Әдебиет:
1. Боргош Ю. Фома Аквинский. — Москва: 1975.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы
/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 55-бет.
3. Бородай Т.Ю. Вопрос о вечности мира и попытка его решения Фомой
Аквинским // Интеллектуальные традиции античности и средних
веков (Исследования и переводы). Кругъ, —Москва: 2010. С.107-121.
4. Гайденко В.П., Смирнов Г.А. Западноевропейская наука в средние века.
«Наука»,— Москва: 1989.
5. Майоров Г.Г. Формирование средневековой философии. Латинская
патристика. «Мысль», —Москва: 1979. С. 181—340
6. История философии: Энциклопедия. Интерпрессервис; Книжный
Дом.— Мн.: 2002.
125
ИОАНН ДУНС СКОТ
(1265ж. Дунс, Шотландия – 1308ж. Кельн)
— шотланд схоласты, өз дәуірінің
атақты ойшылдарының бірі.
Философиялық көзқарастары:
Аквинскийдің іліміне қарсы сын
айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы
оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан да
құдайдың жігері не істеймін десе де
абсолютті ерікті, ал оның қалағанын
істегеннің өзі – игілік. Құдай жігерінің
арқасында
әлемдегі
жеке
заттарды
жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес,
сонымен бірге сол заттардың рухани
түпнегізі. Осындай рух адамда да бар. Адамның рухы (жаны) мәңгі, ал оның
денесі кеңістік пен уақытта шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты – танып-білу.
Адамдар сезімдік түйсіктер арқылы заттардың қасиет сипаттарын таныса,
ақыл-ой арқылы осы алынған деректер негізінде жалпылықтың
(универсалий) мәнін түсінуге ұмтылады. Жалпы ұғымдар таза ақыл-ойдың
туындысы емес, әр заттың мәні, түпнегіз. Олар әр уақытта болған және мәңгі
бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде оларды заттардан бөліп
алады да, жалпы ұғымын қалыптастырады. Ақыл – ойда да, сезімдік
түйсіністер де өз алдына рухани түпнегізді танып-біле алмайды, себебі олар
сезім мүшесіне әсер етпейді. Олай болса, таным процесінде белсенділік
көрсететін сезім мүшелері де, сана да емес, тек жігер ғана. Себебі жігердің
өзі жалпы рухтарға тән, ал рухтың жігері Құдайдың жігерінен нәр алады.
Скоттың пікірінше, философия қарастыратын негізгі мәселе
болмыс болғандықтан, ол рухани түпнегізді танып-біле алмайды, ал діннің
пәні рухани түпнегіз болғанымен де, бірақ оны нақты түрде дәлелдей
алмайтынына қарамастан, оның айтқандарына күмәнданбай сену керек.
Дунс Скоттың ілімі скотизм деп аталған өзінің ізбасарлар
мектебінің өкілдеріне үлкен әсер етті.
Әдебиет:
1. Столяров А.А. Номинализм Оккама /История философии. Запад-
Россия-Восток. Книга первая. — М: 1995. — с.373-374.
2. Рассел Б. История западной философии. В 2-т.,Т2. —Москва: 1993.
3. Рассел Б. Мудрость запада. — Москва: 1998.
4. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы
/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006.56-бет.
5. Философиялық сөздік. —Алматы: 1996.
126
РОДЖЕР БЭКОН
(1214ж. Илчестер, Долчестер графтігі,
Англия – 1292ж.)
— ортағасырлық философияның
көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік
пікір
айтып,
таным
процесінде
тәжірибиенің
беделін
көтерген
ойшылдардың бірі.
Философиялық шығармалары:
«Үлкен шығарма», «Кіші шығарма»,
«Үшінші
шығарма»,
«Философияның
компендиялары» және т.б.
Философиялық көзқарастары:
Ол
философияны,
табиғаттану
ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының
іргетасы – тәжірибие, эксперимент және математика деп есептеді.
Ол өз кезеңіндегі ғұламаларды схоластикалық беделдің алдында бас
июден гөрі тәжірибиеге жүгінуге, бос пікірталастықтан – экспериментке,
керегі жоқ кітаптардан – табиғатты зерттеуге шақырады. Осы салада өзі де
үлкен жетістіктерге жетті.
Білімнің қайнар көзі және негізгі құралы – тәжірибие, логикалық пікір
және ғылыми бедел. Бірақ осы аталғандардың ішіндегі адамдарды ақиқатқа
жеткізетін ғылыми құралдардың ең бастысы – тәжірибие. Себебі тәжірибие
тәжірибие болғандықтан құндылыққа ие. Ал қалғандары осы тәжірибие
арқылы дәлелденуі керек. Ал кей жағдайда тәжірибие де ақиқаттыққа жеткізе
алмайды, мұндай жағдайда оған философия мен дін көмектеседі.
Осыдан келіп, ол философияның міндеті дінді қорғау деген тұжырым
жасайды.
Әдебиет:
1. Гайденко В.П., Смирнов Г.А. Западноевропейская наука в средние века.
«Наука», — Москва: 1989.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы
/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 56-57 бет.
3. Библия. Книги Священного Писания Ветхого и Нового Завета.
—Москва: 1991.
4. Майоров Г.Г. Формирование средневековой философии. Латинская
патристика. «Мысль», —Москва: 1979. С. 181—340
5. История философии: Энциклопедия. Интерпрессервис; Книжный Дом.
— Мн.: 2002.
127
УИЛЬЯМ ОККАМ
(шамамен 1285ж, Оккам, Суррей графтығы,
Оңтүстік Англия – 1349ж, Мюнхен)
—
ағылшынның
ортағасырлық
философы, номиналистік бағыттың көрнекті
өкілі,
Оккамдық
францискандық
монах,
номинализмді
жақтаушылардың
бірі,
томизмді (Фома Аквинскийді) номиналистік
тұрғыда сынға алды, яғни адам ерігін
парасаттан жоғары қойды.
Философиялық көзқарастары:
Оның пікірінше, әлем жеке заттар
мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің
негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансценденталилері) өзінен бөлінбейді
және қажеттіліктің арқасында оның мәнінен тікелей туындайды.
Трансценденталилер категориялардан да, біртектес заттарды қамтитын
жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал категориялар мен жалпы ұғымдар
заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай болса, олар жеке-дара өмір сүре
алмайды, тек қана адам ақыл-ойында болады. Ақыл-ойдан тыс өмір сүретін
тек жалқылар болғандықтан, таным процесі заттарды, құбылыстарды
түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады, сыртқы және ішкі тәжірибие
арқылы түйсініп-білуден тұрады. Ішкі тәжірибиеде адам жалқыларды
бейнелеудің нәтижесінде оларды түйсініп, интуитивті нақты білім алса,
сыртқы тәжірибиеде трансценденталилер туралы абстракциялы немесе
жалпылар туралы білім жинайды.
Олай болса, Оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни
ақиқат екі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе –
интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал
дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт. Ал ақыл-
ой күшімен құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай дәлелдейтін фактілер
болмағандықтан, оған сену ғана керек.
Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің
қалыптасуына және ғылымдарда геометриялық тәсілдің үстемдік етуіне
ықпал жасады.
Әдебиет:
1. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы
/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 57-бет.
2. Столяров А.А. Номинализм Оккама /История философии. Запад-
Россия-Восток. 1-книга. Философия древности и средневековья. Греко-
латинский кабинет, —Москва: 1995. — с.373-374.
128
Сонымен, орта ғасыр дәуірі Рим империясының құлауынан (467ж.)
басталып, XV-ғасырға (1492ж.) дейінгі кезеңді қамтиды. Батысевропалық
ортағасырлық ойлау үрдісі теоцентрлік тұрғыда болды, яғни барлық әлем,
дүниені Құдай жаратты, ол бүткіл жаратылыстың иесі. Білімділіктің,
зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу – мемлекет
ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды.
Философия теологияға қызмет етті.
Онтологиялық мәселе – жаратылу идеясы, креационизм болса, ал
гносиологияда христиандық аян идеясы орын тапты.
Ортағасырлық
теологиялық
философияның
көрнекті
өкілдері:
Тертуллиан Карфагенский (160-220), Аврелий Августин (354-430), Боэций
(480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм
Кентерберийский (1033-1109), Николай Отрекурский (XIVғ.) және т.б..
Батысевропалық ортағасырлық философиясының негізгі идеялары
мен сипаты:
Абсолюттік тұлға қағидасы; Монотеизм;
Теоцентризм (бүкіл дүние, адамзатты –
Құдай жаратты, құдай философиялық
ойлаудың негізгі тақырыбына айналды);
Креационизм – Құдай дүниені жоқтан
бар етті және мәңгі жаратуда;
Провиденциализм – Құдай адам мен
адамзатты
құтқаруын,
жарылқауын
алдын ала біледі;
Ғарышты, табиғатты, қоршаған дүние
құбылыстарын зерттеуге көп көңіл
бөлінбеді;
Философияда екі дәстүрдің синтезі –
антикалық философия мен христиандық
аян ілімінің қабысуы,
Мән мен тіршілік, ерік пен парасат,
сенім мен білім арақатынасы;
(Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз»,—Астана: 2009.
39-40 беттер).
Батысевропалық
ортағасырлық философияда қарастырылған
мәселелер:
құдыреттілік мәселесі, өмір сүру мәселесі, универсалилер жөніндегі
бәстесулер, логика, ақиқат мәселесі, екіұдайы ақиқат жөніндегі ілім,
тұтастық және көптік мәселесі (экземпляризм), таным мәселесі (Бэконның
әдісі бойынша), ойлау мәселесі және т.б. (Алтай Ж., Қасабек А.,
Мұхамбетәлі К. Философия тарихы /Ортағасырлық философия, «Раритет»,
—Алматы: 2006.54-бет). Міне, осылайша бұл кезең өзінің ерекшеліктерімен,
жаңа идеяларымен, өздерінің философиялық көзқарастарымен ғылымның
одан әрі дамуына тың леп алып келді.
129
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ МҰСЫЛМАН
ФИЛОСОФИЯСЫ
130
Мұнда Қайта Жаңғыру (Ренесанс) Батыс елдерінен V-VI ғасыр ерте,
яғни IX-XII ғасырларда басталды. Әсіресе, бұл Орта Азия мен Иран жеріне
қатысты болды. Оның себебі, бұл жерлерді атақты Жібек жолы басып өтетін,
Құрлықаралық Жібек жолы Шығыс пен Батыс елдері арасында сауда
қатынасын күшейтіп, экономикасын дамытуға әсерін тигізді. Ол кезде
кемінде бес жүз, әйтпесе мың, мың жарым түйеден тұратын керуендер ерсілі-
қарсылы үздіксіз жүріп жататын. Олармен бірге түйе айдаушы болып
елшілер, жыршылар, діншілдер, оқымыстылар, зергер-ұсталар сапар шегетін.
Керуендер екі-үш күн үздіксіз жүрістен соң, көгалды, саялы, сулы жерге
тоқтап, дем алатын болған. Ол орындар Керуен-сарай аталып, айналасында
үйлер, дүкендер салынып, қалаларға айналған. Керуен-сарайларда жер-
жерден келген адамдар (арабтар, қытайлар, парсылар, түркілер,
венецияндықтар және т.б.) әңгіме-дүкен құрып, неше түрлі жаңалықтар,
ертектер, діни ғылыми қағидалар айтқан.
Ол кезде Орта Азия мен таяу шығыста астрономия, математика,
медицина ғылымдары тез дамыды. Өйткені, бұл ғылымдар оған дейін Қытай,
Үнді елдерінде дамыған болатын. Бұл жағдай Орта Азия, Таяу Шығыс елдері
ғылымдарына тікелей әсерін тигізді. Әрине, орта ғасырда бұл жерлерде де
діни идеология үстемдік құрды.
Таяу Шығыстағы араб елдерінде философия мынадай үш
бағытта болды:
«таза ағайындар» ілімі;
перипатетизм немесе материалистік бағыт.
суфизм (софылық, IX-XII ғ.ғ);
(Кішібеков Д. Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай»,—Алматы: 2008). Жалпы,
Шығыс философиясының өзіндік бір ерекшеліктерін ескере отырып, осы
кезеңдегі философиялық тұлғалардың жазған еңбектерінің қалыптарына,
өміршеңдігіне,
даналығына
тап
боламыз.
Сондықтан,
Шығыс
философиясының ажырамас бір тармағы болған – араб және түркітілдес
ортағасырлық мұсылман философиясына тоқталдық.
131
ӘБУ-НАСЫР МҰХАММЕД ИБН
МҰХАММЕД ИБН ҰЗЛАҒ ИБН
ТАРХАН ӘЛ-ФАРАБИ АТ-ТҮРКИ
(870ж. Отырар қаласы (Қазақ Елі)
– 950ж. Дамаск, Сирия)
— қазақ жерінен шыққан әйгілі
«Екінші-Ұстаз», әмбебап, математик,
философ, музыка зерттеушісі, тарихшы,
энциклопедист-ғалым.
Аристотель
шығармалары
сол
кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып
үлгерген-ді.
Араб
Шығысында
Аристотельдің кейбір құнды ойлары
бұрмаланып
көрсетілді.
Бірақ
көп
еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы
грек философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді
жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде
түсіндірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ
пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші
ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс-әрекетін
таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары оны «Әл Му'алим Әс-
Сани» — «Екінші ұстаз» деп атаған.
Әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге
мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы.
Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын
өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді.
Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы моңғолдар қаланы қиратты, бұл
«Отырар апаты» деп аталды; онаң соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір
қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдың, Абул
Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде
Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел ауыздағы аңызға
қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан
кейінгі екінші орында болған.
Қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр Әл-Фараби, Исхақ Әл-
Отрари, Исмаил Әл-Шаухари, Жемал Әл-Түркістани, Әл-Сығнақи, Әл-
Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір
мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау саңлақтардың
ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің
орны ерекше.
Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол, жас шағында,
дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде
саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары:
Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппода, Каирда (Мысыр) болған.
132
Өз өмірінің көп жылдарын ол, Араб Халифатының саяси және мәдени
орталығы болған, Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты
меңгеріп, толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп
өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы
арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болды.
Бірақ өресі тайыз, кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған,
әсіресе, олар Әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан,
өйткені, оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам
бақытын о дүниеден іздеп табуға мезгейтін еді. Ақыр соңында Әл-Фараби
лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің «Фусул ал-мадани» («Мемлекет
қайраткерінің нақыл сөздері») деген соңғы шығармасында ол: «Адам
ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен
жайған елде тұруға тиіс», – дейді. Әл-Фараби Александриялық (Мысырлық)
ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл
христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын
Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол Солтүстік Сирияның жетекшісі әрі
саяси қайраткері Сейд Ад-Дуаль Хамданиге аса кадірлі болды. Әл-Фараби
950 жылы 80 жасында қайтыс болды.
Философиялық шығармалары:
«Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі»,
«Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыканың
үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдан-ала не білу қажеттігі
жайлы», «Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар»,
«Философиялық трактаттар», «Құдыретті Платон мен Аристотель
көзқарастарындағы ұқсастық», «Жан туралы», «Птоломейдің Алмагесіне
түсініктеме» және т. б. 100-ден астам философиялық еңбектер жазған.
Фараби ғылымның философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта
қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің
метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар
жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің
«Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика»,
бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» мен 4 сопылық еңбектеріне
түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын
жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі
мәдениетін таныстыруда зор рөл атқарды.
Философиялық көзқарастары:
Философияда идеалист болғанымен құдайға сенсе де, әл-Фараби ғылыми
жұмыстар жүргізіп, оны материализмнің пайдасына шешті. Ол дүниені алты
бөлшектен тұрады, деді. Олар жәй бөлшектер, минералдар, өсімдіктер,
жануарлар, адамдар, аспан денелері. Ол дүниені тануға болады, ал танымды
тудыратын сезім мүшелері, деді.
«Мұсылман Ренессансы» деген атауға ие болған сол заманға тән
белгілері оның шығармаларымен белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. Әл-
Фарабидің шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және «Бірінші Ұстаз»
133
деп Шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған
әсері, неоплатонизмнің, несторианшылдықтың әсері және исламның әсерімен
Аристотель
идеяларының
өзгеруі
айқын
көрінеді.
Әл-Фарабидің
Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең
жақсылары мен бағалыларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ
біз үшін ерекше бағалы жағы да сол – ол Аристотель ілімінің формальдық
жағымен ғана шектелмейді, диалектика элементтеріне, мәселені қарама-
қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім
мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының іргетасы
болып табылатынын дәлелдейді.
Сондықтан да, XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Әбу
Әли Ибн-Сина (980–1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері арқылы ғана
Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа
үлестіргені жайлы жазған екен.
Философиялық афоризмдері:
Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе
байланысты.
Шыншылдық адалдықпен ағзалас.
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Кезде дағы әзәзілдер азғырған.
Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады.
Бейқамдық сәтсіздікке бастайды.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Қалмағайсың сен де бірде алданып.
Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді.
Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.
Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста жатады.
Шын білім – ақиқат, анық білім.
Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтырлы ұғымдарды
орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері –
зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында
болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда
болмасқа керек.
Мінез – жанның айнасы.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-
құлыққа байланысты.
Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.
Сұлу саз жан сергітеді.
Тән ауырса, жан да ауырады.
134
Тәрбиелеу – дегеніміз адамның бойына білімге негізделген этикалық
құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
Адамның
тоқмашы
не
хатшы
болып
тумайтыны
тәрізді,
қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға бітпейді.
Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіші –
деннің саулығы.
Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек.
Адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді.
Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік
білуге ұмтылу керек.
Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп,
рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.
Адамның жақсы әрекеттер жасауға да, жаман әрекеттер жасауға да
туабітті мүмкіндігі мен қабілет-қарымы жетеді.
Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады.
Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.
Талпыныс тәжі – табандылық.
Өнер біткеннің бәрі бірдей – бір адамның құшағына сыймайды.
Поэтикалық шығармалардың қай-қайсысы да бір нәрсені қиялмен
жақсы бейнелеп шығуға ғана арналады.
Өнердің теориясын меңгеру – дегеніміз өнерге қатысты мәселелерді
ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.
Бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса
көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер
ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |