Әдебиет:
1. Быкова М.Ф. Мистерия логики и тайна субъективности: О замысле
феноменологии и логики у Гегеля. — Москва: 1996. — 238 с.
2. Гайм Рудольф. Гегель и его время. Лекции о первоначальном
возникновении, развитии, сущности и достоинстве философии Гегеля.
Перевод с немецкого П.Л.Соляникова. — СПб: 2006. — 392 с.
3. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Неміс
классикалық философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006.141-144 бет
4. Гулыга А.В. Гегель. — Москва: 1970. — 272 с.
5. Ильин И.А. Философия Гегеля как учение о конкретности Бога и
человека. «Наука»,— СПб: 1994.
6. Батыс философиясының антологиясы. //Ауд.Қ.Әбішев, М.Сәбит,
Ә.Қодар, А.Сағиқызы. Фонд Сорос-Казахстан, —Алматы: 2002.
7. Кожев А. Введение в чтение Гегеля. «Наука»,— СПб: 2003.
8. Мотрошилова Н. В. Зачем нужен Гегель? (К вопросу об истолковании
Хайдеггером
гегелевской
философии).
//Философия
Мартина
Хайдеггера и современность. — Москва: 1991. — С.161-166.
9. Овсянников М.Ф. Гегель. —Москва: 1971. — 223 с
10. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Г.Гегель. «Өлке», —А: 2009.
11. Ойзерман Т.И. Кант и Гегель. «Канон+» РООИ «Реабилитация»,—
Москва: 2008.
12. Труфанов С.Н. «Наука логики» Гегеля в доступном изложении: учебное
пособие. «Парус»,— Самара: 1999. — 187 с.
13. Философия Гегеля и современность. — Москва: 1973. — 431 с.
14. Кузнецов В.Н. Немецкая классическая философия: Учеб.— 2-е изд.,
испр. И доп. ВШ,— Москва: 2003.
245
ЛЮДВИГ АНДРЕАС ФОН
ФЕЙЕРБАХ
(28 шілде, 1804ж, Ландсхут,
Бавария – 13 қыркүйек, 1872ж,
Нюрнберг, Бавария, Герман
империясы)
—
атақты
немістің
классикалық
философы,
материалист, қылмыстық құқық
бойынша маман-криминологтың
баласы.
Философиялық шығармалары:
«Христиан дінінің мәні», «Діннің
мәні», «Гегельге қарсы сын»,
«Болашақ
философиясының
негізгі
қағидалары»,
«Предварительные
тезисы
к
реформе философии» және т.б.
Философиялық көзқарастары:
Фейербах Гегельдің қарама-қайшылықтар бірлігі қағидасын, оның
диалектикасын жоғары бағалап, жас гегеляншылар қатарында болды. Кейін
келе, ол Гегель бірлікті идеалды түрде ғана түсінеді, ал оның диалектикасы
өмір шындығынан тыс жатыр деп сынға алып, идеализмді діннің
рационалданған түрі, сондықтан философияның бірден-бір міндеті дінге
қарсы күресу деп тұжырымдады.
Құдай – адамға тән қасиеттерді, мәнді одан бөліп алып, жеке өз
алдына мән ретінде қалыптасқан ұғым. Шындап келгенде, Құдай деп
жүргеніміз адамның өзі. Ал адамның өзі физиологиялық және психологиялық
бірліктен тұрады. Оны ажыратып, бөліп қарау тек абстракцияда ғана мүмкін.
Сондықтан Кант пен Гегельдің адамды рухани құбылыс ретінде қараулары
негізсіз. Жан мен тән, рух пен дене бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Тән
өлгенде жан да өз өмірін тоқтатады. Адамның мәні – ақыл-ой, жігер, жүрек
(жан мағынасында) және физиологиялық процестерге жатпайтын өзіндік
ерекшеліктері бар дененің ұйымдасу қабілетімен тығыз байланысты. Адам –
табиғаттың ең жоғары нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарауға
болмайды. Демек, жаңа философияның негізгі міндеті – табиғатты зерттеп,
оның адамға тигізер әсері негізінде адамның осы өмірдегі мән-мағынасын
түсіну. О дүниеде жақсы өмір жоқ болғандықтан, адамдар бірігіп, осы
дүниеде қалай жақсы өмір сүруге болатынын, оның жолдарын іздестіру
керек. Осындай жақсылыққа апаратын жол, Құдайға жалбарынуды
уағыздайтын діннің орнына, адамдардың бір-біріне сенімін арттыратын
сүйіспеншілік діні деп есептейді Фейербах.
246
Фейербах Канттың таным тұжырымдамасын сынға ала отырып, адам
ақыл-ойы обьективті нақтылықты дұрыс бейнелейді деп сенеді. Таным
процесінде басты рөлді сезім атқарады, ал ойлаудың қызметі – сезім берген
деректерді басқа деректермен байланыстыру.
Людвиг Фейербах – классикалық неміс философиясының соңғы өкілі.
Фейербах Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың
түндігін батыл сыпырып тастап, өзін ашықтан-ашық материалистпін деп
жариялады. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың
санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух дене арасының
алшақтығын жойды. Фейербах болмысты – бастауыш, сананы – баяндауыш
деп түсіндірді. Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен тұрады, деп
жазды Фейербах. Табиғат мәңгі және шексіз. Сана соның тек көшірмесі, ал
спихолог – идеалист, сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді деп жазды
Фейербах. Бірақ, ол антропологиялық материялизмді қуаттады. Өйткені, ол
барлық материализмді тұрпайы деп түсінді. Сондықтан одан өзін аулақ
ұстамақ болды. «Шындық идеализмге емес, материализмде де емес, шындық
тек антропология», - деп жазды Фейербах. Бірақ, ол өзінің антропологиялық
материализмінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады.
Философиялық афоризмдері:
Бақытқа ұмтылыс жоқ жерде, жалпы ұмтылыстың өзі де болмайды.
Адам тек өз күшіне сенген жағдайда ғана дегеніне жете алады.
Дүние тек бейшара кісіге сұрықсыз, дүние тек жеңілтек адамға бос.
Әдебиет:
1. Любутин К. Н. Фейербах: философская антропология. — Свердловск:
1988. — 127 с.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Неміс
классикалық философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006. 144-145 бет
3. Быховский Б. Э. Людвиг Фейербах. «Мысль»— Москва: 1967. — 240 с.
4. Батыс философиясының антологиясы. //Ауд.Қ.Әбішев, М.Сәбит,
Ә.Қодар, А.Сағиқызы. Фонд Сорос-Казахстан, —Алматы: 2002.
5. Кушаков Ю.В. Историко-философская концепция Л.Фейербаха:
Теория, методология, конкретные результаты. «Вища школа»,—
Киев: 1981. — 166 с.
6. Чупров А.С. Проблема смерти и бессмертия в философии Людвига
Андреаса Фейербаха. //Немецкая философия второй половины XVIII—
конца XIX вв. — Екатеринбург; —Нижневартовск: 1990. — С. 145-160.
7. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Л.Фейербах. «Өлке», —
Алматы: 2009.
8. Кузнецов В.Н. Немецкая классическая философия: Учеб.. — 2-е изд.,
испр. И доп. ВШ — Москва: 2003.
247
Сонымен, біз жаңа дәуір философиясына қысқаша шолу жасай отырып,
бұл дәуір ойшылдарының көзқарасында, әсіресе, таным теориясында бір
жақты ойлаудың пайымдық негізі кең өріс алғанын байқаймыз. Мұның өзі
қоғамдағы жаңа өндірістік қатынастардың, өнеркәсіп орындарының дамуына,
солардың негізінде ғылым мен техниканың өріс ала бастауына байланысты
болды. Екінші жағынан, ойлау процесі жаңа заман тудырған шиеленіскен
қайшылықтарды шеше алмай, пайымның тар өрістілігін көрсетті.
Сондай-ақ жаңа замандағы дүниеге деген көзқарастың зерделік ойлау
процесі негізінде дамығаны сөзсіз. Өйткені бұл дәуірде адам жаңа жерді,
елді-мекенді, табиғаттың сырларын ашумен ғана шектелген жоқ, ол өзінің
қызметі арқылы ең алдымен өзін-өзі ашты. Осы заманның көптеген ойшыл-
философтары дүниені және адамды тану процесінде ғылыми әдіспен,
пайыммен ғана шектеліп қоймай, зерденің терең мағыналы ойлау жүйесімен
қаруланып, соны пайдалана білді. Осы тұрғыдан біз ұлы Гегельдің «жаңа
дәуір философиясы, ғылымы, көзқарасы тек пайымдық дәрежеде қалды»
деген идеясын толығымен қолдау қиын. Жоғарыда айтылғандай, жаңа заман
ойшылдарының біразы пайымдық ойлаудың ықпалында болса, ал Декарт,
Спиноза, Лейбниц сияқты философтар зерденің дүниетанымындағы рөлін
анықтай отырып, сонымен қатар диалектика сияқты жалпы әдістің пайда
болуына жол ашты.
Алайда
жаңа дәуірдің таным теориясындағы эмпиризм мен
рационализмнің арасындағы күрес, олардың бір-бірімен бітіспейтін екі
көзқарасы пайым мен зерденің өзара тіл табысуына үлкен бөгет жасады.
Бұдан кейінгі даму ойлау процесіндегі пайым мен зерде сияқты әрі әдіс, әрі
көзқарастық рөл атқаратын процестердің бірлікте болуын талап етті. Оның
үстіне XVII-ғасырдың аяғы мен XVIII-ғасырдың басында белең алған
шиеленіскен тарихи-әлеуметтік қоғамдық қарым-қатынастар бір-бірінен
алшақ кеткен ойлау жүйесін адамдардың материалдық, заттық, практикалық
қызметін түсіну арқылы біріктіруді күн тәртібіне қойды. Сондықтан осы
мәселелерді шешуге ең алдымен классикалық неміс философиясы белсене
атсалысты (Батыс философиясы/ Жаңа дәуір философиясы. ОҚ. «Жазушы»,
—Алматы: 2009. 148-149 беттер). Өткен кезеңдердің саяси-философиялық
көзқарастарының өздеріне қажетті деген ілімдерін одан әрі қарай дамыта
отырып және сол кездегі ғылыми жетістіктерге сүйене отырып Жаңа Дәуір
философиясы тұлғалары, соның ішінде неміс классикалық философия
өкілдері де ғылымда өздерінің мәңгі өшпестей мұраларын кейінгілерге
қалдырып кетті.
249
Бұл – бүкіл философия тарихындағы ерекше кезең (XIX - ғасырдың 30-
40 жылдары), атап айтқанда адамзат ой-өрісінің жүйеленген, топталған,
жіктелген, ғылыми ерекшеленген кезеңі болды. Бұл кезең Карл Маркс пен
Фридрих Энгельстің есімдерімен аталады. Әрине, басқа да философтар
сияқты, екі алып ой иесінің дүниеге келуі де кездейсоқ емес.
Ең алдымен бұл Батыс Европа елдерінде капитализм дүниеге келген
кезең болатын. Капитализммен бірге тарихта пролетариат пайда болды. Ол
алғашқы кезде стихиялы күреске шықты. Оларды ұйымдастыру, саналы етіп
дайындау, теориялық жағынан қаруландыру қажет болды. Бұл бір.
Екіншіден, жаратылыстану ғылымындағы ашылған үш үлкен жаңалық:
а) клетка теориясы; б) энергияның сақталу және өзгеру заңы; в) Ч.Дарвиннің
эволюциялық ілімі-дүниеге диалектикалық логика тұрғысынан қарауға
мүмкіндік берді.
Үшіншіден, теориялық алғышарттардың әсері болды. Бұған ең алдымен
адам баласының әлеуметтік теңдік болуын көксегені жатады. Осыған орай
социализм туралы түрлі теориялық ілімдер пайда болды.
К.Маркс пен Ф.Энгельс осы жағдайлардың бәрін ой елегінен өткізіп,
талдап, екшей келіп, жаңа ғылыми теорияның негізін жасады. Ол үшін олар
Гегель мен Фейербахтың философиясын, Адам Смит пен Давид Рикардоның
саяси экономиясын, Сен-Симон, Фурье, Оуэннің социализм туралы утопистік
теориясын зерттеді, сөйтіп, олардың кемшіліктерін көрсетіп қана қоймай,
социализм туралы ғылыми теория жасап, оны ілгері дамытты, философияда
жаңа көзқарас туғызды. Социализмді утопиядан ғылымға айналдырған
К.Маркстің екі ғылыми жаңалығы болатын. Олар тарихты материалистік
тұрғыдан түсіну және қосымша құн құпиясы. Философияда К.Маркс пен
Э.Энгелсьтің ашқан жаңалықтары мынадай еді:
Бұрынғы философия өкілдері тек үстем таптардың мүддесін қорғады.
Демокрит, Лукреций Кар, ағылшын және француз материалистері Ф.Бэкон
Дж.Локк, Р.Декарт, П.Гольбах, Д.Дидро, К.Гельвеций, Ж.Ламетри, неміс
философтары Л.Фейербах, т.ю идеалистерді қоса алғанда олардың бәрі
прогреске ұмтылғанмен үстем таптың көзқарастарын жақтады. Ал еңбекші
бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын ешкім болмады. Әсіресе, бұл
капитализм тұсында мейлінше қажет болды. Бұған 1831 жылғы Лион
қаласындағы
Франция
жұмысшыларының,
Германиядағы
Силезия
тоқымашыларының
көтерілісі,
сондай-ақ,
Англиядағы
1838-1842
жылдардағы чартистер қозғалысы дәлел бола алады. Стихиялық көтеріліске
шыққан жұмысшыларға теориялық қару қажет болды. Бұл қозғалыстар
әлемде жаңа тап- пролетариат пайда болғанын, оның бұрынғы езілген
таптардан мүлде басқа шешуші күш екенін байқатты. Әрине, К.Маркс пен
Ф.Энгельстің дәл осы кезеңде саяси аренаға шықпаса бұл жаңа теория
дүниеге келмес еді деуге болмайды. Әрбір философиялық кезеңдер біріне –
бір ізашар болып отырған. Сол арқылы олар күрделі сипат алып, дамып
отырған. Философияда көптеген дүниетанымдық мәселелерді қайталануы
жиі кездеседі. Бірақ олар әр дәірдің даму дәрежесіне, алға қойылған
мәселесіне сәйкес жаңаша шешіліп отырады.
250
К.Маркске дейінгі философия көп жағдайда ақиқатқа сырттай, меңзей
қарайтын философия болатын-ды. Олар табиғатты тек баяндап қана қоятын.
Ол туралы К.Маркс өзінің «Фейербах туралы тезистерінде» айқын дәлелдеп
берді. Осыған орай К.Маркстің ең алған көтерген мәселесі мынадай:
француз материалистері айтқандай, адамдар объективті жағдай мен
тәрбиенің жемісі болса, онда өзгерген адамдар өзгерген жағдайын жаңа
тәрбиенің нәтижесі деп түсіну қажет. Сондықтан К.Маркс пен Ф.Энгельс ең
бірінші бірігіп жазған «Қасиетті әулет» деген еңбегінде теорияны шындық
өмірден, материалдық прақтикадан алшақтатқаны үшін идеализмге қатаң
күрес ашты. Мәселен, Л.Фейербах христиан дінін сынады, бірақ ол сынды
адамзат қоғамын сынауға айналдыра алмады.
Әрине, XVII ғасырдағы ағылшын XVIII ғасырдағы француз
материалистері буржуазиялық революцияның идеологиялық алғышартын
жасады. Бірақ олар азаматтық қоғамды, былайша айтқанда таптық
антагонизмсіз тапсыз негізделген қоғамды мақсат еткен еді. Олар
антагонизмсіз тапсыз қоғам орнатуды мақсат етпеді. Бұларға керісінше
К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамды революциялық тұрғыдан қайта құру
теориясын жасады. К.Маркс өзінің «Гегельдің право философиясына сын
жөнінде» деген еңбегіне жазған кіріспесінде: басты мақсат – осы дүниенің
ақиқаттығын айту – деп, түсіндіре келіп, көкті сынауды жерді сынауға, дінді
сынауды құқықты сынауға, теологияны сынауды саясатты сынауға
айналдыру болуға тиіс деп тұжырымдады. Адамға жат болып қалыптасқан
неміс тәртібін сынай келіп, К.Маркс: «Сынау қаруы, әрине, қару мен
сынаудың орнын баса алмайды. Материалдық күш материалдық күштен
төңкерілуі қажет бірақ тоерия да бұқараны билеп алғаннан бастап
материалдық күшке айналады» - деп жазды.
Сондықтан да, оның ойынша, «философия пролетариаттан өзінің
материалдық қаруын тапқан болса, пролетариат философиядан өзінің рухани
қаруын тапты». К.Маркс пен Ф.Энгельс философияны практикаға қарсы
қоюды ғана жойған жоқ, сонымен қатар олар табиғат пен қоғам туралы
философиялық ғылымдардың қарсылықтарын да жойды (Кішібеков Д.,
Сыдықов Ұ.Философия. «Қарасай»,—Алматы: 2008). Жалпы, марксистік
философия әлемдік тарихтың дамуына пәрменді әсер етіп, өзіндік ізін
қалдырды.
251
КАРЛ ГЕНРИХ МАРКС
(5 мамыр, 1818ж, Трир, Пруссия
– 14 наурыз, 1883ж, Лондон,
Ұлыбритания)
—
неміс философы, социолог,
экономист,
саяси
журналист,
қоғам
қайраткері.
Ол
Бонн,
кейін
Берлин
университетінің заң факультетінде білім
алды. Бұл жерде ол, негізінен, философия
мен тарихты зерттеді. Әуелгіде ол Гегель
философиясының ықпалында болды. 1841
жылы сол тұрғыда «Различие между
натурфилософией
Демокрита
и
натурфилософией
Эпикура»
деген
тақырыпта докторлық диссертациясын жазып, қорғады. 1841 жылдан бастап
ол үлкен ықпалы болған Л.Фейербахтың философиясымен таныса бастайды.
Ол Фейербахтың материализм мен атеизмін қабылдаған. Бірақ Фейербахтың
соңынан жай ғана ермей, 1844 жылдың аяғына қарай өзінің философиялық
дүниетанымын қалыптастырды. Ол 1845 жылдан бастап, оны 1883 жылы
қайтыс болғанға дейін дамытумен айналысты.
Ол
философияда диалектикалық және тарихи материализмді,
экономикада – табыс құны теориясын, саясатта – таптық күрес теориясын
қалыптастырды. Бұл бағыттар кейін коммунистік және социалистік
қозғалыстардың негізіне айналып, «марксизм» деген атауға ие болды.
Көптеген философия тарихшылары К.Марксті де гегельдік философияның
жалғастырушысы деп есептейді. Гегель ойлап тапқан диалектикалық үдеріс
ретіндегі әлем туралы көзқарасын сақтай отырып, Маркс онымен
салыстырғанда идеяларды емес, материалдық өмір дамуын мойындайды.
Егер Гегель тарихта мәдени-тарихи факторға баса назар аударса, ал Маркс
материалдық-экономикалық
фактор
маңызының
басымдылығын
мойындайды.
Шығармалары:
«Экономическо-философские
рукописи
1844
года»,
«Нищета
философии» (1847ж.), үштомдық «Капитал» (бірінші басылымы 1867ж.,
екінші толықтырылған басылымы 1872ж.) және Ф.Энгельспен бірлесіп
«Коммунистік партияның манифесі» (1848ж.), «Неміс идеологиясы» (1845-
46ж.ж.), «Святое семейство» (1845ж.) және т.б. жазды.
Қоғамдық-саяси көзқарастары:
Маркстің философияның дамуына қосқан үлесі тек рухани
фактордан экономиканың басымдылығын, қосымша құн құпиясын, тауар-
ақша қатынастары жүйесіндегі адамды қанау мен эксплуатациялау
механизімін ашуында ғана емес, бөлектенудің экономикалық формаларын да
252
айқындауында еді. Л.Фейербахтың діни бөлектену туралы идеясымен келісіп
және оны қабылдай отырып, К.Маркс оны капитализмдегі жалпы
бөлектенудің бір қыры деп санады. К.Маркстің пікірінше, капитализм
жағдайындағы бөлектенудің ең жалпылама формасы экономикалық
бөлектену болып табылады. Бөлектенудің бұл формасын тек революциялар
мен онан кейінгі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар арқылы ғана алып
тастауға болады. Нәтижесінде, заттану мен бөлектену алынып тасталғаннан
соң әрбір адам өзін еркін, саналы және шығармашылық қалыпқа
айналдырады. Адам өзін-өзі өмірқамының субьекті ретінде саналы түрде
сезініп, белсенділігі артады, өзін толық көрсетуге қабілеті ұлғаяды. Жаңа
әлеуметтік-экономикалық жағдайларда социум және адам «рационалді
басқарылатын адамға» айналады. Маркстік философияның тағы бір
жаңалығы еңбекті эпистемологиялық ұғым ретінде негіздеуінде. Еңбектің
арқасында және соның нәтижесінде адамдар ойлауға, тануға қабілетті
болады, ал таным үдерісінің өзі белсенді шығармашылыққа айналады.
Философиялық афоризмдері:
Жеке қобызшы өзін-өзі басқарады, ал оркестр дирижерлік еткенді
қажетсінеді.
Егер адамның мінезін жағдайлар жасайтын болса, демек онда
жағдайларды адамгершілік түрге келтіру керек.
Ең алынуы қиын қамал – адамдардың бас сүйегі.
Адамды білгің келсе, оған билік бер (мақал).
Әдебиет:
1. Рокмор
Т. Маркс
после
марксизма:
Философия
Карла
Маркса. «Канон+» РООИ «Реабилитация», —Москва: 2011. — 400 с.
2. Ғабитов Т. Философия. /XVIIIғ. аяғы- XIXғ. неміс философиясы.
«Раритет», —Алматы: 53-бет.
3. Маркс К., Энгельс Ф. Собрание сочинений. Изд. 2, тома 1-39 (из 50-
ти). Изд. Политической литературы, — Москва: 1955—1981
4. Воспоминания о К. Марксе и Ф. Энгельсе. Ч. 2. /Институт марксизма-
ленинизма при ЦК КПСС. — 3-е изд., доп. Политиздат,—Москва: 1988.
5. Батыс философиясы. /К.Маркс пен Ф.Энгельстің философиясы. ОҚ.
«Жазушы», —Алматы: 2009. 203, 214-бет
6. Воспоминание К.Марксе и Ф.Энгельсе. —3-е изд., доп. Политиздат.
—Москва: 1988.
7. К.Маркс. Биография. Институт марксизма-ленинизма при ЦК КПСС.
2е изд., Политиздат, —Москва: 1973.
253
Достарыңызбен бөлісу: |