге адамдарға 

шығу  және  олармен  бірігу,  Бердяев  бойынша,  тұлғаның  ішкі  әлемінің 

ажырамас  бөлігі  ретінде  оған  тән  қасиет:  «қоғам  –  тұлғаның  бөлігі» 

(«Адамның  құлдығы  мен  еркіндігі  туралы»).  Бұл  еркін  ішкі  әлеуметтіліктің 

іске асуын Бердяев «соборшылдық» деп атайды және оны топтар, партиялар, 

ұлттар,  шіркеулер  сияқты  тұлғаны  ұжымдық,  әлеуметтік  институттардың 

тұлғасыз-универсалды 

құрылымына 

қарай 

алып 


кететін 

күштеп 


әлеуметтендіруге  қарсы  қояды.  Осыдан  Бердяевтің  әлеуметтік  және 

құқықтық позициясы  аңғарылады:  «Құқықтың  мемлекеттен  үстемдігін  және 

еркіндік  пен  тұлға  абыройының  максимум  мүмкіндіктерін  беретін 

салыстырмалы  формаларды  бекіту  керек»  («Эсхатологиялық  метафизика 

тәжірибиелері»). 

             Бердяев дінге сене отырып, сонымен қатар заттанған діни формаларға 

– догматтарға, шіркеу ұйымдарына, тарихи христиандыққа обьективациядан 

жеңілгендіктен  сын  көзбен  қарады:  оны  шығармашылық  тұрғыда  игеру 

Құдай  мен  адам  туралы  бұлжымайтын  аяндық  түріндегі  «эсхатологиялық 

христиандықтың» рухани мәнін айқындауы тиіс. 

           Николай  Бердяев  философиясының  гуманистік  бағытта  екендігін 

ескеру қажет, өйткені оның барлық ойы тек бір ғана обьектке – адамға, оның 

абыройы мен еркіндігіне бағытталған. 

Философиялық афоризмдері: 

  Еркіндік дегеніміз – ең алдымен, тең болмауға қақылы болу. 

  Демократия патшалығы дегеніміз – мемлекеттің жаңа бір түрі емес, ол 

– өзгеше рух. 

  Ұлттың  рухы  қашан  да  жеке  тұлғаларды  сапалы  іріктеп,  саналы 

пайдаланудан көрінеді. 



285 

 

                                                                Әдебиет: 



 

1.  Ғабитов  Т.  Философия.  /Орыс философиясы.  «Раритет»,  —  Алматы: 

2004. 69-72 беттер  

2.  Батыс  философиясының  антологиясы.  //Ауд.Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан»,—Алматы: 2002 .379б 

3.  Семёнов Ю. О русской религиозной философии конца XIX— нач.XXв. —

Москва: 2004. С.412 

4.  Королькова Е.А. Смысл аскезы в философии Н.А.Бердяева. —М: 2000 

5.  Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Н.Бердяев. «Өлке», 

 —Алматы: 2009.  

6.  Нұрышева  Г.  Философия. /Лекциялар  курсы.  /XIX-ғ.  соңы  мен  XXғ.бас. 

орыс  философиясы.  Н.А.Бердяев.  «Зиат-Пресс»,  —Алматы-2006.  109-

112 беттер. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



286 

 

          Сонымен,  XIX-XX  ғасырлардағы  орыс  философиясының  ерекшелігі 



Ресей  төлтумалылығына  деген  көзқарастың  қалыптасуымен  және  бұл 

төлтумалықтың  критерийі  ретінде  діндарлылық  таңдалуымен  сипатталады. 

Ресейдегі  философиялық  үдеріс  жеке  автономиялық  үдеріс  емес,  ресейлік 

мәдениет  өмір  сүруінің  бір  қыры,  сондықтан  бұл  бүтін  үдерістің  рухани 

қайнар  көзі  Православие  болып  табылады.  Ол  өзінің  барлық  қырлары 

жиынтығында  –  сенім  ретінде  және  Шіркеу  ретінде,  ілім  ретінде  және 

институт ретінде, өмірлік және рухани үрдіс ретінде көрінеді. 

         Орыс  философиясы  салыстырмалы  түрде  жас.  Ол  европалық  және 

әлемдік философияның озық дәстүрлерін бойына сіңірді. Өз мазмұнында ол 

бүкіл  әлемге  де,  жеке  адамға  да  арналады  және  әлемді  өзгерту  мен 

жетілдірумен  қатар  (батысевропалық  дәстүрге  тән),  адамның  өзін  де 

жетілдіруге  (шығыстық  дәстүрге  тән)  бағытталады.  Сонымен  қатар  ол 

философиялық  идеялардың  тарихи  дамуының  бүкіл  драматизімін, 

пікірлердің,  мектептер  мен  бағыттардың  қарама-қарсылығын  өн  бойына 

жинаған өте дара және төлтума философия болып табылады. Бұл жерде бір-

бірімен  көрші  орналасқан  батысшылдар  мен  славянофильдер,  консерватизм 

мен  революциялық  демократизм,  материализм  мен  идеализм,  діни 

философия  мен  атеизм  өзара  сұхбатқа  түседі.  Оның  тарихы  мен  бүтін 

мазмұнынан  ешқандай  үзінділерді  алып  тастауға  болмайды  –  бұл  тек  оның 

мазмұнын кедейлендіруге әкеп соғады. 

          Орыстың философиясы – бұл әлемдік мәдениеттің ажырамас бір бөлігі. 

Философиялық  таным  үшін  де,  жалпы  мәдени  даму  үшін  де  оның  маңызы 

бар (Ғабитов Т. Философия. /Орыс философиясы. «Раритет»,—Алматы: 2004. 

73-74 


беттер).  Орыс  философиясының  тарихында  XIX-ғасырдағы 

революцияшыл  демократтардың  материализмі  мен  диалектикалық  ой-

пікірлері  қандай  болса,  XIX  -  ортасы  мен  XX  -  ғасырдың  басындағы  діни 

философиялық тұлғалар да ерекше орын алады. 

 

 


287 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет