Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет17/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



163 

 

ФРАНЧЕСКО ПЕТРАРКА 



 

(20 шілде 1304ж, Ареццо – 19 шілде 

1374ж, Аркуа, Падуи маңы) 

 

         —  италиялық  ақын,  ойшыл, 



алғашқы  гуманист,  ғалым,  қоғам 

қайраткері.  Петрарка  қайта  өркендеу 

дәуірі әдебиеті өкілдерінің бірі. 

         Петрарка 

бастауыш 

білімді 


латын 

тілінде 


алған, 

кейін 


Монпельедегі 

құқық 


мектебінде, 

Болонья  университетінде  оқып,  1326 

жылы 

діни 


дәреже 

алған. 


Авиньондағы 

Клара 


шіркеуінде 

сүйіктісі 

Лаураны 

кездестірген 

(1327). 

Философиялық шығармалары: 

             Петрарка 

шығармаларында 

махаббат  лирикасы  ерекше  орын  алды.  «Канцоньере»  («Өлеңдер  жинағы») 

aтты  2-бөлімді  жинағында  «Мадонна  Лаураның  өліміне»  (1327–74)  арнаған 

туындылары жарияланды. Куртуаздық лирика дәстүрінде жазылған жинаққа 

317  -  сонет,  29  -  канцон,  9  -  сикстин,  7  -  баллада,  4  -  мадригал,  махаббат, 

философиялық,  саяси  тақырыптарға  арналған  үндеулер  енді.  Оның  бұл 

жинағы ұзақ уақыт бойына еуропа лирикасының көшбасшысы болып келді. 

Петрарка  өз  заманындa  классикалық  көне  мәдениетті  жаңғыртушы,  сөз 

өнерін мадақтаушы ретінде танылса, он алтыншы ғасырдан тек поэзияда ғана 

емес,  эстетика  пен  сыншыл  ой  төңірегінде  де  петраркизм  дәуірі  басталды. 

Сципион Африканскийдің жорықтары туралы жазылған «Африка» (1338–42) 

aтты  эпикалық  поэмасы  Рим  мен  Карфаген  арасындағы  соғысты  суреттеді. 

Вергилийге  еліктеп  жазған  12-эклогтан  тұратын  «Буколиктер»  (1346–57) 

еңбегі  жарық  көрді.  Петрарка  еуропа  әдебиетінде  aлғаш  хат  үлгісіндегі 

трактаттар  жазды.  Әулие  Августинмен  диалог  түрінде  құрылған  «Дүниенің 

келеңсіздігі  туралы»  (1342–43)  философиялық  трактатында  өзін-өзі  байқау, 

тексеру  көрініс  тапқан.  «Салтанат»  (1354)  Лаураға  жолдаған  аллегор.  арнау 

болса,  автобиогр.  прозаның  үлгісі  «Ұрпаққа  хат»  (1374),  «Проза  туралы 

трактаттар» (1346–74), т.б. туындыларынан көрінеді. 

Негізгі идеялары: 

 Адам өмірге бір-ақ рет келеді, өмір – жайсаң; 

 Адам Құдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі керек; 

 Адам табиғи, әрі рухани тұрғыда еркін болуы тиіс; 

 Адам өз-өзіне, өз күшіне сүйене отырып, бақытқа жете алады

 О дүниелік өмір жоқ, адам тек адамзат жадында мәңгілікте қалады; 

 Адамның ішкі дүниесі мен сырт бейнесінің сұлулығының гармониясы; 

 


164 

 

Әдебиет: 



 

1.  Романчук  А.  Роль  Франческо  Петрарки  в  формировании  образа 

сомневающегося 

интеллигента 

//Франческо 

Петрарка 

и 

европейская культура. «Наука»,— Москва: 2007. — С. 92—96  

2.  Горфункель  А.Х.  Философия  эпохи  Возрождения.  ВШ,—Москва: 

1980. 

3.  Франческо  Петрарка:  Библиографический  указатель  русских 

переводов  и  критической  литературы  на  русском  языке  /Сост. 

В.Т.Данченко. — Москва: 1986. 

4.  Иманқұл  Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия./Қайта  өрлеу  заманы 

философиясының  жалпы  сипаты.  Франческо  Петрарка.  «Парыз», 

—Астана: 2009. 51-бет 

5.  Петрарка  в  русской  литературе  /Сост.:  В.Т.Данченко;  Автор 

вступ.  статьи  И.А.Пильщиков;  Отв.  ред.  Ю.Г.Фридштейн. 

Рудомино,— Москва:  2006. — Т. 1. — 246 с. 

6.  Петрарка  в  русской  литературе  /  Сост.:  В.Т.Данченко;  Отв.  ред. 

Ю.Г.Фридштейн. Рудомино,— Москва: 2006. — Т. 2. — 447 с. 

7.  Абрамсон  М.Л.  От  Данте  к  Альберти  /Отв.  ред.  член-корр.  АН 

СССР  З.В.Удальцова.  Академия  наук  СССР.  «Наука»,—Москва: 

1979. — С. 88—110. — 184 с 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

165 

 

ЛОРЕНЦО ВАЛЛА 



 

 (1407ж, Рим немесе Пьяченца 

 – 1457ж, Рим, Папа өңірі) 

 

         —  итальяндық  гуманист,  тарихи-



филологиялық  сынның  көшбасшысы, 

тарихи  эрудиттер  мектебінің  өкілі. 

Өзінің 

еңбектеріндегі 



басты 

идеяларды 

эпикуреизм 

рухында 


топтастырды.  

Философиялық шығармалары: 

«Ақиқаттық 

игілік 

тұрғысындағы 



ләззаттану  туралы»  деген  трактаттың 

авторы. Сондай-ақ, орыс және басқа да 

европа  тілдерінде  жарыққа  шыққан 

«

Об истинном и ложном благе» (1519), 



«О  подложности  Константинова  дара»,  «О  монашеском  обете»,  «История 

деяний  Фердинанда»,  «О  подложности  Константинова  дара»  және 

«Константинов  дар»,  «О  красотах  латинского  языка»  (1544)  деген 

еңбектердің де авторы. 



Философиялық көзқарастары: 

Біріншіден – шіркеуді терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады; 

Екіншіден – адам мүмкіншілігі мен парасатына сенді; 

Үшіншіден – адам мәселесін жете зерттеді, оны әлем орталығы деп санады; 

Төртіншіден – әйел мен ер адамдар еркіндігін жақтады; 

Бесіншіден – белсенді іс-әрекетке, күреске, дүниені өзгертуге шақырды; 

Алтыншыдан – аскетизмді теріске шығарды; 

 

Әдебиет: 



 

1.  Лоренцо Валла. Об истинном и ложном благе. О свободе воли. Перевод 

с латинского В.А.Андрушко, Н.В.Ревякиной, И.Х.Черняка //Памятники 

философской мысли. «Наука», —Москва: 1989 

2.  Иманқұл  Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия.  /Қайта  өрлеу  заманы 

философиясының жалпы сипаты. Лоренцо Валла, «Парыз», —Астана: 

2009. 51-бет  

3.  История философии: Энциклопедия. Интерпрессервис; Книжный Дом. 

— Мн.: 2002. 

4.  Соколов В.В. Европейская философия XV-XVIIIв.в. —Москва: 1996. 

5.  Хоментовская  А.И.  Лоренцо  Валла  —  великий  итальянский  гуманист. 

—Москва-Ленинград: 1964.  

6.  История  культуры  стран  Западной  Европы  в  Эпоху  Возрождения 

//Под.ред. Л.М.Брагиной. ВШ, —Москва: 2001. 

7.  Горфункель А.Х. Философия эпохи Возрождения. ВШ, —М: 1980. 

166 

 

МИШЕЛЬ ЭЙКЕМ ДЕ МОНТЕНЬ 

 

(28 ақпан, 1533, Сен-Мишель-де-



Монтеньдегі Монтень қамалы 

–  13 қыркүйек, 1592, Бордо) 

 

           —  атақты  француз  жазушысы 



және  Қайта  Жаңғыру  кезеңіндегі 

философ. 



Философиялық шығармалары: 

 «Тәжірибиелер» 

(1580),  «Мен  не 

білемін?» атты еңбектердің авторы. 

        «Тәжірибиелер» 

– 

бұл 



абстрактылы 

философиялық 

еңбек 

емес, 


адамға 

күнделікті 

қажет, 

практикалық 



туынды. 

Монтеньді 

Аристотель  мен  Платон  философиясы  қызықтырмайды,  Аристотельді  ол 

тіпті «схоластикалық ғылымның құдайы» деп атайды, негізінен скептиктерді 

жоғары  бағалайды.  Адамды  табиғаттың  бөлшегі  ретінде  қарастырған 

Монтень  күнделікті  болмыс,  күйбің  тіршілікті  (адамның  киім  кию  мәнері, 

өзін  қоғамдық  жерде  ұстай  білу  өнері,  балалар  тәрбиесі  және  тағы 

басқаларды  суреттей  отырып,  философияны  өмірмен  байланыстырып 

байқайды,  өмірге  қатысы  жоқ,  бос,  көпірме  пікірталастарға  әуестігі  үшін 

философияны сынға алады: «менің ойымша, философияның бізге парасат пен 

ақымақтықтың,  қаталдық  пен  кешірімділіктің,  адалдық  пен  арамдықтың 

бірлігі  табиғатқа  жат,  қарсы  деп  үйретуі  баланың  ойыны  секілді».  Антика 

философтарының  негізгі  кемшіліктері  қарапайым  адамның  күнделікті 

өмірінен  алыстығында  екендігін  түсіне  білген  Монтень  өз  өмірінің  жақсы-

жаман  жақтарын  сараптай  отырып,  адам  үшін  ең  бастысы  –  философиялық 

ілімдер  дамытатын  ақыл-ойға  жүгініп  қана  қоймай,  өз  табиғатының 

сұраныстарын  да  тыңдай  білуі  екенін  көрсетті:  «біз  бөтен  ойлар  мен 

білімдерді  сақтап  қана  қоямыз.  Оларды  өз  меншігімізге  айналдыруымыз 

қажет. Әйтпесе, біз от іздеп көршісіне барып, бөтен үйдің отына жылынып, 

өз үйінде от жағуды ұмытып кеткен адамға ұқсаймыз». 



Философиялық көзқарастары: 

           Монтень  адам  өмірінің  мақсаты  –  табиғатқа  сеніп,  жалпылық  заңы 

бойынша бірқалыпты  өмір  сүру  деп  есептейді.  Табиғи  заңдарға  сәйкес  өмір 

сүру ғылымы өте қиын, бірақ адамдық міндетті орындағаннан артық ештеңе 

жоқ,  адам  өз  табиғатына  қарсы  келмеуі  керек.  Өлімді  қарсы  ала  білуді  де 

Монтень  осы  тұрғыдан  үйретеді.  Оның  ойынша,  өлімнен  қашып  құтылу 

мүмкін емес, өлім – табиғат заңдылығы, бір өмірдің орнына екіншісі келеді, 

өмір  сүргісі  келетін  басқа  адамдарға  да  орын  босатқан  жөн,  яғни  өлімге 

философиялық  тұрғыдан  қарау  керек.  Монтень  бұл  мәселе  жөнінде 

Цицеронның  «пәлсапа  соғу  –  өлімге  үйрену  деген  сөз»  деген  қағидасын 

мойындайды. 


167 

 

        Біздің  ойымызша,  Монтень  философиясы  адамға  аса  пайдалы.  Көп 



адамға  түсініксіздеу,  қарама-қарсы  пікірлерге  толы  (Монтень  жазғандарын 

қайта-қайта түзетіп, толықтырып отырған) «Тәжірибелерден»  өмірге қажетті 

құнды  кеңестер  алуға  болады.  Шынында  да,  адамға  ақыл-ойдың  жетегіне 

еріп,  көкке  ұмтылудың  қажеті  жоқ.  Адам  табиғатпен  үйлесімді,  өз 

мүмкіндігін бағалап өмір сүрсе жеткілікті.  

        Монтеньннің қағидалары: «Мен болсам құдай сыйлаған өмірді сүйемін .. 

табиғат  мен  үшін  жасаған  нәрселерді  шын  жүрегіммен,  алғыс  айта  отырып 

қабылдаймын, оның сыйына қуанамын, ардақтаймын ...» 

       «Әрбір адам – қайталанбас, ерекше құбылыс». 

       «Әрбір адам өзін мүлдем өзгерте алады». 

        «Ал мен не білемін?» 

        «Надандықтан құтылғың келсе, оны мойындау керек?». 



Философиялық афоризмдері: 

  Білуге құштарлықтан асқан табиғи құштарлық жоқ. 

  Басқаларға орын босатудан  қорықпа,  бір  кездері біреулер сен үшін де 

солай жасады ғой. 

  Кітап оқудан артқан ермек жоқ және одан гөрі ұзақ рахат та жоқ. 

  Аз білетініңді ұғыну үшін көп оқып үйрену керек. 

  Қасиет біткеннің ішіндегі ең қажеттісі – өзіңді-өзің ұстай білу. 

  Ақымақтар ғана айтқанынан қайтпайды. 

  Көптің соңынан құлақкесті құлша ере беретіндердің өз бағыт-бағдары, 

мақсат-мүддесі болмайды. 

  Алдауға да адам аяғы баспаған алап қолайлы. 

  Пифагордың  ізбасарлары  жақсылық  нақты  және  шектеулі,  ал 

жамандық, керісінше, жадағай һәм шексіз деп санайды. 

  Жалғандық  шындық  тәрізді  бірбет  болса,  біздің  жағдайымыз  жаман 

болмас еді ғой. 

  Мен  керегінен  асырмай  сөйлеген  жанды  кездестірмеппін,  өміріміздің 

жартысын сөзге жұмсайтынымыз да содан болар. 

  Мақсатқа  жеткізетін  жол  біреу  болғанымен,  сан  соқтырып 

адастыратыны – мың сан. 

 

Әдебиет: 



 

1.  Нұрышева Г. Философия. /Лекциялар курсы. Қайта Өркендеу дәуірінің 

философиясы. М.Монтень. «Зиат-Пресс»,—Алматы: 2006. 58-59 бет. 

2.  Горфункель  А.Х.  Философия  эпохи  Возрождения.  ВШ,—Москва:  1980. 

— С. 301 

3.  История  культуры  стран  Западной  Европы  в  Эпоху  Возрождения 

//Под.ред. Л.М.Брагиной. ВШ, —Москва: 2001. 

4.  Соколов В.В. Европейская философия XV-XVIIIв.в.—Москва: 1996. 

168 

 

ЛЕОНАРДО ДИ СЕР ПЬЕРО  



ДА ВИНЧИ 

 

(15 сәуір, 1452ж, Анкиано селосы, Винчи 

қалашығының маңында, Флоренциядан 

қашық емес – 2 мамыр, 1519ж, Кло-Люсэ 

замок-қамалы, Амбуаза маңы, Турень, 

Франция) 

 

      —  ұлы  итальян  суретшісі  (мүсінші, 



сәулетші), 

гидротехник, 

мелиоратор, 

механик,  геолог,  палеонтолог,  ботаник, 

оптик  және  ғалым  (анатом,  математик, 

физик, 


сынақшы), 

Жоғарғы 


Қайта 

Жаңғыру 


кезеңіндегі 

ірі 


өнер 

қайраткерлерінің  бірі,    итальяндық 

Ренессанс кезеңіндегі идеал.  

           Ол  өз  уақытында  бірнеше  ғасырды  жақындатты.  Тәжірбиелік, 

эксперименталды әдісті қолданды.  

Философиялық шығармалары: 

«Құдай – қажеттілік кепілі», «Адам - табиғаттың ұлы құралы» деген еңбектер 

жазды. 

            Да  Винчидің  философиясы  беделділіктің  әсерінен  бас  тартып, 



тәжірибиеге,  адамның  ақыл-ойының  күшіне  сену  негізінде  табиғаттың 

бірлігін, адамзат мәдениетінің өміршеңдігін дәріптеумен ерекшеленеді.  

             Ол  осы  тұрғыдан  ортағасырлық  схоластиканы  сынға  алып,  оны 

софистика  сияқты  пайдасы  жоқ  ілім  деп  санады.  Жалпы  алғанда,  да  Винчи 

«философиялық  тас»  іздестірудің  өзі  пайда  бермейтін  іс,  себебі  табиғат 

Құдайдың заңдылығына емес, өзінің қажеттілік заңына бағынады да, үздіксіз 

өзгерісте, даму үстінде деп тұжырымдайды. Мысалы, белгілі бір жағдайда су 

буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады. 



Философиялық көзқарастары: 

           Да  Винчи  әл-Фараби  мен  ибн  Рушдтың  «екі  ұдайы  ақиқат» 

теорияларына  қарсы  болды.  Оның  ойынша,  діни  ақиқат  деген  жоқ,  себебі 

Құдайдың өзі жоқ, шын ақиқат – тек ғылыми ақиқат қана. Ғылымда табысқа 

жетудің бірден-бір жолы – математика тәсілі мен тәжірибие. Жалпы ғылыми 

жетістіктердің  құндылығы  олардың  практикада  қолданылуға  мүмкіндігінің 

болуымен айқындалады.  

           Осы тұрғыдан ол механикаға (теория мен практиканың бірлігі ретінде) 

аса  зор  көңіл  бөліп,  өзі  осы  айтылған  қағидалар  негізінде  көптеген 

инженерлік  идеяларды  жүзеге  асыруға  тырысты  (парашют,  ұшатын  қанат, 

тоқыма станогі, т.б.). 

          Да  Винчи  алғашқылардың  бірі  болып  сурет  өнері  саласында  сынның 

мазмұны  туралы  пікір  айтып,  эстетикалық  талғамның  қалыптасуына  үлкен 

әсер етті. 



169 

 

 



Философиялық афоризмдері: 

  ... қарт кездің керегі даналық екенін ұққың келсе, жас шағыңда да сол 

қартайған кезің керексіз қылмайтындай етіп іс жаса. 

  Сен  өзіңе  қартайған  кезде  тап  болатын  кінараттың  бәрінің  жылдар 

бойы орнын толтыратын есеңді жастық шағыңда қармап қал. 

  Жамандықты жазаламаған адам – оның дем берушісі. 

  Кім көп еңбек етсе бақыт соған қонады. 

  Жақсы айтылған сөз, қай тілде айтылса да жаттық етпейді. 

  Табандылық – кез-келген кедергіні жеңеді. 

  Қателеріңді  көрсеткен  қарсыласың  оларды  жасырғысы  келген 

досыңнан көп пайдалы. 

 

Әдебиет: 



 

1.  Волынский  А.Л.  Жизнь  Леонардо  да  Винчи.  «Алгоритм»,—  Москва: 

1997. 525 с. 

2.  Кэмп  М.  Леонардо.  /Пер.  с  англ.  К.И.Панас.  АСТ:Астрель,  —  Москва: 

2006. — 286 с. 

3.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы  /Қайта 

Дәуірлеу философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006.118-бет. 

4.  Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы/ де Винчи. «Өлке»,—Алматы: 

2009.  

5.  Николл Ч. Леонардо да Винчи. Полёт разума /Пер. с англ. Т.Новиковой. 

«Эксмо»,—Москва: 2006. — 768 с. 

6.  Сеайль  Г.  Леонардо  да  Винчи  как  художник  и  учёный  (1452—1519): 

Опыт

 

психологической  биографии  /Пер.  с  фр.  «Комкнига»,—  Москва: 

2007. — 344 с. 

7.  Цёльнер  Ф.  Леонардо  да  Винчи  1452—1519.  «Артродник»,  —  Москва: 

2008. — 96 с. 

8.  Джессика  Тайш,  Трейси  Барр  Леонардо  да  Винчи.  «Вильямс»,  — 

Москва: 2006. — С. 304.  

9.  История  культуры  стран  Западной  Европы  в  Эпоху  Возрождения 

//Под.ред. Л.М.Брагиной. ВШ, —Москва: 2001. 

10. Горфункель  А.Х.  Философия  эпохи  Возрождения.  ВШ,—Москва:  1980. 

— С. 301-328. 

 

 



 

 

 



 

 

 



170 

 

ДАНТЬЕ АЛИГЬЕРИ (ДУРАНТЕ 



ДЕЛЬИ АЛИГЬЕРИ) 

 

(26 маусым 1265ж Флоренция 

– 13 қыркүйек 1321ж. Равенна

)

 



 

           —  итальяндық  ақын,  итальяндық 

әдеби тілдің негізін қалаушылардың бірі.  

«Комедияны» 

құрастырушы. 

Ортағасырдың  соңғы  және  сонымен 

бірге Жаңа заманның бірінші ақыны.  

Философиялық шығармалары: 

    Дантьенің  ұлы  шығармасына  тәнті 

болған  ұрпағы  кейіннен  оны  (XVIғ.) 

«Құдыретті 

комедия» 

(«Тамұқ», 

«Күнәдан  тазару»,  «Ұжмақ»  –  деген  3-

бөлімнен тұрады) деп атады. Ол (1307-1321) кейіннен әлемге әйгілі шығарма 

болды.  Онда  ортағасырға  тән  сюжетті  алып,  өзінің  қуатты  көркемдік 

қиялымен  оқырманды  тамұқтан,  күнәдан  тазаруына  жол  ашады  және 

ұжмақтан өткізеді. Аңқау кейбір замандастары ол «о дүниеде болып келген-

мыс»  деп  ұққан.  Тамұққа,  терең  жер  астына,  күнәһар  адамдар,  кісі 

өлтіргендер, өзіне қол салғандар түседі де, мәңгілік рухани және дене азабын 

тартады.  Күнәдан  тазару  жолына  түскендер  тауға  шығып,  күнәдан  тазарған 

соң,  ұжмаққа  кіреді.  Күнәдан  тазарып,  ұжмаққа  барғанша  көп  азапты 

жолдардан өтеді. Ал ұжмаққа кіргендер өмірін мәңгі-бақи рахатта өткізеді. 



Философиялық көзқарастары: 

          Біріншіден – христиандықты дәріптеді, бірақ оның қайшылықтары мен 

догматтарын астарлап сынға алды; 

         Екіншіден  – адамды мадақтады; 

         Үшіншіден  – адамды Құдай жаратты дегеннен алшақ тұрды

          Төртіншіден  –  адамды  Құдайлық  және  табиғи  бастамалардың 

гармониялық үйлесімдігі деп ұғынды; 

           Бесіншіден – адамның бақытты болашағына сенді, адам табиғатының 

ізгіліктігін дәріптеді; 

Әдебиет: 

 

1.  Голенищев-Кутузов И.Н. Творчество Данте и мировая культура. 

 /Под ред. акад. В.М.Жирмунского. «Наука»,—Москва: 1971. 

2.  Иманқұл  Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия.  /Қайта  өрлеу  заманы 

философиясының жалпы сипаты. «Парыз», —Астана: 2009. 52-бет 

3.  Доброхотов А.Л. Данте Алигьери. «Мысль», —Москва: 1990. 

4.  Рабинович В.Л. «Божественная Комедия» и миф о философском камне 

//Дантовские чтения. —Москва: 1985. 


171 

 

НИКОЛЛО МАКИАВЕЛЛИ 



 

(3  мамыр, 1469ж, Флоренция  

      – 21 маусым, 1527ж, сонда) 

 

        — 



итальяндық  ойшыл,  жазушы, 

тарихшы,  саяси  қайраткер  (Флоренцияда 

мемлекеттік  хатшы  қызметін  атқарған). 

Мемлекеттік  биліктің  күшті  болуын 

жақтаған. 

Философиялық шығармалары: 

         «Мемлекет 

билеушісі» 

(1532), 


«Билеуші  және  Тит  Ливидің  бірінші 

декадасы  туралы  пікірлер»,  «Олардың 

принциптері»  және  т.б.  Ол  Тит  Ливидің 

шығармалары  негізінде  саяси  іс-әрекет 

тәртібін  жүйелеп,  христиандыққа  дейінгі 

Рим  империясының  этикасы  мен  күшін 

дәріптейді.  

Қоғамдық-саяси көзқарастары: 

       Мемлекеттің қайсысы болса да, римдіктердің күші мен ұлылығы сияқты 

қасиетке  ие  болуы  үшін,  өз  іс-әрекеттерінде  дұрыс  деп  тапқан  тиісті 

шараларды  қолданулары  қажет.  Ал  бұл  жолда  әдептілік  қағидалары  мен 

азаматтық  бостандық  ығыстырылып,  ескерілмей  қалса,  онда  тұрған  ештеңе 

де жоқ, билеуші оған көңіл бөлмеуі керек.  

       Макиавеллидің бұл ілімі «макиавеллизм» деп аталып кеткен, саясатта өз 

мақсатына  қалай  жетсең  де  дұрыс  деген  қағиданың  қалыптасуына  әкеліп 

соқты. 

Әдебиет: 

 

1.  Горфункель  А.Х.  Философия  эпохи  Возрождения.  ВШ,—Москва:  1980. 

— С. 301-328.

  

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы.  /Қайта 

Дәуірлеу философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006.119-бет. 

3.  Попова  И.Ф.  «Правила  императоров»  танского  Тай-цзуна  и 

«Государь»  Н.Макиавелли  //Восток-Запад.  Историко-литературный 

альманах 2003—2004. /Под редакцией акад. В.С.Мясникова. —Москва: 

2005. С.191-203.  

4.  Макиавелли  в  России:  Восприятие  на  рубеже  веков.  /Сост. 

Э.Г.Азгальдов, И.А.Быстрова; Под ред. В.Т.Данченко, В.А.Скороденко, 

Ю.Г.Фридштейна;  Науч.  Консультант  -П.Д.Баренбойм.  «Рудомино», 

—Москва. 1996. – 144 с. 

5.  История  культуры  стран  Западной  Европы  в  Эпоху  Возрождения 

//Под.ред. Л.М.Брагиной. ВШ, —Москва: 2001. 

 


172 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет