Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет22/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


                                                               Әдебиет

 

1.  Длугач Т.Б. Дени Дидро. «Мысль»,— Москва: 1975.  

2.  Потемкина Л.Я. «Монахиня» Дидро и пути становления французского 

социального романа в 20-50-х годах XVIII века. «Мысль», — М: 1961. 

3.  Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Дени Дидро. «Өлке», 

—Алматы: 2009.  

 

212 

 

КЛОД АДРИАН ГЕЛЬВЕЦИЙ 



 

(31 қаңтар, 1715ж, Париж – 

26 желтоқсан, 1771ж, Париж) 

 

         —  француз  әдебиеттанушысы, 



утилитарлық  бағыттағы  материалист-

философ;  Ағартушылық  кезеңіндегі 

француз буржуазиясының идеологы. 

          Ол 

Парижде  дүниеге  келіп, 

иезуиттік колледжде оқыды. 



Философиялық шығармалары: 

    «Ақыл  туралы»  (1758),  «Адам,  оның 

ойлау  қабілеті  мен  тәрбиесі  жөнінде» 

(1773) және т.б. 



Философиялық көзқарастары: 

              Гельвеций 

 

материалистік 



көзқарасты 

жақтап, 


ойлау, 

ақыл 


қабілетті  физикалық  сезімталдық  пен  естен  туындайды  деп  жазды.  Адам 

тәнінде  екі  түрлі  қабілет  бар  деп  есептеді  ол,  бірі  –  сыртқы  дүниенің 

жасайтын әсерін қабылдау оны сезімталдық, дейді. Екіншісі – бізге тигізілген 

сыртқы  әсерді  бойымызға  сақтай  білу  –  оны  «С»,  дейді.  Оны  ұзартылған, 

әлсіреген  әсер  деп  түсінді.  Ой  –  жаңа  идея  мен  комбинациялар  жиынтығы. 

Ой  түрлі  сезімдерден  туған  күрделі  қорытынды  екенін  білмей,  оны 

сезімдердің  жәй  жиынтығы  дегені  оның  қателігі  еді.  Екінші  жағынан, 

Гелвеций  ақыл  табиғаттың  берген  сыйы  емес,  тәрбиенің  нәтижесі  деп 

түсіндірді.  Адамның  мінез-құлқы  туа  бітпейді,  ол  өмір  сүру  барысында 

қалыптасады  деп  жазды.  Сондықтан  адамдар  дүниеге  келгенде  белгілі  бір 

ақыл бір  мінезбен  тумайды.  Тәжірибеде  дәлелденгендей  адамдардың ақылы 

мен мінезі билік түріне байланысты өзгереді, түрлі өкімет бір халықтың өзін 

кезекпен не көтеріңкі, не тұрақты, не тұрақсыз, не батыл, не сақ етеді.  

            Гельвеций дін шіркеуді сынады. Қоғамдық құрылыс сипаты қоғамдық 

заңдарға  байланысты,  соңғысы  адамдар  пікіріне,  олардың  қоғамдық 

құрылысына  байланысты    деді.  Олай  болса  Гельвеций  объективтік  жағдай 

пікірге байланысты, сондай-ақ пікір объективтік жағдайға байланысты деген 

идеалистік шеңберден шыға алмады.  



Философиялық афоризмдері: 

  Адам  өзін-өзі  бақытсызбын  деп  төмендете  берсе,  шынымен-ақ 

бақытсыз болады. 

  Адам бақытты болуы үшін оған бір нәрсе жетпей тұруы керек. 

  Өз атамекеніңді сүю бүкіл әлемді сүюуіңе бөгет болмайды. 

  Иілген ағаш икемге келмейді. 

  Ақиқатты  жақтаушылардың  аузын  қанша  жаптым  дегенмен,  көзге 

көрінбейтін жақтастарының бәрін жойып жіберу мүмкін емес. 

  Адамдарды қорқыныш пен бақытсыздық қатыгез етеді. 


213 

 

  Ойға  алғанымыздың  барлығы  бірдей  орындала  берсе,  жанымыз 



жұмыссыздықтан жалығып өлер еді. 

  Күштіні ұнатпағанмен жек көрмейді. 

  Қызғаншақтық шекпенінің астында жеккөрушілік, өсек, сатқындық пен 

айла-шарғы ере жүреді. 

  Қолынан  ештеңе  келіп  жарытпайтын  адамның  бар  арманы  –  өзінен 

артық адамды көзге ілмеу. 

  Озбырлық бар жерде жағымпаздық та жалғаса жүреді. 

  Қатыгез қашан да үрейленуден, әлсіздіктен және қорқақтықтан туады. 

  Торығу – жан-жарасы. Оның қайнар көзі өзіңе-өзің сенбеуде жатыр. 

  Бақытыңның  басты  жауы  не  деп  ойлайсың?  Әрине,  өркөкіректік  пен 

қызғаншақтық. 

  Адамдарды  алдауға  емес,  үйретуге  келген  кісі  олардың  өз  тілінде 

сөйлеуі керек. 

  Біліксіздік ақылды да аздырады. 

  Күшті сөйлей бастағанда әлсіздің үні өшеді. 

  Ақиқаттың жолы ауыр, қашан да кеш мойындалады. 

  Таң қалуға бір мезет те жеткілікті, ал таңқаларлық іс тындыруға кейде 

ғасыр да жетпей қалады. 

  Қазіргі көп қошемет, көбіне, келешек ұрпақтар алғысынан айырады. 

  Деспот  басқаратын  елді  жалғандық  жайлайды,  онда  маскалар  ғана 

жүреді, адамның беті көрінбейді. 

  Адамдар  бақытының  мәнісі  –  олардың  істелуі  тиіс  нәрсені  істеуді 

ұнатуында. 

  Егер ағашты ұзақ иіп ұстаса, ол өзінің серпінділігін жоғалтады. 

  Адамдарға ұнағың келе ме? Олардың ақылын бағалай біл. 

  Адасудың мыңдаған түрі бар. Ақиқат керісінше, жалғыз да қарапайым. 

  Бір мезгілде әрі әділ, әрі құдыретті болу мүмкін емес дерлік. 

  Бұл дүниенің күштілерінің арасында әділетсіздік істемеген адам жоқ. 

  Білімді адамдар сирек, ал риясыз адамдар одан да аз. 

  Ақиқат  уақытша  адасудың  көлеңкесінде  қалуы  мүмкін,  бірақ  ерте  ме, 

кеш пе оның сәулесі түнекті түріп шығады. 

 

                                                                 Әдебиет: 



 

1.  Момджян Х.Н. Философия Гельвеция. —Москва: 1955; 

2.  Плеханов  Г.В.  Очерки  по  истории  материализма.  Избр.философские 

сочинения, т. 2, —Москва: 1956; 

3.  Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Клод Гельвеций. «Өлке»,  

—Алматы: 2009.  

4.  Силин  М.А.,  К.А.Гельвеций  —выдающийся  французский  философ-

материалист XVIII в., —Москва: 1958; 

 


214 

 

ПОЛЬ АНРИ ГОЛЬБАХ 



(ПАУЛЬ ДИТРИХ ТИРИ) 

 

(8 желтоқсан, 1723ж, Эдельсхайм 

–  21 маусым, 1789ж, Париж) 

 

           — неміс ортасынан шыққан француз 



философы, 

жазушы, 


энциклопедист, 

ағартушы,   



Философиялық көзқарастары: 

Ол  табиғатта  кездейсоқтық  болмайды, 

табиғат  бәрінің  себепшісі.  Адам  табиғаты 

жағынан  не  кеңпейілді,  не  іші  тар  болып 

тумайды,  оны  солай  ететін  объективтік 

дүние дейді.  

             Сондықтан 

сол 


замандағы 

феодалдық  қатынстарды  сынға  алады. 

Дүниені  материалистік  тұрғыдан  қарау 

керек. Табиғаттан тыс рухани күш бар деп сену қиял деп қорытты ол. Сөйтіп 

Гольбах  теология  мен  идеализмге  қарсы  шықты.  Материя  мен  қозғалыс 

мәңгі.  «Материяның  өмір  сүруі  -  деп    жазды,  ол  –  факт,  қозғалыстың  өмір 

сүруі  де  дәл  осындай  –  факт».  Бірақ,  ол  механикалық  детерминизмді 

жақтады.  Мәселен,  ол  дүние  бір  жақты  дамиды  деді.  Кездейсоқтықты  ол 

мойындамады. Тағы да ол, «фанатиктің өтіндегі удың көбеюі, басқыншының 

жүрегіндегі  қанның  қызуы,  кейбір  монархтың  асқазанының  қорыта  алмауы, 

кейбір  әйелдердің  кесапаттығы  –  соғыс  ашуға,  миллиондаған  адамдарды 

қырғынға айдап, камалдарды бұзуға, қалаларды күл-талқан етіп, халықтарды 

қайыршылық  пен  қайғыға  душар  етуге,  аштық  пен  жұқпалы  ауруларды 

туғызып,  ұзақ  ғасырлар  бойы  түңілу  мен  жоқшылық  көруге  себепкер  бола 

алады» деп жазды. 

             «Шындықты  тану  дегеніміз  –  табиғатты  материалистік  тұрғыдан 

түсіну» - деді Гольбах. Ал «саналық – дегеніміз идея мен заттардың бірлігі» 

деп   жазды ол. Ойлау сезімнен туады деген пікір айтты. Діннің пайда болу 

себептеріне  тоқтала  келіп,  Гольбах  оның  себебі  надандық  деп  түсіндірді. 

«Надандық, үрей ауыр тұрмыстағы адамдарды Құдай туралы ойлауға мәжбүр 

етті»  -  деп  жазды.  «Қалта  құдайшылдығы»  деген  кітабында  Гольбах  дін 

туралы  өте  өткір  сын-пікірлер  айтып,  схоластиканы  сынап,  еркін  ойдың 

үлгісін көрсетті.    

                                                             Әдебиет: 

 

1.  Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ.Философия. «Қарасай», — Алматы: 2008. 

2.  Поль  Анри  Гольбах.  Избранные  произведения  в  двух  томах. 

(Философское наследие, Т. 2)—Москва: 1963. С.715  

 

 


215 

 

РЕНЕ ДЕКАРТ 



 

(31 наурыз, 1596ж, Лаэ (Турень 

провинциясы), қазіргі Декарт (Эндр 

және Луара департаменті) – 11 ақпан, 

1650ж, Стокгольм) 

 

         —  француз    математигі,  философ, 



физик  және  физиолог,  аналитикалық 

геометрия 

және 

қазіргі 


заманғы  

алгебралық 

рәміз-символикаларды 

құрастырушы, 

философиядағы 

радикалдық 

күмәндану 

әдісінің, 

физикадағы  механицизмнің,  предтеча 

рефлексологиядағы ағымның авторы. 

         Иезуиттік 

колледжін  бітіргесін, 

Голландия  армиясында  еркін  офицер 

ретінде  қызмет  етіп,  Голландия,  Германия,  Швейцария,  Венгрия,  Италия 

елдерінде болады. Декарт көзқарасына тән екі қағида – ақиқатқа жетер жолда 

барлық  адамға  қызмет  етпек  болды,  әлеуметтік  реформаторлық  өзгеріс 

жасауға талпынбады.  

Философиялық шығармалары: 

    «Ақыл-парасатты басшылыққа алу ережелері» (1628-1629), «Дүние туралы 

трактат»  (1630-1633),  үш  бөлімнен  –  «Диоптрика»,  «Метеорлар», 

«Геометриядан»  тұратын  «Метод  туралы  пайымдау»  (1637),  «Бірінші 

философия  туралы  ойлар»  (1641),  «Метафизикалық  ойлар»  (1641), 

«Философияның бастамалары» (1644), «Жанның құмарлықтары» (1649), т.б. 

 

           Декарттың  философиясы  өз  бастамасын  «күмәндану»  қағидасынан 



алады.  Ол  дәстүрлі  қалыптасқан  пікірлерге  де,  сезімдік  танымның 

ақиқаттығына  да  күмәнданады.  Нағыз  шындық  –  «күмәндануды»  ойлаудың 

қабілеті  деп  мойындау.  Оның  «Мен  ойлаймын,  олай  болса,  өмір  сүремін» 

деген  қағидасы  төмендегідей  тұжырым  жасауға  мүмкіндік  береді. 

Біріншіден, ол танымның негізін обьективті шындықтан іздемейді, керісінше, 

таным  процесінің  өзінен  табуға  ұмтылады,  екіншіден,  бұл  қағида  оны 

мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді. 

Философиялық көзқарастары: 

           Декарттың  пікірінше,  бір  мезгілде,  бір-біріне  тәуелсіз,  бірақ 

байланысты  рухани  түпнегізбен  (Құдай)  қатар  материалдық  түпнегіз  де 

(табиғат)  өмір  сүреді.  Рухани  түпнегіздің  ажырамас  ең  басты  атрибуты 

(қасиеті) ойлау болса, материалдық түпнегіздің атрибуты – кеңістікте көсілуі. 

           Барлық 

заттар  корпускул  (материя  ұғымына  пара-пар)  деп 

аталатынұсақ  бөлшектерден  тұрады.  Олар  түрлеріне,  көлеміне  қарай 

ажыратылады.  Корпускулдар  кеңістікте  және  үздіксіз  қозғалыста  болады. 

Олардың  жалпы  сандары  және  қозғалыс  түрлері  универсумда  бірқалыпты 



216 

 

болады. Әлемдегі барлық заттар механика заңына сәйкес қозғалыста болатын 



корпускулдардан пайда болған.  Ал рухани  түпнегіздің  атрибуты:  ойлау  мен 

материалдық  түпнегіздің  атрибуты  –  кеңістікте  көсілудің  бір  мезгілде  әсер 

етуі  негізінде  адамдар  пайда  болады  да,  ол  ақыл-ой,  сөйлеу  сияқты 

қасиеттерімен басқа жануарлардан ерекшеленеді. Осы себептен адамдардың 

қимыл-әрекеттерін көп жағдайда механика заңдылығы тұрғысынан түсіндіру 

өте қиынға соғады. 

          Жалпы  алғанда,  жансыз  денелердің,  өсімдіктердің,  жануарлардың, 

адамдардың  арасында  өте  алмайтындай  кедергі  жоқ,  себебі  олардың 

табиғатын,  мәнін  механика,  матиматикалық  есептеулер  арқылы  түсініп-

білуге  болады.  Демек,  танымның  негізгі  тәсілі  геометриялық  дедуктивтік, 

аксиоматикалық тәсіл болуы керек.  

           Таным  процесінде  ең  басты  рөлді  Декарт  рационалдық  (ақыл-ой) 

танымға  береді  де,  ол  арқылы  адамдар  сезімдік  түйсінулер  бере  алмайтын 

табиғаттың  сыры  мен  мәнін  ашуға  мүмкіндік  алады  деп  тұжырымдайды. 

Декарт  әрі  қарай  өз  ойын  жалғастырып,  ақыл-ой  сезімдік  түйсінуге  мұқтаж 

емес,  себебі  рационалдық  таным  заттарды,  құбылыстарды  «туа  біткен 

идеяларға»  сүйеніп  танып-біле  алады  дейді.  Бұл  идеялардың  табиғаты 

туралы  Декарт:  «Бұл  идеяларды  мен өзіме өзім  бере  алмаймын, себебі олар 

өздерінде жетілдірілген нақтылықты жиынтықтаған, ал мен қалыптастырған 

идеялар,  ондай  шындықтан  туындамағандықтан,  туа  біткен  идеялардың 

деңгейінде  жете  алмайды.  «Туа  біткен  идеялардың»  себебі  рухани 

түпнегіздің (Құдайдың) өзі болғандықтан, олар айқын және анық, ал олардың 

негізінде  алынған  білім  де  айқын  және  анық,  басқаша  айтқанда,  ақиқат 

болады.  Олай  болса,  оларды  тәжірибие  арқылы  тексерудің  қажеттігі  жоқ. 

«Туа  біткен  идеялардың»  табиғатына  үндес  келетін  математика 

болғандықтан, математикалық тәсіл ғалымдардың ең жоғарғы зерттеу тәсілі 

болу керек. 

           Декарттың  философиясы  артында  өзіндік  із  қалдырған,  соны 

идеяларымен  кейінгі  философиялық  ағымдарға  ықпал  етіп,  адамдарды 

басқаша ойлау арқылы қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды. 



Философиялық афоризмдері: 

  Егер  ақылыңыз  дұрыс  жұмыс  істесін  десеңіз,  өз  деміңізді  бақылап 

отырыңыз. 

  Жақсы  кітапты  оқу  өткен  ғасырдағы  кемеңгерлермен  ауызба-ауыз 

сөйлескенмен  бірдей  және  олар  өздерінің  ең  озық  ақыл-ойларын 

алдымызға жайып салады. 

  Әсемпаз  таңдану  үшін  ғана  аса  сирек  кездесетін  нәрсені  іздейді,  ал 

білімге  құштар  –  таңдай  қағудан  безіну  үшін  соларды  танып,  білейін 

деп іздестіреді. 

  Түзу жолмен баяу қозғалатындар бұралаң жолмен жүргендерден едәуір 

ұзақ жүреді. 

  Біздің  пікіріміздің  қайшылығы  біреу  екіншіден  ақылдырақ  болғаннан 

емес,  біздің  өз  ойларымызды  түрлі  жолмен  бағыттап,  мәселені  түрлі 

қырынан  қарастырғаннан  болады  ...  Ал  ақылға  немесе  парасатты 



217 

 

ойлауға  келсек,  ол  бізді  адам  етіп,  жануарлардан  ерекшелеп  тұрған 



жалғыз  қабілет  болғандықтан,  мен  оның  әркімде  бар  екеніне  сенгім 

келер еді. 



                                                            Әдебиет: 

 

1.  Асмус В.Ф. Декарт. ВШ— Москва: 2006. — 335 с.  

2.  Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008. 

3.  Декарт  Р.  Рассуждение  о  методе  с  приложениями:  Диоптрика, 

Метеоры. —Москва: 2008 

4.  История математики под редакцией А.П.Юшкевича в трёх томах.  

Т-2: Математика XVII столетия. «Наука», —Москва: 1970  

5.  Катасонов В.Н. Метафизическая математика XVII в. «Наука»,  

—Москва: 1993. 

6.  Кирсанов В. С. Научная революция XVII века. «Наука»,—Москва: 1987. 

7.  Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Рене Декарт. «Өлке»,  

—Алматы: 2009.  

8.  Ляткер Я.А. Декарт. «Мысль», —Москва: 1975. 

9.  Матвиевская Г.П. Рене Декарт, 1596—1650. «Наука»,— Москва: 1976. 

10. Бессмертие  философских идей  Декарта  (Материалы Международной 

конференции, посвященной 400-летию со дня рождения Рене Декарта) 

/Ответственный  редактор  Мотрошилова  Н.В.  ЦОП  Института 

философии РАН, — Москва: 1997. — 181 с 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

218 

 

 



 

 

 

 

 

 

АҒАРТУШЫЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ФИЛОСОФИЯ 

 

 

 

 

 

 

 

 

219 

 

               XVIII-ғасыр 



өзінің  Ағартушыларын  туғызды.  Ағартушылық 

философия  –  антитеологиялық,  антифеодалистік,  қалыптаса  бастаған 

буржуазиялық  философия.  Ол  ағартушылық қызметпен бірге 1789-1794ж.ж. 

Ұлы француз революциясы идеологиясын дүниеге әкелді. Олар- П.Гассенди, 

Ф.Вольтер,  Жан-Жак  Руссо,  Э.Кондильяк,  Г.Э.Лессинг,  И.В.Гете,  т.б. 

Олардың  пайда  болуына  ең  алдымен  капиталистік  қоғамның  қалыптасуы, 

соған  сәйкес  жаратылыстану  ғылымдарының,  математиканың,  физиканың, 

механиканың,  физиологияның,  медицинаның,  т.б.  адам  санасына 

материалистік ұғымдарды ұялату себепші болды. Бірақ оған үстемдік құрған 

діни  идеологияға  қарсы  күрес  Англиядағы,  Франциядағы,  Германиядағы 

ағартушылық  істен  басталды.  Олар  діни  соқыр  сенімге  қарсы  тұрып, 

ғылымның  еркін  дамуын,  еркін  ой  болуын  жақтады.  Олардың  басты 



мәселелерінің  бірі  –  адам  тағдыры,  оны  рухани  қыспақтан  босату,  саяси 

еркіндік, гуманизм мәселелері еді.  

 

             Ағартушылық кезеңдегі философия үш бағытқа бөлінді: 



 

           1-бағыт:  деистік  («део»  немесе  «тео»  -  Құдай  дегенді  білдіреді) 

философиясының мәні – Құдайлық тұлға идеясын теріске шығарады; Құдай 

мен  Табиғаттың  барабарлық  идеясын  (пантеизмді)  мойындамады;  Құдай 

дүниені  жаратқаннан  кейін,  басқа  дүниеде  болып  жатқан  өзгерістерге, 

процестерге араласпайды деп түсінді; Өкілдері – Ф.Вольтер, Ш.Л.Монтескье. 

Ж.-Ж.Руссо және Э.Кондильяк болды. 

 

           2-бағыт: 



атеистік-материалистік  бағыт,  ол  Ұлы  француз 

революциясының қарсаңында қатты даму үстінде болды; олар – ешқандай да 

тылсым  күш  (Құдай)  жоқ;  материядан  тәуелсіз  идея  болмақ  емес,  жан  да 

мәңгі  емес;  абсолютизмді  құлату  керек,  жеке  меншік  пен  мемлекетті  жою 

керек деп санады; Мысалы, Ж.Ламетри – утилитаризмді қолдады, яғни адам 

өмірінің  мәні  –  жеке  бастың  бақыты;  жеке  меншік  –  адам  еркіндігінің 

кепілдігі;  немесе,  мемлекет  мұраты  –  «зайырлы  абсолютизм»  деп  есептеді. 

Өкілдері – Ж.Мелье, Ж.Ламетри, Д.Дидро және К.Гельвеций. 

 

            3-бағыт:  утопиялық-социалистік  (коммунистік)  –  бұл  идея 



қарапайым халық санасында күшті қолдау тапты, әмбебаптық теңдік тұрғыда 

ұғынылған, әділеттілік идея салтанат құрған, қоғамдық меншікке негізделген 

жаңа  қоғам  құру  арман  болатын.  Мысалы,  олардың  пікірінше,  іс  жүзінде 

коммунизм  орнамайды,  өйткені  адам  табиғаты  солай,  ол  байи  берсем,  ала 

берсем дейді,  сондықтан  жеке  меншік,  тапқа бөлінушілік мәңгі,  адам  өзінің 

сорлылығынан биік көтеріле алмайды. Ал, Фурьенің ойы – идеалды қоғам –

«гармония  қоғамы»,  ол  жаппай  еңбек  ету  міндеттілігіне,  экономиканың 

жоғары  деңгейіне,  махаббат  пен  әдептілік  еркіндігіне,  байлықты  теңдей 

бөлуге,  Құдайға  құлшылыққа  негізделген  қоғам  орнату  болды.  Өкілдері  –

Г.Мабли, Ф. Бабеф, К.Сен-Симон және Ф.Фурье болды. 



 

220 

 

МАРИ АРУЭ ФРАНСУА ВОЛЬТЕР 



 

(21 қараша, 1694ж, Париж 

–  30 мамыр, 1778ж, сонда) 

 

       — XVIII ғасырдағы француз ағартушы-



философтарының  арасындағы  ірі  тұлға, 

ақын, 


прозаик, 

сатирик, 

тарихшы, 

публицист, 

құқық 

қорғаушы; 



вольтерьяндықтың негізін қалаушы. Деист.  

Философиялық шығармалары: 

 «Философиялық 

хаттар», 

«Кандид», 

«Метафизика  туралы  трактат»,  «Ньютон 

философиясының 

негіздері», 

«Тарих 


философиясы»,  «Философиялық  повестер 

мен әңгімелер», «Эстетика» және тағы басқа 

да ғылыми маңызы бар деген құнды еңбектер жазды. 

Философиялық көзқарастары: 

             Вольтердің  өткір  де  шыншыл  шығармалары  арқылы  ағартушылық 

идеясы  толық  қалыптасып,  барлық  европа  елдерінде  тарады.  Өз 

шығармаларында  Вольтер  феодализмнің  келеңсіз  жақтарын  және  діннің 

қағидалары  мен  уағыздарын  келеке  етіп,  сынға  алды.  Дегенмен  де,  ол 

Құдайдың бар екенін мойындайды, бірақ ол жоқты бар ете алмайды, ол тек 

табиғаттың  алғашқы  қозғаушы  күші  ғана.  Табиғат,  қоғам  әрі  қарай  өз 

заңдылықтарымен дамиды. Вольтер Құдайдың әртүрлі қасиеттерін негіздеуге 

тырысатын  дінді  де,  оған  қарсы  атеистік  ілімді  де  жақтамайды.  Олардың 

біріншісін  дәлелсіз  болғандықтан  мойындамаса,  екіншісіне  қоғамдық 

тәртіпті бұзады деп қарсы болады.  

          Адамзат тарихы, Вольтердің пікірінше, адамзаттың прогресс (үдеу) пен 

білімділік  үшін  күрес  тарихы.  Өркениетті  адам  табиғатпен  алғашқы  қауым 

адамымен салыстырғанда әлдеқайда үйлесімді өмір сүреді. Осы тұрғыдан ол 

адамзат  үшін  мәдениеттің  құндылығын  баса  көрсетті:  «Мемлекетті 

басқарудың  ең  тиімді  түрі  –  ағартушылық  монархия.  Ол  ерікті  қоғамның 

қалыптасуына  жағдай  жасауы  керек.  Сол  кезде  ғана  ерікті  қоғамның  басты 

табиғи  талаптары  –  сөз,  баспасөз,  ар-ұждан  бостандықтары  шын  мәнінде 

жүзеге асады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік – заңды құбылыс, ал адамдар 

тек қана заң алдында тең болулары керек». 

           Жалпы алғанда, Вольтер – тарихқа, әсіресе мәдениет және философия 

тарихына  ерекше  көңіл  бөліп,  осы  ғылымдардың  дамуына  себепкер  болған 

және ағартушылық идеяны қағида ретінде қабылдап, уағыздаған ойшыл.  

Философиялық афоризмдері: 

  Өз қалағанымды жасай алатындай мүмкіндігім болса  – ол менің еркін 

екендігімнің  белгісі.  Бірақ  менің  қалауым  –  менің  қажеттіліктерімнің 

көрінісі ғана. 

  Кім-кімнің ақылына жасы сай келмесе, ол өмір бойы сор кешпек. 


221 

 

  Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер болмайды. 



  Жұмыс  бізді  үш  түрлі  зор  қырсықтан:  зерігуден,  кемшіліктен  және 

мұқтаждықтан құтқарады. 

  Еңбек рухани және эстетикалық дамудың ең таңдаулысы. 

  Махаббат  –  құштарлық  атаулының  ең  күштісі,  өйткені  ол  ақыл-ойды 

да, жүректі де, тәнді де қатар жаулап алады. 

  Махаббаттың 

оянғанын 

жігіттің 

жасқаншақтығынан, 

қыздың 


батылдануынан байқауға болады. 

  Жазушының  оқуға  арзитын  ғана  туындысын  басу  керек.  Бұл  аяулы 

ереже  кітаптың  санын  азайтқанмен,  оқушылардың  талғамын  арттыра 

түскен болар еді. 

  Жақсы  кітапты  алғаш  оқығанда  жаңа  дос  тапқандай  боласың.  Осы 

кітапты қайталап оқу – ескі досыңды тағы да кездестіргенмен бірдей. 

  Табандылық дегеніміз – ақыл ерлігінің қолданылуы, ол қайраттылықты 

білдіреді.  Қыңырлық,  керісінше,  соқырлық.Адамдар  өз  тіршілігінде 

тәртіпке айналып кеткен кейбір қылықтарының ұят екенін сезінбейтін 

болып кетеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет