192
ТОМАС ГОББС
(5 сәуір, 1588ж, Малмсбери –
4 желтоқсан, 1679ж, Хардуик)
— ағылшын материалист-философы,
қоғамдық келісім теориясының авторы.
Дін уағыздаушының отбасында
дүниеге келген. Он бес жасында
Оксфорд
университетіне
түседі,
ақсүйектер отбасында тәрбиеші болып
қызмет
етеді.
П.Гассендимен,
Р.Декартпен
(1548)
танысады.
Философиялық шығармалары:
«Левиафан»,
«Жаратылыстық
саясаттың
элементтері»
(1640),
«Азаматтық туралы» (1640), «Дене
туралы» (1655), «Адам туралы» (1658), «Бегемот», т.б.
Философиялық көзқарастары:
Гоббс Бэконның ілімін жалғастырушы, әрі механикалық тәсіл арқылы
әлемдік құбылыстармен қатар, таным процесінде қоғамдық құбылыстарды да
қарастырып, жүйеленген механикалық көзқарастың негізін қалаушы.
Гоббстың пікірінше, обьективтік шындық дегеніміз – денелер жиынтығы.
Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.
Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады.
Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады.
Материя, денелер өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады
(ұзын-қысқа, жоғары-төмен, үшбұрыш, шар, квадрат, т.б.). Сондықтан
геометрия – ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі – есептеу,
математикалық амалдардың жиынтығы (қосу, алу, көбейту, бөлу, т.б.).
Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтан, жігер де
себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының
нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы
қауым кезінде адамның табиғаты өзін-өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты
эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтік
жағдайға қарап өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқайсысының
еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың
табиғи көрінісі барлығының барлығына қарсы күресі болатын Мұндай
«соқтығыстық» қатынас ұзаққа баруы мүмкін емес еді, сондықтан адамдар
өзара келісім жасауарқылы мемлекетке біріккенжәне билеушіге өз
еріктерімен бағынған. Олай болса, мемлекет – жасанды дене (левиафан).
Сөйтіп, адамдар өзін-өзі қорғауға және адамша өмір сүруге үмкіндік
алған. Билеушінің айтқанын екі етпей орындау керек, себебі ол қоғамдық
талап-сұраныстарды түсініп, білгендіктен дұрыс айтады, ал оның
193
қарсыластары халықтың мұң-мұқтажын білмегендіктен теріс жолға
бастайды. Қоғамдық заң – азаматтардың ар-ождандары.
Әдебиет:
1. Мееровский Б.В. Гоббс. «Мысль»,— Москва: 1975. — 208 с.
2. Мележик И.Н. Понятие, происхождение и природа государства в
политическом учении Т.Гоббса. //Актуальные проблемы истории
политических и правовых учений. — Москва: 1990. — С. 104-122.
3. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Жаңа
Заман философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006. 122-бет.
4. Батыс философиясының антологиясы. //Ауд.Қ.Әбішев, М.Сәбит,
Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан», —Алматы: 2002.
5.
Михаленко Ю.П. Гоббс и Фукидид (о месте Гоббса в позднем
английском Возрождении).— Москва: 1986. — С. 104—124.
6. Гоббс Т. Сочинения. В 2 т. /Под общ. Ред. В.В.Соколова /Т. Гоббс.
«Мысль», —Москва: 1989 – 1991.
7. Гоббс Т. О гражданине /Т. Гоббс. «Попурри», —Мн.: 2001.
194
БЕНЕДИКТ (БАРУХ) СПИНОЗА
(24 қараша, 1632ж, Амстердам
– 21 ақпан, 1677ж, Гаага)
— нидерландық философ. Жаңа
дәуірдегі
философиядағы
басты
тұлғалардың бірі, рационалист, пантеизм
және натурализм өкілі. Математик,
оптик, аспапшы сондай-ақ, ол - физик те.
Ол өз шығармаларын геометриялық
әдіспен, яғни дефинция – анықтама -
аксиома түрінде жазды. Амстердамда
еврейлердің діни училищесінде оқиды,
Ван ден Энден ұстазының ықпалында
болады. Жас кезінен Дж.Бруно, Ф.Бэкон,
Т.Гоббс шығармаларын құныға оқиды.
Спиноза көзқарасын еврей діни қауымдастығы қабылдамай, оны қудалауға
ұшыратады. Ауылдық жерге қашып барып, сонда күнін көреді,
шығармашылық жұмысын жалғастырады.
Философиялық шығармалары:
«Геометрияда қолданылатын әдіспен жазылған этика», «Құдай, адам
және оның бақыты туралы» (1658-1659), «Діни саяси трактат» (1670-аяқсыз
қалған), «Саяси трактат», «Ақыл-парасатты жетілдіру туралы трактат»
(аяқсыз қалған), «Декарт философиясының принциптері», «Этика» және т.б.
«Этика» - Спинозаның ең басты шығармасы. Ол философ қайтыс
болғаннан кейін ғана жарық көрген. Мұнда оның метафизикасының басты
мәселелері қарастырылып, өз шешімін тапқан. «Этиканы» Спиноза
геометриялық әдіспен құрастырып, дәлелді түрде мазмұндаған.
Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен
құбылыстарды біріктіретін ұғым – ол субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат,
әлем, түпнегіз біртектес, бір реттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге
сансыз көп атрибуттар (ең басты қасиеттер) тән. Солардың ішіндегі ең
маңыздылары – кеңістікте көсілу мен ойлау. Түпнегізді ешкім (Құдай да,
табиғат та) жаратпайды, ол өзінің өзінен пайда болуына себепкер.
Түпнегіздің атрибуттары модустарды дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі
түрлі болады. Біріншісі – түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған
модустар. Бұлардың өзі атрибуттарының табиғатына қарай: кеңістікте көсілу
атрибутынан – қозғалыс және тыныштық модустары, ойлау атрибутынан –
ақыл-ой және жігер модустары болып бөлінеді. Екіншісі – әлемдегі жеке
денелер модустары. Әлем түпнегізбен пара-пар болғандықтан, бұл модустар
– түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер арқылы көрінуі. Әлем универсум
(әмбебап жалпы ұғым) ретінде мәңгі және өзгермейді. Ал оған кіретін жеке
денелер үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. Өзгермейтін, қозғалмайтын
195
әлеммен үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы
байланыс қозғалыс модустары арқылы жүзеге асады. Түпнегіздің ойлау
атрибутының модустары (тіршілік, рух, жан) барлық жеке денелер мен
құбылыстарды қамтиды.
Осы модустардың әрқайсысы өздеріне лайық жеке денелерде әртүрлі
болып кездеседі. Егер жануарларда – жан, адамдарда – жан, рух, ақыл-ой,
жігер модустары болса, басқа заттарда тіршілік модусы ғана болады. Бұл
жерде Спиноза тіршілік деп жеке денелердің пайда болған кезінен өлгенге
дейінгі өмір сүруін айтады. Спинозаның әлемдегі барлық денелерді басынан
бастап жанды заттар ретінде қарастыруы философияда гилозоистік
көзқарастың жанданып, одан әрі қарай дамуына үлкен әсер етті.
Спинозаның ілімі бойынша, тек денелер ғана модустар емес, сонымен
бірге идеялар да модустар. Олай болса, адамдар өз мүмкіндіктерін және
табиғаттың заңдылықтарын, сырын неғұрлым көбірек білсе, соғырлым ол өзі
үшін әдептілік қағидаларын белгілеп, пайдасыз іс-әрекеттерден аулақ болып,
Құдайдың мәнін түсінуге жақындар еді. Ал Құдайды жақсырақ түсінген
сайын, оны көбірек сүйеміз. Осындай Құдайға деген сүйіспеншілік те біздің
игілігіміз. Адамдар өзін туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар
ерікті емес. Өйткені олардың іс-әрекеттері себептілікке бағынады. Бұл
заңдылықты білмегеннен кейін, олар өздерін еріктіміз деп ойлайды.
Табиғаттың, адамның өмірінің себептілік заңдылығына бағынышты
екенін түсіну үшін, ойлаудың математикалық тәсілі ғана бізді ақиқатқа
жеткізеді.
Философиялық көзқарастары:
Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі –
сезімдік таным. Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер
арқылы алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл-күйге байланысты болады.
Екіншісі – рационалдық таным, басқаша айтқанда, ақыл-ой арқылы келетін
таным. Танымның бұл сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз. Үшіншісі –
интуиция немесе заттар мен құбылыстардың мәнін іштей түсіну. Бұл сатыда
заттардың мәнін түсініп-білу арқылы , олардың түпнегізін (Құдайды) білуге
мүмкіндік аламыз.
Сөйтіп,
Құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мәнін,
мазмұнын, табиғатын түсіну тек матиматикалық тәсілді қолданған
ғылымдардың ісі, ал дінге келетін болсақ, оның Құдай туралы айтқан
пікірлері қате. Жалпы алғанда, діннің шығуына екі түрлі себептер әсер еткен.
Олар:
біріншіден,
адамдардың
табиғаттың
өзінен
табиғаттағы
құбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы және екіншіден, олардың
табиғаттың дүлей күштерінің алдындағы қорқынышы.
Бірақ, Спинозаның пікірінше, дін халықты уыстан шығармай ұстап
тұру және қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.
Спиноза ілімінің атеистік идеялары XVIII-ғасырдағы француз
ағартушыларының еңбектерінде өз жалғасын тапса, оның дедуктивтік тәсілі
мен таным процесіндегі кейбір соңғы идеялары (интуиция, т.б.) Шеллингтің,
Канттың, Гегельдің философияларында даму үстінде болды.
196
Философиялық афоризмдері:
Күнделікті өмірімізде кездесетіннің бәрі де өтеді-кетеді ...
Уақытында істеу – уақыттан ұту деген сөз. Дер кезінде жасалмағанның
бәрі желге ұшады.
Күнделікті өмірде кездесетіннің бәрі өткінші әрі мәнсіз.
Жалған деп жүргеніңнің ақиқатқа айналуы да жиі кездеседі.
Егер кімде-кім бәрін заңмен реттеймін десе, ол жөнсіздіктерді жоюдың
орнына көбейтіп алуы ықтимал.
Надандық – аргумент емес.
Түсіну – келісушіліктің басы.
Нәрсе көпшіліктің оны мойындамағанынан ақиқат болмай қалмайды.
Мүлтіксіз әділдік ең ізгі адамдарда ғана кездеседі. Тіпті өзін шыншыл
санайтын адамдардың өздері күн сайын түрлі асырып-жасырып
айтумен күнәға батады. Асырып айту әркімде дерлік кездесетін қасиет.
Бақыттың да, бақытсыздықтың да түбірі бір, атап айтқанда өзіміздің
қатты ұнататын нәрсемізде болғандықтан зұлымдық пайда болған.
Әдебиет:
1. Соколов В.В. Спиноза. —Изд. 3-е, стереотипное. Книжный дом
«ЛИБРОКОМ», — Москва: 2009. — 224 с.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы /Жаңа
Заман философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006. 127-128 беттер.
3. Батыс философиясының антологиясы. //Ауд.Қ.Әбішев, М.Сәбит,
Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан»,—Алматы: 2002. 93-б.
4. Фишер К. История новой философии: Бенедикт Спиноза. АСТ,
Транзиткнига, — Москва: 2005. — 557с.
5. Беленький М.С. Спиноза. —Москва: 1964.
6. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Бенедикт Спиноза. «Өлке»,
—Алматы: 2009.
7. Коников И.А. Материализм Спинозы. —Москва: 1971.
8. Соколов В.В. Спиноза. —Изд. 3-е, стереотипное. Книжный дом
«ЛИБРОКОМ»,— Москва: 2009. — 224 с.
197
ДЖОН ЛОКК
(29 тамыз, 1632ж, Рингтон, Сомерсет,
Англия – 28 қазан, 1704ж, Эссекс, Англия)
— британдық педагог әрі философ,
эмпиризм және либерализмнің өкілі.
Сенсуализмнің
тарауына атсалысушы
(яғни, барлық білімдердің шығу тегі сезімдік
қабылдаудан болады дейтін принциптің
негізін
салды).
Оның
идеялары
эпистемология және саяси философияның
қалыптасуына орасан зор әсер етті. Ол аты
шыққан
беделді
Ағартушылық
ойшылдарының
және
либерализм
теоретиктерінің арасында аса танымал болды. Локктың хаттары Вольтер мен
Руссо шығармаларына, сондай-ақ көптеген ағартушы шотланд ойшылдары
мен американдық революционерлерінің еңбектеріне ықпал етті. Тіпті
американдық тәуелсіздік Декларациясында да өзінің ізін қалдырды.
Философиялық шығармалары:
«Ақыл-парасат туралы тәжірибие» (1690), «Төзімділік туралы хаттар»
(1690-1693), «Үкімет туралы екі трактат», «Түсінікті пайдалану туралы»
(аяқталмаған), «Сенім төзімділігі туралы хаттар» (1685-1692), «Христианның
парасаттылығы» (1695), «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» (1690)
және т.б.
Таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп,
психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім
тәжірибиеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибиенің өзі сезімдік
түйсінулер арқылы қалыптасқан дейді. Локктың таным теориясы негізінен
үш қағидадан тұрады: біріншіден, адамда «туа біткен идеялардың» болуы
мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибие арқылы пайда болады.
Екіншіден, адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған
таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибие арқылы мазмұнға
толады. Үшіншіден, ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған
мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе – түйсік.
Сезімдік түйсінудің өзі сыртқы түйсіну және ішкі рефлексия (өзін-өзі
бақылау) деп екіге бөлінеді. Сыртқы түйсінудің қайнар көзі сезім мүшелеріне
әсер ететін материалдық денелер болса, ішкі рефлексияның негізі – адамның
өз көңіл-күйін іштей сезінуі, қиналуы немесе мақұлдауы.
Психиканың қалай қалыптасатынын түсіндіру мақсатында Локк
идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: біріншісі – сапалы идеяларға
денелердің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық, т.б. сол сияқты қасиеттері
жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде
қабылдаймыз. Ал екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм, т.б. сол
сияқты қасиеттері жатады, оларды біз субьективтік тұрғыдан қабылдаймыз.
198
Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда
екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар, ұғымдар қалыптасады. Олар тек
тәжірибие арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде
ғылымдар дамиды. Ал екіншісі – сыртқы денелердің түйсіктерге әсер
етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар,
пайымдаулар. Мысалы: «көк» ұғымы – көру түйсігі, ал «қозғалыс» ұғымы –
көру және сезіну түйсіктері арқылы пайда болған. Мұндай ұғымдар енжар
болу себепті ой белсенділігін талап етпейді. «Бірінші» және «екінші» сапалы
идеялар адамның көңіл-күйіне байланысты әртүрлі қабылдануы мүмкін.
Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі
(ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және
көпшіліктің өзара келісімі.
Философиялық көзқарастары:
Адамның қуанышын тудыратын және күшін өсіретін істің барлығы –
игілік, оған қарама-қарсы іс-әрекет – бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды
қуанышқа бөлейтін болғандықтан, ең басты игілік болады. Локк мемлекет
туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық
монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және
сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық
теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс. Жалпы, Локктың ілімдері
механикалық-метафизикалық философияның ірге тасын қалап, ғылыми
зерттеудің
индуктивтік
және
геометриялық
тәсілдерін
әмбебап
(универсалдық) тәсілдер дәрежесіне дейін көтеріп, өзінен кейінгі ғұлама
ойшылдарға үлкен әсер етті.
Философиялық афоризмдері:
Көкейдегі ойды айқын түсіндіретін нәрсе – адамның еңбек әрекеті.
Көп білем десең,
Аздан бастап үйрен.
Тәрбиешіге үйреткеннен бұйрық беру әлдеқайда жеңіл.
Жұртқа іскер адамнан гөрі ізетті адам көбірек ұнайды.
Аярлығын жасырардай айлакер болу қиын.
Дөрекі адамның бірінші белгісі – өзгелерге ненің ұнап, ненің
ұнамайтындығын ойлап, бас қатырып жатпайды.
Қорқыныш дегеніміз – жайсыздықты күтіп мазасыздану жағдайы.
Айлакерлік – маймыл тектес даналық.
Өзінің қалауынсыз ешкімді де бай немесе бақытты ете алмайсыз.
Халық тағдыры үшін жамандық жасау арқылы жақсылыққа жетуден
асқан бақытсыздық жоқ.
Әдебиет:
1. Фишер К. История новой философии: Джон Локк. АСТ, Транзиткнига,
— Москва: 2005. — 557с.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /Жаңа
Заман философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006. 122-124 беттер.
199
ГОТФРИД ВИЛЬГЕЛЬМ ФОН
ЛЕЙБНИЦ
(21 маусым (1 шілде), 1646ж, Лейпциг,
Германия – 14 қараша, 1716ж, Ганновер,
Германия)
— неміс философы, математик, заңгер-
юрист, дипломат.
Ол
дифференциалдық
және
интегралдық теңдеулерді ойлап тапты. 1666
жылы құқықтан диссертациялық жұмысын
қорғайды,
1668-1672
жылдары
министрлікте, 1672-1676 жылдары Парижде
дипломатиялық қызметте болады. Декарт,
Паскаль
шығармаларымен
кеңінен
танысады,
Ньютон,
Левенгук
жаңалықтарын тереңірек талдайды. Берлинде ғылыми қоғам (1670) құрады,
неміс Академиясының президенті болып, Лондон мен Париж академиясының
мүшелігіне сайланады, Санкт-Петербор академиясының негізін қалауға
атсалысады. Идеалистердің басты өкілі – Готфрид Вильгельм Лейбниц I-
Петр мен үш рет кездесіп, Ресейге білім берудің, мемлекеттік басқарудың
жобаларын жасап берген.
Философиялық шығармалары:
«Метафизика туралы ойлар» (1686), «Адам парасаты туралы жаңа
тәжірбиелер» (1705), «Теодицея» (Париж, 1710), «Монадология» (1714, тек
19-ғасырда жарық көреді), т.б.
Монада туралы ілім – Монадологияның негізін салды (монада гр.т. ауд
– «бір», «тұтастық» деген сөзін білдіреді). Лейбниц барлық заттарға күш
беретін, оларды қозғайтын рухани күш – монада, яғни рухани атом деген
пікірді негіздеді. Әрбір жеке монада – әрі жан, әрі дене, дейді. Сана –
монаданың сыртқы көрінісі. Ол логикаға математика символдарын енгізуді
ұсынды, соның ішінде бастыларының бірі – математикалық модель. Сондай-
ақ ол формальды логиканың төртінші заңы – жеткілікті негіз заңын ашты.
Лейбництің ілімі бойынша, құдай өзінің өзінің ішкі даму заңдылығына
сәйкес түпнегіздерді (субстанция) дүниеге келтірді. Ал барлық
мәнділіктердің, соның ішінде материяның да, түпнегізі – ұсақ денелі, шамалы
болса да, саналы монадалар. Олар табиғаттың нағыз атомдары. Монаданың
негізгі қасиеттері: біріншіден, барлық мәнділіктің түпнегізі ретінде ол
қарапайым және бөлінбейді, екіншіден, олардың өз алдына бөлек және
әрекетшіл мүмкіндігі бар.
Монадалар кеңістікке көсілмейді. Олай болса, монадалар физикалық
немесе геометриялық тұрғыдан қарастыратындай денелер қатарына
жатпайды, олар тек «философиялық нүкте» ғана, басқаша айтқанда,
әрекетшіл күштің түпнегізі. Монадалар табиғи жолмен жоғалмайды,
200
өшпейді, бірақ басқа күштің (Құдайдың) әсерімен пайда болуы да, өшуі де
мүмкін. Алғашқы монада – Құдай, ал қалғандары – оның сәулелері. Біздің
денелер, заттар, құбылыстар деп жүргеніміз – шындығында монадалар
жиынтығы, ал кеңістік пен уақыт – монадалар күшінің көрінісі.
Монадалар күшінің әрекеттілігі оның «еске алу» қабілетінде
жинақталған. Монадалардың әртүрлілігі олардың «еске алу» қабілеттерінің
әртүрлілігіне байланысты. Монадалар өздерінің «еске алу» қабілеттерінің
даму сатыларына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: біріншіден, «еске алу»
қабілеті бейсаналық күйіндегі қарапайым, ұйқыда жатқан монадалар, оларға
минералдар мен өсімдіктер жатады. Екіншіден, «Еске алу» қабілеті түйсіктер
мен ес күйіне айналған, жанданған монадалар, оларға жануарлар жатады.
Үшіншіден, «Еске алу» қабілеттері айқын да анық рухқа, жанға айналған
монадалар, олар – адамның жандары. Төртіншіден, шын мәнінде саналы,
обьективті «еске алу» қабілеті бар монада – Құдай.
Әр монаданың «еске алу» қабілетінің даму заңдылығы тек өзімен
шектеледі. Басқаша айтқанда, еш нәрсе оған сырттан кірмейді және одан
сыртқа шықпайды. Мысалы, минералдар мен өсімдіктер жануарларға,
жануарлар адамға, ал адам Құдайға айнала алмайды, әрқайсысы өз
деңгейінде қалады.
Лейбництің таным процесі туралы іліміне келсек, ол сезімдік түйсіну
мен рационалдық танымдардың өзара қатынасын екі түрлі ақиқаттың
табиғатын айқындаудан шығарады. Бірінші түрі, ақыл-ой ақиқаты немесе
кездейсоқтық ақиқаты деп аталады. Бірінші түрлі ақиқат – деп логика мен
математиканың қағидалары. Оларды сезімдік түйсіну арқылы танып-білуге,
дұрыстығын дәлелдеуге болмайды. Сондықтан бұл ақиқатқа жетудің бірден-
бір жолы – Аристотельдің логикалық заңдарына сүйеніп танып-білу. Ал
фактілер ақиқатына келер болсақ, олар табиғатынан кездейсоқтық мәнде
болатындықтан, оларды аталған логика заңдары арқылы түсіндіріп білу өте
қиын, сондықтан олардың дұрыстығын, ақиқаттығын дәлелдеу үшін
«жеткілікті негіздеу» заңын қолдану керек. Сөйтіп,Лейбниц логиканың
төртінші заңын ашты.
Философиялық көзқарастары:
Лейбництің адам және қоғам туралы пікірлері өзіндік ерекшелігімен
көрінеді. Оның пікірінше, «Мен» («жеке тұлға») – модус емес, өз алдына
бөлек монада. Сондықтан да ол – қайталанбайтын, дараланған, өзіндік
қасиеті бар адам. Бірақ, «жеке адам» өзін тек тұтастықпен байланысты екенін
түсінеді. Сөйтіп, әрбір жеке адам өз алдына бөлек, белсенді және ерікті түрде
өз мүддесімен сәйкес келетін қоғам (тұтастық) мүддесіне қызмет етеді. Ал
қоғам (тұтастық) болса, ол – монад-адамдардың біріккен «хоры», онда жеке
адамдар өзінің ерекше қасиеттерін дамыту арқылы басқалардың игілігін
дамытады, сөйтіп қоғамның өркендеуіне өз үлесін қосады.
Лейбництің
ілімі Дидроның, Робинэнің, неміс классикалық
философиясының қалыптасуына зор әсер етті. Әсіресе, олар Лейбництің
монадалардың әмбебаптық байланысы, олардың өзара бір-біріне ауысуы, т.б.
201
идеяларын әрі қарай дамытып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық
қағидаларды дүниеге әкелді.
Философиялық афоризмдері:
Өзінің қалаған қадамын жасай алатын еркіндік әр адамның бойында
бар.
Моральдік қажеттіліктер еркіндіктің аяғын көп тұсай қоймайды.
Мен өз дұшпанымнан бір нәрсе біліп алатыныма сенімді болсам, оны
тыңдау үшін жиырма миль жерге дейін еріп баруға ерінбес едім.
Ақылдыларға қажеттіден артық күш жұмсамау тән.
Достарыңызбен бөлісу: |